ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ҚАУЛЫСЫ
Алматы қаласы 2000 жылғы 25 қараша № 428
Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн бекiту туралы |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 қаңтар № 1351 тіркелді
|
(2007.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердi жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
2. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттiк қатынастар орнату ережесiн (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiмде осы қаулыны және Ереженi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі басқармасы
2000 жылғы 25 қарашадағы
№ 428 қаулысымен бекітілген
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен атауы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерi мен банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарының арасында
корреспонденттiк қатынастар орнату ережесi
Енгізілген өзгерістер:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.25.06. № 64 қаулысымен
|
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 21 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі және аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының соларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Осы Ережеде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) теңгемен корреспонденттік шоттар ашу, жүргізу және жабу ерекшеліктері, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдардың ақша төлемдері мен аударымдарының көлеміне белгіленген лимитті есептеу тәртібі белгіленеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) резидент емес банк - Қазақстан Республикасынан тыс жерге орналасқан және өзi тұрған жердегi мемлекеттiң заңдарына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыратын банк;
2) корреспонденттік қатынастар - банктер арасындағы, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасындағы корреспонденттік есепшот шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген банк қызметін көрсетуді жүзеге асыруға байланысты операциялар жасау мақсатында олардың арасында корреспонденттік шоттарды ашу кезінде пайда болатын шарттық қатынастар;
3) контрагент - жасалған корреспонденттік есепшот шартына сәйкес әрiптес болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым;
4) Респондент - басқа банкте және/немесе банктiк емес ұйымда шот ашқан банк және/немесе банктiк емес ұйым (ностро-шот);
5) Корреспондент - басқа банк және/немесе банктiк емес ұйым үшiн өзінде шот ашқан банк және/немесе банктік емес ұйым (лоро-шот)
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі Ұлттық Банк) белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
4. Осы Ереженiң банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен белгiленген корреспонденттiк қатынастарына қатысы жоқ.
Банктер мен банктiк емес ұйымдардың резидент емес банктермен корреспонденттiк қатынастары олардың арасындағы тиiстi шарттармен және банк тәжiрибесiнде қолданылатын iскерлiк айналымының рәсiмдерiмен реттелiп отырады.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқаша белгіленбесе, банктер мен банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу құқығы корреспонденттік шоттар ашуға және жүргізуге қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар банктер мен банктік емес ұйымдарда ғана болады.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Банктерге және банктік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу лицензиясы берiледi.
7. ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар ашу тәртiбi
8. Респондент Корреспондент таңдаған кезде Корреспонденттiң қаржы жағдайына талдау жасайды және өзiнiң уәкiлеттi органының шешiмi негізiнде корреспонденттiк есепшот ашады.
9. Корреспондент Респондентке корреспонденттiк есепшотты өздерiнiң арасында жасалған корреспонденттiк есепшот шарты негiзiнде ашады.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 (бұр. ред. қара); 2005.29.12. № 177 (бұр. ред. қара); 2007.25.06. № 64 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Корреспонденттiк есепшот шартында мыналар болуға тиiс:
1) шарттың мәнi;
2) салық төлеушiнiң - Респонденттiң салық қызметi органы берген құжатында көрсетiлген салық тiркеу номерi;
3) Корреспонденттiң қызмет көрсету талаптары және ақы төлеу тәртiбi;
4) Респонденттiң ақшасын жұмсау тәртiбi;
5) төлем құжаттарын беру тәртiбi және ақша төлемi және/немесе аударымы туралы ақпарат алмасу тәсiлдерi;
6) Корреспонденттiң Респондентке тоқсан сайын қаржылық есептi, сонымен бiрге бухгалтерлiк балансты, пайда мен зиян туралы есептi, ақша қаражаты қозғалысы туралы есептi және қажет болған жағдайда қаржылық есептiң басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi, солардың негiзiнде Респондент кредит пен өтiмдiлiк тәуекелдерiн бақылау және төмендету мақсатында қаржы жағдайына талдау жасайды;
7) корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге берген лицензияны қайтарып алу туралы уақтылы хабарламағаны үшiн Корреспонденттiң жауапкершiлiгi;
8) шарттың қолданылу мерзiмi және оны бұзу тәртiбi;
9) дауларды шешу тәртiбi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.25.06. № 64 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Респондент корреспонденттiк есепшот ашу үшiн Корреспондентке Ұлттық Банктiң банктiк есепшоттар ашу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:
1) корреспонденттiк есепшот ашу жөнiндегi өтiнiштi;
2) банктер үшiн - банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
3) кредиттік серіктестіктерді қоспағанда банктiк емес ұйымдар үшiн - аударым операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей белгiленген болса, Респондент Корреспондентке қосымша құжаттар ұсынуға мiндеттi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен 2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Респондент корреспонденттiк шотты ашқаннан кейiн бес жұмыс күнi өткеннен кейін Ұлттық Банкке 1-қосымшаға сәйкес хабарлама ұсынады
3-тарау. Корреспонденттiк есепшоттар жүргiзуге
қойылатын жалпы талаптар
12. Респондент өзiнiң корреспонденттiк есепшоты бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн және корреспонденттiк есепшот шартына сәйкес операциялар жасауға құқылы.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
13. Корреспондент Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша банк операцияларын Корреспонденттiң уәкiлеттi органы бекiткен корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерге корреспонденттік шот шартына, сондай-ақ сәйкес жүзеге асырады. Корреспонденттiк есепшоттар ашу және жүргiзу туралы iшкi ережелерде мыналар болуға тиiс:
1) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру тәртiбi;
2) Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын төлем құжаттарының түрлерi;
3) төлем құжаттарын электронды тәсiлмен жiберген кезде электронды хабарлау форматтары;
4) Респондентке оның корреспонденттiк есепшоты бойынша көшiрмелер және Корреспонденттiң банктiк қызмет көрсету және Респонденттiң корреспонденттiк есепшоты бойынша ақша төлемдерiн және/немесе аударымдарын жүзеге асыру жөнiндегi өз мiндеттемелерiн уақтылы орындауына бақылау жасаудың басқа да нысандарын ұсыну тәртiбi;
5) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотындағы ақша қалдығына сыйақы есептеу тәртiбi (егер мұндай есептеу жүргiзiлетiн болса);
6) Респонденттiң корреспонденттiк есепшотына қызмет көрсеткенi үшiн комиссия алу тәртiбi;
7) Корреспонденттiң қалауы бойынша басқа да талаптар.
14. Төлем құжаттарын ресімдеу түрлері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
15. Корреспондент операциялық күн аяқталғаннан кейін Респонденттің корреспонденттік есепшоты бойынша ақша қозғалысы туралы көшірме жасайды және олардың арасында жасалған шартта белгіленген тәртіппен, тәсілдермен және мерзімде оны Респондентке береді.
16. Респондент Корреспонденттен алынатын көшірмелер бойынша жасалған төлемдер сомасының, бенефициар деректемелерінің және ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының жүргізілу мерзімінің дұрыс көрсетілуіне бақылау жасайды.
17. Корреспондент тарапынан да, Респондент тарапынан да корреспонденттiк есепшот бойынша операцияларды тексеру нәтижесiнде анықталған алшақтықтардың бәрi олардың арасында жасалған шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Банкті консервациялау режимін белгілеу кезінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) консервациялау режимі енгізілген күннен бастап келесі операция күнінен кешіктірмей осы банктің басқа банктерде ашылған барлық корреспонденттік шоттарынан осы банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотына ақша аудару туралы бұйрық/өкім шығарады. Банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотын жүргізу тәртібі консервациялау режимі кезінде Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
4-тарау. Корреспонденттiк есепшоттарды жабу тәртiбi
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
18. Корреспонденттiк есепшот:
1) егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттiң өтiнiшi бойынша;
2) корреспонденттiк есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
3) Корреспонденттен корреспонденттiк есепшот ашуға және жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
4) егер Респондент банк болса, одан банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
5) егер Респондент банктiк емес ұйым болса, одан аударым операцияларын жүргiзуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
6) заңдарда және/немесе корреспонденттiк есепшот шартында көзделген басқа да жағдайларда жабылады.
19. Корреспондент таратылған жағдайда Респонденттiң Корреспондентке қоятын талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қанағаттандырылады.
20. Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттiк есепшоттар ашуға және жүргiзуге немесе Респондентке корреспонденттiк есепшотты жабуға берілген лицензиялар қайтарылып алынған жағдайда, өздерiнiң арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес Корреспондент Респондент көрсеткен есепшотқа ақша аударуға мiндеттi.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Респондент корреспонденттік шот жабылғаннан кейін бес жұмыс күні өткен соң осы шоттың жабылған күнін көрсете отырып, Ұлттық Банкке хат жібереді.
ҚР ҰБ Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен 5-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-тарау. Банктердің және/немесе банктік емес ұйымдардың
корреспонденттiк шоттары бойынша төлемдер лимитін есептеу тәртiбi
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 (бұр. ред. қара); 2005.29.12. № 177 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 21-тармақ өзгертілді
21. Банк және/немесе банктік емес ұйым осы Ереженің 22-тармағында көзделген операцияларды қоспағанда, банктің немесе банктік емес ұйымның және олардың клиенттерінің операциялары бойынша корреспонденттік шоттар арқылы Ұлттық Банк белгілеген лимиттен аспайтын көлемде ақша төлемдері мен аударымдарын ағымдағы айда жүзеге асырады.
Банк және/немесе банктiк емес ұйым үшін белгіленген лимит "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық, жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрi - Орталық) төлем жүйелері арқылы өткен айда жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жіберілген төлемнің жалпы көлемінің проценттік қатынасына есептеледі. Орталық арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемнiң жалпы көлемiне Орталықтың банкаралық ақша аудару жүйесi арқылы жүзеге асырылған қолма-қол жасалмайтын жiберiлген төлемдерiнiң көлемi және Орталықтың клиринг палатасының клиринг нәтижелерi бойынша дебеттiк таза позиция сомасын шегерiп тастағандағы Орталықтың клиринг палатасы арқылы жүзеге асырылған төлемдер кiредi.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 21-1-тармақпен толықтырылды
21-1. Лимитті орындау жөніндегі талап Орталықтың төлем жүйелерінің пайдаланушылары болып табылмайтын банктік емес ұйымдарға қолданылмайды.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
22. Лимиттің шығысына операциялардың мынадай түрлері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарының көлемі кірмейді:
1) Орталықтың төлем жүйелері арқылы корреспонденттік шотқа/корреспонденттік шоттан қаражат аудару;
2) бір банкте немесе банктік емес ұйымда лоро және ностро корреспонденттік шоттары жөніндегі өзара талаптардың есебі бойынша операциялар.
ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.25.06. № 64 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Банк және/немесе банктік емес ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес соның негізінде лимит шығысы есептелетін корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдарының саны мен көлемі туралы мәліметтерді есептіден кейінгі аптаның екінші жұмыс күнінде жергілікті уақытпен сағат 10:00-нан кешіктірмей апта сайынғы негізде электронды түрде Ұлттық Банктің төлемдер жүйесі бөлімшесіне ұсынады.
Мәліметтерді тапсыру:
1) осы Ереженің 21-1-тармағында көрсетілген банктік емес ұйымдардан;
осы Ереженің 21-1-тармағында көрсетілген банктік емес ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және ақша аударымдарын жүргізген кезде талап етілмейді;
2) осы Ереженің 22-тармағында көзделген операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізген кезде талап етілмейді.
Корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемдері мен аударымдары болмаған кезде, банк және/немесе банктік емес ұйым есептік кезеңде Ұлттық Банкке мұндай ақша төлемдері мен аударымдарының жоқ екендігін хабарлай отырып хат ұсынады.
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. Респонденттер болып табылатын банк және/немесе банктік емес ұйым, осы Ереженің 21-1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді есептіден кейінгі аптаның екінші жұмыс күнінде жергілікті уақытпен сағат 10:00-нан кешіктірмей апта сайынғы негізде электронды түрде Ұлттық Банктің төлемдер жүйесі бөлімшесіне ұсынады.
24. Ұлттық Банк белгiлеген төлемдер көлемiнiң лимитiнен асып кеткен банк және/немесе банктiк емес ұйым Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.
6-тарау. Қорытынды ережелер
24. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Төраға
"Банктердің арасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының екiншi
деңгейдегi банктерi мен банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдарының арасында
корреспонденттiк қатынастар орнату
ережесiне 1-қосымша
ҚР ҰБ Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Корреспонденттiк шот ашу туралы хабарлама
Банктiң және/немесе банктiк емес ұйымның (Респонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Банк контрагентiнiң және/немесе банктiк емес ұйымның
(Корреспонденттiң) атауы
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Есеп айырысу тәртiбi
1. Ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізу
__ Hoc Tpo-шотқа
__ Лоро-шотқа
ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
2. Шот:
__ клиент төлемдерiн жасау
__ банктiк төлемдер жасау
__ карточкалар бойынша есеп айырысу
__ Банктің қолма-қол ақшамен операциялары (ақша есептеу/алу)
__ басқа ақша төлемдері мен аударымдары үшiн
(нұсқасы көрсетiлсiн) ____________________________________________
__________________________________________________________________
ашылды.
3. Операциялық күн соңындағы қалдық:
__ нөлге тең
__ қалдықтың төмендетiлмейтiн деңгейi шартта көзделген
__ қалдықтың шарттың талаптарына қатысты емес, өзгермелi деңгейi
Корреспонденттiк шот ашылған күн 20__ жылғы "___" ______
Басшы _______________ __________________
(аты-жөнi) қолы
Бас бухгалтер _______________ __________________
(аты-жөнi) қолы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен Ереже 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 (бұр. ред. қара); 2005.29.12. № 177 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
"Банктердің арасында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының екiншi
деңгейдегi банктерi мен банк
операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдарының арасында
корреспонденттiк қатынастар орнату
ережесiне 2-қосымша
Банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру
коды (бұдан әрi - ББК) _____________________________
Банктiң немесе банктiк емес ұйымның атауы ______________________
_____ _____ _________ бастап _______ _____ ________ аралығындағы
жыл күні айы жыл күні айы
корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылатын
басқа ақша төлемдері мен аударымдардың саны және көлемi туралы мәлiмет
Банктiң
немесе
банктiк
емес
ұйымның
ББК
|
Контр-
агент-
тің
ББК
|
Күні
|
Шотты белгiлеу
(ностро/Лоро)
|
Ақша төлемдерінің
және/немесе ауда-
рымдарының көлемі
(теңгемен)
|
Ақша төлемдерінің
және/немесе ауда-
рымдарының саны
(бірліктермен)
|
Ақша
төлемі
және/
немесе
аудары-
мы алы-
нған
шот
|
Ақша
төлемі
және/
немесе
аудары-
мы жібе-
рілген
шот
|
Алынған-
дары
|
Жiберiл-
гендерi
|
Алынған-
дары
|
Жiберiл-
гендерi
|
1
|
2
|
2-1
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _________________ (аты-жөнi)
Бас бухгалтер _________________ (аты-жөнi)
Орындаушы _________________ (аты-жөнi) телефоны _________
Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзуге асырылған ақша төлемдерінің
және аударымдарының саны және көлемi туралы мәлiметтердi
толтыру жөнiндегi ереже
Корреспонденттiк шоттар арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдерінің және аударымдарының саны және көлемi туралы мәлiметтер мынадай ақпарат кiретiн 8 бағаннан тұрады:
1-баған - Банктiң немесе банктiк емес ұйымның ББК. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның банктiк бiрегейлендiру коды;
2-баған - Контрагенттiң ББК-ы. Мәлiметтер берген банктiң немесе банктiк емес ұйымның контрагентiнiң банктiк бiрегейлендiру коды;
2-1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.
3-баған - ақша төлемі және аударымы алынған шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым ақша төлемдері және аударымдары алған корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Hocтpo" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
4-баған - ақша төлемі және аударымы жiберiлген шот. Есеп берген банк немесе банктiк емес ұйым ақша төлемдері және аударымдарды жiберген корреспонденттiк шоттың белгiсi қойылады. "Ностро" немесе "лоро" белгiлерi қойылады;
5-баған - алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының көлемі (теңгемен). Корреспонденттік шот арқылы алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының сомасы қойылады. Корреспондент осы бағанға сондай-ақ Респонденттің корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған қолма-қол ақшасының сомасын қояды;
6-баған - жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының көлемі (теңгемен). Корреспонденттік шот арқылы жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының сомасы қойылады. Респонденттің өзі осы бағанға сондай-ақ корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған қолма-қол ақшасының сомасын қояды;
7-баған - алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны (бірліктермен). Корреспонденттік шот арқылы алынған ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны қойылады. Корреспондент осы бағанға сондай-ақ Респонденттің корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған ақша аударымдарының санын қояды;
8-баған - жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны (бірліктермен). Корреспонденттік шот арқылы жіберілген ақша төлемдерінің және/немесе аударымдарының саны қойылады. Респонденттің өзі осы бағанға сондай-ақ корреспонденттік шотқа есептеген/корреспонденттік шоттан алған ақша аударымдарының санын қояды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.03 ж. № 21 қаулысымен Ереже 3-қосымшамен толықтырылды
3-қосымша. ҚР ҰБ Басқармасының 22.06.04 ж. № 99 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.29.12. № 177 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды
Банктердің арасында,
сондай-ақ банктер мен банк
операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдарының арасында
корреспонденттік қатынастар
орнату ережесіне 4-қосымша
Банктің немесе банктік емес ұйымның банктік бірегейлендіру коды
(бұдан әрі - ББК) _________________________________________________
Банктің немесе банктік емес ұйымның атауы _________________________
_____ _____ _________ бастап _______ _____ ________ аралығында
жыл күні айы жыл күні айы
Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік
шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер
Күні
|
Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК
|
Корреспондент-
тің ББК
|
Корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
|
|
|
Басшы _________________ (аты-жөні)
Бас бухгалтер _________________ (аты-жөні)
Орындаушы __________________ (аты-жөні)
телефоны _________
Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік
шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтерді
толтыру жөніндегі ереже
Корреспонденттерде ашылған корреспонденттік шоттардағы ақша қалдықтары бойынша мәліметтер мынадай ақпарат енгізілетін 4-бағаннан тұрады:
1-баған - күні. "Күні айы жылы" форматында операция күнінің күні қойылады.
2-баған - Банктің немесе банктік емес ұйымның (Респонденттің) ББК. Мәліметтер берген банктің немесе банктік емес ұйымның (респонденттің) бірегейлендіру коды қойылады;
3-баған - Корреспонденттің ББК. Мәліметтер берген корреспондент банктің немесе банктік емес ұйымның бірегейлендіру коды қойылады;
4-баған - корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы (теңгемен). Операция күнінің аяғында Корреспондентте ашылған корреспонденттік шоттағы ақша қалдығының сомасы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |