Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер енгiзу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (2014 жылғы 18 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
86-баптың 2-тармағы мынадай реакцияда жазылсын :
«2. Бала асырап алушы баланың пікірі мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының бала асырап алуына байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар.
Бала асырап алушы баладан бас тартқан не асырап алудың күші жойылған жағдайларда, төленген біржолғы ақшалай төлемді мемлекеттік бюджетке қайтаруға міндетті.
Бала асырап алуына байланысты біржолғы ақшалай төлемнің мөлшері, тағайындау, жүзеге асыру және қайтару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.».
2. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 23, 560-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; № 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 24, 432-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 923-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат):
1) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жеңiлдiктерi мен өтемдерi
5, 6, 7, 8, 9-баптарда аталған аймақтарда жұмыс істеген, тұрған және тұрып жатқан азаматтарға:
ядролық сынақтар келтiрген зиян үшін мына аймақтар бойынша:
төтенше радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
ең жоғары радиациялық қауіпті аймақ бойынша 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
жоғары радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1965 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,79 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
ең төмен радиациялық қауiптi аймақ бойынша - 1949-1955 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 1,05 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде және 1966-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,52 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ бойынша - 1949-1990 жылдардағы кезеңде сол жерде тұрған әр жыл үшiн 0,26 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемге кепілдiк берiледi.
Бірінші кезекте біржолғы ақшалай өтем алу құқығын зейнетақы жасына жеткен азаматтар пайдаланады.
Айлық есептік көрсеткіш дегенiмiз - өтем берген кездегi айлық есептік көрсеткіш болып табылады.»;
2) 13-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы заңның 5 және 6-баптарында аталған аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:
төтенше радиациялық қатер аймағы - 2,09 айлық есептiк көрсеткiш;
ең жоғары радиациялық қатер аймағы - 1,83 айлық есептiк көрсеткiш.».
3. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 154-құжат; 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат):
1) 6-баптың 3-1-тармағы мынадай реакцияда жазылсын:
«3-1. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерiне не жерлеудi жүзеге асырған адамға 15,7 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.»;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Мүгедектiгi бойынша жәрдемақының мөлшерi
1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ең төмен күнкөріс деңгейі);
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,11 айлық есептiк көрсеткiш;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен екiнші топтағы мүгедектерге - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгі бiріншi топтағы мүгедек балаларға - 1,42 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 1,16 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгі үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 0,91 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап:
бірінші топтағы мүгедектерге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі (бұдан әрі - ең төмен күнкөріс деңгейі);
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,39 айлық есептiк көрсеткiш;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,98 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен екiнші топтағы мүгедектерге - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгі бiріншi топтағы мүгедек балаларға - 1,78 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi екiншi топтағы мүгедек балаларға - 1,45 ең төмен күнкөріс деңгейі;
он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгі үшiншi топтағы мүгедек балаларға - 1,14 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
2. Осы Заңның 11-бабының 2) және 5) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,36 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
3. Осы Заңның 11-бабының 4) тармақшасында аталған мүгедектерге мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 2,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,56 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,05 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап:
бiрiншi топтағы мүгедектерге - 2,74 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екiнші топтағы мүгедектерге - 1,95 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшiншi топтағы мүгедектерге - 1,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
4. Жұмыс iстейтiн жәрдемақы алушыларға мүгедектiгi бойынша жәрдемақы толық мөлшерiнде төленедi.
5. Егер Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi мүгедектердiң тиiстi санаты үшiн белгiленген мүгедектiгi бойынша айлық жәрдемақы мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне мүгедектердiң осы санаты үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгі тиiстi қосымша төлемдер түрiнде жүргiзiледi.»;
3) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақының мөлшерi
1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап айлық жәрдемақының ең жоғары мөлшері отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.
2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап:
еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,69 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,19 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,48 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,57 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 1,69 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап:
еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған кезде - 0,86 ең төмен күнкөріс деңгейі;
екеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,49 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үшеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,85 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төртеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 1,96 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бесеу болған кезде - отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшелеріне 2,03 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшелері болған кезде әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 2,11 ең төмен күнкөріс деңгейінің бірдей үлесі ретінде есептеледі.
3. Ата-аналарының екеуінен де айырылған жағдайда балаларға (тұлдыр жетімдерге):
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап айлық жәрдемақы әрбір балаға 0,94 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 0,43 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,05 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап әрбір балаға 1,18 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 0,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
4. Қызмет мiндеттерiн атқару немесе әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті атқару кезiнде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертiгуі, ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерiне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшерi отбасының еңбекке жарамсыз әрбiр мүшесiне 0,25 ең төменгі күнкөрiс деңгейiне, бiрақ отбасының барлық мүшелерiне:
1) 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап - 2,05 ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде;
2) 2015 жылғы 1 шiлдеден бастап - 2,56 ең төменгі күнкөрiс деңгейiнен аспайтын мөлшерде көбейтiледi.
5. Егер отбасының еңбекке жарамсыз мүшесiнiң Орталықтан зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерiнен аз болса, жәрдемақы төлеу зейнетақы төлемдерiне отбасының еңбекке жарамсыз осы мүшелерi үшiн белгiленген жәрдемақы мөлшерiне дейiнгi тиiстi қосымша ақы түрiнде жүргiзiледi.»;
4) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жасына байланысты әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерi
Жасына байланысты айлық жәрдемақы 0,52 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерiнде тағайындалады.».
4. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат):
7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Жәрдемақы мөлшері
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде фйқындалған жеңілдіктер тізбесін негізге ала отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады.
Жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 16,0 айлық есептік көрсеткіш;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 6,19 айлық есептік көрсеткіш;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,55 айлық есептік көрсеткіш;
5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне - 4,48 айлық есептік көрсеткіш;
6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 айлық есептiк көрсеткiш;
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медальімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру-сырқаудың, жұмыста мертігудің немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) - 2,56 айлық есептік көрсеткіш;
8) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға - 138,63 айлық есептік көрсеткіш;
9) Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне - 74,65 айлық есептік көрсеткіш;
10) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,60 айлық есептік көрсеткіш;
11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КCP Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттiк наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет атқарған) адамдарға - 2,13 айлық есептiк көрсеткiш;
12) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 2,13 айлық есептік көрсеткiш;
13) бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,49 айлық есептік көрсеткіш;
14) үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,64 айлық есептік көрсеткіш;
15) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,96 айлық есептік көрсеткіш;
16) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға:
бірінші - екінші топтағыларға - 1,49 айлық есептік көрсеткiш;
үшiншi топтағыларға - 0,64 айлық есептік көрсеткiш;
17) «Алтын алқамен», «Күмiс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелi «Ана даңқы» ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға - 6,40 айлық есептiк көрсеткiш;
18) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 4,16 айлық есептік көрсеткіш;
19) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,07 айлық есептік көрсеткіш;
20) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,07 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.».
5. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 239-құжат; № 23, 925-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 1-2, 13-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат ):
1) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Жәрдемақы мөлшері
1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа жеткен кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе зейнетақы заңнамасына сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасауға құқық беріледі.»;
2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Жәрдемақы төлеу
Жәрдемақы төлеудi Орталық ағымдағы ай үшiн жүргізеді. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленедi.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы төленеді.
Жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.».
6. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат):
10-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңға сәйкес жәрдемақылар мынадай мөлшерде:
1) бала туғанда берілетін жәрдемақы:
бірінші, екінші, үшінші балаға - 31,4 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаларға - 52,4 айлық есептік көрсеткіш;
2) бала күтімі жөніндегі жәрдемақы:
бірінші балаға - 5,76 айлық есептік көрсеткіш;
екінші балаға - 6,81 айлық есептік көрсеткіш;
үшінші балаға - 7,86 айлық есептік көрсеткіш;
төртінші және одан кейінгі балаға - 8,90 айлық есептік көрсеткіш;
3) балаларға арналған жәрдемақы - әр балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш;
4) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы - 1,05 ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
Осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақылар – тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, ал осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жәрдемақы - жалақының ең төменгі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.».
7. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., 10-11, 55-құжат; «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 қаңтардағы Заңы, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде 2014 жылғы 14 қаңтарда жарияланған):
1) 10-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн алушы, соның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 15,7 еселенген мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.
3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегi болып табылатын, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған адамға Орталықтан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 36,6 еселенген мөлшерiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi.»;
2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақстан Республикасының iшкi iстер, прокуратура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң № 1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.»;
3) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн есептеуге арналған табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің 41 еселенген мөлшерінен аспайды.»;
4) 50-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Салымшының (алушының), Орталықтың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктiң және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерi мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, олардан өндiрiп алуға жол берiлмейдi.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алушы, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар және осы Заңның 11-бабының 1 – 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептiк көрсеткiштің 52,4 еселенген мөлшері шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейді.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары қалдығының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемнің сомасына енгізіледі.»;
5) 65-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 109 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.».
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, 2014 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |