Жолан Айгерим опэ 21



бет1/4
Дата06.03.2024
өлшемі474.58 Kb.
#494484
  1   2   3   4
165174.pptx[1]

Орынбасар ернар Муса талғат ю 142

ҚР Прокуратурасы

Жоспар:

1.ҚР Прокуратурасы туралы

2.Прокурорлық қадағалау актілерінің міндеттілігі

3.Прокуратураның ұйымдық құрылымы

4.Прокуратура кадрлары

5.Прокуратураның құқықтық актілері

Қазақстан Республикасының прокуратурасы — Қазақстан Республикасының аумағындағы заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Парламент сенатының келісімімен қызметке бес жыл мерзімге Президент тағайындайтын Бас прокурор басқарады. Бас прокурордың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.

Прокурорлық қадағалаудың актілері - бүл өкілеттіліктерін іске асыру тәртібінде тек қана прокурорлардың ентізетін өзгеше құқықтық актілері. Бәрімізге белгілі, прокурор қадағалауды іске асыратын мемлекеттік тұлға ретінде әкімшілік билікті иеленбейді, яғни заңдардың орындалуына қадағалауды ол іске асыратын органдарға өкім беруте құқықсыз. Осыған байланысты заңсыз құкықтық аістілерді тікелей өзі бұзуға, заң бұзушылықты қалпына келтіруте, кінәлі адамдарды әкімшілік немесе өзге де жауаптылыққа тартуға құқығы жоқ. Прокурорлық қадағалау актілеріне сәйкес прокурор заң бұзушылықты жою және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту туралы талаптармен құзыретті органдарға өтініш жасай алады.

Анықтау және алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуына қадағалауды іске асыру кезінде прокурорлар ентізген актілер кейбір өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Ұсынымдарды қоспағанда, осы актілер анықтау және алдын ала тергеу органдарын белгілі әрекеттерді атқаруға міндеттейтін тарату сипатына ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет