Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу



Дата23.02.2016
өлшемі203.89 Kb.
#8735



Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу

мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:



  1. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,
    111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16,
    128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат;
    № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11,
    80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7,
    10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат;
    № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат;
    № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):

  1. 135-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасындағы бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жылдық жиынтық табысында алған табыстарының кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлiк, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі табыстар, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:»;

  1. 156-баптың 1-тармағында:

42) тармақшада:

бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«42) осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер шығыстар осы Кодекстің 135-1 бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған осындай шығыстарды жүзеге асырған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген жағдайда осы тармақшаның ережелері қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 43), 44), 45) тармақшалармен толықтырылсын:

«43) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жүргізген мынадай түрдегі төлемдер:

білім берудің келесі деңгейлері:

орта білімнен кейінгі білім;

жоғары білім;

жоғары білімнен кейінгі білім бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге төлеуге жүргізілген нақты шығыстар;

жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысуға төлеуге жүргізілген нақты шығыстар;

осы тармақшада көзделген оқу орнына және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ жарыс, конкурс, көрме, байқау, олимпиада, конференция, семинар, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шаралары өту орнына және кері қайтуға жол жүруге шығыстарды және бронь үшін шығыстарды қоса алғанда, жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде, құнын төлеу фактісін растайтын құжат бар болса, электрондық билет) негізінде жүргізілген нақты шығыстар;

осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде тұрғын үй-жайды жалдау және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар негізінде бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға жүргізілген нақты шығыстар;

осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы тағайындаған ақша сомасы жеке тұлғаға мына шектерде:

осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде жіберген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын әрбір оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысатын әрбір күніне айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінде;

осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағы 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінен тыс жіберген кезде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын әрбір оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысатын әрбір күніне айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінде;

келу визасын (визаны, консулдық қызметтерді, міндетті медициналық сақтандыру құнын) ресімдеу шығыстарын растайтын құжаттар негізінде келу визасын (визаның, консулдық қызметтердің, міндетті медициналық сақтандыру құнын) ресімдеу кезінде жүргізілген шығыстар төленеді.

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күні және оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өту, жарысқа, конкурсқа, көрмеге, байқауға, олимпиадаға, конференцияға, семинарға, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу кезеңінде мынадай дербес білім беру ұйымында:

дайындық бөлімінде;

білім берудің келесі деңгейлері бойынша:

бастауыш мектеп;

негізгі мектеп;

жоғары мектеп;

күндізгі оқу нысаны бойынша білім берудің келесі деңгейлері бойынша:

орта білімнен кейінгі білім беру;

жоғары білім;

жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;

44) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әр күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

45) осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:

медициналық сақтандыруға;

осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға арналған шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда.»;

3) 192-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3), 4) тармақшалармен толықтырылсын:

«3) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына; осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар;

4) резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына роялти түрінде төленетін табыстар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін табысы болып табылмайды.»;

4) 193-баптың 5-тармағының 15) және 16) тармақшалары алып тасталсын;

5) 198-бапта:

1-1-тармақ алып тасталсын;

2-тармақта:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысын тұрақты мекеме қызметімен байланысты, Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыру басталған күннен бастап алынған (алынуға жататын) мынадай табыс түрлері:»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсетін жылдық жиынтық табысына осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар енгізілмейді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылмайтын шығыстарды, сондай-ақ осы Кодекстің 192-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстарды алуға бағытталған шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметінен түсетін табыстарды алумен тікелей байланысты шығыстар олардың Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде жұмсалғанына қарамастан шегерімге жатады.»;

6) 209-баптың 2-тармағында:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсірген, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық табыс сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;»;


  1. тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 198-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы (Т);»;

7) 231-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет;»;

8) 237-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1.Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша нысаналы салым алынған күнтізбелік айдың соңғы күні өткізу бойынша айналым жасау күні болып табылады.»;

9) 238-бап мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

«18-1. Қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет бойынша салық салынатын айналым мөлшері алынған нысаналы салым сомасы ретінде айқындалады.»;

10) 253-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«253-1-бап. Дербес білім беру ұйымдары көрсететін қызметтер


  1. Дербес білім беру ұйымдары іске асыратын, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) немесе 4) тармақшаларының шарттарына сәйкес келетін, осы Кодекстің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген білім беру қызметінің түрлерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулері қосылған құн салығынан босатылады.

  2. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметі қосылған құн салығынан босатылады.»;

11) 257-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарының қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызметі бойынша нысаналы салым қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатпайды;»;

12) 260-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Осы Кодекстің 135-1-бабының 1-тармағында көрсетілген дербес білім беру ұйымдары осы Кодекстiң 253-1-бабының 2-тармағына сәйкес босатылатын айналымдар және қалған айналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың бөлек әдісін қолдануға міндетті.».



  1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20,
    151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5,
    23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5,
    43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18,
    142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж.,
    № 2, 7-құжат;
    № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15,
    81-құжат; 2014 жылғы 15 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік органдардың құзыретін заңнамалық және (немесе) заңға тәуелді деңгейде бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 22 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

  1. 1-баптың 37-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты (бұдан әрі – «Өркен» гранты) – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант;»;

  1. 37-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде балалар мен ересектерді оқыту қосымша білім беруге жатады.».

3. «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 20-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 23-24, 125-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3 және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты – осы Заңда белгіленген шарттармен Университетте тиісті білім беру деңгейі бойынша немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы қайтарымсыз ақша сомасы;

1-2) «Назарбаев Университеті» мемлекеттік стипендиясы – «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты бойынша білім алушыға оқу кезеңіндегі шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;

1-3) сабақтан тыс қызмет – тізбесін Зияткерлік мектептер бекітетін іс-шаралар түрінде жүзеге асырылатын, білім алушыларды жан-жақты оқытып үйретуге, тәрбиелеуге және жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың қызметі.

Сабақтан тыс қызмет іс-шараларына, оның ішінде жарыс, конкурс, көрме, байқау, олимпиада, конференция, семинар, фестиваль, жәрмеңке, білім беру сапары, мектеп әріптестігі жатады.

4) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – инновациялық кластерге қатысушылардың ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуі үшін, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді, технологиялар трансфертін құру және (немесе) ілгерілету мақсатында Университет базасында құрылған инновациялық кластер.»;

2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Білім беру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңда реттелмеген бөлігінде қолданылады.»;

3) 4-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Университет білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері:


  1. орта білімнен кейінгі білім беру;

  2. жоғары білім беру;

  3. жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша жүзеге асырады.»;

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Зияткерлік мектептер білім беру қызметін, оның ішінде қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылатын дербес білім беру ұйымы болып табылады.

Зияткерлік мектептер білім беру қызметін мынадай білім беру деңгейлері:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

2) негізгі мектеп;

3) жоғары мектеп бойынша жүзеге асырады.»;

«2-1. Дербес білім беру ұйымы оның қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша:

оның жоғары басқару органының немесе оның төрағасының тапсырмасына сәйкес нысаналы салым сомасын қайта бөлуге;

жарғылық мақсаттарға сәйкес дербес білім беру ұйымдары және (немесе) шығыстар бағыттары арасында күрделі салымдарға бағытталған шығыстар бойынша, сондай-ақ күрделі шығындарға жатпайтын шығыстар бойынша үнемдеудің нәтижесінде туындаған нысаналы салым қаражатын қайта бөлуге құқығы бар.

Қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы салым қаражаты дербес білім беру ұйымының қамқоршы кеңесінің шешімі бойынша келесі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.

2-2. Осы баптың 1-тармағының негізінде мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымдарының меншігіне беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Жер учаскесі Университеттің меншігіне өтеусіз негізде беріледі.»;

5) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Университетті және Зияткерлік мектептерді, олардың ұйымдарын аккредиттеуді өз бетінше таңдаған тәуелсіз, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдары жүзеге асырады.»;

6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-бап. Университет және оның ұйымдарының білім беру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері

1. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметін өз бетінше әзірлеген білім беру бағдарламалары, сондай-ақ шетелдік әріптестерінің білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асырады.

2. Білім беру қызметін ұйымдастыру, білім беру сапасын басқару және білім беру мониторингін жүзеге асыру, оқуға қабылдау, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау тәртібін Университет және оның ұйымдары өз жарғыларына сәйкес өз бетінше айқындайды.

3. Университет және оның ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын өз бетінше бекітеді.

4. Университеттің білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдары өздерінде іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша оқу бітірген және қорытынды аттестаттаудан өткен адамдарға тиісті білім және (немесе) біліктілік деңгейі туралы құжаттар береді. Білім туралы құжаттардың нысанын және оларды толтыру тәртібін ұйымдар өз бетінше бекітеді.»;

8) 10-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Зияткерлік мектептер бағыттарын өз бетінше айқындайды және сабақтан тыс қызметтің іс-шараларының тізбесін бекітеді.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Зияткерлік мектептер:

1) оқуға қабылдау;

2) білім беру қызметі, оның ішінде сабақтан тыс қызмет;

3) эксперименттік қызмет;

4) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттау;

5) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін сырттай бағалау;

6) білім беру мониторингі және білім сапасын бағалау;

7) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

8) педагог қызметкерлерді аттестаттау және оны кезең-кезеңмен жүргізудің қағидаттарын өз бетінше бекітеді.

Зияткерлік мектептерде білім беру сапасын басқаруды Зияткерлік мектептер өз бетінше белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.»;

9) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:

«12-1-бап. Университетте және Зияткерлік мектептерде білім беру процесін гранттық және стипендиялық қамтамасыз ету

1. «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты мына:

1) Қазақстан Республикасы азаматтарының;

2) шетелдік азаматтардың;

3) Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың арасынан Университетте оқуға қабылданған адамдарға беріледі.

2. «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты қаражатының есебінен Университетте білім алуға құқығы бар шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын жыл сайын бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Университет қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.

3. Университет білім алушыларға «Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантын беруді Университеттің Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес өз бетінше жүргізеді.

4. Университет «Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантын уақтылы беру, одан айыру немесе білім алушылар арасында қайта бөлу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, «Назарбаев Университеті» мемлекеттік гранты қаражатын басқаруды өз бетінше жүзеге асырады.

5. «Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантының құнын қалыптастыру кезінде «Назарбаев Университеті» оқу процесін ұйымдастыруға байланысты шығыстар есепке алынады. «Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантының құнында есепке алынған шығыстардың бағыттарын Университеттің Қамқоршылық кеңесі бекітеді.

«Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантының құнында есепке алынған шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. «Назарбаев Университеті» мемлекеттік стипендиясының тағайындалу және төлену тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.

«Назарбаев Университеті» мемлекеттік грантының мөлшерін Университет өтінімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган қарайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеуді оларға конкурстық негізде «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.

«Өркен» грантын беру қағидаларын, одан айыру негіздері мен оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

7. Университет пен Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен өзге де стипендиялар мен төлемдер тағайындауға құқылы. Өзге де стипендиялар мен төлемдердің мөлшерін және олардың берілу тәртібін Университет пен Зияткерлік мектептер өз бетінше айқындайды.

12-2-бап. Инновациялық кластер

1. Мыналар:

1) Университет;

2) Университеттің мектептері және ғылыми орталықтары;

3) ғылым жөніндегі орталық офис;

4) коммерцияландыру офисі;

5) тәжірибелік-эксперименттік цех;

6) бизнес-инкубатор;

7) технопарк;

8) ғылыми парк;

9) Университеттің келісімшарттық зерттеулері және инжиниринг орталығы инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері болып табылады.

2. Қызметінің мақсаты технологиялар трансферті, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құру және (немесе) ілгерілету болып табылатын мына:

1) инноватор;

2) инновациялық кәсіпорын;

3) жоғары технологиялық кәсіпорын;

4) зерттеу орталығы санаттарының бірі берілетін жеке және заңды тұлғалар, олардың филиалдары, өкілдіктер, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелер инновациялық кластерге қатысушылары болуы мүмкін.

3. Жеке тұлға – коммерцияландыру офисінің, тәжірибелік-эксперименттік цех базасындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылатын инновациялық кластерге қатысушы инноватор болып танылады.

4. Заңды тұлғаға, оның филиалына, өкілдігіне, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – өтініш берушіге) егер:

1) өтініш беруші бизнес-инкубатор, технопарк, ғылыми парк, келісімшарттық зерттеулер және инжиниринг негізінде ғылыми зерттеулер мен тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылса;

2) өтініш берушіде Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне құқығының (құқықтарының) болуын немесе тіркеуге берілгендігін растайтын құжаттары:

географияға, топография мен басқа да ғылымдарға қатысты карталарға, жоспарларға, эскиздер мен үш өлшемді бейнелерге авторлық құқықтары;

ЭЕМ бағдарламаларына авторлық құқықтары;

өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіп үлгісіне құқықтары;

селекциялық жетістіктерге құқықтары;

интегралды микросхемалар топологиясына құқықтары болса;

3) өтініш берішінің қызметі Университет немесе оның ұйымдары қызметкерлерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижесі болып табылатын технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға және (немесе) ілгерілетуге бағытталған болса, инновациялық кластерге қатысушы мәртебесі және инновациялық кәсіпорын санаты беріледі.

5. Егер:

1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісі болса;

2) өтініш беруші ғылыми парктің қатысушысы болса және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жоғары технологиялық өнім өндіру бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өнімді өндіруге бағытталған болса, өтініш берушіге инновациялық кластерге қатысушы мәртебесі және жоғары технологиялық кәсіпорын санаты беріледі.

6. Егер:


1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісі болса;

2) өтініш беруші ғылыми парктің қатысушысы болса және ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық қызметті жүзеге асырса, өтініш берушіге инновациялық кластерге қатысушы мәртебесі және зерттеу орталығы санаты беріледі.

7. Инновациялық кластерге қатысушыларды іріктеу қағидаларын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.

8. Университет инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің Қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.

Инновациялық кластерге қатысушыларға Университет ұсынатын қолдау шараларына мыналар жатады:

1) бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру, инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын лизингілік қаржыландыру;

2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;

3) инновациялық кластерге қатысушыларға гранттар беру;

4) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;

5) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстарды орналастыру;

6) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;

7) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдықтарына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорына рұқсат беру;

8) Университеттің Қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары.».

4. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар):

1) 83-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) дербес білім беру ұйымына мемлекеттік мүлікті өтеусіз беру;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Заңның 119-1, 120, 214-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару өтеулі болып табылады.

2) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:

«119-1-бап. Мемлекеттік мүлікті дербес білім беру ұйымына өтеусіз беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық мемлекеттік мүлік дербес білім беру ұйымына өтеусіз берілуі мүмкін.»;

3) 175-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Акционерлік қоғамдардың акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымына беру жағдайларын қоспағанда, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.»;



  1. 203 баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы тараудың қағидалары стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты іске асыру, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару, мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру, мемлекеттік заттай гранттарды табыс ету, дербес білім беру ұйымына мемлекеттік мүлікті беру кезінде мүлікті бағалауға қолданылады.».

2-бап. Осы Заң мына:



  1. 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларын;

  2. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Президенті Н. НАЗАРБАЕВ



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет