Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №38 баспас ө з релиз І 2 0 1 1 ж ы л ғ ы 10 қараша



Дата19.07.2016
өлшемі93 Kb.
#208954
түріСеминар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

38 б а с п а с ө з Р Е Л И З і



2 0 1 1 ж ы л ғ ы 10 қараша
Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай шағын комитетінің қызметі шеңберінде

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерімен

семинарлар өткізу туралы

2011 жылғы 1 қарашада Алматы қаласында Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай шағын комитетінің қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының ұлттық валюталарында есеп айырысулар жүргізу туралы» және «Бухгалтерлік есеп және қаржы құралдарына салық салу саласында Қытайдың тәжірибесін зерделеу туралы» деген тақырыптарға семинарлар өткізілді.

Қазақстан тарапынан отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-ның, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның, «БТА Банк» АҚ-ның, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның, «Еуразия Банкі» АҚ-ның, «Жинақ банкі» АҚ ЕБ-ның, «Альянс банк» АҚ-ның, «Нұрбанк» АҚ-ның, «Темірбанк» АҚ-ның, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ-ның, «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ-ның, «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ-ның, «Қытайдың Алматы қаласындағы сауда-өнеркәсіп банкі» АҚ-ның өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының және Қытай Халық Республикасының ұлттық валюталарында есеп айырысулар жүргізу мәселелері бойынша семинарды Монетарлық саясат комитетінің Төлемдер және есеп айырысулар департаментінің, Қытай Халық Банкінің шетел валютасы бойынша мемлекеттік әкімшілігінің басшылары, сондай-ақ Қытай Сауда-өнеркәсіп банкінің Халықаралық банкинг департаментінің, Қытай банкінің Халықаралық есеп айырысулар департаментінің өкілдері өткізді.

Семинар барысында Қытай Халық Банкінің өкілдері трансшекаралық операцияларды жүргізген кезде юаньда есеп айырысуларды жүргізу саясаты, Қытай Халық Республикасының валюталық реттеу жөніндегі саясаты, Қытай Халық Республикасының ішкі төлемдер жүргізу жөніндегі саясаты мәселелеріне баса көңіл аударды. Қытай Банкі және Қытай Сауда-өнеркәсіп банкі «Юаньда трансшекаралық есеп айырысулар» және «Ынтымақтастықты тереңдету, өзара тиімді даму және юаньдағы трансшекаралық операцияларды ынталандыру» тақырыптары бойынша презентациялар ұсынды.

Сонымен бірге семинарда Қытай Халық Республикасының шетел және ұлттық валютасында валюталық операцияларды реттеу мәселелері қарастырылды және Қытайдың ұлттық валютасында есеп айырысулар жүргізу және төлемдер аудару жөніндегі рәсімдердің сипаттамалары ұсынылды. Сондай-ақ семинарға қатысушылар юань/теңге өзара есеп айырысуды дамыту мәселелерін және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы клиринг операцияларын жүргізу перспективалары мәселелерін талқылады.


«Бухгалтерлік есеп және қаржы құралдарына салық салу саласында Қытайдың тәжірибесін зерделеу туралы» тақырыбына семинарды Қытай Халық Банкінің Бухгалтерлік есеп және қазынашылық департаменті, Қытай Сауда-өнеркәсіп банкінің Бухгалтерлік есеп және қазынашылық департаменті, Қытай Банкінің Бухгалтерлік есеп және қазынашылық департаменті, Қытай Құрылыс Банкінің Бухгалтерлік есеп және қазынашылық департаменті өткізді.

Семинарға қатысушылар бухгалтерлік есеп және қаржы құралдарын салық салу саласындағы Қытайдың тәжірибесімен танысты. Атап айтқанда, қытай тарабы Қытай Халық Республикасының қаржы секторындағы бухгалтерлік есептің құқықтық негізі, критерийлері, қадағалауы, қаржы құралдарының әділ құнын айқындау әдістері, қытай қаржы құралдарын есепке алуды жүргізу әдістері, туынды қаржы құралдарына салық салу әдістері туралы ақпаратты ұсынды.

Тұтастай алғанда, семинарлар табысты әрі жоғары мазмұндық деңгейде өтті. Семинарға қатысушылар Қытай Халық Банкінің және Қытай коммерциялық банктерінің өкілдерімен осындай практикалық кездесулерді ұйымдастыруды пайдалы ретінде таныды.

Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың қаржы топтары арасындағы байланысты одан әрі дамыту мақсатында екі елдің орталық банктері өз кезегінде шетел және ұлттық валюталарында есеп айырысулар жүзеге асыру саласында әріптестік қарым-қатынастардың дамуына және банктер арасындағы есеп айырысуларды жүргізу тетіктерін жетілдіруге жәрдемдесетін болады, сондай-ақ бұдан әрі ұлттық валюталарда клиринг жүйесін құру мен жетілдіру мәселелерін талқылайтын болады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет