Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты



бет7/20
Дата17.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
#142154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

               халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты
               мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға,
               көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу

      1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасасу кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан ерекшеленетін және «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
      3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тараптарының бiрi Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелер; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.

      122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай


               өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге баға
               белгілеу

      1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаларды реттейді.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 10-тармағынан қараңыз.
      2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекiткен тәртiппен бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге шектi бағаларды белгiлейдi.
      3. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде бағаларды мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге белгiленген шектi бағалардан асырмауға мiндеттi.
      4. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаларды мемлекеттiк реттеу жағдайларында шектi бағалар айына бiр реттен артық белгiленбейдi.

      123-бап. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі


               жоғары ликер-арақ өнімдеріне ең төмен бөлшек
               сауда бағаларын белгiлеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдеріне ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлейдi.

      124-бап. Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек сауда
               бағаларын белгілеу

      Мемлекет Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді.

12-тарау. МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ

      125-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық


               жауапкершілігін міндетті сақтандыру

      Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

      126-бап. Міндетті сақтандырудың мақсаты

      Үшінші тұлғалардың өміріне және (немесе) денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға келтірілген зиянды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өтеу міндетті сақтандырудың мақсаты болып табылады.

      127-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық
               жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі

      Кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген мүліктік зиянды өтеу мiндетiмен байланысты оның мүлiктiк мүддесi кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

      128-бап. Міндетті сақтандыруды жүзеге асыру

      1. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шарттарын кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, үшiншi тұлғалардың мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу жағдайына жасасады.


      2. Кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты үшiншi тұлғалардың өмiрiне және (немесе) денсаулығына, мүлкiне, қоршаған ортаға келтiрiлген зиян үшін өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген кәсіпкерлік субъектісінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың тиісті шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

13-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

1-параграф. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы жалпы ережелер

      129-бап. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы


               қатынастар

      1. Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негiздерiн белгілеу мақсатында жүзеге асырылады әрі бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай қағидаттарын белгiлеуге, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың, өздерiне қатысты мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталады.


      2. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында және осы Кодекстің 140-бабының 3 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу құқықтық мәртебесiне, меншiк нысандарына және қызмет түрлерiне қарамастан, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы Кодексте:
      1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулердi жүргiзу тәртiбi;
      2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi өзара iс-қимылының тәртiбi;
      3) тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi шаралар;
      4) бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының тексерулер жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi белгiленедi.
      4. Осы Кодекстің 130 және 131-баптарын қоспағанда, осы тараудың күшi:
      1) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауға;
      2) кеден iсi саласындағы мемлекеттiк бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
      5. Осы тараудың күшi:
      1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысындағы бақылау және қадағалау;
      3) сот төрелігі;
      4) жедел-iздестiру қызметi;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау салаларындағы қатынастарға қолданылмайды.
      6. Осы Кодекстің 130, 131 және 158-баптарын қоспағанда, инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға байланысты қатынастарға осы тараудың күші қолданылмайды.
      7. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында тізбеленген қатынастарға ішкі бақылау бөлігінде «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының күші қолданылады.
      8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау және қадағалау жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар көрсетiлген салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      9. Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады.
      10. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.
      11. Осы баптың 10-тармағының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
      12. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда, осы тараудың ережелері осы заңдармен реттелген қатынастарға қолданылады.

      130-бап. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың


               міндеттері

      1. Экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрi жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қоса алғанда, тексерiлетiн субъект өндiретiн және өткізетін өнiмдердiң, технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгін, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған орта үшін қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың мiндетi болып табылады.


      2. Мемлекеттiк органдарға, осы Кодекстің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 142-бабының 1-тармағында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлерiне тексерулер жүргiзу тәртiбi мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдауға тыйым салынады.

      131-бап. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге


               асыру кезіндегі кепілдіктер

      1. Кәсiпкерлiк субъектiлерiнің қызметін мемлекеттiк бақылауды, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.


      2. Кәсiпкерлiкті мемлекеттiк бақылау және қадағалау тәуелсіздік, объективтілік, бейтараптылық, бақылау және қадағалау нысандарының анықтығы қағидаттарының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Мемлекет мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығына кепілдік береді.
      4. Мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүргізу тексерілетін адал субъектiлерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылауды және қадағалауды шоғырландыру негізінде жүзеге асырылады.

      132-бап. Тексерілетін субъектілер мен объектілер.


               Тексерiлетiн субъектiлердің (объектілердiң)
               қызметiне қойылатын талаптар

      1. Қызметіне мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері тексерілетін субъектілер болып табылады.


      Тексерiлетiн субъектiде меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде болатын, бақылауға және қадағалауға жататын мүлік тексерілетін объект болып табылады.
      2. Тексерiлетiн субъектiлердiң (объектілердің) қызметiне қойылатын талаптар нормативтiк құқықтық актiлерде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында ғана белгiленедi.

       133-бап. Құқық қорғау органдарының мемлекеттік бақылауды


                  және қадағалауды жүзеге асыруы кезiндегi жеке
                  кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң кепiлдiктерi

      Құқық қорғау органдары жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау iс-шараларын жедел-iздестiру қызметi, қылмыстық қудалау, әкiмшiлiк iс жүргiзу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын iске асыру шеңберiнде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүргiзедi.

      134-бап. Мемлекеттік бақылау

      1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк бақылау (бұдан әрi – бақылау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеуші сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкiн.


      2. Бақылау iшкi және сыртқы болып бөлiнедi.
      3. Iшкi бақылауды жүргiзу тәртiбi «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      4. Бақылау және қадағалау органы тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiне тексеру және байқау бойынша жүзеге асыратын бақылау сыртқы бақылау болып табылады.
      Сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбi осы Кодекстің 13-тарауының 137-бабында және 2-параграфында айқындалады.
      Сыртқы бақылау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк, тәртiптiк iс жүргiзудi қозғайды не өз құзыретi шегiнде тиiстi талап қою арыздарына бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады.

      135-бап. Мемлекеттік қадағалау

      1. Бақылау және қадағалау органының тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөнiндегi қызметi мемлекеттiк қадағалау (бұдан әрi – қадағалау) болып табылады, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкiн.
      2. Қадағалау уәкiлеттi мемлекеттiк органның әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектеуші шараларын қолдануы болып табылады.
      3. Қадағалау:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
      2) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттарда уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлiнедi.

      136-бап. Жедел ден қою шаралары

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексерiлетiн субъектiлерге тексерудi жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады.
      2. Жедел ден қоюдың құқық шектеуші шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi және оларды мемлекеттiк органдар, егер тексерiлетiн субъектiнiң қызметi, тауары (жұмысы, көрсетiлетiн қызметi) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделерiне, адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне тiкелей қауіп төндiретін жағдайда, қолданады.

      137-бап. Бақылау және қадағалау нысандары



      1. Тексерiлетiн субъектiлердiң қызметiн бақылау және қадағалау мынадай нысанда жүзеге асырылады:
      1) ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi - осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер;
      2) егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары.
      2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезінде:
      1) осы баптың 3-тармағында көзделген жадайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарына бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) баруға тыйым салынады;
      2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелу және тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету талап етілмейді;
      3) бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалады.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына қолданылмайды.
      Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау мүмкін емес бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға қолданылмайды.
      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары:
      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген;
      2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген;
      3) егер бару «Рұқсаттар және хабраламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берiлгенге дейiн өтiнiш берушiнiң бiлiктiлiк немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерумен байланысты болған;
      4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестiгіне инспекциялау жүргiзілген;
      5) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуын бақылау жүзеге асырылған;
      6) iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларының сақталуы мәселелерi бойынша бақылауды жүзеге асырған;
      7) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету стандарттарының сақталуы бойынша бақылау жүзеге асырылған;
      8) тексерілетін субъект рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алуы үшін бастамашылықпен жүгінген;
      9) егер бару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізілетін өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімдерді іріктеумен байланысты болған;
      10) карантинді объектілердің және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу ошақтарын анықтауға аумақты зерттеп-қарау жүргізілген;
      11) егер бару Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес астық сапасын айқындау үшін оларды қабылдау, тиеп-жөнелту және сандық-сапалық есепке алу кезінде сынамаларды, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорындарында сақталатын мемлекеттiк астық ресурстарын іріктеумен байланысты болған;
      12) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне жаппай ықтимал қатер төндірген жағдайларда, бұл бұзушылықтардың жолын кесу, профилактикасы және алдын алу мақсатында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырған жағдайларда жүргiзіледi.
      4. Бақылау және қадағалау органдары осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылу фактілерінің туындау себептерін анықтау үшін осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты нақты факт бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу жеткіліксіз болатын және осы нақты фактіге байланысты өзге де субъектілерге қатысты бақылау және қадағалау талап етілетін жағдайларда ғана осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асырады.
      5. Осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанын жүргізу үшін:
      1) бақылау және қадағалау органдары нақты фактіге байланысты және ықтимал тәуекелдері бар тексерілетін субъектілер (объектілер) шеңберін айқындау мақсатында қолда бар ақпаратқа, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталын пайдалана отырып және басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу арқылы талдау жүргізеді;
      2) бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанына жататын тексерілетін субъектілердің (объектілердің) тізбесі бақылау және қадағалау органы бірінші басшысының бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанын тағайындау туралы актісінде айқындалады;
      3) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде анықталған фактілер ғана бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанының нысанасы болып табылады.
      6. Осы баптың 3-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бару арқылы бақылаудың және қадағалаудың өзге нысанын жүргізу туралы негізсіз шешім қабылдағаны үшін бақылау және қадағалау органының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      7. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, барумен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъект (объект) тұрған жердегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарды оларды жүргізгенге дейін хабардар етеді.
      8. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын талдау нәтижелері ішінара тексерулер жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады.

      138-бап. Бақылау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік


               субъектілері қызметінің салалары

      Бақылау:


      1) электр энергетикасы саласында;
      2) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында;
      3) жер қойнауын пайдалану саласындағы келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына;
      4) жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласында;
      5) газ және газбен жабдықтау саласында;
      6) халықтың радиациялық қауiпсiздiгi саласында;
      7) мұнай операцияларын жүргiзу саласында;
      8) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге және олардың айналымына;
      9) атом энергиясы саласында;
      10) автомобиль көлiгi саласында;
      11) темiржол көлiгi саласында;
      12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      13) көлiк саласында;
      14) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
      15) iшкi су көлiгi саласында;
      16) өнiмдi тиеп-жөнелту алдындағы кезеңге және (немесе) оның түпкiлiктi пайдаланылуына экспорттық бақылау саласында;
      17) техникалық реттеу саласында;
      18) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына;
      19) метрология саласында;
      20) тұрғын үй қорын басқару саласында;
      21) асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласында;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
      23) тұқым шаруашылығы саласында;
      24) астық нарығын реттеу саласында;
      25) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
      26) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласында;
      27) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында;
      28) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
      29) мақтаның қауiпсiздiгi және сапасы саласында;
      30) жердi пайдалану мен қорғауға;
      31) геодезиялық және картографиялық қызметке;
      32) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында;
      33) қалдықтармен жұмыс істеуге;
      34) мiндеттi экологиялық сақтандыруға;
      35) азаматтық қорғаныс саласында;
      36) өрт қауiпсiздiгi саласында;
      37) қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      38) дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласында;
      39) көрсетiлетiн медициналық және арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;
      40) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулердiң ұйымдастырылуына және жүргізілуіне;
      41) инфекциялық аурулардың профилактикасы жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуына және өткiзiлуiне;
      42) бiлiм беру жүйесiне;
      43) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңнамасының сақталуына;
      44) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына;
      45) қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында;
      46) халықты жұмыспен қамту саласында;
      47) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында;
      48) арнаулы әлеуметтiк қызметтер ұсыну саласында;
      49) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуына;
      50) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына;
      51) байланыс саласында;
      52) ақпараттандыру саласында;
      53) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      54) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 11-тармағынан қараңыз.
      54) салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың аударымдары мен жарналарының толық және уақтылы аударылуына;
      55) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде салықтық емес төлемдердің түсуiне;
      56) трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде;
      57) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына;
      58) валюталық операцияларды және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтiң жүзеге асырылуына;
      59) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;
      60) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
      61) ақша төлемдері және аударымы, вексель айналысы мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы валюта заңнамасының сақталуына;
      62) экономикалық шоғырлануға;
      63) бәсекелестікті қорғау саласында;
      64) авторлық құқық және сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерін пайдалануға;
      65) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласында;
      66) бағалау қызметi саласында;
      67) табиғи монополиялар салаларында;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      68) тармақша 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
      68) реттелетiн нарық субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасында белгiленген мiндеттердi сақтауына;
      69) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының сақталуына;
      70) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне;
      71) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметiне;
      72) жарылғыш және улы заттарды, радиоактивтi материалдар мен заттарды қолдану мен олардың жұмыс iстеуiнiң белгiленген қағидаларының сақталуына;
      73) шетелдiк жұмыс күшiн тарту қағидаларының сақталуына;
      74) күзет қызметiне;
      75) күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қызметке;
      76) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды орындауына;
      77) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi мамандандырылған оқу орталықтарының қызметiне;
      78) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына;
      79) көлiк құралдарының иелерi мен тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында;
      80) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына;
      81) аудиторлық қызмет және кәсiптiк аудиторлық ұйымдар қызметi саласында;
      82) Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасының сақталуына;
      83) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына;
      84) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасының орындалуына;
      85) спорт объектiлерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, қағидалар мен нормалардың сақталуы нысанасына;
      86) спортта допингке қарсы iс-шаралардың жүргiзiлуiне;
      87) бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк саласында;
      88) өңiрлiк қаржы орталығына қатысушылардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы қызметiне;
      89) тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына;
      90) биоотын айналымы саласында;
      91) биоотын өндiру саласында;
      92) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасының сақталуына;
      93) ғарыш қызметi саласында;
      94) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына;
      95) Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына;
      96) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
      97) ветеринария саласында;
      98) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi саласында;
      99) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуына;
      100) автомобиль жолдары саласында;
      101) баланың құқықтарын қорғау саласында;
      102) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
      103) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
      104) рұқсаттық бақылау саласында;
      105) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерiнiң, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
      106) өнеркәсiп саласында;
      107) ұйымдардың, әскери мiндеттiлердiң және әскерге шақырылушылардың әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының сақталуына;
      108) деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуына;
      109) кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында;
      110) мемлекеттік статистика саласында;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      111) тармақша органикалық өнім өндіру туралы заңнамалық акт қолданысқа енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі - ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексімен.
      111) органикалық өнім өндіру саласында;
      112) қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады.

      139-бап. Қадағалау жүзеге асырылатын кәсіпкерлік



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет