66.12 Бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
66.12.1 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты брокерлік және дилерлік қызмет
Бұл ішкі класқа Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметті кіреді.
66.12.2 Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін, зейнетақы активтерін басқаруға байланысты бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметін қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
Бұл ішкі класқа:
- басқа адамдардың тапсырмасы бойынша қаржы нарықтарында операцияларды жүзеге асыру (мысалы, қор биржасындағы брокерлік операциялар) және осыған байланысты қызмет
- бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
- тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызмет
- валютаны айырбастау пункттерінің қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- нарықтарда өз есебінен операцияларды жүзеге асыру, (64.99.2 қараңыз)
- сыйақыға немесе келісім-шарт негізінде активтер портфелдерін басқару кірмейді, (66.30.2 қараңыз)
66.19 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызмет саласындағы өзге де қосалқы қызмет
66.19.0 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызмет саласындағы өзге де қосалқы қызмет
Бұл ішкі класқа басқа топтамаларға енгізілмеген, қаржылық делдалдыққа қатысы бойынша қосалқы болып табылатын қызмет:
- кредит картасымен жүргізілетін операцияларды қоса, мәміле және есеп айырысуды өңдеу бойынша қызмет
- инвестициялау саласындағы консультациялық қызметтер
- ипотекалық операциялар бойынша брокерлер мен консультанттар қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- бағалы заттарды сыйақыға немесе шарт негізінде сенім білдірушілердің, қамқоршылардың және сақтаушылардың көрсетілетін қызметтері кіреді
Бұл ішкі класқа:
- сақтандыру агенттерінің немесе брокерлердің қызметі, (66.22.0 қараңыз)
- қорларды басқару бойынша қызмет кірмейді, (66.30 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |