Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



Дата27.06.2016
өлшемі297.75 Kb.
#161208


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының салыстырма кестесі



Түзету енгізілетін құрылымдық бөлім

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Түзетулерді енгізудің негіздемесі

1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі

1.

25-бап


25-бап Дауларды аралық соттың шешуіне беру

Сотқа бағынысты мүлiктiк дау, оған заң актiлерiнде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4)тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келiсiмi бойынша аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн.




25-бап Дауларды төреліктің және аралық соттың шешуiне беру

Сотқа қарасты азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дау, оған заңнамалық актiлерде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң 170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келiсiмi бойынша төреліктің немесе аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн.



«Аралық соттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – АСт ҚРЗ) 1-бабына және «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – ХКТт ҚРЗ) 1-бабына енгізілетін түзетулермен үйлестірілу мақсатында.

Осы түзетулерді енгізу АСт ҚРЗ 1-бабы мен ХКТт ҚРЗ 1-бабын Шетелдік төрелік шешімдерді тану және атқару туралы 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясының 2-бабының 1-тармағына сәйкестікке келтіру қажеттілігіне негізделеді, оған сәйкес әр Уағдаласушы тарап Тараптардың нақты шарттық немесе өзге де құқықтық қатынастары бойынша дауларды төрелікке беруге міндеттейтін жазбаша келісімді таниды.



Әлемдік тәжірибе: АҚШ-тың, Украинаның, Польшаның, Австрияның заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың пәні мүліктік, мүліктік емес кез келген даулар болуы мүмкін.

Қолданыстағы заңнамада аралық соттардың құзыреті қысқарған.

Бұрыңғы ҚазКСРО АІЖК-де Аралық соттар туралы ереже көзделген, оның 1-бабына сәйкес азаматтардың еңбек және отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды қоспағанда, олардың арасында туындаған кез келген дауды аралық соттың қарауына беруге құқығы бар.

Осыған байланысты азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын дауларды қарау жөніндегі төреліктің және аралық соттың құзыреттерін қысқарту негізделмеген болып табылады.

Төреліктің және аралық соттың құзыреттерін оларға азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейту ұсынылады.

Төрелікті және аралық сотты нығайту үшін, оның ішінде соттардың жүктемесін азайту үшін төрелікке және аралық сотқа мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы олардың құзыреттерін кеңейту ұсынылады.




2.

61-баптың 1-бөлігі

61-бап Өкілдің өкілеттіктері

1. Сотта iс жүргiзуге арналған өкiлеттiк өкiлге, талап арызға қол қоюды, iстi аралық сотқа берудi не медиация жүргiзу туралы келiсiм жасасуды, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе iшiнара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (сенiмдi басқа бiреуге аудару), соттың қаулысына шағым берудi, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.



61-бап Өкілдің өкілеттіктері

1. Өкілдің сотта іс жүргізу өкілеттіктері оған талап арызға қол қоюды, iстi төрелікке немесе аралық сотқа берудi не медиация жүргізу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптарынан және талап қоюды танудан толық немесе iшiнара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (қайта сенім білдіру), соттың қаулысына шағым берудi, соттың қаулысын мәжбүрлеп


орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.»;

Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес азаматтық-құқықтық дау тек аралық сотта ғана емес, төрелікте де қаралуы тиіс (АСт ҚРЗ 1-бабы, ХКТт ҚРЗ 1-бабы).


3.

79-бап 2-бөлігінің 3-1) тармақшасы



79-бап Куәнің айғақтары

2. Куә ретiнде:

...

3-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi;





79-бап Куәнің айғақтары

2. Куә ретiнде:

...

3-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья;





Заңнамалық актілерде бірыңғай терминологияны қолдану мақсатында, Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 25, 61,154,170, 185-баптарына енгізілетін түзетулерге байланысты


4.

154-баптың 1-бөлігі

154-бап. Талап арызды қайтару

1. Судья талап арызды, егер:

...

5-1) жоқ


154-бап. Талап арызды қайтару

1. Судья талап арызды, егер:

...

5-1) тараптар арасында осы дауды заңға сәйкес халықаралық төреліктiң немесе аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса;


Төрелікті және аралық сотты күшейту үшін, соның ішінде соттардың жүктемелерін азайту үшін.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабына енгізілетін түзетулермен үйлестіру мақсатында.



5.

158-бап

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер

Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі.

158-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер

Төрелiкте немесе аралық сотта iс қарау тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша соттың талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі.

Заңнамалық актілерде ортақ терминологияны қолдану мақсатында (3-позицияны қараңыз).


6.

160-бап

160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарай келіп, судья ұйғарым шығарады.



160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және төрелiкте немесе аралық сотта iс қарау тараптарының iсiне қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарай келіп, судья ұйғарым шығарады.



Заңнамалық актілерде ортақ терминологияны қолдану мақсатында (3-позицияны қараңыз).


7.

162-бап

1) тармағы




162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру

1) Аралық сотта немесе төрелiкте iс қарау тараптарының iсiне қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру туралы мәселеге іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлай отырып, сот рұќсат береді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Талап қоюдың бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.




162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін

екінші түрімен ауыстыру

1) Төрелiкте немесе аралық сотта iс қарау тараптарының iсiне қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру туралы мәселеге іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлай отырып, сот рұќсат береді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Талап қоюдың бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады.






8.

170-баптың 4) тармақшасы

170-бап. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері 

Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

...

4) тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну не дауды медиация тәртібімен шешу құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарларын түсіндіреді;





170-бап. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері 

Істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья мынадай әрекеттерді жүргізеді:

4) тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқықтарын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;





Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес азаматтық-құқықтық дау тек аралық сотта ғана емес, төрелікте де қаралуы тиіс (АСт ҚРЗ 1-бабы, ХКТт ҚРЗ 1-бабы).


9.

185-бап

185-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға және өкілдерге олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну не дауды медиация тәртібімен шешу құқығын және осындай әрекеттің салдарларын түсіндіреді.




185-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етушi iске қатысушы адамдарға және өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқығын құқығын және осындай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi.



Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес азаматтық-құқықтық дау тек аралық сотта ғана емес, төрелікте де қаралуы тиіс (АСт ҚРЗ 1-бабы, ХКТт ҚРЗ 1-бабы).


10.

192-бап

192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны, жауапкер талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны және тараптардың істі бітімгершілік келісімімен аяқтауды немесе істі аралық сотқа қарауға беруді не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтын-қаламайтыны туралы мәселелерді анықтауынан басталады.



192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң талап қоюшының өз талаптарын қолдайтыны, жауапкердің талап қоюшының талаптарын мойындайтыны және тараптардың iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiмен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны – қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.



Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес азаматтық-құқықтық дау тек аралық сотта ғана емес, төрелікте де қаралуы тиіс (АСт ҚРЗ 1-бабы, ХКТт ҚРЗ 1-бабы).


11.

249-баптың

5) тармақшасы



249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері

Сот, егер:

...

5) eгep заңнамалық актiлерде өзгеше көзделмесе, тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың немесе халықаралық коммерциялық төреліктiң шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе арызды қараусыз қалдырады.



249-бап. Арызды қараусыз қалдырудың негіздемелері

Сот, егер:

...

5) eгep заңнамалық актiлерде тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес төреліктiң немесе аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса арызды қараусыз қалдырады.



Төрелікті және аралық соттың құзыретін кеңейту мақсатында, соның ішінде соттардың жүктемелерін азайту үшін.

Заңнамалық актілерде ортақ терминологияны қолдану мақсатында (3-позицияны қараңыз).

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 25-бабына енгізілген түзетулермен үйлестіру мақсатында.


12.

312-4-баптың

2-тармағының

1) тармақшасы


312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезден бастап

қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;


312-4-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі

2. Қаржы ұйымын қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды


қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелікке және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;





13.

312-4-баптың

1-тармағының

3) тармақшасы


Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелік және аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдері бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соғады.


Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелікке және аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдері бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соғады.





14.

413-баптың

1-тармағы



413-бап. Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

1. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы.



413-бап. Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

1. Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы.



Редакциялық сипаттағы түзетулер. «Шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар» сөздер нормативті үнемдеу қағидатына сәйкес (заңдық техника қағидаты) «шетелдік және халықаралық ұйымдар» сөздерімен ауыстырылсын


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»

2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі

15.

534-баптың

1-тармақтың 1) тармақшасы



534-бап. Баж алу объектiлерi
1. Мыналардан:

      1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж алынады;



534-бап. Баж алу объектiлерi
1. Мыналардан:

1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктың, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мемлекеттiк баж алынады;



Заңнамалық актілерде ортақ терминологияны қолдану мақсатында (3-позицияны қараңыз).


16.

535-баптың 1-тармағы

535-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:

9) аралық соттар шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердi жою туралы өтiнiш хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;

11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 процент;




535-бап. Мемлекеттiк баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргiзiлетiн iстер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:

9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердi жою туралы өтiнiш хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;

11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 процент;



Заңнамалық актілерде ортақ терминологияны қолдану мақсатында (3-позицияны қараңыз).


17.

548-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы

548-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:

1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

1-1) істі аралық сотқа жіберген




548-бап. Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару

1. Төленген мемлекеттiк баж сомасы:

1) талапкер өз талаптарын азайтатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк баж осы Кодекс бойынша талап етiлгеннен көбiрек мөлшерде енгiзiлген;

1-1) істі төрелікке немесе аралық сотқа жіберген;



Қолданыстағы заңнамаға сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес азаматтық-құқықтық дау тек аралық сотта ғана емес, төрелікте де қаралуы тиіс (АСт ҚРЗ 1-бабы, ХКТт ҚРЗ 1-бабы).


Қылмыстық іс жүргізу 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі

18.

82-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы


1-1) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - аралық судья немесе төрешi

1-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья;





«Адвокаттық қызмет туралы»

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы»

19.

4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы

  4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері


  1. Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

5) аралық сотта, халықаралық коммерциялық төрелікте (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;

 4-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері

1.Заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар:

5) төрелікте (сотта), аралық сотта, және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;


1 (ҚРЗ АС т ТС 1-бабы және ҚРЗ ХКТ 1-бабына) енгізілген түзетулерімен үйлестіру мақсатында

Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын мүліктік және мүліктік емес сипаттағы дауларды аралық және төрелік соттың құзіретін кеңейту сияқты оларды бөлу құқығымен қарастыру ұсынылып отыр.

«Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

20.

1-бап

1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.




1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.




Аталған түзетуді енгізу АС туралы ҚРЗ 1-бабы және ХКТ туралы ҚРЗ 1-бабын шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындауды іске асыру туралы 1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясының 2-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру қажеттілігімен негізделеді. Оған сәйкес әрбір уағдаласушы мемлекет нақты шарттық немесе өзге құқықтық қатынастар бойынша дауларды тараптар төрелікке беруге міндеттенетін жазбаша келісімді таниды.

АҚШ-тың, Украинаның, Польшаның, Австрияның заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың пәні мүліктік, мүліктік емес кез келген даулар болуы мүмкін.

Қолданыстағы заңнамада аралық соттардың құзыреті қысқарған.

Бұрыңғы ҚазКСРО АІЖК-де Аралық соттар туралы ереже көзделген, оның 1-бабына сәйкес азаматтардың еңбек және отбасылық қатынастардан туындайтын дауларды қоспағанда, олардың арасында туындаған кез келген дауды аралық соттың қарауына беруге құқығы бар.

Осыған байланысты азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын дауларды қарау жөніндегі аралық соттың құзыретін қысқарту негізделмеген болып табылады.

Аралық соттың құзыретін оған азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейту ұсынылады.

Аралық сотты нығайту үшін, оның ішінде соттардың жүктемесін азайту үшін аралық сотқа мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы олардың құзыреттерін кеңейту ұсынылады.




21.

5-баптың 3) тармақшас

3. Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.

3. Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.

Аралық сотты нығайту үшін, оның ішінде соттардың жүктемесін азайту үшін аралық сотқа мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы олардың құзыреттерін кеңейту ұсынылады.


22.

7-баптың 6-тармағы

7-бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру



6. Жоқ.




7-бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру



6. Аралық сот адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiм алу құқығына байланысты мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастардан туындаған дауларды қарауға құқылы емес.



Аралық сотқа ведомстволық бағынысты емес мүліктік емес сипаттағы құқықтық қарым-қатынастарды нақтылау мақсатында

Көрсетілген мүліктік емес қатынастардан туындайтын даулар неғұрлым жоғары дәрежеде жария құқық түйісінде табылады




23.

13-1-бап

Жоқ

13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өз аралық судьялары тізілімін жүргізеді. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, аралық судьялар тізілімі, дау тараптарының келісімі болған кезде аралық соттың шешімі туралы ақпарат, оның заңды мекенжайы және жұмыс регламенті жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желістерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін аралық соттар туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың толықтай хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында

.


«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

24.

Тақырыбы

«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы»

«Халықаралық төрелік туралы»

Төрелікті нығайту үшін, оның ішінде соттардың ауыртпалығын жеңілдету үшін мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды төреліктің қарауына құқық беру жолымен оның өкілеттігін ұлғайту ұсынылады.

25.

Кіріспе

Осы Заң халықаралық коммерциялық төрелiктiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық коммерциялық төрелiктiң шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен талаптарын реттейдi

Осы Заң халықаралық төрелiктiң Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiктiң шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен талаптарын реттейдi

Төрелікті нығайту үшін, оның ішінде соттардың ауыртпалығын жеңілдету үшін мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды төреліктің қарауына құқық беру жолымен оның өкілеттігін ұлғайту ұсынылады.

26.

1-бап

-бап. Қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, халықаралық коммерциялық төрелiк шешетiн, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық шарттардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.




1-бап. Қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, халықаралық төрелiк шешетiн, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.





Бұл түзетудің енгізілуі КО туралы ҚРЗ 1-бабын және ХКА туралы ҚРЗ 1-бабын шетелдік төрелік шешімдерін тану және орындау туралы 1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясы 2-бабының 1-тармағына сәйкес келтіру қажеттігінен туындады, оған сәйкес тараптардың нақты шарттық немесе өзге құқықтық қатынастар бойынша дауларды төрелікке беруге міндеттенетін жазбаша келісімін әрбір уағдаласушы тарап таниды.

АҚШ-тың, Украинаның, Польшаның, Австрияның заңнамасына сәйкес төрелік талқылаудың пәні мүліктік, мүліктік емес кез келген даулар болуы мүмкін.

Қолданыстағы заңнамада төреліктің құзыреті қысқарған.

Төреліктің құзыреттерін оларға азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейту ұсынылады.

Төрелікті нығайту үшін, оның ішінде соттардың жүктемесін азайту үшін төрелікке және аралық сотқа мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы олардың құзыреттерін кеңейту ұсынылады.




27.

2-баптың 1) және 8) тармақшалары

2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


1) төрелiк - нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық коммерциялық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;

...
8) төрелiктiң регламентi - тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық коммерциялық төрелiктiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;



2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


1) төрелiк - нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;

...
8) төрелiктiң регламентi - тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiктiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;…



ХКТ туралы ҚРЗ 1-бабына енгізілген түзетулермен ұштастыру мақсатында.

Қолданыстағы заңнамада көзделгеніндей, төрелікке мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы оның құзыретін ұлғайту ұсынылады.

.


28.

3-бап

3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық  коммерциялық төрелiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

ХКТ туралы ҚРЗ 1-бабына енгізілген түзетулермен ұштастыру мақсатында.

Қолданыстағы заңнамада көзделгеніндей, төрелікке мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы оның құзыретін ұлғайту ұсынылады.

.


29.

6-баптың

2- тармағы



6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру

2. Тараптар төрелiк келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық дау қатынас бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.



6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру
..

2. Тараптар төрелiк келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық дау қатынас бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.



ХКТ туралы ҚРЗ 1-бабына енгізілген түзетулермен ұштастыру мақсатында.

Қолданыстағы заңнамада көзделгеніндей, төрелікке мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы оның құзыретін ұлғайту ұсынылады.



30.

6-баптың

4-тармағы



6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру

4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.



6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру

4.. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, жеке және заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.



ХКТ туралы ҚРЗ 1-бабына енгізілген түзетулермен ұштастыру мақсатында.

Қолданыстағы заңнамада көзделгеніндей, төрелікке мүліктік те, мүліктік емес те сипаттағы азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы оның құзыретін ұлғайту ұсынылады.



31.

6- баптың

8- тармағы



6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру



8. жоқ.




6 бап. Дауды аралық соттың шешуiне беру



8. Төреліктер адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiм алу құқығына байланысты мүлiктiк емес дауларды қарауға құқылы емес.



Аралық сотқа ведомстволық бағынысты емес мүліктік емес сипаттағы құқықтық қарым-қатынастарды нақтылау мақсатында

Көрсетілген мүліктік емес қатынастардан туындайтын даулар неғұрлым жоғары дәрежеде жария құқық түйісінде табылады



32.

9-1-бап

9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметiнiң шарттары

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өз төрешiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік, төрешiлердiң тiзiлiмi туралы, даудың тараптары келiскен кезде төрелік шешiмдер туралы ақпарат, заңды мекенжайы мен жұмыс регламентi жеке және заңды тұлғалардың еркiн танысуы үшiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.



9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметiнiң шарттары

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өз төрешiлерiнiң тiзiлiмiн жүргiзедi. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік туралы ақпарат, оның заңды мекенжайын, жұмыс регламентiн, төрешiлердiң тiзiлiмiн қоса, жеке және заңды тұлғалардың еркiн танысуы үшiн жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желiсiнде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. Төрелiктің шешімдері туралы ақпарат даудың тараптары келiскен кезде орналастырылады.



Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиістілігі туралы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағының талаптарын сақтау мақсатында


«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы

33.

27-баптың

4-тармағы




27-бап. Дауларды шешу

2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлмейтiн болған жағдайда, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелiк туралы заңнамалық актiсiне сәйкес халықаралық коммерциялық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.



27-бап. Дауларды шешу

2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiле алмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамалық актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.




ХКТ туралы ҚРЗ-ның 1-бабына енгізілетін түзетулермен корреспонденциялау мақсатында
Төреліктің құзыретін оларға азаматтық-құқықтық қатынастардан, сондай-ақ мүмліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығымен бөлектеу арқылы кеңейту ұсынылады.


«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы»

2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы

34.

11-баптың

1-тармағының

2) тармақшасы


аралыќ соттардыѕ немесе тґрелiктiѕ шешiмдерiн мјжбїрлеп орындату туралы соттыѕ ўйєарымы негiзiнде берiлетiн атќарушылыќ параќтар, - їш жыл iшiнде;

2) аралық немесе төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде,





35.

11-баптың

2-тармағының

2) тармақшасы


ралыќ соттардыѕ немесе тґрелiктiѕ шешiмдерiн мјжбїрлеп орындату туралы соттыѕ ўйєарымы негiзiнде берiлген атќарушылыќ параќтарды орындау кезiнде, - шешiм кїшiне енгеннен кейiнгi кїннен бастап;

2) аралық немесе төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде, - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап.




«Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңы

36.

10-бап

«Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:

мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, аралық және төрелiк сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;».



«Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:

мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, төрелiк және аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;».






«Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылєы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

37.

59-3 баптың 13-тармағы

13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, аралық және төрелік соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.


13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, төрелік және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.





Қазақстан Республикасы

Әділет министрі Б. Имашев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет