Ақыш Қоңыртайұлы Омар 1955 жылы 15 қазанда Семей облысы Көкпекті ауданы Большая Буконь ауылында туған. Қазақ. Алматы мемлекеттік театр-көркем сурет институтының актерлік факультетін бітірген (1982), театр мен киноның актері. 1978 жылдан – М.Әуезов атындағы Семей музыкалық драма театрының актері. 2003 жылдан - М. Горький атындағы Орыс драма театрының актері, қазақ ұлттық өнер университеті «Театр және кино актері» курсының көркемдік жетекшісі. 2005 жылдан бері - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының актері (Астана). ҚР Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған (2001). Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1992). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2007).
Қуантайұлы Нұржан- 1971 жылы 22 қаңтарда бұрынғы Семей облысындағы Көкпекті ауданының Үлгілі ауылында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1993–1994 жж. Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995–1996 жж. Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті, 1996–2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000–2002 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002–2004 жж. «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004–2005 жж. «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005–2009 жж. «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Media орталығының директоры.
Ағзамов Мұқан /Мұқамедолла/ Сағидоллаұлы
1951 жылы 2 желтоқсанда Көкпекті ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. «Үлгілі малшы» ауылындағы Абай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітірген. Алматыдағы қазақ ауылшаруашылығы институтының ауылшаруашылығын механикаландыру факультетінің түлегі. Еңбек жолын Өскемендегі Ауылшаруашылық техникумында мұғалімдіктен бастаған. Мұнда үш жыл еңбек еткен ол келесі үш жылын Үлбі металлургия заводында өткізген. 1978 жылы Ұлан ауданының Айыртау ауылындағы «Передовой» кеңшарына шеберхана меңгерушісі болып келеді. Істің ретін тапқыштығымен танылып, ұйымдастыра білу қабілетімен жұмысшыларға да, басшыларға да өзін сыйлата білді. Нәтижесінде көп ұзамай бас инженер, одан осы кеңшардың директоры болып 10 жылдан астам уақыт қызмет етті. Қайта құрудан кейін құлдырауға ұшыраған ауыл шаруашылығы 1995 жылдары тіптен тұралай бастады. Үкімет шаруашылықтарды таратуға кірісті. Қарапайым еңбек адамдарына бұл мүлдем түсініксіз жайт болды. Бір жағы жергілікті жұртқа жұмыс болсын деген оймен директор «Колос» шаруа қожалығын ашты. Осы кездерде ғой, әлгідегі дәрі бүріккіш ауылшаруашылық техникасын ойлап тауып жүргені. 2007 жылдан бері - Ғылыми - зерттеу институтының бас директоры.
Ауыл шаруашылығы мен спорт тізгінін тең ұстаған М.Ағзамовтың абзалдығы сол, екі салада да сайраған ізі жатыр.
Мұқан Сағидоллаұлының білім мен спортқа құштарлығы мектеп қабырғасынан басталыпты. Қазір өзі алпысқа келіп қалса да, алғашқы ұстаздардың есімін әлі ұмытқан емес. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мәненғазы Баяхметов пен орыс тілі пәнінің мұғалімі Раушан Елемесқызының екі тілді білуге, әдебиет пен тарихи шығармаларға құштар болуына зор ықпал жасаған. Мұқан гір көтеруге де оқушы кезінен бейімделген. Оған тікелей түрткі болған Бекен Қазығұлов есімді жерлесі. Бекен 1960 жылдары әскерден 24 келілік екі гір және бірнеше гантел арқалай келіпті. Өзі де бұл зіл тастарды ұршықша үйіріп жүрген кезі екен. Ауыл балалары оның айналысынан шығар емес. Сағидолланың Мұқаны да алғаш гір көтеруді сол азаматтан үйреніпті.
Екі спорт түрінің Қазақстанда негізін қалаған Мұхамедолла біздің мемлекетте 60-тан астам рет чемпионаттардың бас төрешісі қызметін атқарған, осы чемпионаттарды ұйымдастырған. Одан бөлек ҚР Президентінің жүлдесіне арнап 4 жылда бір өтетін халықтық спорт ойындарының, мемлекет ойындарының, мемлекет көлемінде екі жылда бір өтетін ауыл спортшылары ойындарының бас төрешісі қызметін де атқарып жүр. 1991 жылы Мұхамедолла Алматы қаласында гір спортынан КСРО –ның VІІ чемпионатын өткізіп, оның да бас төрешісі болған. 1994 жылы Өскемен қаласында гір спортынан ІІ Әлем чемпионатында да бас төреші қызметін атқарған.
