Тақырып 13. Бағалы қағаздар нарығы
Дәріс мақсаты: студенттердің бағалы қағаздар нарығының негіздерін, бағалы қағаздардың мәнін, қор нарығына қатысушылардың қызметін және тағы басқаларын үйрену.
Мұндай мақсаттарға жету үшін осы пәнді оқу барысында келесі міндеттер қойылған:
бағалы қағаз түсінігін және оның түрлерін ашу;
қор нарығында бағалы қағаз айналымының ұйымдастырылуын оқу;
қор нарығына қатысушыларды және бағалы қағаздар нарығында олардың қызметтерін қарастыру;
бағалы қағаз дамуының мәселелері мен оларды шешу жолдарын анықтау.
Қысқаша мазмұны мен негізгі сұрақтары:
1. Бағалы қағазды реттеу түсінігі және мақсаттары.
2. Бағалы қағаз нарығын реттеу қағидалары.
3. Бағалы қағаз нарығының өзін - өзі реттеуші ұйымдары.
1. Бағалы қағаз реттеу түсінігі және мақсаттары.
Бағалы қағаз нарығын реттеу дегеніміз - бағалы қағаз нарығындағы қатысушылардың қызметі мен олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіру. Нарыққа қатысты реттеу ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі реттеу дегеніміз - бұл ұйымның өзінің нормативтік құжаттарынан ережелері мен сол ұйымның қызметін анықталатынын басқадай ішкі нормаларына бағынуы.
Сыртқы реттеу дегеніміз - белгілі ұйым қызметінің, мемлекеттің басқа ұйымдық нормативтік құжаттарына халықаралық келісімге бағынуы.
Бағалы қағаз нарығын реттеуді реттеу қызметін атқару жүктелген ұйым жүзеге асырылады. Осы тұрғысынан реттеу төмендегі топтарға бөлінеді:
1. нарықты мемлекеттік реттеу.
2. бағалы қағаз нарығына қатысушы кәсіпқойлар жағынан реттеу және нарықтық өзін-өзі реттеуі. Бұл процесс екі жақты дамиды. Бір жағынан мемлекет нарықты реттеу бойынша өз қызметтерінің бір бөлігін өкілетті немесе ол таңдаған ұйымға береді. Екінші жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысушы кәсіпқойлар өзара келіседі.
3. қоғамдық реттеу немесе қоғамдық пікір арқылы реттеу.
Бағалы қағаздар нарығын реттеу мақсаттары:
1. нарықтағы тәртіпті қолдау, нарыққа қатысушылар жұмысына қолайлы жағдай жасау.
2. нарыққа қатысушыларды жекеленген тұлғалар немесе ұйымдардың алдауынан қылмыскер ұйымдардан қорғау.
3. сұраныспен ұсыныс негізінде бағалы қағаздарға баға берудің еркін және ашық процесін қамтамасыз ету.
4. кәсіпкерлік қызметті ынталандырып отыратын тиімді нарықты құру.
5. белгілі жағдайда жаңа нарық құру, қоғамдағы қажет нарық пен нарық құрылымдарды, жаңа бастамаларды қолдау.
6. қандай бір қоғамдық мақсатқа жету үшін нарыққа әсер ету.
Бағалы қағаз нарығын реттеу процесінің құрылымы:
1. нарықтың қызмететуінің нормативтік базасын жасау.
2. нарыққа қатысушы кәсіпқойларды таңдау.
3. нарыққа қайрылымдылық нарықтық қызмет ету нормалары мен ережелерін орындауын бақылау.
4. нарықта бекітілген нормалар мен ережелерден ауытқығаны үшін санкциялар жүйесін қолдану.
2. Бағалы қағаз нарығын реттеу қағидалары.
Бағалы қағаз нарығының реттеудің негізгі қағидалары:
1. бір жағынан эмитенттер мен инвесторлар арасындағы қатынасты реттеу, екінші жағынан нарыққа қатысушы кәсіпқойлар қатынасын реттеу әдістерін бөлу.
2. бағалы қағаздардың барлық түрлерінен инвестициялық яғни топтас шығарылып тез таралатын және нарық тез ұйымдастырылатындарын бөліп көрсету. Сондай қағиларды дұрыстап реттеу қажет. Өйткені, зиян келтірушілер ондай инструменттерімен нарыққа қатысушыларға залал шектіреді.
3. нарықтың барлық мүшелері туралы ақпаратты ашу процедурасын кеңірек пайдалану.
4. қызмет сапасын көтеру және құнын төмендету механизмі ретінде бәсекелестікті қамтамасыз ету.
5. реттеуші ұйымдар арасында билікті бөлген кезде шығармашылық нормамен қолдану нормасы бір адға берілмеуге тиіс.
6. нарық мәселелерін шешу жолдарын бұқаралық талқыға салу.
7. мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару ұйымдары арасындағы бағалы қағаз нарығын реттеу қызметерін оптималды түрде бөлу.
3. Бағалы қағаздардың өзін-өзі реттеуші ұйымдары.
Бағалы қағаз нарығының өзін - өзі реттеуші ұйымдар дегеніміз -мемлекеттік кепілдік негізінде нарығының белгілі аспект реттеу мақсаттарда бағалы қағаз нарығының кәсіби мүшелері құрған коммерциялық емес реттеуші ұйымдар. Өзін-өзі реттеуші ұйымдардың саны мен бағытын мемлекет бекітеді.
Өзін-өзі реттеу ұйымдардың құқықтары:
1. нарықтағы кәсіби қызмет пен операциялардың міндетті ережелері мен стандарттарын жасау.
2. кадрларды кәсіби дайындықтан өткізу және сол нарықтарына жұмыс істеуге қажет талаптарды анықтау.
3. нарық мүшелерінің бекітілген ережелері мен нормативтерін қадағалауын бақылау.
4. нарықты ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. мемлекеттік басқару ұйымдарында нарық мүшелерінің байланысын қамтамасыз ету және мүддесін қорғау.
Өзін-өзі реттеуші ұйымдар қызметін бағалы қағаз нарығын ұйымдастырушылар және кәсіби мүшелердің әр түрлі топтарының қоғамдық бірлестіктері атқарады.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
1. Бағалы қағаз нарығын реттеу.
2. Бағалы қағаз нарығының реттеудің негізгі қағидалары.
3. Бағалы қағаз нарығының өзін - өзі реттеуші ұйымдар.
4. Өзін-өзі реттеу ұйымдардың құқықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |