ҚР Әділет министрлігінде
2001 жылы 22 қыркүйекте № 1645 тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң
Қ А У Л Ы С Ы
Алматы қаласы 2001 жылғы 6 тамыз № 300
1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені)
ақша айналымынан алу туралы
Тіркеу. № 1226
Қазақстан Республикасының айналымдағы ұлттық валютасының ақша белгілерін ретке келтіру мақсатында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы үлгідегі металл ақша (теңге) (бұдан әрі – 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаның (теңгенің) 1993 жылғы үлгідегі ескерткіш және мерейтойлық металл ақшадан басқасы ақша айналымынан алынсын.
2. 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) ақша айналымынан алудың мынадай тәртібі белгіленсін:
1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктер) қабылдайды және айырбастайды;
2) екінші деңгейдегі банктер осы қаулының 1-тармағында белгіленген күннен бастап 2 (екі) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) қабылдайды және айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) қабылдауға құқығы жоқ;
3) Ұлттық Банктің филиалдары осы тармақтың 2-тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін 5 (бес) жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) қабылдайды және олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.
3. Осы қаулының 2-тармағының 3-тармақшасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі металл ақшаны (теңгені) қабылдау мен айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзілгеннен кейін Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Мартюшев Ю.А.) бірлесіп осы қаулыны республикалық газеттерде (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) жарияласын.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Достарыңызбен бөлісу: |