«Дәрумендер денсаулық кепілі»
Мақсаты: Көкөністер мен жеміс – жидектердің денсаулығына пайдасы. Құрамындағы кездесетін дәрумендердің адам денсаулығына тигізер пайдасы. Дәрумендер тралы түсінік беру.
Әрбір адам мүмкіндігінше дәрумендерді пайдаланынп тұрғаны дұрыс, маусым арасында адам ағзасы дәрумендерді аса көп қажет етеді. Мүмкіндігінше табиғи дәрумендерді қолданған дұрыс. Табиғи дәрумен дегеніміз – жеміс – жидек, көкөністер. Дегенмен, оларды қолданған кезде де маусымына қарай пісетіндерін қолдану керек. Жеміс-жидек пен көкөністер әрқайсысында өздеріне тән, ерекше дәрумендері болады. Бірінің құрамында С витамині басым болса, енді екіншісі А витаминіне бай, басқасы асқазанға, жүрек жұмысына, ас қорытуға т.б. пайдалы. Біздің үйімізде маусымына байланысты түрлі жеміс тер көкөністер жиі қолданылады.
Жеміс – жидектерді де, көкөністерді де дәрумендерге шипалық қасиетке өте бай. Жеміс – жидектерді жуып жеу керек.
Тұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизімдерден құтыла аласың.
Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Шетелден әкелген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю керек. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға берер алдында бір сағаттай салқын суға салып қоюға кеңес береді.
Алманың қабығын мүмкіндігінше қабығынан ашып жуу керек. Шіріген түгіл, сәл дақ түскен жемістіжеуге болмайды.
Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, сонда ниттраттардың көптігін білдіреді. Кез – келген бақша дақылының бойында ликсотин деп аталатын улы зат бар. Ол зақымданған түсті ойып алғаннан жойылмайды. Ол жемісті, көкөністі қайнатып (варене) айналдырса даулызат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды. Қатерлі ісікке себеп болады.
Алма. Адамдардың тамаққа қолданылатын жемістердің бір бөлігі. Ас қортуға жейді.
Алмұрт. Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырының қуыққа тас байлағанда ішеді.
Витамині ең көп жеміс – Киви.
«А» витамині – адамның , шаштың, тырнақтын жақсы өсуін, көздің жақсы көруін жақсартады. Ол сәбізде, сүтте, жұмыртқаның сарысында, қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.
«Д»витамині – сары май, сүт, өсімдік майы, бауырда кездесері.
«Р» витамині – шайдын құрамында көп.
«В» витамині — ет өнімдерінде, нан, жармада болады.
«С» витамині – қарақат, құлпынай, шабдалы, киви, қызыл бұрыш, өрік, ас көкте кездеседі.
«Д» витаимні – балық майында , саңырауқұлақта кездеседі.
«Е» витамині – астық өнімдерінде кездеседі.
«К» витамині – картоп, қызанақ, сәбіз, ақ желкен бар.
Аталған дәрумендердің ағзаға үлкен әсер ететінің білдік. Олар бір – бірімен тығыз байланысты. Біреуі жетпесе екіншісі орнын басуыда ықтимал. Қазыр бірнеше дәрумендер қосылған поливитамин препораты өте танымал. Оны көктем, қыс мезгілінде пайдаланған дұрыс.
Тренинг «Дені саудың – жаны сау» (бір – біріне тілектер айту)
Әр түрлі көкөністер, жеміс - жидектер мен тағамдардың құрамында өздеріне тән ерекше дәрумендері болады. Маусымарасында ағзамызға дәрумендер жетіспеген уақытта қажетті көкөніс немесе тағамды пайдалану арқылы ағзамызды дәрумендермен байыта аламыз. Сонымен қатар, айта кететін бір жайт - қазақ халқының сүт тағамдары дәрумендерге ерекше бай. Мысалға, ұлттық сусын қымыздың бір литрінде 200-260 мг С дәрумені бар екен. Қымызда сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобындағы В(1), В(2), В(3), оның ішінде қанның жасалуына қатысатын В12 дәрумені және ағзадағы тотығу-тотықсыздану реакцияларына әсер ететін С тобы дәрумендері, сондай-ақ, А тобы дәрумендері кездеседі
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз, тағы да басқа аурулар себеп болады. Дәрумен жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі, тағы да басқа жағдайларда ағзада дәрумен жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы дәрумендер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Дәрумен жетіспеушілік және гиповитаминоз жануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Дәрумен жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В дәрумені жетіспеген жағдайда құс полиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D дәрумені жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады
Достарыңызбен бөлісу: |