Бақылау
2012ж.03.02.
ҚР Әділет министрлігінде
2000 жылы 22 тамызда № 1232 тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ Б А С Қ А Р М А С Ы Н Ы Ң Қ А У Л Ы С Ы
Алматы қаласы 2000 жылғы 20 шілде №301
Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы
(Өзгерістер мен толықтырулар:
1) ҚРҰБ БҚ № 376 2001ж. 29.09. (тіркеу. № 1261)
2) ҚРҰБ БҚ №234 2003ж. 25.07. (тіркеу. №1704)
3) ҚРҰБ БҚ №202 2004ж. 29.12. ( тіркеу. №2015)
4) ҚРҰБ БҚ №69 2006ж. 25.07. ( тіркеу. №2236)
5) ҚРҰБ БҚ № 113 2006ж.27.10. (тіркеу. № 2275)
6) ҚРҰБ БҚ №212 2011ж. 26.12. ( тіркеу. №2899))
Тіркеу. №977
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесi бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін (бұдан әрi - Ереже) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және Ереженiң азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiне қатысты 1-4 тарауларын республикалық газеттерде (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) жарияласын;
3) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң орталық банктерiне жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
ҰЛТТЫҚ БАНК
ТӨРАҒАСЫ Г.МАРЧЕНКО
Бақылау
2012ж.03.02.
ҚР Әділет министрлігінде
2000 жылы 22 тамызда № 1232 тіркелді
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 20 шілдедегі
№ 301 қаулысымен бекітілген
Тіркеу. № 977
Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру
ережесi
(Өзгерістер мен толықтырулар:
1) ҚРҰБ БҚ № 376 2001ж. 29.09. (тіркеу. № 1261)
2) ҚРҰБ БҚ №234 2003ж. 25.07. (тіркеу. №1704)
3) ҚРҰБ БҚ №202 2004ж. 29.12. ( тіркеу. №2015)
4) ҚРҰБ БҚ №69 2006ж. 25.07. ( тіркеу. №2236)
5) ҚРҰБ БҚ № 113 2006ж.27.10. (тіркеу. № 2275)
6) ҚРҰБ БҚ №212 2011ж. 26.12. ( тіркеу. №2899))
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 69 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Осы Ереже ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгізу, айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi дизайнын (нысанын) тиiстi ақша белгiлерiнiң жаңа дизайнына ауыстырған кезде касса операцияларын жүзеге асыру тәртібін реттейдi.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 212 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
1) ақша белгiлерiнiң дизайнын (нысанын) өзгерту - графикалық бейнесiн, мәтiнiн өзгерту және енгізу, қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгізу, көлемiн, нысанын, түсiн, бастапқы материалдарын және басқа да белгiлерiн өзгерту;
2) жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналысқа шығарылатын және бұрынғы дизайнға (нысанға) қарағанда жаңа ерекшеленетiн белгiсi бар ақша белгiлерi;
3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi - ұлттық валютаның айналымнан алуға жатқызылған ескi дизайндағы (нысандағы) ақша белгiлерi;
4) қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi - Ұлттық Банктiң орталық аппаратының бөлiмшесi;
5) Ұлттық Банктiң филиалдары - Ұлттық Банктiң аумақтық филиалдары және Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы).
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 69 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) екінші деңгейдегі банктер - екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
2-тарау. Жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiн айналысқа шығару шарттары
4. Ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгізу туралы шешiм қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлiмшесiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының (бұдан әрi Ұлттық Банк) қаулысымен қабылданады.
5. Ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгізуге негiздемелер болып табылатындар:
1) қолдан жасаудан қорғаудың қосымша құрамдарын енгізу;
2) ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң төлем жасауын қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты басқа да негiздемелер.
6. Ұлттық Банк ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) бiр уақытта бiрнеше номиналға өзгерістер енгізу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының ақша белгiлерiнiң дизайнына (нысанына) өзгерістер енгізу туралы қаулысы қабылданғаннан кейiн қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу бөлiмшесi айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыруға әзiрлiк бойынша iс-шаралар жүргiзедi.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 212 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстырған кезде Ұлттық Банк бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың қаулысын және Ұлттық Банктiң ресми хабарламасын жариялайды, ақша белгiлерiн ауыстыру мерзiмiн және тәртібін қоса отырып, баспасөзде, теледидар мен радиода түсiндiру жұмысын (түсiндiрме) жүргiзедi.
Ұлттық Банктiң айналыстағы ақша белгiлерiнiң ескi үлгiсiн жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiне ауыстыру туралы ресми хабарының мазмұны мынадай болуы қажет:
1) жаңа үлгiдегi ақша айналымын енгізу күнi, оның нақты құны және дизайнының (нысанының) қысқаша сипаттамасы;
2) жаңа үлгiдегi ақша белгiсiн айналысқа енгiзген күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi;
3) ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құжаты болудан қалған күннен бастап жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күн.
Ұлттық Банк Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай мерзімде Ұлттық Банктің филиалдарына, шет елдердің орталық (ұлттық) банктеріне және қаржы полициясы органдарына айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерін ауыстыру талаптары мен мерзімдерін назарда ұстау үшін жібереді, жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сипаттамасы мен үлгілерін жібереді.
3-тарау. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi
9. Ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгiленедi.
10. Айналыста қатар жүру кезеңiнде ескi және жаңа үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ ешбiр шектеусiз банктiк есепшоттарға есептеу үшiн және аудару үшiн қабылдануға мiндеттi заңды төлем құжат болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.25.07. № 69 (бұр.ред. қара); 2006.27.10. № 113 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-тарау. Ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналысын аяқтау
12. Жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң Ұлттық Банк белгiлеген айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған соң ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлерi бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады.
13. Екiншi деңгейдегi банктер жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап 12 (он екi) ай бойы:
1) заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға және айырбастауға;
2) операциялық кассадағы ескi үлгiдегi ақша қалдықтарын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткізуге мiндеттi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.03 ж. № 234 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді
14. Екінші деңгейдегі банктер Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастау үшін қабылдауға құқығы жоқ. Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері белгілеген талаптарға сәйкес оларды кейіннен Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға беру үшін ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды.
Екiншi деңгейдегi банктер Ереженiң 13-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн 5 (бес) банктiк күн iшiнде операция кассасында бар ескi үлгiдегi ақша қалдығын Ұлттық Банктiң филиалдарына өткізуге мiндеттi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.09.01 ж. № 376 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 212 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Ұлттық Банктің филиалдары Ереженің 13-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін 3 (үш) жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырады.
Қабылданған ақша белгілерінің төлемділігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) белгіленген тәртіппен айқындалады.
16. Ереженiң 15-тармағында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдаудың және айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.
5-тарау. Алып тасталды (бұр.ред. қара)
6-тарау. Айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру қорытындысын шығару тәртібі
22. Қолма-қол ақшамен жұмыс жөніндегі бөлiмше жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап Ұлттық Банк Басқармасының қарауына ұсынылатын айналыстағы ұлттық валютадағы ақша белгiлерiн ауыстыру нәтижелерi туралы есеп әзiрлейдi.
23. Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң ауыстырылуына қарай Ұлттық Банк Ұлттық Банктiң бөлiмшелеріндегі эмиссиялық-кассалық операциялар ұйымдастыру және құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айналыстан шығарылған ұлттық валютасының қолданыстан алып тасталған ескiрген банкноттарын жою тәртібін реттейтiн нормативтiк-құқықтық актілеріне сәйкес ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн жояды.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г.Марченко
Достарыңызбен бөлісу: |