Қазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2005 жылғы 15 қыркуйек №113 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының



Дата17.07.2016
өлшемі78.5 Kb.
#205720
ҚР Әділет Министрлігімен 18.10.05 г. № 3901 тіркелген

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң

Қ А У Л Ы СЫ

Алматы қаласы 2005 жылғы 15 қыркуйек № 113


Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының

валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде

тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы»

2002 жылғы 13 маусымдағы

229 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері бойынша тексеру ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін жекелеген нормаларды нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 13 маусымдағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1922 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2002 жылғы 27 шілдедегі 162-163-нөмірлерінде және «Егемен Қазақстан» газетінің 2002 жылғы 30 шілдедегі 171-нөмірінде жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 134 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3147 тіркелген) бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының валюта заңдарын сақтау мәселелері жөнінде тексеру ұйымдастыру және жүргізу ережесінде:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Ереже «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

Ереже уәкілетті банктердің, уәкілетті ұйымдардың, басқа заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың (бұдан әрі – өзге тұлғалар) қызметтерінің Қазақстан Республикасының валюта заңнамасы талаптарына сәйкестігін айқындау жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.»;

1-тармақта «Қазақстан Республикасының» деген сөздер және «(бұдан әрі – Ұлттық Банк)» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақта:

1) тармақшасында:

мемлекеттік тілдегі мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкілетті банктерді, уәкілетті ұйымдарды және қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар тұлғаларды (бұдан әрі – бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар) осы Ереженің 2-тарауының талаптарына сәйкес жасалған және бекітілген жарты жылдық тексеру жоспарына сәйкес жүргізілетін жоспарлы тексерулерді;».

2) тармақшада:

жетінші абзацта «Уәкілетті банктерге және өзге тұлғаларға» деген сөздер алынып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Тексеру жоспары әрбір филиал бойынша екінші деңгейдегі банктер бойынша бөлек, «Қазпошта» Акционерлік қоғамы бойынша бөлек, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар кредиттік серіктестіктер бойынша бөлек, уәкілетті ұйымдар бойынша бөлек және бөлшек сауданы жүзеге асыратын тұлғалар бойынша бөлек тоқсанға жасалады;».

6-тармақта:

«жарты жылдығы» деген сөздер «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақта:

«жарты жылда» деген сөздер «тоқсанда» деген сөзбен ауыстырылсын;

«1 маусымнан (ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына» деген сөздер «1 наурыздың, 1 маусымның, 1 қыркүйектің (екінші, үшінші, төртінші тоқсанына» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Бекітілген тексеру жоспарлары байланыстың қорғалған арналары бойынша филиалдарға жіберіледі.»;

10-тармақта:

«жоспарларына» деген сөзден кейін «қажет болған кезде» деген сөздер алынып тасталсын;

«хатпен» деген сөзден кейін «, не байланыстың қорғалған арнасы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

18-тармақта:

3) тармақшада:

«жасалады» деген сөзден кейінгі «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

екінші абзацта мәтін өзгермейді;

«табылады» деген сөзден кейінгі «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) уәкілетті бөлімше Ұлттық Банк Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына құқық бұзушыларға қатысты шараларды қолдану жөніндегі ұсыныстармен бірге уәкілетті бөлімшенің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында анықталған жөнсіздіктер туралы қорытынды дайындайды.»;

21-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Тексеру барысында қолданылып жүрген валюта заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда Ұлттық Банк не оның филиалы уәкілетті банкке, уәкілетті ұйымға анықталған жөнсіздіктерге байланысты заң актілеріне сәйкес оларға және өзге тұлғаларға ықпал етудің шектелген шараларын қолдануға, оның ішінде уәкілетті банктің, уәкілетті ұйымның анықталған кемшіліктерді жою мерзімдерін белгілеуге, сондай-ақ санкция қолдануға құқылы.»;


2. Осы қаулы 2005 жылғы 18 желтоқсаннан бастап қолданысқа енеді.
3.Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):

1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсiн.

Ұлттық Банк

Төрағасы Ә. Сәйденов



Дұрыс:

ҚРҰБ Басқармасының



және Директорлар кеңесінің хатшысы А. Дупленко

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет