Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы



бет1/5
Дата29.02.2016
өлшемі436 Kb.
#30119
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2000 жылғы 25 сәуір № 179

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 14 маусымда № 1155 тіркелді



(2007.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасындағы төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апталық мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан екi апталық мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.


Ұлттық Банк

Төрағасы Г.А. Марченко


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкi Басқармасының

2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179

қаулысымен



"БЕКIТIЛГЕН"

Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын

пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен

аударымдарын жүзеге асыру ережесi

енгізілген өзгерістер:



ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. № 488 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. № 20 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 20 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.10.03 ж. № 372 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.04 ж. № 13 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.13.11. № 150 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.27.08. № 95 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.12.08. № 74 қаулысымен

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.30.04  № 50 қаулысымен



1-бөлiм. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асырғанда төлем құжаттарының түрлерiн және оларды ресiмдеу мен пайдалануды белгiлейдi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488; 18.01.02 ж. N 20 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Ереже клиент және оған қызмет көрсететiн банк арасындағы шартқа сәйкес жасалатын:

1) осы банктегi бiр клиенттiң иелiгiндегi банк есепшоттары бойынша;

2) клиенттiң банк есепшоттары бойынша солардың есебiндегi ақша сомаларының өзгерiстерiн бухгалтерлiк есепте көрсету, оның iшiнде тиесiлi сыйақыны көрсету үшiн банк жүргiзетiн;

3) клиенттiң банктiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн банктiң комиссиялық алымдарды алуы бойынша қолма-қол жасалмайтын төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттемейдi (төлем құжаттарын қайтарып алу немесе орындауды тоқтата түру туралы өкiмдердi ресiмдеуден басқа).

3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабында көрсетiлген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:

1) валюталау күнi - бастамашы өзiнiң төлем тапсырмасында көрсеткен және "валюталау күнi" деп аталған бенефициар ақшаны алуы тиiс күн;

2) дебеттiк аударымдар - ақша жөнелтушi төлеуi үшiн бенефициардың банкке төлем құжаттарын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;

3) кредиттiк аударымдар - бастамашының алушы-банкке төлем тапсырмасын ұсынуы жолымен жүргiзiлетiн қолма-қол жасалмайтын төлемдер;

4) төлем құжаты - азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң, шарттардың талаптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларына және соттың шешiмдерiне сәйкес ақша мiндеттемесiн орындауға негiз болатын немесе жасауға көмектесетiн құжат;

5) төлем аудару жүйесi - белгiленген ережелер бойынша нұсқаулар жiберу және ақша аудару тәртiбi;

6) инкассалайтын банк - бенефициардың талабын ақша жөнелтушiнiң банкiне немесе ақша жөнелтушiге осы Ереженiң талаптарына сәйкес оны кейiннен төлеуi үшiн өткiзу жөнiндегi мiндеттеменi өзiне алатын банк.

4. Нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқаулар мен өкiмдердi алушы-банк тек өзi белгiлеген операциялық күн iшiнде қабылдайды.

5. Егер нұсқауды керi қайтарып алу не оның орындалуын тоқтата тұру туралы нұсқау немесе өкiм операциялық күн аяқталғаннан кейiн алынса, онда мұндай нұсқауға немесе өкiмдi алушы-банк келесi операциялық күннiң басында алған болып саналады.

Егер бастамашының нұсқауында белгiленген валюталау күнi жұмыс iстемейтiн күнге келсе, онда келесi жұмыс күнi валюталау күнi болып саналады.

6. Алушы-банк акцептелген нұсқау бойынша жөнелтушiнiң ақшасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, алуға (оның банк есепшотын дебиттеуге) құқылы.

7. Құжаттық есеп айырысу - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы жазбаша келiсiмде көзделген және банк iшiнде қолданылатын: коносамент, көлiк тауар құжаттамасы, тасымалдаудың аралас түрлерінің көлiк құжаты, курьерлiк және пошталық түбiршек, сақтандыру полисi, коммерциялық есепшот, сапа сертификаты, варрант, тауардың шығу тегi туралы куәлiк, жүктiң салмағы туралы анықтама және басқа құжаттарды ұсынғанда банк жүзеге асыратын төлем.

Құжаттың есеп айырысу түрлерi болып құжаттық аккредитив (бұдан әрi аккредитив) және құжаттық инкассо (бұдан әрi - инкассо) болып табылады.

8. Аккредитив - бұл клиенттiң нұсқаулығымен және өтiнiшi бойынша немесе өз қалауы бойынша көрсетiлген бенефициарға немесе оның бұйрығымен төлем немесе бенефициар талап еткен аударым вексельдерiне акцепт және төлеу немесе аккредитивте көзделген құжаттарға қарсы белгiленген мерзiмге негоциация жасауға, егер аккредитивтiң барлық талаптары сақталса, банк өзiне алған мiндеттеме.

Аккредитив сатып алу-сату шартынан немесе басқа шарттан ерекшеленген мәмiле болып табылады.

9. Инкассо - бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келiсiмде көзделген бастамашы берген төлем және басқа құжаттың есеп айырысуда ұсынылатын құжаттардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көрсетiлген акцепт және/немесе төлем алу мақсатындағы басқа құжаттардың негiзiнде жүзеге асырылатын банк операциясы.

10. Аккредитив және инкассо Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қолданылады.

ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007 ж.  30 сәуірдегі № 50 Қаулысымен 11- тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

11. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерінде  ашылған мемлекеттiк мекемелердiң есепшоттарынан ақша төлемi мен аударымын жүргізу тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 ; 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ жаңа редакцияда

12. Сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түсетін мәміле бойынша заңды тұлғалар арасындағы төлемдер тек қолма-қол жасалмайтын тәртіппен ғана жүзеге асырылады.

 

2-бөлiм. Төлем құжаттары



1-тарау. Төлем құжаттарының түрлерi мен ресiмдеу тәртiбi

13. Төлем құжаттарының түрлерi:

1) төлем тапсырмасы;

2) чек;


3) вексель;

4) төлемдiк талап-тапсырма;

5) инкассалық өкiм, салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмi;

6) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген басқа төлем құжаттары.

ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

14. Төлем құжаттарында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда мынадай деректемелер болуы тиiс:

1) төлем құжатының атауы;

2) төлем құжатының номерi, оның жазылған күнi, айы, жылы. Күн санмен, ай - жазумен, жыл - санмен жазылады. Компьютердi пайдаланып ресiмделген төлем құжаттарында айды санмен белгiлеуге болады;

3) ақша жөнелтушi - осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;

4) ақша жөнелтушi банктiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса толық атауы, оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);

5) бенефициар - заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не жеке адамның аты-жөнi, оның жеке бiрдейлестiру коды;

6) бенефициардың банкiнiң ұйымдық-құқықтық нысанын қоса, толық атауы не оның банктiк бiрдейлестiру коды (атауымен қатар оның фирмалық белгiсi қойылуы мүмкiн);

7) төлемнiң мақсаты, сондай-ақ Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген оның код белгiсi;

8) санмен және жазумен көрсетiлген төлем сомасы;

9) ақша төлемi және/немесе аударымы бастамашысының уәкiлеттi адамының аты-жөнi және қолы, егер бар болса - оның мөрiнiң таңбасы (қағазға жазылған құжаттар үшiн);

10) бенефициар және ақша жөнелтушi - салық төлеушiнiң тiркеу номерi (бұдан әрi - СТН) (вексельдерден және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес СТН қою талап етiлмейтiн басқа құжаттар кiрмейдi).

Мұндайда ақша жөнелтушiнiң және бенефициардың, сондай-ақ олардың жеке бiрдейлестiру кодтары төлем құжаттарында бiр рет көрсетiлуi тиiс. Сондай-ақ жөнелтушiнiң, бенефициардың және оларға қызмет көрсететiн банктердiң ұйымдық-құқықтық нысандарын банктер мен клиенттердiң жұмысын қиындатпайтындай етiп қысқартуға болады.

15. Жөнелтушiнiң қағаз жазбадағы төлем құжатында жөнелтушiнiң уәкiлеттi адамының қолы және қол қою және мөр таңбасы үлгiлерiне сәйкес оның мөрiнiң таңбасы қойылуы тиiс. Мұндайда, егер қол қою және мөр таңбасы үлгiлерi бар құжатта банк есепшотына билiк ететiн уәкiлеттi адамдар ретiнде бiрiншi және екiншi қол қою құқығы бар адамдар көрсетiлсе, төлем құжатында осы адамдардың қолы мiндеттi түрде болуы тиiс.

16. Ақша төлемiн және/немесе аударымын жасағанда банк төлем құжаттарында қосымша деректемелердiң қойылуын, егер бұл талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе, талап етуге құқылы.

17. Төлем құжаттары электрондық түрде де, қағаз жазбасында да ұсынылуы мүмкiн. Электрондық төлем құжаттары электрондық төлем хабарлары үшiн белгiленген нысандарға сәйкес құралады және банкке электрондық байланыс арналары мен телекоммуникациялар бойынша жiберiледi.

18. Төлем құжаттарын және төлем құжатын керi қайтарып алу туралы немесе оны орындауды тоқтата тұру туралы өкiмдi магниттi тасымалдаушымен ұсынуға тек санкцияланбаған төлемдерден қорғау тәртiбi сақталған жағдайда ғана жол берiледi. Сонымен бiрге, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде басқаша көзделмесе, магниттi тасымалдаушыдағы ақпаратта банк қабылдаған бағдарламалық-криптографиялық қорғау жүйесi болуы тиiс.

19. Факс арқылы төлем құжатын не оны қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдi беру үшiн банк өзiне қойылған қолдарды және мөр таңбаларын бар үлгiлермен визуальды салыстырып тексеруден басқа, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген қорғау iс-қимылдарының өзге элементтерi кiретiн санкцияланбаған ақша төлемдерiнен және/немесе аударымдарынан олар жасаған қорғау iс-қимылдарының тәртiбiн сақтауға мiндеттi.

20. Төлем құжаттарында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiм мемлекеттiк және/немесе орыс тiлдерiнде жасалуы тиiс. Оларды жасағанда өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi банктер және оның клиентi арасында шартпен белгiленедi.

21. Электрондық тасымалдаушымен орындалған төлем құжатында не оларды керi қайтарып алу туралы немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмде кез келген түзетулер жасауға болмайды. Банк түзетулердi, түзеулердi, сондай-ақ санмен және жазумен көрсетiлген сомалардың сәйкес келмеуiн байқаған жағдайда, банк төлем құжатын орындауға қабылдамайды және үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қайтару себебi көрсетiлiп оның бастамашысына қайтарады.

ҚР ҰБ Басқармасының 18.01.02 ж. N 20; 31.01.03 ж. N 20 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) ;  2007 ж.  30 сәуірдегі № 50    (бұр. ред. қара)  қаулыларымен 22-тармақ өзгертілді

22. Алушы-банк немесе бенефициар банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәсiлдерiн қолданудың ережелерi мен ерекшелiктерiн реттейтiн осы Ереженiң және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес емес нысанда толтырылған және ұсынған, сондай-ақ клиенттiң деректемелерi (оның атауы, жеке бiрдейлестiрiлген коды (бұдан әрі - ЖБК), СТН) төлем құжатында көрсетiлген деректемелерге, төлем құжатында көрсетiлген төлем валюталары банк есепшотындағы валютаға сәйкес келмеген жағдайда, ал салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде - бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі болмаған және/немесе оның "төлем мақсаты" жолында көрсетілген мәтіндік атауына сәйкес келмеген жағдайда төлем құжатын акцептеуден бас тартады. Банктiң төлем құжатын акцептеуден бас тартуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша оны алған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырылады.

Егер басқа деректемелері (ЖБК, СТН) банк клиентін бірегейлендірсе, клиенттің инкассалық өкімде көрсетілген атауы оның нақты атауына сәйкес келмеген жағдайда салық органдары электрондық тәсілмен ұсынған инкассалық өкімді акцептеуден бас тартуға жол берілмейді.

ҚР ҰБ Басқармасының 27.10.03 ж. N 372 қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 24.01.04 ж. N 13 қаулысымен 22-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) ;  2007 ж.  30 сәуірдегі № 50    (бұр. ред. қара)  қаулыларымен 22-1-тармақ өзгертілді



22-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері) төлем құжаты "төлем мақсаты" бағанында мемлекеттік мекеменің бес миллион теңгеден артық сомадағы, бенефициар ұсынатын хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде орындалуы тиіс азаматтық-құқықтық мәмілелерін (міндеттемелерін) тіркеу туралы хабарламаның нөмірін, күні көрсете отырып, банкте бенефициардың жеке ісіне тігіліп, сақталады. Хабарламада қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері және мемлекеттік мекеме басшыларының қолдары, мөрлерінің таңбасы болуы тиіс.

Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.

Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында хабарламаның нөмірі мен күнінен басқа төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетілуі тиіс. Банкте сақталған хабарламаның нөмірі және күні "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөмірімен және күнімен сәйкес келуі тиіс.

Осы тармақтың бірінші,  екінші және үшінші абзацтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актілерінде акцепт үшін көзделген мерзім ішінде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушісіне қайтарады.

Банк "ағымдағы" төлем мәртебесі бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негізінде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлемнің сомасы және хабарлама бойынша төленуі тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк "түпкілікті" төлем мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиісті белгі қояды.

Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты, зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік арнайы және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етілмейді.

23. Ақша жөнелтушiнiң ақшасын оның банк есепшотынан алу ақша жөнелтушi акцептеген төлем құжаты не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның акцептелуiн талап етпейтiн төлем құжаты негiзiнде жүргiзiледi.

24. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, қағаз жазбада орындалған ұсынылатын төлем құжаттары және төлем құжатын керi қайтарып алу немесе оның орындалуын тоқтата тұру туралы өкiмдерi даналарының санын әр банк өзi белгiлейдi және оның ережесiнде операциялар жүргiзудiң жалпы талаптары туралы айтылады.

25. Банк ақша төлемiн және/немесе аударымын жүзеге асыру бойынша ақша жөнелтушi және/немесе нұсқау жөнелтушi алдындағы оның мiндеттемелерiне байланысты емес шағымдарды қарауға мiндеттi емес.

Ақша жөнелтушi мен бенефициар арасындағы шағымдар алушы-банктiң акцепт нұсқауы заңды болғанда ғана алушы-банктiң қатысуынсыз Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, төлем құжаттарында оларды iшiнара орындау туралы талап қоюға болмайды.

2-тарау. Төлем тапсырмасы

27. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетiлген сомадағы бенефициардың пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушiнiң қызмет көрсететiн алушы-банкке тапсырмасын бiлдiредi.

ҚР ҰБ Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 (бұр. ред. қара); 24.01.04 ж. N 13 (бұр. ред. қара); 2005.27.08. № 95 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 28-тармақ өзгертілді

28. Ақша жөнелтушi қызмет көрсететiн алушы-банкке төлем тапсырмасын белгiленген нысандағы бланкте (N 1 қосымша) ұсынады.

"Төлемнiң мақсаты бағанында ақша жөнелтушi ақша аударымын жүзеге асыруға негiз болатын құжаттың (құжаттардың) атауын, номерiн және күнiн, және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе сондай-ақ "төлем мақсатының коды" бағанында төлемнiң код белгiлерiн көрсетуге мiндеттi.

Заңды тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу кезінде "ақшаны жөнелтуші" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы, "СТН" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН көрсетіледі, "ЖБК" бағанында заңды тұлғаның ақша аударатын банктік шотының деректемелері көрсетіледі. Бұл ретте "төлемнің мақсаты" бағанында өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін төлемдерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауын және СТН көрсету қажет.



Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу кезінде төлем тапсырмасында "төлем мақсаты" жолында көрсетілген осындай кодтың мәтіндік атауына және төлем мақсатына сәйкес келетін бюджеттік жіктеу кодының сандық белгісі қосымша көрсетіледі. Төлем тапсырмасында бюджеттік жіктеу кодын көрсетудің дұрыстығы үшін жөнелтуші жауапкершілік атқарады.

Зейнетақы жарналарын немесе әлеуметтік аударымдарды төлеуге ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде жөнелтуші төлем тапсырмасымен бірге бір мезгілде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес ресімделген зейнетақы жарналары немесе әлеуметтік аударымдар төленетін тұлғалардың тізімін (бұдан әрі - тізім) алушы банкке ұсынады. 50-ден астам позициясы (аты-жөндері) бар тізімді алушы-банкке электрондық тасымалдағыштардағы тізімнің көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Алушы-банк егер бұл алушы-банктің ішкі құжаттарымен белгіленген жағдайда, 50 және одан да аз позициясы (аты-жөндері) бар тізімнің электрондық көшірмесін ұсынуды талап етуге құқылы.

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.12.00 ж. N 488 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.02 ж. N 20 қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. N 20 қаулысымен 29-тармақ толықтырылды

29. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ұлттық валютамен, сол сияқты шетел валютасымен төлем жасау және/немесе ақша аударымын жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен төлем жасағанда және/немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде ақша жiберушiнiң қызмет көрсетушi алушы банкке ақша аудару туралы төлем тапсырмасы болып табылатын, белгiленген нысандағы (N 2 қосымша) бланкiлерге толтырылған ақша аударуға өтiнiшi пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет