Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ғарыш қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 529-IV Заңы
"Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 20-21 (27092); "Казахстанская правда" от 18.01.2012 г., № 21 (26840)
РҚАО-ның ескертпесi!
Осы Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
118-баптың 7-тармағы:
«өзен-теңiз» жүзу кемелерiн» деген сөздерден кейiн «, ғарыш объектiлерiн» деген сөздермен толықтырылсын;
«iшкi су көлiгi» деген сөздерден кейiн «, ғарыш қызметi» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы екi жүз сексен сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
«246-1-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу»;
2) мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:
«246-1-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк
қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
192-баптың екiншi бөлiгiндегi «246-баптарында» деген сөздер «246, 246-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дiни қызмет және дiни бiрлестiктер мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметiн жетiлдiру және қылмыстық заңнаманы одан әрi iзгiлендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы үш жүз елу алтыншы, үш жүз елу жетiншi және үш жүз елу сегiзiншi абзацтармен толықтырылсын:
«17-1-тарау. Ғарыш қызметi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласындағы заңнамасын бұзу
230-2-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу»;
2) мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен толықтырылсын:
«17-1-тарау. Ғарыш қызметi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметi саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ ғарыш қызметi саласындағы жобаны iске асыру;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ғарыш объектiсiн ұшыру туралы оң шешiмiнсiз ғарыш объектiсiн Қазақстан Республикасының аумағынан ұшыру, сондай-ақ оны ғарыш қызметiне қазақстандық қатысушы жүзеге асырған жағдайда, одан тыс жерде ұшыру;
3) ғарыш объектiсiн мемлекеттiк тiркеуден жалтару түрiнде жасалған бұзу –
ғарыш кеңiстiгiн пайдалану аясындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк) –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
230-2-бап. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк
қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса,
- ғарыш кеңiстiгiн пайдалану аясындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын алты айға тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды ғарыш кеңiстiгiн пайдалану аясындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi аяқталғаннан кейiн жоймау -
лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
3) 541-баптың бiрiншi бөлiгi «222-229,» деген цифрлардан кейiн «230-1, 230-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 636-баптың бiрiншi бөлiгi 1) тармақшасының алпысыншы абзацындағы «органдарының (163-6, 349-баптар) уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар.» деген сөздер «органдарының (163-6, 349-баптар);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алпыс бiрiншi абзацпен толықтырылсын:
«ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның (230-1, 230-2-баптар) уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар.».
5. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат):
1) мазмұнында:
жүз жиырма тоғызыншы абзацтағы «қорғаныс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған» деген сөздер «ғарыш қызметi, қорғаныс мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
жүз отызыншы абзацтағы «және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған» деген сөздер «, ғарыш қызметi мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жүз отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«119-1-бап. Ғарыш қызметi мұқтажына арналған жер»;
2) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған» деген сөздер «ғарыш қызметi, қорғаныс мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-тараудың тақырыбындағы «қорғаныс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған» деген сөздер «ғарыш қызметi, қорғаныс мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 111-баптың тақырыбындағы, 1 және 2-тармақтарындағы «және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған» деген сөздер «, ғарыш қызметi мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
«119-1-бап. Ғарыш қызметi мұқтажына арналған жер
1. Жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн бөлiнген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары ғарыш қызметi мұқтажына арналған жерге жатады.
2. Ғарыш қызметiн дамыту үшiн жағдайлар жасау мақсатында ғарыш қызметi мұқтажына арналған жердi резервте қалдыру осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Шектерiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарымен үйлеспейтiн қызмет түрлерi шектелетiн немесе оларға тыйым салынатын тасымалдағыш зымырандардан бөлiнетiн бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, халықтың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiн сақтауды және қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жердi пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгiленедi.»;
6) 121-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлiнетiн бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүстi ғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң күзет аймақтары;».
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
49-баптың 1-тармағының 37) тармақшасындағы «баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.» деген сөздер «баж;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.».
7. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23,100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 455-баптың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
«ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды;»;
2) 456-баптың кестесiнiң 6.3.5-жолындағы «мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6.1.6. және 6.3.6-жолдармен толықтырылсын:
«
»;
«
6.3.6.
|
ғарыш объектiлерiнiң және оларға құқықтардың мемлекеттiк тiркелгенiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн
|
3,5
|
»;
3) 471-баптың кестесiнiң 1.35-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.35.
|
Ғарыш кеңiстiгiн пайдалану аясындағы қызмет
|
186
|
»;
4) 582-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
«ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi;».
8. 2009 жылғы 18 қыркүйектегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат):
1) мазмұнында 135-баптың тақырыбы «Әскери қызметшiлерге,» деген сөздерден кейiн «ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге,» деген сөздермен толықтырылсын»;
2) 135-баптың тақырыбы мен 1-тармағы «Әскери қызметшiлерге,» деген сөздерден кейiн «ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге,» деген сөздермен толықтырылсын.
9. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 21) тармақшасы «әскери қызметшiлерге» деген сөздерден кейiн «, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-баптың 8-тармағының 7) тармақшасындағы «әскери қызметшiлер құқылы.» деген сөздер «әскери қызметшiлер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берiлген ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусiз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлерiне ауысады.»;
3) 67-баптың 1-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы «әскери қызметшiлерге» деген сөздерден кейiн «, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiк «әскери қызметшiлерге» деген сөздерден кейiн «, ғарышкерлiкке кандидаттарға, ғарышкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 68-баптың 10) тармақшасы «орындау кезiнде,» деген сөздерден кейiн «ғарыш кеңiстiгiне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезiнде,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 74-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 3) тармақшасы «әскери қызметшiлер» деген сөздерден кейiн «, ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 101-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы «кәсiпорындардың қызметкерлерi,» деген сөздерден кейiн «ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Ғарыш қызметi саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлiкке кандидаттардың, ғарышкерлердiң тұрғын үйдi өтеуiз жекешелендiру құқығы бар.».
10. «Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы» 2002 жылғы 3 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат):
кiрiспеде:
«энергиясы мен ғарыш кеңiстiгiн» деген сөздер «энергиясын» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат):
аталған Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:
«92-1) ғарыш қызметi саласында;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ
Достарыңызбен бөлісу: |