Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-параграф. Сәйкестікті растау



бет10/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

4-параграф. Сәйкестікті растау



178-бап. Сертификаттау ұғымы

1. Сертификаттау –сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім.

2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға болып табылады.
179-бап. Өнiмнiң және процестердiң белгiленген талаптарға сәйкестігін растау

1. Сәйкестікті растау – нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкестігін (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) құжатпен куәландыратын рәсім.

1. Өнiм (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа), процестер сәйкестiктi растау объектiлерi болып табылады.

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растауды: 

1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында; 

2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында; 

3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi. 

5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады. 



6. Шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдiк және халықаралық ұйымдар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметінің басталғандығы туралы уәкiлеттi органға хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруға құқылы.
180-бап. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

1. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды басқару техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі – өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ құқықтық актілердің, стандарттардың және нормативтік техникалық құжаттардың жиынтығы.

Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі сәйкестікті растау саласында бірыңғай саясат жүргізуді қамтамасыз етеді және сәйкестікті растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттауды, жүйе тізілімін жүргізуді растаудың негізгі қағидалары мен рәсімдерін және сәйкестікті растау мақсаттарын іске асыру үшін қажетті өзге де талаптарды белгілейді.

3. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізілімі –сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің техникалық регламенттерін және нормативтік техникалық құжаттарын, стандарттарын, жіктеуіштерін, сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шет ел тауарының мәртебесін және ұйымдар стандарттары мен консорциум стандарттарын қоспағанда, сәйкестікті растау саласындағы берілген құжаттарды айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды есепке алатын құжат.
181-бап. Сәйкестiктi мiндеттi растау

1. Сәйкестікті міндетті растау – өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiм техникалық регламенттерде айқындалады. 

2. Сәйкестікті растау нысаны –нәтижелері өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелдері ретінде қарастырылатын іс-әрекеттер жиынтығы.

2. Сәйкестiктi мiндеттi растау: 

1) дайындаушы (орындаушы) кәсiпорынның сәйкестiк туралы декларация қабылдауы;

2) мiндеттi сертификаттау жүргiзу нысанында жүзеге асырылады.

Сәйкестік декларациясы – дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарған өнімнің қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын ұүжат.

Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын рәсім.

3. Өнiмнiң сәйкестiгiн мiндеттi растау техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі және сәйкестiктi растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

Сәйкестікті растау схемасы – объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін, бұл жұмыстың (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттамаға талдау және басқалар) жүргізілуінің нақты кезеңдерін сипаттау арқылы айқындау тәсілі.

4. Сәйкестiктi растау схемаларында сәйкестiктi белгiлеу тәсiлдерi (сынау, өндiрiстi бағалау, сапа менеджментi жүйесiн бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, инспекциялық бақылау) болады және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және (немесе) өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) оларды мiндеттi сертификаттау жүргiзген немесе сәйкестiк туралы декларация қабылдаған кезде қолданады. 

Инспекциялық бақылау – сертификатталған өнімнің, процестің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген орган жүзеге асыратын тексеру.

Өнiмнiң сәйкестігін мiндеттi растау кезiнде техникалық сарапшылар тартылуы мүмкiн.

Техникалық сарапшы – сәйкестігі растауға салынған объектіге қатысты арнайы білімге немесе тәжірибеге ие жеке тұлға.

5. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшiн және оны нысаналы пайдаланбау үшiн әкелiнген, сондай-ақ iзгiлiк көмек желiсi бойынша жеткiзiлетiн өнiм сәйкестiктi мiндеттi растау объектiлерiне жатпайды. 


182-бап. Өнiмдi дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi растау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Дайындаушы (орындаушы) – өнімді кейін иеліктен шығару немесе өндірістік мақсатта өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтемін төлейтін және (немесе) өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға.

1. Өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар) мен сатушылар: 

1) осы өнiм үшiн техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiктi растау нысаны мен схемасын таңдауға; 

2) аккредиттеу саласы өтiнiм берiлген өнiмге қолданылатын сәйкестiктi растау жөнiндегi кез келген органға жүгiнуге; 

3) егер сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгі мiндетті растаудан өткен өнiмге сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң сәйкестiк белгiсiн қолдануға; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар мен аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттерiне техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi органға шағым жасауға; 

5) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы. 

2. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға тиiс өнiмдi дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар: 

1) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;

2) өнiмнiң сәйкестiгi расталуын жүргiзудi қамтамасыз етуге; 

3) егер сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестiгi расталудан өткен өнiмге, инспекциялық бақылау жүргiзуге арналған жағдайларды қамтамасыз етуге; 

4) өнiмдi сәйкестiгi расталғаннан кейiн ғана өткiзуге; 

5) мемлекеттiк бақылау жүргiзiлген кезде мүдделi тараптарға қажеттi ақпаратты, өнiмнiң сәйкестiк сертификаттарын (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерiн), сәйкестiк туралы декларацияларды (сәйкестiк туралы декларациялардың көшiрмелерiн) табыс етуге; 

6) iлеспе құжаттамада сәйкестiк сертификаты немесе сәйкестiк туралы декларация жөнiндегi мәлiметтердi көрсетуге; 

7) егер сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталса, не сәйкестiк сертификатының немесе сәйкестiк туралы декларацияның қолданысы тоқтатыла тұрса, күшi жойылса немесе тоқтатылса, өнiмдi өткiзудi тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

8) сәйкестiктi растау жөнiндегi органды техникалық құжаттамаға немесе сертификатталған өнiм өндiрiсiнiң технологиялық процестерiне енгiзiлетiн өзгерiстер туралы хабардар етуге; 

9) сәйкестiктi растау нәтижелерi бойынша техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмнiң өндiрiлуiн тоқтата тұруға мiндеттi.


183-бап. Сәйкестiк сертификаты

1. Сәйкестік сертификаты – өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сйкестік туралы декларация сәйкестікті растау саласындағы құжат болып табылады.

2. Сәйкестiк сертификатын өтiнiм берушiге сәйкестiктi растаудың таңдалған схемасына сәйкес барлық рәсiмдердi орындаудың оң нәтижелерi болған жағдайда өнiмге сәйкестiктi растау жөнiндегi орган бередi. 

3. Сәйкестiк сертификатында: 

1) өтiнiм берушiнiң, өнiмдi дайындаушының (орындаушының), сәйкестiк сертификатын берген органның атауы және орналасқан жерi; 

2) сертификатталған өнiмнiң идентификациялауға мүмкiндiк беретiн атауы; 

3) оның талаптарына сәйкестiгіне сертификаттау жүргiзiлген техникалық регламенттiң атауы; 

4) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер туралы ақпарат; 

5) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiне дәлел ретiнде өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау жөнiндегi органға табыс еткен құжаттары туралы ақпарат; 

6) сертификаттың қолданылу мерзiмi көрсетiлуге тиiс. 

4. Сәйкестiк сертификаты бланкiде ресiмделедi, оның нысаны мен толтырылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

Сәйкестiк сертификаты оны берген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс. 

5. Сериялы шығарылатын өнiмге сәйкестiк сертификаты сәйкестiктi растау схемасында белгiленген мерзiмге берiледi. 

Сәйкестiк сертификатының күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
184-бап. Сәйкестiк белгiсi

1. Сәйкестік белгісі –өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттарда және өзге құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткендігі туралы сатып алушыларды хабардар ету қызметін атқаратын белгі.

2. Сәйкестiк белгiсi сәйкестiктi растау рәсiмiнен өткен өнiмдi таңбалауға арналады.

3. Сәйкестiк белгiсiнiң бейнесiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

4. Сәйкестiк сертификатын алған дайындаушы (орындаушы), сатушы сәйкестiк белгiсiн сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген өзi үшiн қолайлы кез келген тәсiлмен қолдануға құқылы.

5. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын және техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгі растаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiн қоюға жол берiлмейдi.

6. Сәйкестік белгісімен таңбаланған өнімге сәйкестік сертификатының көшірмелері ілестіріліп берілмеуі мүмкін.
185-бап.Сәйкестiк туралы декларация

1. Егер техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi. 

2. Сәйкестiк туралы декларацияда: 

1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi; 

2) сәйкестiктi растау объектiсiн идентификациялауға мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат

3) талаптарына өнiмніңсәйкестiгi расталатын техникалық регламенттiң атауы; 

4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi; 

5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер; 

6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi; 

7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.

Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 

3. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады. 

4. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге жатады. 

Аккредиттеу саласы деп, аккредитация қолданылатын сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері түсініледі.

5. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар. 

6. Сәйкестiктi декларациялау: 

1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау; 

2) сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. 

Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламентте айқындалады. 

Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады. 

Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша сынақ зертханасында (орталықта) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы. 

Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн. 

7. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар - өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда сақталады. 
186-бап. Сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң нарықтағы айналыс шарттары

1. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнiмнiң белгiленген тәртiппен расталған, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгі оның нарықтағы айналысының қажеттi шарты болып табылады. 

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеген өнiмдi әкелуге және өткiзуге тыйым салынады. 

Мiндеттi сертификатталуға жататын және Қазақстан Республикасында одан өтпеген өнiмдi жарнамалауға жол берiлмейдi. 

3. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда сәйкестiктi растау жөнiндегi мiндеттеме көзделуге тиiс.

4. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын және саудаға арналған импортталатын өнiмдi жеткiзуге жасалған шарттарда өнiмнiң, елдiң және дайындаушы кәсiпорынның (орындаушының) атауын, сақталу (жарамдылық, пайдалану) мерзiмiн, сақтау шарттарын, қолдану тәсiлiн қамтитын мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi ақпараттың (егер аталған ақпараттың болуы техникалық регламенттерде регламенттелсе) өнiммен ілестіріле жүргізілуi көзделуге тиiс. 


187-бап. Шет мемлекеттердiң сәйкестiктi растау нәтижелерiн тану

1. Шет мемлекеттердiң сәйкестiк сертификаттары, өнiмдi сынау хаттамалары, сәйкестiк белгiлерi халықаралық шарттарға немесе аккредиттеу жөніндегі халықаралық немесе өңірлік мемлекеттік емес, үкіметтік емес ұйымдармен жасалған шарттарға сәйкес танылады.

2. Шетелдiк сәйкестiк сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестiк белгiлерiн және сәйкестiктi растау саласындағы өзге де құжаттарды тану тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге арналған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.


188-бап. Өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң, процестердiң сәйкестiгін ерiктi растау

1. Сәйкестікті ерікті растау –дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша өнімнің, көрсетілетін қызметтің стандартқа, өзге құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігіне өткізілетін сәйкестікті растауды жүзеге асыру рәсімі.

1. Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар қолданылмайтын өнiмнiң, процестердiң сәйкестiгiн ерiктi растау өтiнiм берушiнiң бастамасы және талаптары бойынша жүргiзiледi. 

Сәйкестiктi ерiктi растау, егер бұл техникалық регламентте белгiленсе, өнiмнiң сәйкестiгін мiндеттi растауды алмастыра алмайды. 

2. Сәйкестiктi ерiктi растауды сәйкестiктi растау жөнiндегi орган шарт негiзiнде жүргiзедi. 
189-бап.Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы

1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):

1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін; 

2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;

3) осы Кодекстің 265-бабында көзделген мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады. 


5-параграф. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу
190-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу

1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастар, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы олармен байланысты өзге де қатынастар осы Кодексте реттеледі.

2. Сәйкестікті бағалау - сәйкестікті растау, сынақтар, зерттеулер, өлшемдер, салыстырып тексеру, калибрлеу және аттестаттау жүргізу арқылы өнімге, процеске, көрсетілетін қызметке, менеджмент жүйесіне, персоналға, өлшем құралына, сынақ жабдығына, өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардың орындалуының дәлелі.

Сәйкестікті бағалау объектілері – зерттеулерге, сынақтарға, измерениям, тексеруге, калибрлеуге, аттаестаттауға сәйкестікті растауға жататын өнімдер, процестер, көрсетілетін қазметтер, менеджмент жүйелері, персонал, өлшеу құралдары, сынау жабдықтары,  өлшемдерді орындау әдістемелері.

3. Аккредиттеу:

1) еріктілікке;

2) аккредиттеу рәсімдері, өлшемшарттары туралы ақпаратқа қолжетімділікке;

3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу қызметінің ашықтығына;

4) кемсітушілікке жол бермеуге;

5) құзыреттілікке;

6) аккредиттеу жүйесінің бірлігіне және тұтастығына;

7) тәуелсіздікке;

8) аккредиттеу жөніндегі қызметті сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметпен қосарластыруға жол бермеушілікке;

9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың стандарттарды пайдалану басымдығына негізделеді.



4. Аккредиттеу жөніндегі органның Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру осы Кодекске 16 тарауға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Аккредиттеу субъектілерінің Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау осы Кодекске 16 тарауға сәйкес жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

6. Аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне аккредиттеу жөніндегі органды мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен өтініш жасауға құқылы.
191-бап. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары

1. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары: 

1) өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау; 

2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 

3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру; 

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 

5) отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықаралық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдай жасау болып табылады. 
192-бап. Аккредиттеу жүйесі

1. Аккредиттеу жүйесі – өз құзыреті шегінде сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясында жұмысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңда тұлғалардың жиынтығы.

2. Аккредиттеу жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган;

3) аккредиттеу жөніндегі орган;

4) аккредиттеу субъектілері;

5) сәкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық сарапшылар, техникалық сарапшылар кіреді.


193-бап. Аккредиттеу субъектілері

1. Аккредиттеу субъектіосы Кодексте белгіленген тәртіппен аккредиттеуден өткен заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан іс-қимыл жасайтын оның құрылымдық бөлімшесі.

1. Аккредиттеу субъектілеріне: 

сәйкестікті растау жөніндегі органдар

сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары); 

өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады.

2. Аккредиттеу субъектілерінің сәйкестікті бағалау нәтижелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, олардың филиалдары мен өкілдіктері олардың қызмет нәтижелерін тану үшін осы Заңға сәйкес аккредиттеуге жатады.

4. Аккредиттеу субъектілері: 

1) аккредиттеу белгісін пайдалануға; 

2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу саласын кеңейту немесе қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қайтару және аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге; 

3) аккредиттеу жөніндегі органға оның қызметкерлерінің іс-қимылына шағымдануға; 

4) аккредиттеу мәселелері бойынша даулар туындаған кезде сотқа жүгінуге құқылы. 

5. Аккредиттеу субъектілері: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын және оларға өздерінің сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға; 

2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға; 

3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға; 

4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің тоқтатылғаны немесе алдағы уақытта таратылатыны туралы аккредиттеу жөніндегі органға хабарлауға; 

5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға; 

6) инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын адамдардың үй-жайға, жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге және оларға өзге де қажетті көмек көрсетуге; 

7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға; 

8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған жағдайда аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылғаны туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатын қайтаруға;

9) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған, ол жойылған, тоқтатыла тұрған не одан айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға;

10) аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынған жағдайда, уақытша жарамсыз деп танылған аккредиттеу аттестатына немесе аккредиттеу саласына сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет