72.19 Жаратылыстану мен техникалық ғылымдар саласындағы өзге де ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер
72.19.1 Автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностика саласындағы ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер
Бұл ішкі класқа:
- автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностика саласындағы теориялық және экперименттік зерттеулер
- автомобиль жолдары мен көпір құрылыстары үшін жаңа материалдарды, технологияларды және конструкцияларды зерттеу және әзірлемелер
- автомобиль жолдары мен көпір құрылыстарын жобалау, салу, жөндеу, ұстау және диагностика саласында әзірлемелер мен инновацияны енгізуді ғылыми-техникалық сүйемелдеу кіреді
72.19.2 Геологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибе-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
Бұл ішкі класқа:
- республикалық геологиялық қорда сақталатын тарихи зерттеу есептері мен ғылыми жұмыстарды талдау
- іздестіру және/немесе іздестіру-бағалау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу
- ұңғымаларды, тау-кен өнімдерін конструкциялау
- геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытындылайтын есепті, кондициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, қорларды есептеумен есепті құрастыру
- пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу мен барлау әдістерін жетілдіру және жаңғырту
- геологиялық барлау жұмыстары техникасын мен технологиясын жетілдіру және жаңғырту
- кен орындарын игеру кезінде негізгі және басқа да пайдалы компоненттерін тереңнен шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды және материалдарды әзірлеу мен енгізу кіреді
72.19.3 Ғарыш қызметі саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер
Бұл ішкі класқа:
- галактикалардың, жұлдыздардың, жұлдызаралық ортаның, Күннің, күн жүйесі планеталарының және геостационарлық объектілердің белсенді ядроларын зерттеу
- есептеу астрофизикасы әдістерімен жұлдыздар динамикасын зерделеу
- космология және ядролық астрофизика саласындағы зерттеулер
- күн-жер физикасы саласындағы зерттеулер
- ғарыштық геодезия және картография әдістері негізінде пайдалы қазбалар кен орындарын болжау технологиясын құру
- аэроғарыштық қашықтықтан зондтау негізінде атмосфера мен жер бетін зерттеу әдістері мен технологияларын әзірлеу және қолдану
- аэроғарыштық мақсаттағы материалдарды, аспаптар мен аппараттарды жасау технологиясын әзірлеу және қолдану
- спутниктік байланыс және навигациялар жүйелерінің аппаратты-бағдарламалық әдістері мен технологияларын әзірлеу
- Қазақстан аумағын жерүсті-ғарыштық геодинамикалық зерттеулер кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |