№
р/р
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы ПремьеөМинистрінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 82-ө өкімін іске асыру мақсатында ЭБЖМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жобасын әзірледі.
Өз кезегінде, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің жобасы 2013 жылы 18 қыркүйекте № 983 тиісті Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.
Бұдан басқа, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген қызметтерді стандарттау және регламенттеу тапсырылды.
|
3.
|
Жобаны қабылдаған жағдайда жобаланған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптар
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
|
4.
|
Жобаны жүзеге асыруға байланысты жобаланған қаржылық шығындар
|
Қаулы жобасын жүзеге асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді.
|
5.
|
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері және жобаны қабылдаудың жобаланған тиімділігі
|
Жобаның мақсаты халыққа қызмет көрсетулердің қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мерзімдері – жүзеге асыру басталғаннан бастап бір жыл ішінде.
|
6.
|
Жобада қарастырылатын мәселелер, және оларды жүзеге асырудың нәтижелері бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері туралы мәліметтері
|
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылєы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы
|
7.
|
Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттігі
|
Қажеті жоқ
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда жүргізу қажет болған жағдайда қосымша сараптаманың(құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) нәтижелері
|
Талап етілмейді
|
9.
|
Өзге мәліметтер
|
Жоқ
|
10.
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелерді) беру
|
Рұқсат етіледі
|