Азия құрлығы мен Тыңық мұхиты елдерінің, 2003 жылдан бері армстерлинг чемпионаттарының бас төрешісі. 2002 жылы Чехияның Бжеслав қаласында өткен Европа армстерлинг чемпионатының бас төрешісі. 2004 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өткен 2005 жылы Жапонияның Токио қаласында болған. 2006 жылы Ұлыбританияда өткен, 2007 жылы Болгарияда өткен Әлем чемпионаттарының бас төрешісі, чемпионат директоры қызметін қоса атқарды.
Мұхамедолла Ағзамов «Еңбегі сіңген жаттықтырушы», «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» белгілерінен басқа мемлекет тарапынан «Ерен еңбегі үшін», «Тылға - 50 жыл» медальдарымен марапатталған.
Рақышев Тұрарбек Әмірханұлы– Академик, экономика ғылымдарының докторы, РФ еңбек сіңірген инженері, «Ромат» фармацевтикалық компаниясының президенті
«Ромат» компаниясы 1992 жылы Семей қаласында құрылды.
Айқан Ақанұлы Ақанов 1951 жылы 28 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілімалшы ауылында туған. Медицина ғылымының докторы (1994), профессор (1994), ҚР Валеоглогия академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Алматы мемлекеттік медицина институтын (1972, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) және Алматы шет тілдері институтын (1984, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. Алматы облысы Текелі қаласында, Кеген ауданында дәрігер (1972–78), Кардиология ғылыми-зерттеу инститында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі (1978–94), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғылымы орталығының директорының орынбасары (1994–95), басқарма бастығы (1995–96), бөлім меңгерушісінің орынбасары (1996–97), т.б., сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі (1997, 2004 жылдан), 2008 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры қызметтерін атқарады. «Эпидемиология, профилактика основных хронических инфекционных заболеваний среди сельских жителей» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 250-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
ЗӘКІРЬЯНОВ ҚАЙРАТ ХАЙРУЛЛАҰЛЫ
1955 жылы ШҚО, Самар ауданында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Акмеология ғылымдарының халықаларық академиясы мен Әлеуметтік ғылымдар қазақ академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектебі ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Бакалавар-магистр» көп сатылы білім алу жүйесі бойынша одақтық маңызы бар эксперименттің ұйымдастырушысы мен басшысы. 1994 жылы ШҚМУ базасында Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі өткізіліп, ғылыми-педагогикалық мамандарды біріге даярлау бойынша «келісімшартқа» қол қойылды. Екі елдің басшылары Н. Назарбаев пен Б. Ельцинге екі елдің жоғары білім саласындағы интеграциялық үрдістерді жылдамдатуға ықпал ету қажеттілігі туралы өтініш қабылданды, бұл шара Ресеймен тікелей шекараласатын Шығыс Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ол ШҚМУ-дың жанында ашылған Халықаралық экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдардың жоғарғы колледжінің (ҚАЕУ) ашылуына белсене қатысты.
Халел Абдулхакович Беспаев 1933 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауылында туған. Татар. Әкесі - Беспаев Абдулхақ, марқұм, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Анасы - Беспаева Бадрикамал, марқұм. Қазақ тау-кен институтының геологиялық-барлау факультетін «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бітірген (1950). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1965), докторы (1984). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның колчедан-полиметалл кен орындарындағы алтын мен күмістің жинақталуының геологиялық алғышарттары және олардың орналасу заңдылықтары». ҚР БҒМ Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының профессоры (1986 жылдан). Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі (1995 жылдан). ҚР ҒЗА корреслондент-мүшесі. «Орталық Қазақстан мен Кенді Аптай сульфидті кен орындарындағы күмістің геохимиясы» (1975), «Қазақстанның металлогениясы. Текстуралар мен құрылымдарының атласы» (1981), «Ертіс маңы ауданындағы колчедан-полиметалл кен орындары» (1988), «Оңтүстік- Батыс Алтайдың геологиясы мен металлогениясы (Қазақстан мен Қытайдың шегіндегі)» (1997) атты кітаптардың, 6 томдық Анықтамалық-монографияның (1995-2000), «Үлкен Алтай (геологиясы мен металлогениясы)» (2000), «Үлкен Алтай (кенсіз қазбалары)» (2003), «Қазақстандағы мыс, қорғасын, мырыш, темір кен орындарының пайда болуының алғышарттары» (1988), «Тереңдік түзілім жене геодинамика» - 1 том (2000), «Тереңдік түзілім және Қазақстанның минералды ресурстары» - 2 том «Металлогения» (2002), «Пайдалы қазба кен орындары модельдерінің атласы» (2004) тең авторы. Сондай-ақ геологияның әртүрлі мәселелері жөнінде 160 мақала жазған. «Ерітіндідегі алтынды колориметриялық анықтау үшін ұсақ бөлшекті алтынды және сульфидтік концентратты ажыратып алудың әдістері» (1984), «Сульфидті алтынды минералдардан ажыратып алудың әдістері» (1988) үшін авторлық куәліктері бар. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1955 жылдан - ҚазКСР Түсті металлургия министрлігінің «Қазқалайы» кеннің байқалуын барлау жөніндегі аға геолог. 1957 жылдан - ҚазКСР ҒА Алтай тау-кен металлургиясы институтының ғылыми қызметкері. 1964 жылдан - ӨКЗК (Өндірістік күштерді зерттеу кеңесінің) ғылыми хатшысы. ҚазКСР ҒА төралқасының Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру жөніндегі кеңесі терағасының орынбасары. 1969 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының ғылыми хатшысы. 1971 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының зертхана меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының директоры. 2000 жылдан бері - ҚР БҒМ Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтында зертхана меңгерушісі. «Халықаралық геологиялық корреляция бағдарламасы (ХГКБ) атты ЮНЕСКО бағдарламасының Қазақстан бойынша комитетінің төрағасы (2000 жылдан). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). «Кен орындарын алғаш ашушы» дипломын алған (1997).
Хоббиі - автомобиль.
Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет.
Шайзат Сапарғажықызы Бахтинова 1940 жылы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының Комсомол ауылында туған. Қазақ. Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық-драма театры жанындағы театр студиясын (1960) драма актері мамандығы бойынша; М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық училищесінің жеке ән орындау факультетін (1971) хор және ансамбль әртісі мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1958 жылдан бері - Абай атындағы Семей облыстық қазақ музыкалық-драма театрының (қазір - Абай атындағы Мемлекеттік облыстық қазақ музыкалық-драма театры) драма әртісі. 200-денастам рөлдеойнаған. Келесіспектакльдердеойнай- ды: Т. Ибрагимовтың «Жас Абай» (Зере), О. Боранбаевтың «Сотанайдың соңғы үйленуі» (Шеше), С. Тұрғынбекұлының «Абай - Біржан» (Айғыз), Б. Әлімжановтың «Қайран кемпір шалдар-ай» (Aпa), С. Кенжеахметұлының «Жарысқазан» (Дариға), О. Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» (Нұрке), Р Отарбайдың «Ғасыр қасіреті» (Ана), С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» (Формон), М. Әуезовтың «Қаракөз» (Мөржан), У. Гаджибековтың «Аршын - Мал-Алан» (Жахан), А. Тілеуханның «Мұзбалақ» (Мәрзия) спектакльдері. Қазақ театр қоғамының қазынашысы (1970-1990). ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1987). Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Тұрақты, дамыған мемлекет». Хоббиі - жас актерлерді оқыту. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет (оның ішіндө қазақ әдебиеті), драматургия, поэзия. [1]
Қалматаев Мұрат Дүйсенбіұлы 1936 ж.бұрынғы Семей облысы Жарма ауданы Мариновка селосында туған. Милиция генерал- майоры, КСРО Ішкі істер бөлімі Министрлігінің еңбек сіңірген қайраткері, журналист, юрист, политолог.Көкпекті ауданы Шайжүнісов атындағы мектепте оқып, 1959 ж. Қазақ Мемелекеттік Университетін бітірген соң, Көкпекті ауданының Қазақстан ЛКЖО бірінші хатшысы, аудандық газет редакторы қызметтерін атқарған. КСРО Журналистер Одағының мүшесі,1969 ж. Семей облыстық комитетінде жауапты қызметте, 1980 ж. Орал облыстық партия комитетінің хатшысы, 1983 ж. Қазақстан КСРО Ішкі істер бөлімінде саясат бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 1988-1989 ж. Ауған жерінде интернационалдық борышын атқарып қайтты. “Құрмет белгісі”, “Қызыл жұлдыз”, Халықтар достығы, “Жұлдыз”, т.б. атақтардың иегері.
Казгипроцветметтің президенті
Чайжунусов Тоқан Жақияұлы,
Профессор, Қазақстан Республикасының Еңбегі сіңген құрылысшысы,
Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Шығыс-Қазақстан облысының Көкпекті ауданының Құрметті азаматы.
Семей облысының Көкпекті ауылында 16 шилдеде 1944 жылы атақты педагог, Социалистік Еңбек Ері, халық мұғалімі Жақия Чайжүнусұлы Чайжүнусовтың отбасында дүниеге келген.
Совет әскерінің Қарулы күштер қатарында қызмет еткен. Келесі мамандықтар бойынша үш жоғары білімі бар: «өндірістік және азаматтық құрылыс», «экономика және менеджмент», «юриспруденция».
Ондаған жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысында құрылыс ұйымдарын басқарған. Экономикалық реформаның күрделі жылдары «Казгипроцветмет» бас жоба институтының президенті болып сайланып, институттың техникалық, интеллектуалдық потенциалын сақтап, ары дамыта білген. Институттың дамуы бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізіп отырады. Өз қызметкерлері үшін күнделікті және үлкен қамқорлық жасайды. Бүгінде Казгипроцветмет техникалық прогресстің алдынғы шебінде, жоба жұмысының флагманы, көп салалы, жетекші институттардың бірі болып саналады.
Тоқан Жақияұлының жетекшілігімен және қатысуымен Қазақстанда және шетелдерде көптеген тау-кен металлургия кешендері сәулет-құрылыс, әлеуметтік объектілер салынған, салынып жатыр және жобалану үстінде.
Ол өте отан сүйгіштік, адамдарға деген кең пейілділік қарым-қатынасымен ерекшеленеді. Жетім балаларға, мүгедектерге, білім, денсаулық, мәдениет, спортты дамытуға өте көп қайырымдылық көмегін жасайды.
Оның еңбек және қоғамдық жұмыстары Ресей, Қазақстан мемлекеттік атақтармен, марапаттармен жоғары бағаланған. Қазақстан Республикасы президентінің алғыс хатымен марапатталған. Қайырымдылық қызмет жұмыстары үшін бірнеше рет «Жыл адамы» атағын алған. Оның басты ұраны: «Қайырымдылық жасау!»
Тоқан Жақияұлы талантты басшы, білсенді қоғам қайраткері, өз ісінің шебері, мемлекеттік тұрғыда ойлайтын адам және елімізде, шетелдерде өз әріптестері арасында жоғары беделге ие. Казгипроцветметтің шығармашылық ұжымын шебер басқарып, құрылыс салу, реконструкциялау, өндіріс кәсіпорындарын модернизациялау, басқа да құрылыс объектілерінің инновациялық жобаларын жасауда жоғары нәтижелерге жетуге жетелеп келеді.
ЖЕТІСТІКТЕР
Казгипроцветметтің инновациялық жобалары негізінде шетелдерде, Қазақстанда көптеген әлемге әйгілі металлургия және тау-кен өндірісі кәсіпорындары салынған және салынып жатыр. Жәнеде алдынғы қатарлы технологиялар мен техникалар еңгізілуде, миллиард долларға бағаланатын құрылысқа бөлінген қаржылар игерілуде, республика бюджетіне қаржы түсіріліп жатыр, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарулуда.
Сембаев Нәсен Ыбрайұлы
1933 жылы туған. Білімі жоғары, Алматы Зооветинститутын зоотехника мамандығы бойынша аяқтаған.
Семей облысы, Көкпекті ауданы, «Көкпекті» совхозының зоотехнигі, Көкпекті ауданы, «Үлгілі малшы» совхозның бас зоотехнигі, Көкпекті ауыл шаруашылығының бас зоотехнигі, Ақсуат аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Семей облысы, ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, бірінші орынбасары, Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Семей облысы, партия комитетінің хатшысы, Семей облысы жер қатынастары, жерге орналастыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Еңбек қызыл ту, үш мәрте «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше СССР медальдарымен, екі мәрте Қазақ СССР-і жоғары советі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
1970 жылы «Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген зоотехник» атағы берілген.
1998 жылы Семей облысы Абай ауданының Құрметті азаматы.
1999 жылы Семей қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |