Есептерді шешіңізде



Дата26.02.2016
өлшемі290 Kb.
#27672
4.ЖАЙ ПАЙЫЗДАРДЫҢ НҰСҚАСЫ БОЙЫНША

ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ МОДЕЛЬДЕРІ ….…………………..



4.9-4.31-есептерді шешіңіздер.

4.9. Клиент 3,5 жылға депозиттік шотқа 1000000 тг салды. Жылдық жай пайыздық қойылым 17%-ға тең. Мерзімнің аяғында есептелген пайызды

анықтау керек.



4.10. Кәсіпорын банкпен 3000000 тг көлемінде несие алу туралы келісімге келді. Келісім мерзімі - 2004 жылдың 5 қаңтарынан 2004 жылдың 20 наурызына дейін. Жай жылдық пайыздық қойылым 15%-ға тең. Нақты күндер саны бойынша несиені пайдаланғаны үшін есеп-телген

пайыздарды анықтау керек.



4.11. Кәсіпкер 7 ақпанда банкке осы жылдың 14 мамырына дейін несие алу туралы өтінішпен келді. Банк жай жылдық 18% қойылыммен есептелетін несие берді. Банк бүкіл мерзім ішінде есептелетін ақша сомасын несие беретін кезде ұстап, 50 мың тг көлемінде несие берді. Қандай соманы қайтару керек, егер өсірілген пайыздарды есептеу нақты күндер саны бойынша болса және жылдын күндер саны 366-ға тең болса?

4.12. Кәсіпорын 1 наурызда банктен 150 мың тг көлемінде несие алып, жылдың аяғында пайызбен қайтаруға уәде берді. Пайыздық қойылым жылына 26% тең, жылда 365 күн деп есептесе, жай пайыздарды есептеудің қай әдісі кәсіпорынға, қайсысы банкке тиімді?

4.13. Банк 1000000 тг көлемінде несие бөлді. Шарт бойынша жай жылдық пайыздық қойылым бірінші 0,5 жылда 20%-ға тең және де әрбір келесі 0,5 жылда қойылым алдыңғысына қарағанда 3%-ға өседі. Келісім-шарттың мерзімі 2 жылға тең. Келісім мерзімінің ішінде барлық өсірілген ақша сомасын анықтау керек.

4.14. Қанша уақыттан кейін 5 мың тг көлеміндегі салым 6 мың тг дейін өседі, егер ақша сомасын өсіру жай пайыздар бойынша есептелсе және де жылдық қойылым 32% тең болса?

4.15. Қолда бар ақша сомасын 2,5 есеге өсіру үшін қандай мерзімге салу керек, егер жай жылдық пайыздық қойылым 20% тең болса?

4.16. Келісімге қол қойғаннан кейін 180 күннен соң қарыз алушы 2500000 тг көлемінде қарызды қайтарды. Несие жылына 10%-бен берілді (пайыздар қарапайым). Дисконтты анықтау керек (математикалық дисконттау кезінде).

4.17. Белгілі уақыттан кейін кәсіпкерге 25 мың тг ақша сомасы керек болады, бірақ қазір онда 22 мың тг бар. Керекті ақша сомасын жинақтау мақсатында кәсіпкер 22 мың тг банктік депозитке салады. Банктің пайыздық қойылымы жылына 30%-ға тең. Қажетті ақша сомасы жиналу үшін қанша күн керек, егер банк нақты пайыздарды қолдана отырып, жай пайыз есептесе және жылда 365 күн бар деп есептелсе?

4.18. Банк төрт ай ішінде 960 мың тг қолданғаны үшін 70 мың тг ақша сомасын төлеу керек. Қарапайым пайыздар бойынша есептелетін жай 51 жылдық пайыздық қойылым түріндегі тартылған қаржының құнын анықтаңыздар.

4.19. Кәсіпкер банктен 150 күнге пайыздық қойылымы жылына 30%-ға тең несие алды, сонымен қатар банк несиенің жалпы көлемінің 1,5%-ын несие беретін кезде ұстап қалды. Банктің мұндай қаржылық операциясының жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдалылығын табыңыздар, егер банк жай пайыздарды бастапқы несие мөлшеріне есептесе және жылда 360 күн деп есептесе. Несиені 90 күнге бергенде табыстылық мөлшері өзгере ме?

4.20. Кәсіпорын 90 күннен кейін вексель бойынша 1000000 тг алу керек. Кәсіпорын бұл вексельді банкке сатты. Банк осы вексельді жай жылдық есептеу қойылымы 20% (бір жыл 360 күнге тең) бойынша есепке алды. Дисконтты анықтаңыздар.

4.21. Жылдық қойылымы 42%-бен несие берген кезде қарыздың 2,5% мөлшерінде комиссиялық төлем ұстап қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы қарыздық сомаға есептеледі және де бір жыл 366 күнге тең. Несие қанша уақытқа берілді, егер қарыз берушінің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 64% құраса?

4.22. Жай жылдық 38% қойылыммен 80 күнге қарыз берілген кезде комиссиялық төлемдер ұсталып қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы қарыздық сомаға есептеледі және де бір жыл 365 күнге тең. Қарыздын қандай мөлшерін комиссиялық төлемдер құрайды, егер банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 40% құраса?

4.23. Банк бір кәсіпкерге 80 күнге 30 мың тг көлемінде несие берді, содан алынған ақшаны екінші кәсіпкерге 60 күнге несиеге берді, екінші кәсіпкерден алынған ақшаны үшінші кәсіпкерге 160 күнге несие ретінде берді. Барлық несиелер жай жылдық 30% қойылыммен берілді және де қарапайым пайыздар бойынша есептелді. Үшінші кәсіпкер банкке қандай ақша сомасын қайтару керек? Осы қаржылық операциядан банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы қанша болатынын анықтаңыздар.

4.24. Банк өзінің төрт А, В, С және D клиенттеріне келесі түрде несиелер берді: А клиентіне - жай жылдық 38% қойылыммен 45 күнге; А клиенттен алынған барлық ақшаны В клиентіне - жай жылдық 33% қойылыммен 120 күнге; В клиенттен алынған барлық ақшаны С клиентіне - жай жылдық 32% қойылыммен 100 күнге, С клиенттен алынған барлық ақшаны D клиентіне жай жылдық 30% қойылыммен 40 күнге берді. Мерзімнің аяғында D клиенті банкке 37632 тг көлемінде ақша сомасын қайтарды. А клиенті қандай ақша сомасын алды, егер барлық жағдайларда жай қарапайым пайыздар есептелсе?

4.25. Вексель ұстаушы 50 мың тг ақша сомасы 45 күннен кейін төленетін кейбір банкке вексельді есепке алу туралы ұсыныс жасады. Бір банк осы вексельді жылдық есепке алу қойылымы 30%-ға тең қойылыммен есепке алады. Ал екінші банк оны жылдық жай пайыздық қойылым 30%-ға тең қойылыммен есепке алады. Қай банктің шарттары вексель ұстаушыға тиімді болады?

4.26. Төлеу мерзімі жарты жылдан кейін болатын 12%-ға тең қойылымды вексельге 4,5 мың теңге төленді. Вексельдің номиналды мөлшерін анықтаңыздар.

4.27. Кәсіпкер жарты жылға 50 мың тг көлемінде несие алғысы келеді. Банк оған жылдық есепке алу қойылымы 24%-ға тең қойылыммен есептелетін қарызды беруге келісті. Кәсіпкер банкке қандай сома қарыз болады?

4.28. Клиент 10 ақпанда банктен жай есепке алу қойылымы 30%-ға тең қойылыммен есептелетін несие алып, сол жылдың 27 мамырында қайтаруды міндетіне жүктеді. Осы қаржылық операциядан банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы қанша болатынын анықтаңыздар, егер бір жыл 366 күнге тең және: а) есепке алу және пайыздық қойылымның уақыт базасы бір және жылдағы күн санына тең; б) есепке алу қойылымының уақыт базасы 360 күн, ал пайыздық қойылымның уақыт базасы - 366 күн болса?

4.29. Ақша сомасын 1,5 есе өсу үшін қанша уақытқа жылдық пайыздық қойылымы 34%-ға тең депозитке салу керек? Жауабы қалай өзгереді, егер өсіру жылдық есепке алу қойылымы 34%-ға тең қойылыммен іске асатын болса?

4.30. 45 күннен кейін төленетін депозиттік сертификаттың дисконттық түрі жай есепке алу қойылымы 32%-бен, бір жылда 360 күн деп есептеліп сатылады. Банктің тартылған ақша сомасын жылда 365 күн деп есептейтін жай жылдық пайыздық қойылымның мәнін анықтаңыздар.

4.31. Банк 180 күннен кейін төленетін вексельді жылдық есепке алу қойылымы 34%-ға тең қойылыммен есепке алады, уақыт базасы 360 күн. Осы қаржылық операциядан банктің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы қанша болатынын анықтаңыздар, егер уақыт базасы 365 күн деп алсақ.

4.32. Қолда бар ақша сомасын 1,8 есе өсіру үшін қанша уақытқа депозитке салу керек, егер жай жылдық қойылым 30%-бен есептелсе?

4.33. Жылдық қойылымы 40%-бен несие берген кезде қарыздың 2% мөлшерінде комиссиялық төлем ұсталып қалды. Жай нақты пайыздар бастапқы қарыз сомасына есептеледі және де бір жыл 366 күнге тең. Несие қанша уақытқа берілді, егер қарыз берушінің жай жылдық пайыздық қойылым түріндегі пайдасы 100% құраса?


(«100-ге» күрделі)
Бұл ерекшеліктер мен қатынастар ссуда, салым және т.б. операцияларда ескеріледі.
5. КҮРДЕЛІ ПАЙЫЗ СЫЗБА НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ДАМУ

МОДЕЛІ….……………………………………………………..…..



5.8– 5.37 есептерді шешіңіздер.

5.8. Қайсысы тиімді: 4 жылдан кейін 4,6 мың тг алған немесе 5 жылдан кейін

5,2 мың тг алған, егер ақшаны 16% жылдық күрделі пайыз бойынша депозитке орналастырса? Болашақтағы және қазіргі кездегі тұрғыдан жағдайды бағалаңыз.



5.9. Анықтаңыз, қандай күрделі пайыз бойынша депозитке ақша салуға болады, егер қазіргі 10 мың тг 5 жылдан кейінгі 37,129 мың тг эквивалентіне тең болса. Егер банк күрделі пайыздарды тоқсан сайын есептесе, жауап қалай

өзгереді?



5.10. Номиналды жылдық пайыздық қойылымын анықтаңыз, егер тиімді қойылым 30% тең болса және күрделі пайыздар аударылса: а) тоқсан сайын; ə)ай сайын.

5.11. 7 жылдың соңына қарай өсірілген сома 240 мың тг құрайды. Осының қазіргі мәнін табыңыз, егер күрделі пайыздар есептелсе: а) 30% жылдық пайыздық қойылымымен жарты жыл сайын; ə) 40% жылдық пайыздық қойылымымен тоқсан сайын.

5.12. Қай сома күрделі пайыздық қойылымымен 29% жылдық болғанда пайдалы: 100 мың тг бүгін немесе 700 мың тг 8 жылдан кейін?

5.13. Несиелік келісім 4 жылға жасалған. Бастапқы қарыз сомасы 2000000 тг.

Келісім-шартта бірінші жылы 10% жылдық қойылым, оның келесі жылдары 10% артуымен анықталатын айнымалы күрделі пайыздық қойылым көзделген. Келісім-шарттың соңында өсірілген соманы анықтаңыз.



5.14. Клиент 36% жылдық пайыздық қойылыммен 100 мың тг 5 жылға банкке

салды. Күрделі пайыздармен а) жыл; ə) жарты жыл; б) тоқсан; в) ай; г) апта; ғ)

күн бойынша өскен соманы анықтаңыз. Жылда 360 күн деп есептеңіз.

5.15. Күрделі және жай пайыздық қойылыммен есептеліп, бастапқы соманың

екі еселену уақытын анықтаңыз, егер: а) 5%; ə) 10%; б) 15%; в)25%; г) 50%;

ғ) 75%; д) 100%.

5.16. 28% жылдық күрделі пайыз есептелетін бастапқы соманың 20 мыңнан 60 мың тг-ге дейін өскен уақыт аралығын анықтаңыз, егер: а) жыл; ə) тоқсан; б) ай бойынша есептелсе?

5.17. Салымшы 4 жыл ішінде банктің депозитіне салған бастапқы сомасын екі есе көлемінде қайтарып алуды көздеді. Тоқсан сайын күрделі пайыздар есептегенде банк қандай жылдық номиналды пайыздық қойылымды ұсынады?

5.18. Сіз несиені 32% жылдық айлық күрделі пайыздар бойынша есептеумен немесе 33% жылдық тоқсандық күрделі пайыздар бойынша есептеумен алуыңызға мүмкіндік бар. Қайсысы тиімді, егер пайыздарды өтеу несиенің өтелуімен бір мезгілде болса?

5.19. Банк жылдық 40% номиналды қойылымына сәйкес пайызды ай сайын

есептеді және капиталдандырды, пайыздық қойылымның тиімділігін есептеңіз.



5.20. Фирма 10 жылдан кейін ғимараттан офис алу үшін 2 млн долл. Жинау _______қажет. Жинаудың ең қауіпсіз әдісі - бұл тәуекелсіз мемлекеттік бағалы қағаздарды алу, жарты жылдық пайыздармен салымдар жүргізілетін 8% қойылым бойынша жылдық табыс генерацияланады. Фирманың бастапқы салымы қанша болуы қажет?

5.21. 1000000 тг сомасында вексель, төлеу мерзімі - 3 жылдан соң, сондай-ақ

банк жылдық 10% пайыздық қойылым бойынша есептеген. Дисконты анықтаңыз.



5.22. Құрылыс фирмасы 450 мың тг тұратын пәтерлерді сатады, 25% күрделі жылдық пайыз қойылымы бойынша несиеге береді. Және осы фирма пәтер құрылысының қаржы құралдарын шоғырландыратын банк ұйымдастырды және бұл банк оған орналастырған ақшалары арқылы жылына 25% күрделі пайыз қойылымын төлейді. N – деген кісі осы банкке пәтерді иеленіп алғанға

дейін 3 жыл бұрын белгілі бір ақша сомасын салып және пәтерді иеленіп алғаннаналғаннан кейін 2 жылдан соң тағы 70 мың тг, ал 3 жылдан соң 120 мың теңгені

салып, өз қарызын түгелімен жапты. N – деген кісінің пәтерді иеленіп алғанға

дейін және пәтерді иеленіп алғаннан кейін салған ақша сомасын анықтаңыздар.



5.23. Құрылыс фрмасы 520 мың тг тұратын пәтерлерді жылына 20% күрделі пайыздық қойылыммен несиеге сатады. Және осы фирма пәтерлер құрылысының қаржы құралдарын шоғырландыратын банк ұйымдастырды және бұл банк оған орналастырған ақшалары арқылы жылына 20% күрделі пайыздар қойылымын төлейді. N-деген кісі пәтерді иеленіп алғанға дейін 1 жыл бұрын 100 мың тг және пәтерді иеленіп алғаннан кейін 2 жылдан соң тағы 150 мың тг осы банкке салды. Бұдан кейін 1 жылдан соң белгілі бір соманы салды, ал тағы бір жылдан кейін 300 мың тг салып қарызын өтеген. N-деген кісінің пәтерді иеленіп алғаннан кейін 1 жылдан соң қандай ақша сомасын салғанын анықтаңыз.

5.24. Вексель өтеу мерзіміне дейін 21 ай бұрын есепке алынған және вексельдің иесі вексельде жазылған сомасының 0,8 алды. Осы вексель қандай

күрделі жылдық есептік қойылыммен есепке алынған?



5.25. Банкіге күрделі есептік қойылыммен дисконттаудың қандай есепке алу

шарттары неғұрлым тиімді: а) жылына 32%, жарты жыл сайын дисконттау; ə)

жылына 33%, тоқсан сайын дисконттау.

5.26. Қарыздық міндеттеме өтелу мерзіміне дейін 4 жыл бұрын есепке алынған және оның иесі 5 мың тг алды. Қарыз міндеттемесіндегі жазылған соманы анықтаңыз, егер есепке алыну күрделі есептік қойылыммен жүзеге асып және

дисконттау былайша жүргізілсе: а) жарты жыл сайын жылына 40% есептік қойылыммен; ə) ай сайын жылына 30% есептік қойылыммен.



5.27. 5 жылдан кейін 80 мың тг алу үшін банкінің депозитіне қандай соманы салу керек, егер пайыздар үзіліссіз 22% қойылыммен қосылып отырса?

5.28. Банк тоқсан сайын жылына 32% күрделі пайыздар қойылымымен қосылатын қарызды 9 жылға береді. Банк 9 жылдан кейін осындай табысты алу үшін қандай үзіліссіз қойылым орнату керек? Алынған нәтиже өзгере ме,

егер қарыз мерзімі 3 жыл болса?



5.29. Банк несиені 6 жылға 27% үзіліссіз қойылыммен беріп отыр. Мынандай

түрдегі банкінің қаржылық операциясының табыстылығын анықтаңыздар: а)

қарапайым жылдық пайыз қойылымы; ə) жылдық тиімді пайыз қойылымы.

5.30. 5 жылға үзіліссіз қойылыммен қарыз беріліп отыр. Осы қойылымның шамасын анықтаңыздар, егер келісімнің табыстылығы несие беруші үшін 38% жылдық тиімді пайыз қойылымы түрінде қалыптасып отыратын болса, ізделінді үзіліссіз қойылымының шамасы қарыз мерзіміне тәуелді ме?

5.31. Кәсіпкер тоқсан сайын жылына 36% күрделі пайыз қойылы-мынегізінде

немесе жылына қарқындылығы 34% үзіліссіз пайыздар негізінде қарыз ала алады. Кәсіпкер үшін қай нұсқа жағымды?



5.32. Салымшы банктің депозитіне салатын (орналастыратын) соманы 6 жылдың ішінде 2,5 есе өсіргісі келеді. Орналастыратын соманы 4 есе өсіру үшін өсірудің екпінділігі қандай болу керек?

5.33. Қайсысы ыңғайлы екенін анықтаңыздар: 3 жылдан кейін 20 мың тг немесе 7,5 жылдан кейін 68 мың тг алған дұрыс па, егер ақшаны жылына 28% үзіліссіз қойылыммен депозитке орналастыру мүмкін болса?

5.34. Қандай үзіліссіз қойылыммен ақшаны депозитке салуға болады, егер қазіргі 10 мың тг 4 жылдан кейін 30 мың теңгеге эквивалентті болса? Жарты жыл сайын пайыздарды қосатын қандай күрделі пайыздық қойылым бұл мәселені шешеді.

5.35. Банкіге белгілі бір капитал 30% үзіліссіз қойылыммен орналас-тырылған. 2 жыл 3 айдан кейін шот жабылып, 189,755 мың тг алынды. Бір жарым жылдан кейінгі алынған өсірінді соманың шамасын анықтаңыз?

5.36. Салушы банкіге 8 мың теңгені 26% өсіру екпінділігімен үзіліссіз пайыздардың қосылу шартымен салып отыр. Бір жарым жылдан кейін салушы өз шотынан 5 мың теңгені алады, ал осыдан кейін 2 жылдан соң 7 мың теңгені салады. Тағы да 2 жыл 6 айдан кейін белгілі бір ақша сомасын салып, бір жыл өткен соң оның шотында қаражат 60 мың теңгені құрады. Салушының соңғы рет салған сомасын анықтаңыз?

5.37. 10 жылдан кейін міндеттеме бойынша 10000000 тг сомасы төленеді.

Міндеттеменің ағымдағы құнын анықтаңыз, егер жылына 10% күрделі пайыз

қойылымы қолданылатын болса?

6. ТӨЛЕМДЕР АҒЫМЫНЫҢ ӨСІРІЛГЕН СОМАСЫ…………..……..



6.9-6.30-есептерді шешіңіздер.

6.9. 20 жыл ішінде белгілі бір қорға жыл сайын постнумерандты 10000 тг салынады да, оған тоқсан сайын 10% күрделі жылдық пайыз есептеледі. Мерзімнің аяғындағы өскен соманы анықтаңыздар.

6.10. Салымшы әр айдың соңында банкке 3000 теңгеден салып отырады. Ай

сайын күрделі пайыздардың 12% номиналды жылдық қойылымы бойынша пайыз есептеледі. 2 жылдан кейін салымшы шотындағы өсірінді соманы анықтаңыздар.



6.11. Салымшы 2 жыл ішінде 30000 тенге жинау мақсатында банкке ай сайын

күрделі номиналдық жылдық 12% қойылым бойынша теңдей салым салып отырады. Егер пайыз ай сайын есептелетін болса, ай сайынғы салым сомасын

анықтаңыздар.

6.12. Жалдық төлемнің берілген екі нұсқасының ішінен біреуін таңдау арқылы сізге өз учаскеңізді жалға беруді ұсынады; а) әр жылдың аяғында 15 мың тг. ə) 5 жылдық кезеңнің аяғында 130 мың тг. Нұсқалардың қайсысы сізге тиімді, егер банк салыным бойынша 24% жылдық пайыз ұсынса? Екі нұсқаның іс жүзінде эквиваленттігіне жақын болу үшін қандай төлемдер әр жылдың аяғында жүргізілуі керек?

6.13. Кәсіпкер бір жобаны инвестицияландырудың нәтижесінде 4 жыл бойы әр жарты жылдың аяғында 12 мың тг алып отырады. Егер ақшаны банкке 24%күрделі жылдық пайыздық қойылыммен а) жыл сайын, ə) жарты жыл сайын, б) тоқсан сайын салуға болса, кәсіпкердің 4 жылдан кейін мүмкін болатын сомасын анықтаңыздар.

6.14. Мына нұсқа бойынша: а) постнумерандо, ə) пренумерандо, 6 жыл бойы

әр жарты жылда банкке 10 мың тг салынады. Банк әр жарты жыл сайын 20%

күрделі жылдық пайызды қосады. Мерзімнің аяғында шотта қандай сома болады?

6.15. Постнумерандо аннуитетінің нұсқасы бойынша ақша құралдарын жинақтаудың екі варианты талданады: а) егер банк 18% күрделі жылдық пайыздарды әр жарты жыл сайын қосатын болса, онда депозитке әр жарты жыл сайын 30 мың тг салынады; ə) егер әр жыл сайын 19% күрделі жылдық пайыздарды қосатын болса, депозитке жыл сайын 63 мың тг көлемінде салым

салынады. Әр варианттың іске асқанынан шотта 10 жылдан кейін қандай сома болады? Қандай вариант неғұрлым тиімді? Егер екінші вариантта пайыздық қойылым 18,5% -ға дейін төмендетілсе, сіздің шешіміңіз өзгере ме?



6.16. Қор құру үшін фирма банкіге жыл сайын 32% номиналды пайыздық қойылыммен 24 мың тг салады. 8 жылдан кейін қорда жинақталатын соманы

анықтаңыздар, егер: а) салымдар жылдың аяғында салынып, күрделі пайыздар жарты жыл сайын қосылса; ə) салымдар әр айдың аяғында бірдей үлеспен салынып (яғни 2 мың теңгеден), күрделі пайыздар жарты жыл сайын қосылса;

в) салымдар әр тоқсанның аяғында бірдей үлеспен салынып (яғни 6 мың теңгеден), үзіліссіз пайыздар қосылса.

6.17. 20 жыл бойы жылына 1000 тенге табыс алып келетін құнды қағазды 5500 теңгеге сатып алу керек пе, егер банк 18% күрделі жылдық пайызды ұсынса?

6.18. Банк постнумерандо рентасын 10 жылға әр тоқсан сайын 4 мың теңгеден төлеуді ұсынады. Жылдық пайыздық қойылым бүкіл кезең бойы тұрақты болып, күрделі пайыздар тоқсан сайын қосылады. Осы рентаны қандай бағаға сатып алуға болады, егер төлемдер былай іске асса: а) сол мезетте; ə) 4 жылдан кейін; б) 5,5 жылдан кейін, күрделі пайыздық қойылым жылына 32% -ға тең болатын болса?

6.19. Клиент өз шотында 80 мың теңгені жинақтамақшы, ол үшін клиент банкке әр жылдың аяғында жылына 30% күрделі пайыздық қойылыммен теңдей салымдар салып отырады. Талап етілетін сомасын жинақтау үшін клиенттің әр салымы қандай шамада: а) 5 жылда; ə) 10 жылда болу керек?

6.20. Кәсіпкер қондырғы сатып алу мақсатында әр тоқсанның аяғында банкіге жылына 28% номиналды пайыздық қойылыммен теңдей салымдар салып отырады, күрделі пайыздар жарты жыл сайын қосылады. Кәсіпкер 250 мың тг жинақтау үшін әр салымның шамасы қандай болу керек: а) 3 жыл; ə) 8 жыл және тек қана күрделі пайыздар нұсқасын қолдану керек?

6.21. 8 жыл бойы әр жарты жылдың басында банкке салынатын 15 мың теңгеге жылына 20% күрделі пайыз тоқсан сайын қосылады. Мерзімнің аяғында шотта қандай сома болады?

6.22. Жыл сайын жылдың басында банкке кезекті 14 мың теңге салынады. Банк 36% жылдық номиналды пайыздық қойылым белгілейді. 6 жыл өткеннен

кейін шотта қандай сома болады, егер күрделі пайыздардың қосылуы мына нұсқа бойынша жүзеге асырылса: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын; б) ай сайын?



6.23. Тоқсан сайын 10 мың теңге көлемінде банкке салынатын салымдарға банк пренумерандо нұсқасымен жылына 24% номиналды пайыз қойылымы бойынша күрделі пайыздар қосады: а) жылына бір рет: ə) жарты жылда бір рет. 3 жылдан кейін шотта қандай сома болады?

6.24. 300 мың теңгені 5 жылға бөлшектеп қайтару (жыл сайын 60 мың теңгеден) шартымен инвестицияландыру ұсынылады. 5 жыл өткеннен кейін тағы да қосымша 120 мың тг көлемінде сыйақы төленеді. Бұл ұсынысты қабылдау керек пе, егер ақшаны жылына 20% (күрделі) қойылыммен банк депозитіне салу мүмкін болатын болса?

6.25. Клиент әр жылдың аяғында шоттан 5,5 мың теңгені алу мақсатында банкке 20 мың тг салды. Клиент қанша уақыт бойы өз шотынан ақшаны ала алады, егер банк жылына 24% күрделі пайыздарды қосатын болса: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын; б) үзіліссіз?

6.26. 10 жыл бойы әр жылдың аяғында шоттан 7 мың теңгені алып отыру мүмкіндігіне ие болып және шотты толығымен босату үшін қандай соманы банкіге жылына 32% номиналдық пайыз қойылымымен салу керек, егер банк

мынандай күрделі пайыздарды қосатын болса: а) жыл сайын; ə) жарты жыл сайын; б) үзіліссіз?



6.27. 9 жыл бойы жыл сайын 12 мың теңгені 2 ай сайын бірдей үлеспен алып

отыру мүмкіндігіне ие болу және 9-шы жылдың аяғында шотты толығымен босату үшін қандай соманы жылына 24% номиналды пайыздық қойылыммен

банкіге салу керек, егер банк күрделі пайыздарды былай қосатын болса: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын; б) үзіліссіз?

6.28. Егер ауыл шаруашылығына арналған жер учаскесі рационалды пайдаланылатын болса, онда 190 мың тг көлемінде жыл сайын табыс (барлық

шығындарды алып тастағанда) алып отыруға болады. Бірақ учаскеде мұнайдың шығу көздері табылып, келесі жылдан бастап 3 жылдың ішіндегі өңдеуі сәйкесінше 300, 700 және 500 мың тг көлемінде пайда алып келуі мүмкін. Жұмыстарды ұйымдастыру үшін осы жылдың өзінде-ақ 150 мың тг көлемінде капиталдық салымдар керек. Мұнайды _______шығарып алғаннан кейін учаске 40 мың теңгеге бағаланып, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамай қалады. Жылына 20% күрделі пайыздық қойылымды қолдана отырып, бұл учаскені қалай пайдалану тиімді екенін анықтаңыздар.



6.29. Шектелмеген ұзақ мерзім бойы жыл сайын 80 мың теңгені 3 ай сайын бірдей үлеспен алып отыру үшін (яғни 20 мың теңгеден), банкіге қандай соманы жылына 32% номиналдық пайыз қойылымымен салу керек, егер банк күрделі пайызды қосатын болса: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын; б) үзіліссіз?

6.30. Сіздің екі жобаның біреуіне бірдей соманы инвестицияландыру мүмкіндігіңіз бар. Бірінші жоба жыл сайын 15 мың тг төлейтін мерзімсіз постнумерандо рентасын алуға мүмкіндік береді. Екінші жоба 2 жылдың ішінде сәйкесінше 30 және 80 мың тг алып келеді. Осы жобалардың ішінен қандай жоба тиімдірек, егер пайыздық қойылым жылына 24%? Жауабы кері қарай өзгеру үшін пайыздық қойылымды ауыстыруға бола ма?

(келтірінді) коэффициентінің мәні сәйкес келетін нақты мәнге ауыстыра отырып қайта қолданамыз

7.РЕНТАНЫҢ ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАҒЫ ҚҰНЫ …………..….………..

7.9-7.31-есептерді шешіңіздер.

7.9. Салушы банкке баласы 5 жыл оқу мерзім ішінде әр жылдың аяғында 30000 тг алып тұруы үшін және оқу соңында барлық салымды жұмсауы үшін

белгілі бір соманы салу ниетінде. Жылдық қойылымы 12% күрделі пайыздар

есептелгендегі салым сомасын анықтаңыздар.

7.10. Қарыз алушы әр айдың соңында теңдей жедел төлем жасау арқылы өтеу

шартымен 5 айға 6 млн тенге несие алды. Қарыз шамасына айлық қойылымы

12% күрделі пайыз есептеледі. Жедел төлем сомасын анықтаңыздар.

7.11. Есеп шотқа 20 жыл бойы әр жылдың соңында 10000 тг келіп түседі. Әр

жылдық дисконттау 10% күрделі қойылымы бойынша жүргізіледі. Рентаның

қазіргі уақыттағы құнын анықтаңыздар.

7.12. Пренумеранд аннуитетінің үлгісі бойынша ақша жинақтаудың екі амалы қарастырылып отыр: а) әр тоқсан сайын 15 мың тг көлеміндегі соманы депозитке салу, мұнда банк әр тоқсан сайын жылдық 20% қойылымды күрделі пайыздар есептейді; ə) жылына 52 мың тг көлемінде салым салу, мұнда оларға жыл сайын жылдық 22% қойылымды күрделі пайыздар есептелінеді. Әр жоспар жүзеге асырылғанда 8 жыл өткен соң шотта қандай сома болады? Қандай жоспар тиімдірек? Екінші жоспарда пайыз қойылымы 23% өссе сіздің қалауыңыз өзгере ме?

7.13. Сақтандыру компаниясы кәсіпорынмен 3 жылға шарт жасасты, мұнда жылдық сақтандыру салымы 6 мың теңге құрайды деп белгіленді. Сақтандыру

салымдары жылдық 25% күрделі пайыз қойылымы бойынша банкке салынады.

Осы шарт бойынша сақтандыру компаниясы қандай соманы алатындығын анықтаңыздар, егер салымдар: а) әр жылдың соңында; ə) әр жарты жыл соңында 3 мың тг көлемінде бірдей бөліктермен; б) бірдей бөлшектермен әр тоқсан соңында 1,5 мың тг көлемінде түсетін болса. Күрделі пайыздар мен аралас схеманы қолданылуын да есепке алуға болады.

7.14. Сақтандыру компаниясы белгілі бір фирмамен 4 жылға келісім жасасты.

Ол фирмадан әр тоқсанның соңында 15 мың тг көлемінде сақтандыру салымдарын алады. Осы салымдарды жылдық номиналды пайыз қойылымы 36% бойынша банкке орналастырады. Осы келісім бойынша сақтандыру компаниясының келтірінді сомасының құнын анықтаңыздар, егер күрделі пайыздар есептелсе: а) әр тоқсан сайын; ə) әр ай сайын; б) үздіксіз.



7.15. Кәсіпорын 5 жыл мерзімінде 800 мың тг көлемінде даму қорын құруды

көздейді. Осы мақсат үшін кәсіпорын әр жылда қандай соманы бөлу керек.

Шарт бойынша банкке әр жылдың соңында салынған ақшаға күрделі пайыз

қойылымы 24% есептеледі: а) әр жыл сайын; ə) әр ай сайын.



7.16. Клиент 6 жыл ішінде банкке әр жылда 12 мың тг көлемінде салымдар салады. Күрделі пайыз қойылымы жылына 24%. Мерзімнің соңында жинақталған соманың мөлшерін анықтаңыздар, егер тек күрделі пайыз схемасы қолданылса және: а) салымдар жылдың басында жасалса; ə) салымдар бірдей бөліктермен әр тоқсан басында жасалса; б) салымдар бірдей бөліктермен әр ай басында жасалса.

7.17. 5 жыл ішінде 200 мың тг көлемінде қор құру үшін фирма жылдық номаналды пайыз қойылымы 36% бойынша банкке әр жыл сайын теңдей салымдар салады. Фирма әр жылда қандай салымдар жасау керектігін анықтаңыздар, егер: а) салымдар жылдың аяғында жасалса, ал пайыздар ай сайын есептелсе; ə) салымдар бірдей бөліктермен әр жарты жылдың аяғында жасалса, ал күрделі пайыздар тоқсан сайын есептелсе; б) салымдар бірдей бөліктермен әр тоқсан соңында жасалса және пайыздар үздіксіз есептелсе.

7.18. Кәсіпкер 6 жылға 500 мың тг көлемінде қарыз алды және де 15%

қойылымы бойынша жыл сайын пайыз төлеуі керек. Кәсіпкер қарыз алуымен

бірге қарызды өтеу мерзіміне дейін 500 мың тг жинау үшін сақтандыру қорын

ашады да, әр жылдың аяғында оған бірдей салым-дар салады. Кәсіпкердің жиынтық жылдық шығынын анықтаңыз, егер қордағы ақшаға жылдық 20% бойынша әр тоқсан сайын номиналды пайыз мөлшерлемесі бойынша күрделі

пайыздар есептелсе.

7.19. Белгісіз фирма мұнайы бар жерді сатып алады. Мамандардың айтуы бойынша, 15 жыл ішінде бұл жер жыл сайын 600 мың тг табыс әкеледі де, соңында мұнай қоры бітеді. Фирма жыл сайын салынған сомаға 24% мөлшерлемесі бойынша пайыз алғысы келеді. Осы уақытта фирма мұнайы бар жер үшін төлеген ақша сомасын 15 жылдың аяғына дейін жинау үшін сақтандыру қорын құрады да, оған әр жылдың соңында бірдей салымдар аударады. Қорға салынған ақшаға жылдық 20% мөлшерлемесі бойынша күрделі пайыздар есептеледі. Фирма қандай сомаға жерді сатып алады?

7.20. Белгілі бір фирма 400 мың тг көлемінде қор құрғысы келеді. Осы мақсатпен фирма банкке жылдық 32%-бен 80 мың тг-ні әр жылдың соңында салуды көздейді. Қорды құруға қажетті уақытты анықтаңыздар, егер банк күрделі пайыздар есептесе: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын; б) үздіксіз.

7.21. N мырза өз шотында 180 мың тг жинақтау мақсатымен жылдық 26% номаналдық пайыз мөлшерлемесі бойынша банке әр тоқсан басында 6 мың тг

салады. Осыған қажетті уақытты анықтау керек, егер банк үздіксіз пайыздар есептесе.



7.22. Жұмысшы кәсіпорынмен келісім-шартқа отырады. Бұл келісім-шарт бойынша, кәсіпорын жұмысшының зейнетке шығуына дейін (60 жаста) 15 жыл мерзімінде әр жылдың аяғында банкке бірдей сомаларды аударуды міндетіне алады. Бұл сома жұмысшы зейнетке шыққанда 10 жыл бойы әр жылдың соңында 5 мың тг көлемінде қосымша ақша алып тұруын қамтамасыз етеді. Егер жұмысшы 45 жасқа келсе, сонда кәсіпкерлік жыл сайын қандай соманы аудару керек. Банк 22% жылдық пайыз қойылымын есептеуге кепілдік береді.

7.23. Кәсіпкер банкте шот ашып, соған белгілі соманы салады. Осы сомадан әр жылдың аяғында оның баласы 3600 тг көлемінде ақша алып тұруы керек. Ол – бірінші курс студенті. 5 жылдық оқу мерзімінің соңында осы салымды бітіреді. Осы сома қандай мөлшерде болуы керек, егер банк жылдық 30% қойылым бойынша күрделі пайыздар есептесе.

7.24. Жер 20 жылға жалға берілді. Жылдық төлем сомасы (постнумеранд схемасы) 30 мың тг құрайды, 10%-ға индексация жүргізіледі. Келісім жасаған кезеңдегі оның ағымдағы бағасын есептеңіз, егер банктің күрделі пайыз қойылымы 25%-ға тең болса.

7.25. 24 жастағы жігіттің 12 мың тг тұратын курсты оқып, одан да жоғары қызмет істеуіне мүмкіндік туды. Жаңа қызметтің жалақысы қанша болу керек, егер жігіттің жылдық жалақысы 21,6 мың тг құраса және жылына 16%-бен қайтарылым нормасын өзіне ыңғайлы деп санаса? Жаңа қызметте жас адам зейнетке шыққанша жұмыс істемекші, яғни 40 жыл. Егер осындай мүмкіндікті 54 жастағы адам ойластырса, жауабы қалай өзгереді?

7.26. N деген кісі зейнетке шыққанның алдында ұзақ мерзімге өзіне қосымша

пайда ретінде 6 мың тг сомасын қамтамасыз етпекші. Ол банкіге жылына күрделі 28% қосатын қандай соманы салу керек?



7.27. Жылына 1 мың тг төлейтін мерзімсіз аннуитет постнумерандосы бар. Бұл аннуитеттің келтірінді құнын мынандай жылдық пайыздық қойылымдармен анықтау керек: а) 5%; ə) 10%; б) 100%. Осындай төлемдер үшін постнумерандо аннуитетінің есептеу мәндері қалай өзгереді.

7.28. Жылына 4,2 мың теңге түсетін мерзімсіз постнумерандо аннуитетінің ағымдағы құнын анықтаңыздар, егер мемлекеттік банк ұсынатын шұғыл салымның пайызы 24%-ға тең болса, осымен қатар күрделі пайыздар жылына

екі рет қосылатын болса.



7.29. Белгіленбеген ұзақ мерзім бойы компания әр жылдың соңында бір акцияға 4 мың теңге дивиденд төлеуге кепілдік беріп отыр. Бұл компанияның

акциясын 18 мың теңгеге сатып алу керек пе, егер ақшаны жылына күрделі 21%-бен депозиттерге салса: а) жыл сайын; ə) тоқсан сайын.



7.30. Фермердің иелігіндегі жер учаскесін сатып алу ұсынылды. Ол осы жерде жылына 600 тонна картоп өсіреді. Бір кило картоптың бағасы жыл сайын бірдей және 0,3 долларға тең. Валюталық салымдар бойынша банктік пайыз біркелкі және 15% деңгейінде. Фермерге жерді қандай төменгі бағаға сатуға болмайды, егер картопты өсіруге, жинауға және сатуға кететін шығындар 60 мың долл құраса.

7.31. Фирма өз жұмысшыларына жыл сайын сыйақы төлеу үшін қор құрғысы

келді. Фирма көп уақыт бойы әр жылдың соңында 15 мың тг көлемінде алып

отыру үшін банк депозитіне қандай соманы салу керектігін анықтаңыздар, егер банк есептесе: а) 30% қойылым бойынша жыл сайын күрделі пайыздар; ə) 30% қойылым бойынша әр жарты жыл сайын күрделі пайыздар; б) өсу қарқыны 30% үздіксіз пайыздар.

8.ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ ЖƏНЕ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ



ТАБЫСТЫЛЫҒЫ …………………………………...……….…...

8.9-8.19-есептерді шешіңіздер.

8.9. Банктен 24% күрделі жылдық пайыздар схемасы бойынша бес жылға 600 мың теңге сомасы қарызға алынды. Әр жылдың аяғында тең сомалармен қайтарылуы керек. Жылдық төлемнің көлемін анықтау және қарызды өтеу жоспарын құру талап етіледі.

8.10. Сіз жабылмаған қалдыққа төленетін 30% күрделі пайыздар схемасы бойынша жеті жылға 36 мың теңге қарыз алдыңыз. Әр жылдың аяғында тең сомалармен қайтарылуы керек. Бірінші екі жылда несиенің қандай негізгі сомасының бөлігі төленетіндігін анықтаңыздар.

8.11. Несие беруші жабылмаған қалдыққа төленетін 25% күрделі жылдық пайыздар схемасы бойынша 120 мың теңге қарыз берді. Қаржылық келісім бойынша борышкер әр айдың аяғында қарызды тең сомалармен 20 мың теңге көлемінде төлейді. Қарызды төлеу жоспарын құрыңыз.

8.12. Шаруа иесі дүкеннен несиеге 300 мың теңгеге трактор алды. Келісім-шарт бойынша қарызды әр айдың аяғында тең сомалармен қайтару керек, сондай-ақ жабылмаған қалдыққа төленетін күрделі пайыздар әр айда 24% номиналды жылдық пайыз қойылымы бойынша есептелінеді. Қандай бағамен банк келісім-шартты сатып алуы мүмкін, егер ол жинақталған ақшаны әр айда күрделі пайыздармен 36% номиналды жылдық пайыз қойылымы бойынша есептесе?

8.13. Банктен жабылмаған қалдыққа төленетін күрделі пайыздар шарты бойынша жеті жылға 600 мың теңге сома қарыз алынды. Әр жылдың аяғында тең сомалармен қайтарылуы қажет, сондай-ақ пайыздық қойылымның өзгеруіне байланысты жылдық төлемнің көлемі де өзгереді. Егер бірінші үш жылдағы пайыздық қойылым - 20%, ал келесі екі жылда - 25% және соңғы екі жылда - 30% болған жағдайдағы қарызды өтеу жоспарын құрыңыз.

8.14. Кәсіпкер жабылмаған қалдыққа төленетін 20% күрделі пайыздар схемасы бойынша алты жылға 45 мың теңге қарыз алды. Төртінші жылда кәсіпкер төлейтін пайыздың көлемін анықтаңыз.

8.15. Сіз жабылмаған қалдыққа төленетін 24% күрделі пайыздар схемасы бойынша бес жылға 80 мың теңге қарыз алдыңыз. Әр жылдың аяғында тең сомалармен қайтару керек. Төленетін пайыздардың жалпы сомасын анықтаңыз.

8.16. Кәсіпорын 840 мың теңгеге келесі шарттар бойынша ғимарат алды: а) 25% құны бірден төленеді; б) қалған қарыздың төленбеген бөлігі жабылмаған несиенің бөлігі бойынша 22% күрделі жылдық пайыздар схемасымен 10 жыл ішінде төленіп отырады. Жылдық төлемнің көлемін анықтаңыз.

8.17. Кәсіпкер жабылмаған қалдыққа төленетін 25% күрделі пайыздар схемасы бойынша 400 мың теңге қарыз алды. Қаржылық келісім-шарт бойынша кәсіпкер әр жылдың аяғында 150 мың теңге қарызды тең сомалармен қайтарады. Қарызды төлеу жоспарын құрыңыз.

8.18. Кәсіпкер 240 мың теңге тұратын құрал-жабдық алғысы келеді. Қарызды бір жылдың ішінде әр тоқсанның аяғында тең сомалармен қайтаруға болады, сондай-ақ жабылмаған қалдыққа төленетін 20% күрделі жылдық пайыздар бойынша есептелінеді. Қарызды төлеу жоспарын құрыңыз және тоқсандық төлемнің көлемін анықтаңыз.

8.19. Жабылмаған қалдыққа төленетін 24% күрделі жылдық пайыздар схемасы бойынша 80 мың теңге сомасында несие берілді. Қарызды бір жыл ішінде әр ай сайын тең сомалармен қайтару қажет. Әр төлемнің көлемін анықтаңыз, егер ол: а) әр айдың аяғында; б) әр айдың басында болса.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет