1 Аумағында ақша қаражатының аударымы төленетін шет елдердің тізбесі



Дата03.07.2016
өлшемі42.4 Kb.
#175834


Шет елдерде банк шотын ашпастан жеке тұлғалардың тапсырмалары бойынша ақша аударуды жүзеге асыратын кредиттік ұйымдарға ақша қаражатын аудару бойынша қызмет көрсету нарығының айқындылығын қамтамасыз етуге және тұтынушыларды қорғауға қатысты берілетін

ұсынымдар

Осы Ұсынымдар халықаралық ұйымдар әзірлеген, озық халықаралық практикаға сәйкес келетін қағидаттарға негізделген, осы практиканы негізге алу ақша қаражатын аудару бойынша қызметтің қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік жасайды.

Ұсынымдар тиісті мемлекеттің заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттердің аумағында банк шотын ашпастан жеке тұлғалардың тапсырмалары бойынша ақша аударуды жүзеге асыру кезінде қолданылады.

Банк шотын ашпастан жеке тұлғалардың тапсырмалары бойынша шет елдерге ақша аударуды жүзеге асыру кезінде кредиттік ұйымдарға мынадай ақпаратты жеке тұлға клиенттерге жеткізуді ұсынады.

1. Ақша қаражатын аудару бойынша қызмет көрсетуге байланысты ақпаратқа мыналар кіреді:

1.1. Ақша қаражатын аудару үшін жеке тұлғаларға ұсынылатын құжаттардың (мәліметтердің) тізбесі.

1.2. Аумағында ақша қаражатының аударымы төленетін шет елдердің тізбесі.

1.3. Жіберілетін (алынатын) ақша қаражаты аударымдарының сомалары және оларды алу уақыты туралы, комиссиялық сыйақының мөлшері туралы, ақша аударуды жүзеге асыратын жүйелердің тізбесі туралы, ақша қаражатының аударымын алушыға оның ақша қаражатының аударымын алуы үшін құпия түрде хабарланатын мәліметтер туралы, ілеспе қызмет көрсетудің талаптары туралы мәліметтер:

1.3.1. Егер тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделген, шетел елдерге ақша қаражатын аудару сомасы бойынша шектеулер ескеріле отырып, ақша қаражаты аударымының ең төменгі және ең жоғары сомалары белгіленсе, осындай сомалардың мөлшері туралы.

1.3.2. Алушы орналасқан елде ақша қаражатының аударымын алушыға бір күн ішінде төленуі мүмкін ақша қаражаты аударымының ең жоғары сомасының мөлшері туралы (осындай ақпарат болған кезде).

1.3.3. Ақша қаражаты аударымының жіберушісі енгізетін  ақша қаражаты аударымын жіберу валютасындағы сома туралы.

1.3.4. Ақша қаражаты аударымының алушысына төленуі тиісті ақша қаражаты аударымын алу валютасындағы сома туралы (осындай ақпаратты беру мүмкіндігі болған кезде).

1.3.5. Жіберуші (аударымды алушы - осындай ақпаратты беру мүмкіндігі болған кезде) төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері туралы, сондай-ақ, комиссиялық сыйақының белгіленген мөлшерінің қолданыс мерзімдері туралы (оны пайдаланудың шектеулі мерзімі болған кезде)

1.3.6. Алушы мерзімі аяқталған соң қолма-қол ақшаны ала алатын ақша қаражатын аудару жөніндегі қызмет көрсетулердің анағұрлым ықтимал мерзімі туралы.

1.3.7.  Ақша қаражатын алушы орналасқан елде ақша қаражатын аударуды жүзеге асыратын төлем жүйелерінің тізбесі туралы.

1.3.8.  Аударымды жіберуші алушыға оның ақша қаражаты аударымын алуы үшін құпия хабарлайтын мәліметтердің тізбесі туралы.

1.3.9.  Егер осындай қызметтер көрсетілсе, ілеспе қызметтерді беру шарттары туралы (ақша қаражатын алушыны оның атына ақша қаражаты аударымының келіп түсуі туралы хабардар ету).

1.4. Орындалмаған ақша қаражаты аударымының сомасын қайтару талаптары, ақша қаражаты аударымын уақтылы төлемеу, ақша қаражатын аударуға тапсырманы кері қайтару (күшін жою), қосымша алымдарды алу, зияндардың орнын толтыру және қызметтерді уақыты көрсетпеген, қызметтерді көрсетпеген немесе қызметтерді ішінара көрсеткен жағдайда дауларды шешу туралы мәліметтер:

1.4.1. Ақша қаражатын аудару қағидаларын, стандарттарын және тарифтерді (бұдан әрі – ақша аударымы жөніндегі құжаттар) қоса алғанда, жеке тұлғалардың тапсырмасы бойынша банк шотын ашпастан ақша аударымын жүзеге асыратын кредиттік ұйымдардың қызметін реттейтін құжаттарда белгіленген жағдайда алушыға төленбеген ақша аударымының сомасын қайтару талаптары туралы.

1.4.2. Ақша аударымын алатын елдің заңнамасына сәйкес ақша аударымын төлеуді кешіктіруге негіз болатын талаптар (осындай мәліметтер болған жағдайда).

1.4.3. Ақша аударымы жөніндегі құжаттарға сәйкес клиентке ақша аударымы сомасына қосымша қызметтер уақтылы көрсетілмеген, қызметтер көрсетілмеген және жартылай көрсетілген жағдайда клиент ұшыраған шығындарды өтеу ретінде төленетін соманың ең жоғары мөлшері туралы.

1.4.4. Егер осындай талаптар ақша аударымы жөніндегі құжаттарда көзделген болса, жөнелтуші ақша аударымы жөніндегі қызметтерге ақы төлегеннен кейін ақша аударымына тапсырманы қайтарып алудың (жоюдың) немесе ақша аударымына тапсырманың деректемелерін өзгерту талаптары туралы.

1.4.5. Клиенттің ақша жіберушіге (алушыға) қызмет көрсету орнында көрсетілген (көрсетілмеген) қызмет бойынша шағым-талап беру тәртібі туралы, сондай-ақ клиентке даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге мүмкіндікті қамтамасыз ететін оны қарау және реттеу тәртібі туралы.

1.4.6. Ықтимал тәуекелдер, оның ішінде ықтимал алаяқтық іс-әрекеттер және ақша аударымдарын жүргізу кезінде оларды алдын-алу шаралары туралы мәліметтер.

1.5. Ақша қаражатын аудару бойынша қызметтерді көрсетумен байланысты өзге де мәліметтер.

2. Ақша қаражатын аудару бойынша қызметті көрсетумен байланысты ақпарат қолжетімді танысу нысанында, оның ішінде клиенттерге қызмет көрсету орындарында оларды орналастыру арқылы (кредиттік ұйымдардың жекелеген және ішкі құрылымдық бөлімшелерінде немесе олардың банктік төлем агенттерінде, банкоматтарда және төлем терминалдарында), жөнелтуші елдің тілінде ақпараттық стендтерде және (немесе) ақша қаражаты аударымдарының барынша талап етілетін бағыттарына жататын елдердің шет тілдерінде (осындай мүмкіндік болған кезде), буклеттер түрінде, ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарында (электрондықты қоса алғанда) немесе кредиттік ұйымның ресми сайтында орналастыру арқылы клиентке жеткізіледі.

Ақша қаражатын аудару бойынша қызметті көрсетумен байланысты клиенттің ақпаратпен танысқанын және ұсынылған талаптармен операцияны жүзеге асыруға келісімін растау үшін клиент бұны білдіретін іс-әрекетті жасайтынын көздеу ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет