ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 35 БАСПАСӨЗ Р Е Л И З І
2012 жылғы 5 қыркүйек
Қаржы нарығындағы ахуал туралы
-
Инфляция
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2012 жылғы тамызда 0,3% (2011 жылғы тамызда – 0,3%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% (төмендеуі 0,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,3% (өсуі 0,5%) және ақылы қызмет көрсету 0,4% (өсуі 0,5%) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында 2012 жылғы тамызда көп дәрежеде нан өнімдері және жарма бұйымдары – 1,1%, оның ішінде ұн – 5,6% қымбаттады. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы 0,3%-ға, ет өнімдері – 0,2%-ға көтерілді. Жұмыртқаның бағасы – 1,5%, жемістер мен көкөністер – 0,5%, сүт өнімдері – 0,1%-ға төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында газеттердің, кітаптар мен кеңсе тауарларының бағасы 1,4%, киім және аяқ киім – 0,3% өсті. 2012 жылғы тамызда бензиннің бағасы 0,1%, дизель отыны – 0,3%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй-коммуналдық саласындағы қызметке ақы төлеу 0,5%, оның ішінде кәріз – 1,6%, орталық жылыту – 1,0%, ыстық және суық сумен жабдықтау – 0,7% өсті. 2012 жылғы тамызда амбулаторлық қызмет көрсету бағасы және тарифтері – 0,6%, көлік қызметі – 0,3%, білім беру мекемелерінің қызметі – 0,3%, оның ішінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру – 1,0% көтерілді.
2012 жылғы қаңтар-тамызда инфляция 3,2% (2011 жылғы қаңтар-тамызда – 5,9%) болды. Азық-түлік тауарлары 2,8% (8,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,0% (3,6%), ақылы қызмет көрсету – 5,2% (5,4%) қымбаттады (1-график).
1-график
2011 және 2012 жж. қаңтар-тамыздағы инфляция және оның құрамдас бөліктері
2012 жылғы тамызда инфляция жылдық көрсетуде 4,7% (2011 жылғы желтоқсанда – 7,4%) болды. Азық-түлік тауарлары 3,8% (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 3,6% (5,3%), ақылы қызмет көрсету – 7,1% (7,3%) қымбаттады.
-
Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (алдын ала деректер)
2012 жылғы тамызда алдын ала деректер бойынша Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2,0%-ға 29,6 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғайды (жыл басынан бастап – 0,8%-ға өсу). Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 2,0% өсті және 29,0 млрд. АҚШ долл. болды (жыл басынан бастап – 0,9%-ға өсу). Таза валюта қорлары (ЕАВ) 2012 жылғы тамызда 389,2 млн. АҚШ долл. өсті. Алтындағы активтер 2012 жылғы тамызда жүргізілген операциялар және алтынның әлемдік нарықтардағы бағасының өсуі нәтижесінде 190,5 млн. АҚШ долл. өсті.
2012 жылғы тамызда елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 54,3 млрд. АҚШ долл.), 1,9%-ға 83,8 млрд. АҚШ долл. дейін ұлғайды (жыл басынан бастап – 14,8%-ға өсу).
2012 жылғы тамызда ақша базасы 4,8%-ға тарылды және 2809,0 млрд. теңге (жылдың басынан бастап – тарылуы 1,0%) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3,5%-ға 2700,8 млрд. теңгеге дейін тарылды.
2012 жылғы шілдеде ақша массасы 1,7%-ға 10582,9 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бастап – 8,5%-ға өсу). Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 0,7%-ға 1398,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан бастап – 2,4%-ға өсу), банк жүйесіндегі депозиттер 1,9%-ға 9184,1 млрд. теңгеге дейін өсті (жыл басынан бастап – 9,5%-ға өсу). Депозиттердің ақша массасы құрылымындағы үлесі 2012 жылғы маусымдағы 86,6%-дан 2012 жылғы шілдедегі 86,8%-ға дейін ұлғайды.
Ақша мультипликаторы ақша массасының ақша базасының тарылуы аясында ұлғаюы салдарынан 2012 жылғы маусымдағы 3,01-дан 2012 жылғы шілденің қорытындылары бойынша 3,59-ға дейін өсті.
-
Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің 2011-2012 жылдар аралығындағы динамикасы (алдын ала деректер)
2012 жылы қаражатты Ұлттық қорға ауыстыру жалпы халықаралық резервтердің аздап өсу қарқынының негізгі себебі болды.
Әлемдік нарықтарда энергия ресурстарына бағаның жоғары болуы кезеңінде Ұлттық қорға түсетін қаражат көлемі ұлғаяды. Бұл ретте Ұлттық қорға ұлттық валютада келіп түсетін қаражаттың бір бөлігі Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің есебінен айырбасталады. Тиісінше, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің өсімі мұндай кезеңде шамалы болады.
Мысалы, 2011 жылы Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің өсімі 1,1 млрд. АҚШ долл., ал 2012 жылғы қаңтар-тамызда 233 млн. АҚШ долл. болды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері тиісінше 12,6 млрд. АҚШ долл. және 10,6 млрд. АҚШ долл. ұлғайды. Бұл ретте, 2011 жылы Ұлттық қорға шамамен 1,8 трлн. теңге, 2012 жылғы қаңтар-тамызда 1,3 трлн. теңге сомасына теңгемен түскен түсімдер келіп қосылды. Ұлттық қордың валюталық активтерін толықтыру үшін Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерінің есебінен теңгемен түскен түсімдердің негізгі бөлігін (мемлекеттік бюджетке кепілдік берілген трансфертті шегергенде) айырбастау жүргізілді.
Ішкі валюта нарығындағы операциялар нәтижесінде 2012 жылғы қаңтар-тамызда Ұлттық Банк 233 млн. АҚШ долл. мөлшерінде жалпы халықаралық резервтерді толықтырды, айырбастау жолымен Ұлттық қордың активтерін толықтыруға 2224,8 млн. АҚШ долл. жұмсалды.
Осылайша, валюта нарығындағы шынайы ахуалды көрсететін ең орынды көрсеткіш Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтерін және Ұлттық қордың активтерін қамтитын жиынтық көрсеткіш, яғни 2012 жылғы қаңтар-тамызда 14,9% ұлғайған және 2012 жылғы тамыз айының аяғындағы жағдай бойынша 83,8 млрд. АҚШ долл. құраған елдің халықаралық резервтері болып табылады.
-
Валюта нарығы
2012 жылғы тамызда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 148,86–150,22 теңге ауқымында өзгерді. 2012 жылғы тамызда теңге 0,3% нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 149,57 теңгені құрады.
2012 жылғы тамызда Қазақстан Қор Биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді ескергенде 2012 жылғы шілдемен салыстырғанда 25,7% өсті және 6,2 млрд. АҚШ долл. болды. Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 13,6% өсіп, 2,0 млрд. АҚШ долл. болды.
Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 22,4% ұлғайды және 8,2 млрд. АҚШ долл. құрады. 2012 жылғы тамызда Ұлттық Банк ішкі валюта нарығында негізінен шетел валютасын нетто-сатып алушы болды.
4. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
2012 жылғы тамызда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастыру бойынша 10 аукцион өткізілді. Онда 12 айлық МЕККАМ (3,9 млрд. теңге және 2,7 млрд. теңге), 4 жылдық МЕОКАМ (5,8 млрд. теңге және 4,0 млрд. теңге), 6-жылдық МЕУКАМ (2,8 млрд. теңге және 5,0 млрд. теңге), 9, 11, 15-жылдық МЕУКАМ (2,1 млрд. теңге, 2,5 млрд. теңге және 5,3 млрд. тенге), 14-жылдық МЕУЖКАМ (30 млрд. теңге) орналастырылды.
Орналастырылған бағалы қағаздар бойынша тиімді кірістілік 12-айлық МЕККАМ бойынша – 2,02% және 2,02%, 4-жылдық МЕОКАМ – 3,87% және 4,04%, 6-жылдық МЕУКАМ – 4,48% және 4,50%, 9, 11, 15-жылдық МЕУКАМ бойынша– тиісінше 5,00%, 5,00% және 5,30%, 14-жылдық МЕУЖКАМ бойынша инфляция деңгейінен 0,01% болды.
Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі өткен аймен салыстырғанда 1,5%-ға ұлғайып, 2012 жылғы тамыздың аяғында 2457,2 млрд. теңге болды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. Ұлттық Банктің ноттары эмиссиясының көлемі 2012 жылғы шілдемен салыстырғанда 2012 жылғы тамызда 55,5% қысқарып, 53,0 млрд. теңгені құрады.
Бұл ретте 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (40,3 млрд. теңге) және 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион (12,7 млрд. теңге) өтті.
Орналастырылған ноттар бойынша тиімді кірістілік 3 айлықтар бойынша – 1,05%, 6 айлықтар бойынша – 1,50% болды.
Айналыстағы ноттар көлемі 2012 жылғы шілдемен салыстырғанда 2012 жылғы тамыздың аяғында 3,1% қысқарып, 448,4 млрд. теңге құрады.
5. Банкаралық ақша нарығы
2012 жылғы шілдеде орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 49,5% ұлғайып, баламасы 1966,4 млрд. теңге болды.
Орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттердің көлемі 5,6% ұлғайып, 290,2 млрд. теңге (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 14,8%) болды. Бұл ретте орналастырылған теңгедегі банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы шілдеде 0,67%-дан 0,68%-ға дейін өсті.
Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2012 жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда 280,4 млрд. теңгеге дейін 8,1%-ға ұлғайды.
2012 жылғы шілдеде 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда орналастырылған доллардағы депозиттердің көлемі 69,6% ұлғайды және 10,5 млрд. АҚШ долл. (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 79,7%) құрады. Орналастырылған доллардағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2012 жылғы шілдеде 0,14%-дан 0,15%-ға дейін өсті.
Еурода орналастырылған депозиттердің көлемі 2012 жылғы шілдеде 0,3 млрд. еуроны (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 2,6%) құрап, 4,1%-ға төмендеді. Орналастырылған еуродағы депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 0,22%-дан 0,26%-ға дейін өсті.
Ресей рублінде орналастырылған депозиттердің көлемі 15,4% азайып, 12,7 млрд. рубльді (орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 3,0%) құрады. Орналастырылған рубльдегі депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 5,07%-ден 5,08%-ге дейін өзгерді.
Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2012 жылғы шілдеде орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 79,1%-нан 85,2%-на дейін ұлғайды. Орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен шетел валютасында резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі 77,9%-дан 85,1%-ға дейін өсті.
-
Депозит нарығы
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің жалпы көлемі 2012 жылғы шілдеде 1,9%-ға 9184,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (жыл басынан ұлғаю 9,5%). Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 2,0%-ға 6126,5 млрд. теңгеге дейін өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға 3057,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
2012 жылғы шілдеде шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,8%-ға 2940,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ұлттық валютада – 1,0%-ға 6243,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 2012 жылғы шілдеде 68,6%-дан 68,0%-ға дейін төмендеді.
Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді қоса есептегенде) 2012 жылғы шілдеде 1,5%-ға 3090,0 млрд. теңгеге дейін өсті. Халықтың салымдары құрылымында теңгедегі депозиттер 0,7%-ға 1785,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы депозиттер 2,6%-ға 1304,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2012 жылғы маусымдағы 58,2%-бен салыстырғанда 57,8%-ға дейін төмендеді.
2012 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2,0% (2012 жылғы маусымда – 2,3%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,0% (8,3%) болды.
-
Кредит нарығы
2012 жылғы шілдеде банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі 9289,3 млрд. теңгені құрап, 0,4%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап өсу 5,4%).
2012 жылғы шілдеде ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 6292,1 млрд. теңгеге дейін 1,0% өсті, шетел валютасында - 2997,2 млрд. теңгені құрап, 0,8%-ға төмендеді. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 2012 жылғы шілдеде 67,3%-дан 67,7%-ға дейін өсті.
2012 жылғы шілдеде ұзақ мерзімді кредиттеу 7573,8 млрд. теңгеге дейін 1,3% өсті, қысқа мерзімді кредиттеу 1715,5 млрд. теңгеге дейін 3,5%-ға төмендеді. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 2012 жылғы шілдеде 80,8%-дан 81,5%-ға дейін өсті.
2012 жылғы шілдеде заңды тұлғаларға кредиттер 6704,3 млрд. теңгені құрап, 0,3%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға – 2585,0 млрд. теңгеге дейін 2,3%-ға ұлғайды. Жеке тұлғаларға берілген кредиттердің үлес салмағы 2012 жылғы маусыммен салыстырғанда 2012 жылғы шілдеде 27,3%-дан 27,8%-ға дейін өсті.
2012 жылғы шілдеде шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 1365,8 млрд. теңгеге дейін 0,5% ұлғайды, бұл экономикаға берілген кредиттердің жалпы көлемінің 14,7% құрайды.
Банктердің экономикаға берілген кредиттерінің неғұрлым айтарлықтай сомасы салалық бөлуде сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 19,8%), құрылыс (14,9%), өнеркәсіп (12,1%), көлік (3,9%) және ауыл шаруашылығы (3,1%) сияқты салаларға тиесілі.
2012 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 11,1% (2012 жылғы маусымда – 11,2%), жеке тұлғаларға – 20,8% (20,9%) құрады.
8. Ұлттық Банкте жұмыс істеу үшін жас мамандар мен ЖОО түлектерін іздеу жөніндегі Ұлттық Банк жүргізген «Өзіңді көрсет – Қазақстан Ұлттық Банкінде мансабыңды баста!» акциясының қорытындылары туралы ақпарат
Ұлттық Банкте жұмыс істеу үшін жас мамандар мен ЖОО түлектерін іздеу жөнінде жарияланған Ұлттық Банк төрағасымен www.forum.profinance.kz форумында 2012 жылғы 25 шілдеде өткен онлайн-конференция шеңберіндегі акция нәтижелері бойынша Ұлттық Банкте жұмыс істеуге үміткерлерден Ұлттық Банкке 595 резюме келіп түсті.
Жарияланған негізгі критерийлер (тиісті білімінің болуы, шет тілдерін білуі) бойынша резюмелерді бастапқы іріктеуден кейін Ұлттық Банктің бөлімшелерінде әңгімелесу жүргізу үшін 274 үміткер таңдап алынды.
Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі әңгімелесуден кейін Төрағаның, Төраға орынбасарларының, Ұлттық Банк бөлімшелері басшыларының қатысуымен өтетін әңгімелесулер үшін 68 үміткер іріктеп алынды.
Жүргізілген барлық рәсімдердің нәтижелері бойынша 41 үміткер бойынша оң шешім қабылданды. Жақын уақытта 30 адам Ұлттық Банкке жұмысқа орналастырылатын болады, 11 адам резервке алынды.
Ұлттық Банкте жұмысқа орналастыру үшін іріктеп алынған 30 адамның ішінде:
-
шетелдік білімі бар – 19 адам (63,3 %), олардың ішінде:
Ұлыбританияда оқығандары – 13 адам;
АҚШ-та оқығандары – 2 адам;
басқа елдерде (Италия, Испания, Австралия, Қытай) оқығандары - 4 адам;
-
жұмыс тәжірибесі бар – 11 адам (36,7 %).
Достарыңызбен бөлісу: |