«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
|
|
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
|
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
|
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
ПРАВЛЕНИЯ
|
2015 жылғы 17 шілде
Алматы қаласы
|
|
№ 140
город Алматы
| Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 01 қыркүйекте № 11985 тіркелген
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Тізбенің 1-қосымшасының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін реттік нөмірі 65, 67 және 95-жолдарын, Тізбенің 3-қосымшасының реттік нөмірі 45, 47 және 67-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының тоқсан үшінші – тоқсан жетінші абзацтары, Тізбенің 2-тармағының елу алтыншы – алпыс бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-қосымшасының реттік нөмірі 86 және 87-жолдары және Тізбенің 3- қосымшасының реттік нөмірі 58 және 59-жолдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
-
Ұлттық Банк
Төрағасы
|
Қ. Келімбетов
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциялық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) сақтауға міндетті пруденциялық нормативтер есебінің нормативтік мәндері мен әдістемесін белгілейді. Нормативтік мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін пруденциялық нормативтердің нормативтiк мәндерi мен есептеу әдістемесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабына сәйкес белгіленеді.»;
8 және 8-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін мерзімсіз қаржы құралдары мынадай талаптарға сәйкес қосымша капиталға енгізіледі:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – мерзімсіз қаржы құралдары сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – мерзімсіз қаржы құралдары сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – мерзімсіз қаржы құралдары сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мерзімсіз қаржы құралдары сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мерзімсіз қаржы құралдары сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мерзімсіз қаржы құралдарының сомасы үстеме капиталдың есебінен алып тасталады.
Меншiктi капиталдың есебiне мерзімсіз қаржы құралдарының банктiң нақты алынған ақшасы мөлшерiндегі төленген сомасы қосылады.
8-1. Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін банктің төленген артықшылықты акциялары мынадай талаптарға сәйкес қосымша капиталға енгізіледі:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – төленген артықшылықты акциялар сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – төленген артықшылықты акциялар сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – төленген артықшылықты акциялар сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – төленген артықшылықты акциялар сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – төленген артықшылықты акциялар сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген артықшылықты акциялардың сомасы қосымша капитал есебінен алып тасталады.
Меншiктi капиталдың есебiне төленген артықшылықты акциялардың банктiң нақты алынған ақшасы мөлшерiндегi сомасы қосылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Екiншi деңгейдегi капитал:
банктің сатып алынған меншікті реттелген борышы шегерілген реттелген борыштың;
Нұсқаулықтың 4-1-тармағында көрсетілген инвестициялар шегерілген сомасы ретінде есептеледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдауға жататын банк үшін реттелген борыш екінші деңгейдегі капиталға сот шешімімен айқындалған қайта құрылымдау жүргізу мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жыл ішінде банктің сатып алынған меншікті реттелген борышы шегеріле отырып, бірiншi деңгейдегi капитал сомасының 75 (жетпіс бес) пайызынан аспайтын сомада енгізіледі.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін реттелген борыш мөлшері мынадай талаптарға сәйкес екiншi деңгейдегi капитал есебіне енгізіледі:
ұлттық валютада:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасындағы реттелген борыш сомасы екiншi деңгейдегi капитал есебінен алып тасталады;
шетел валютасында:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 60 (алпыс) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 40 (қырық) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасындағы реттелген борыш сомасы екiншi деңгейдегi капитал есебінен алып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 5 (бес) жылды құрайтын өтеу мерзімі бар реттелген борыш мөлшерінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша енгізілетін мөлшерде екінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілуі жалғасады және жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызына төмендейді.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай:
1) қарыздар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда);
2) Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;
3) қарыз алушыларға қатысты, банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ секьюритирлендірілген активтер;
4) секьюритилендіру позициялары;
5) аталған қаржы құралдары мен олар бойынша кредиттік тәуекелдің нарықтық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар түріндегі талаптар сомасы ретінде есептеледі.
Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық құнының Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне туындысы ретінде есептеледі.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының нарықтық құны (ауыстыру құны) мынаны білдіреді:
сатып алуға арналған мәмілелер бойынша – қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнының осы қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнынан асу шамасын. Егер қаржы құралының ағымдағы нарықтық құны оның номиналдық келісімшарттық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;
сатуға арналған мәмілелер бойынша – қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құнының осы қаржы құралының ағымдағы нарықтық құнынан асу шамасы. Егер қаржы құралының номиналдық келісімшарттық құны оның ағымдағы нарықтық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Бивалюталық қаржы құралдары (талап пен міндеттеме әртүрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары) бойынша ауыстыру құны талаптардың теңгелік баламасының есептілікті жасау күні белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан асу шамасы ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама шамасы міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.
Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны қаржы құралдарының бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелер жасау күні көрсетілген құны болып табылады. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналдық келісімшарттық құны ретінде банкте талаптар қалыптастырылатын валюта алынады.
Сатылған опциондар бір қарыз алушыға арналған тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;
6) «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;
7) корреспонденттік шоттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент банктеріне және Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне қойылған, Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес кредиттік тәуекел ескеріле отырып сараланған талаптар түріндегі талаптар;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер сомалары, сондай-ақ қарыз алушының:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банктің иелігіне берілген салымдар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;
банк сатып алған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері түрдегі міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомалары шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушыға арналған тәуекел есебіне мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, банктің банк балансынан есептен шығарылған қарыз алушыға қойылатын талаптары, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес резервтердің 100 (бір жүз) пайызы қалыптастырылған қарыз алушыға қойылатын талаптар;
банктің еншілес банкке қоятын талаптары;
банктің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұрын еншілес банк болып табылған, қайта құрылымдауды және бір мезгілде активтер мен міндеттемелерді негізгі банкке беру бойынша операцияны жүзеге асыратын заңды тұлға бойынша қоятын талаптары.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін бір айға дейінгі қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін үш айға дейінгі қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Өтiмдiлігі жоғары активтердің есебіне мыналар кіреді:
1) қолма-қол ақша;
2) орталық депозитарийдің шоттарындағы меншікті ақша;
3) клирингтік ұйымның шоттарындағы кепілдік берілген, банктің маржалық жарналары болып табылатын меншікті ақша;
4) тазартылған бағалы металдар;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;
6) Ұлттық Банктегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердегі талап етуге дейінгі салымдар;
7) Қазақстан Республикасының банктерінде, сондай-ақ Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Рейтингтік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысында (бұдан әрі – № 141 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасындағы тәуелсіз ұзақмерзімді рейтингі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары;
9) «ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе «ВааЗ» төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар шетелдік эмитенттердің облигациялары;
10) Ұлттық Банктегі күнтізбелік 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
11) Standard & Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес ұзақмерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес банктеріне берілген «овернайт» қарыздары.»;
мынадай мазмұндағы 43-2-тармақпен толықтырылсын:
«43-2. Банктің баланстық шоттарында есепке алынған валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне енгізілген жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне кіреді.»;
6-тарау алып тасталсын;
53-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53-6. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және ішкі активтерге тартылған қаражатын ішкі активтердің меншікті капиталдың, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының, банк шетел валютасымен шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың және ішкі міндеттемелердің сомасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.»;
53-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53-8. Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтер (провизиялар) ескеріле отырып есептелген ішкі активтер, банктің ішкі міндеттемелері, реттелген борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және мерзімі өткен берешекті, есептелген сыйақыны, дисконттарды, сыйақыларды, оң (теріс) түзетулерді қоса алғанда банк шығарған борыштық бағалы қағаздар, есепті айдың соңындағы меншікті капитал пайдаланылады.
Банктер қаражатының бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар мөлшерінен аспайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар шегеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың акцияларына инвестициялар шегеріле отырып, баланстық меншікті капитал мәнінің 0,85-ке көбейтілген мөлшерінде пайдаланылады.»;
1-қосымша Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Ислам банктеріне арналған пруденциялық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы
№ 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Ислам банктеріне арналған пруденциялық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ислам банктеріне арналған нормативтік мәндер және пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) ислам банктеріне (бұдан әрi – банктер) арналған пруденциялық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгiлейдi. Нормативтiк мәндер үтірден кейін үш таңбалы санмен көрсетіледі.
Пруденциялық нормативтердің құрамына мыналар кіреді:
банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;
меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;
бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері;
өтімділік коэффициенті;
ашық валюталық позиция лимиттері;
банктің негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;
банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру;
банк қаражатының бөліктерін ішкі активтерге орналастыру коэффициенті.
Банктерге және олардың еншілес ұйымдарына арналған, шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде есептелетін пруденциялық нормативтердің нормативтiк мәндерi мен есептеу әдістемесі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 42-бабына сәйкес белгіленеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер сатып алу уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциялық нормативтерді және басқа да сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін жағдайда ғана сатып алады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Екiншi деңгейдегi капитал:
банктің сатып алынған меншікті реттелген борышы шегерілген реттелген борыштың;
Нұсқаулықтың 4-1-тармағында көрсетілген инвестициялар шегерілген сомасы ретінде есептеледі.
2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасында белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін реттелген борыш мөлшері мынадай талаптарға сәйкес екiншi деңгейдегi капитал есебіне енгізіледі:
ұлттық валютада:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 50 (елу) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – ұлттық валютадағы реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасындағы реттелген борыш сомасы екiншi деңгейдегi капитал есебінен алып тасталады;
шетел валютасында:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызы мөлшерінде;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 60 (алпыс) пайызы мөлшерінде;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 40 (қырық) пайызы мөлшерінде;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – шетел валютасындағы реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шетел валютасындағы реттелген борыш сомасы екiншi деңгейдегi капитал есебінен алып тасталады.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде 5 (бес) жылды құрайтын өтеу мерзімі бар реттелген борыш мөлшерінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша енгізілетін мөлшерде екінші деңгейдегі капитал есебіне енгізілуі жалғасады және жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызына төмендейді.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері (Р) банктің барлық талабының (Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген инвестицияларды қоспағанда), оның ішінде корреспонденттік шоттар бойынша Қазақстан Республикасының резидент банктеріне және Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне қойылған, Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес сараланған, шартты және ықтимал міндеттемелері, Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген талаптардың:
қарыз алушыға қойылатын:
инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтердің сомаларды, сондай-ақ қарыз алушының міндеттемелері бойынша:
осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкіміне ұсынылған салымдар түріндегі қамтамасыз ету сомасы;
Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;
тазартылған қымбат металдар;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері түріндегі талаптар шегеріле отырып есептеледі.
Бір қарыз алушының тәуекел есебіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына қойылатын талаптар, банктің банк балансынан есептен шығарылған қарыз алушысына қойылатын талаптар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 100% (бір жүз) пайыз резервтер қалыптастырылған қарыз алушыға қойылатын талаптар енгізілмейді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті шетел валютасындағы өтiмдiлігі жоғары активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшеріне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін жеті күнге дейінгі қалған мерзімі бар, 100 (бір жүз) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнің осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда бір айға дейінгі қалған мерзімі бар міндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін бір айға дейінгі қалған мерзімі бар 90 (тоқсан) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi өтiмдiлігі жоғары активтердi қоса алғанда, шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң осы шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне қатынасы ретiнде есептеледi.
к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентін есептеу кезінде шетел валютасындағы, өтелгенге дейін қоса алғанда үш айға дейінгі қалған мерзімі бар мерзімді мiндеттемелердің мөлшерiне банктің шетел валютасындағы, өтелгенге дейін үш айға дейінгі қалған мерзімі бар, 80 (сексен) пайызға тең конверсиялау коэффициентіне көбейтілген мерзімді мiндеттемелері кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 41-1-тармақпен толықтырылсын:
«41-1. Банктің баланстық шоттарында есепке алынған валюталық своп операциялары бойынша талаптардың сомасы, егер осы мәмілелер бойынша міндеттемелер банктің баланстық шоттарында есепке алынған және мерзімді өтімділік коэффициенттерінің есебіне енгізілген жағдайда, өтiмдiлігі жоғары активтердiң есебіне кіреді.»;
6-тарау алып тасталсын;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер меншікті және тартылған қаражатын ішкі активтерге есепті айдың ішінде ішкі активтердің меншікті капиталдың, реттелген борыштың, мерзімсіз қаржы құралдарының, банктің шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың және ішкі міндеттемелердің сомасына қатынасы 1-ден кем болмайтындай етіп орналастырады.
Коэффициент үтірден кейін үш таңбамен беріледі.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Банктер қаражатының бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу кезінде халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескере отырып есептелген ішкі активтер, банктің ішкі міндеттемелері, реттелген борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және мерзімі өткен берешекті ескере отырып, банк шығарған борыштық бағалы қағаздар, есептелген сыйақы, дисконттар, сыйақылар, оң (теріс) түзетулер, есепті айдың соңындағы меншікті капитал пайдаланылады.
Банктер қаражатының бөлігін ішкі активтерге орналастыру коэффициентін есептеу мақсаттары үшін меншікті капитал бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар мөлшерінен аспайтын Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың реттелген борышына инвестициялар шегеріле отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес еншілес ұйымдардың акцияларына инвестициялар шегеріле отырып, 0,85-ке көбейтілген баланстық меншікті капиталдың мәні мөлшерінде пайдаланылады.»;
1-қосымша Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша Тізбенің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценті мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,075 (қоса алғанда);
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,08 (қоса алғанда);
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,09 (қоса алғанда);
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,10 (қоса алғанда);
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,12 (қоса алғанда).».
4. «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 5 қыркүйекте № 133 (2334) жарияланған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені № 8, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;
«ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциалдық нормативтер бойынша
есеп айырысудың нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |