«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



Дата25.02.2016
өлшемі70.5 Kb.
#22161
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі жол картасы» бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары



р/с


Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Аяқтау нысаны

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеуді жетілдіру

1.1

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің пруденциалдық реттеуін, атап айтқанда меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін (к1) тәуекел дәрежесі бойынша активтерді және номиналды кірістілігі коэффициентін (к2) есептеу бөлігінде жетілдіру

ҚҚА, ҰБ

ҚҚА Басқармасының қаулысы

2011 жыл

1.2

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне:

- жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақы өндіріп алу әдістемесін жетілдіруді;

- «біріккен отбасылық аннуитет» жүйесін енгізуді қоса алғандағы зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру мәселелері жөнінде түзетулерді әзірлеу


ЕХӘҚМ, ҚҚА, ҰБ

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



2011-2012 жылдар

1.3

Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян (ерекше зиян) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін зейнетақы жарналары ставкасын 15 %-ға дейін өсіру, оның ішінде 10 %- қызметкердің еңбекақысы есебінен жарналар, 5 % - жұмыс берушінің есебінен қызметкердің пайдасына жарналар есебінен өсіру мәселесін қарау

ЕХӘҚМ, ҚҚА, ҰБ, ҚМ, ЭДСМ

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

2011 жыл

1.4

Әскери қызметшілерді және оларға теңестірілген тұлғаларды Орталықтан зейнетақы төлемдері жүйесіне ауыстырудың жүзеге асырылуының мақсатқа лайықтылығы мәселесін қарау

ЕХӘҚМ, ЖДСМ, ҚМ

Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар

2011 жыл

2. Бағалы қағаздар нарығын дамыту

2.1

Квазимемлекеттік секторы компанияларын қоса алғанда эмитенттерді ҚР ұйымдастырылған нарығына шығару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жобасын әрі қарай қалыптастыру мақсатында, бағалы қағаздары қазақстандық қор биржасында листинг және IPO рәсімінен өтетін эмитенттердің тізбесін және олардың ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығу мерзімдерін анықтау

АӨҚОҚРА, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ, ҚҚА, , ҰБ, ҚМ, ЭДСТ, ИЖТМ

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2011 жыл

2.2

Үкімет борышының қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде мемлекеттік бағалы қағаздар кірістілігінің қисығын құру және қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі нарықтағы мемлекеттік қарыз алу саясатын қалыптастыруы мүмкіндігін қарастыру.


ҚМ, ЕХӘҚМ, ҚҚА

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2011 жыл

2.3

Мемлекеттік бағалы қағаздарды қарызға алу жоспарын түзетуді (айналым мерзімдері және орналастыру көлемдері) ұзақ мерзімді перспективаға жасалған демографиялық жағдай бойынша болжамдық көрсеткіштерді есептеу негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларының төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау кезеңдерін көрсете отырып, жүзеге асыру

ҚМ, ЕХӘҚМ, ҰБ

ҚМ МБҚ шығару жоспары


Қажеттілігіне қарай

2.4

Концессияға табыс етілуге ұсынылатын объектілердің тізбесін анықтау, осының шеңберінде бағалы қағаздар шығарылуы мүмкін

ЭДСМ, ИЖТМ, ҚМ

ҚР Үкіметіне ақпарат

2011 жыл

2.5

Шетелдік биржалардың листингі бар немесе алуға ниеттенген резидент-эмитенттер қазақстан қор биржасына орналастыруы міндетті осы бағалы қағаздар шығарылымының көлемінен бағалы қағаздардың ең төменгі үлесін белгілеу

ҚҚА

ҚР Заңының жобасы

2011 - 2012 жылдар

2.6

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР Заңының 22-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті болып танылған ұйымдарға қатысы, осы ұйымдар Қазақстан Республикасы заңнамасының бағалы қағаздардың барынша төмен белгіленген көлемін Қазақстан Республикасының қор нарығында орналастыру жөніндегі талапты бұзған жағдайда айыппұл санкцияларын енгізу

ҚҚА

ҚР Заңының жобасы

2011 жыл

2.7

Инвесторларды және эмитенттерді Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығуын және осы нарықта белсенді сауда жасауын ынталандырудың, сондай-ақ эмитенттердің бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасынан тыс орналастыруға ынталандырмаудың әртүрлі варианттарын қолдану бөлігінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау

ҚМ, ЭДСМ, ҚҚА, АӨҚОҚРА, ҚҚҚ

ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2011 жыл

2.8

Қаржылық соттың мәртебесін облыстық сот деңгейіне дейің өсіруге қатысты мәселені қарау; Қаржы сотының дауларды қарау объектісі ретінде – ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында, атап айтқанда Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының сауда алаңында қалыптасатын қатынастарды анықтау. Бұл ретте, Қаржылық соттың құзыретіне ұйымдастырылған нарықта жасалған мәмілелер бойынша шағым-талаптар жатқызылған жағдайда ҚҚА, АӨҚОҚРА, KASE және «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ іс-әрекеттеріне шағым жасалған азаматтық істері де Қаржылық соттың соттылығына жатқызылуы тиіс.


ҚҚА, АӨҚОҚРА, ҚҚҚ

ҚР Үкіметіне, ҚР Жоғарғы Сотына ұсыныстар

2011 жыл

2.9

Ерікті делистингі немесе ақпаратты ашу бөлігіндегі листинг талаптарын орындамау себебімен болған делистнигі жағдайында эмитенттің осы эмитент шығарған облигацияларды олардың ұстаушыларынан сатып алу міндетін белгілеу, бұл ретте сатып алу қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтаған әдістеме бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

ҚҚА, ҰБ, ҚҚҚ, ҚМ,

ҚР Заңының жобасы

2011 год

2.10

Шетелдік ұйымдарды Қазақстан Республикасының қор биржасына мүшелікке тікелей қол жеткізудің қосымша критерийлерін анықтау және KASE шетелдік мүшелерінің қызметтерін пайдаланатын инвесторлардың құқықтарын қорғау механизмдерін құру, сондай-ақ:

- Internet-трейдинг және

KASE-дегі сауда-саттыққа қашықтықтан қол жетімділігі жүйесін, оның ішінде қазақстандық брокерлер арқылы FIX-хаттамаларын іске қосу арқылы жетілдіру;

- бағалармен айла-шарғы жасауға бақылауды қоса алғандағы нарықтық емес әрекеттерден инвесторларды қорғау механизмдерін ескере отырып, брокерлер/дилерлер үшін ел ішінде де, шетелде де еурооблигациялармен мәмілелерді жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктерді беру бөлігінде KASE сауда-саттық жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыру




ҚҚА, ҰБ, ҚҚҚ, ҚМ, АӨҚОҚРА, KASE (келісу бойынша)

ҚҚА Басқармасының қаулысы

2011-2012 жылдары

2.11

ҚР заңнамасына қор биржасы қатысушыларының (брокерлердің) ақпаратты жүйелі түрде беру механизмдерін, осындай ақпараттың тізбесін анықтау, сондай-ақ қарсы агенттерді бақылау және тәуекелдерін шектеу мақсатында брокерлердің қаржылық есептілігінің мониторинг жүйесін құруды қамтамасыз ету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҚҚА, АӨҚОҚРА, KASE (келісу бойынша)

ҚР Заңының жобасы



2011 жыл

2.12

Клиенттердің бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға бұйрықтарды ресімдеген кезде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану рәсімін жеңілдету мақсатында «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізудің қажеттілігін анықтау

ҚҚА, НБ, ҚҚҚ


ҚР Үкіметіне ұсыныстар

2011 - 2012 жылы

2.13

Қолданыстағы заңнамаға рейтинг агенттіктерінің қызметін реттеуді көздейтін түзетулерді әзірлеу

ҚҚА, АӨҚОҚРА

ҚР Заңының жобасы

2013 жыл

2.14

Отандық эмитенттердің бағалы қағаздарды қор нарығына шығаруы кезінде қаржылық кеңес беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу, облигация ұстаушылар өкілінің ролін күшейту, қор биржасының функцияларын кеңейту, эмитенттің қызметінің аудитін жүргізуге қойылатын талаптарды күшейту және облигациялар шығарылымы проспектісіне облигациялық заемның нысаналы мақсаты, облигациялар ұстаушыларының өкілі, қабылдайтын ковенант және дивиденд саясаты туралы мәліметтермен толықтыру, сондай-ақ эмитенттердің ақпаратты ашуы жөнінде қосымша талаптарды белгілеу

ҚҚА, АӨҚОҚРА

ҚР Заңының жобасы

2011 жыл

2.15

«Қазақстанның Даму банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік кепілдікке немесе кепілдемесіне (ГЧП) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға балама ретінде Банкке тиісті қамтамасыз етуді міндетті түрде берумен Банкке облигациялар эмитенттерінің міндеттемелері бойынша кепілдіктерді шығару мүмкіндігін беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мақсатқа лайықтылығын қарау және Банктің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер

ҚДБ, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ, ЭДСМ, ҚРҚМ, ҚҚА

Үкіметке ұсыныстар

2011 жыл


Ескерту: аббревиатуралардың талдамасы:
ҚҚА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
ҚМ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЕХӘҚМ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

АӨҚОҚРА – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі


ҚҚҚ – Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

ҚДБ – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ



KASE – «Қазақстан қор биржасы» АҚ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет