94.91 Діни ұйымдар қызметі
94.91.0 Діни ұйымдар қызметі
Бұл ішкі класқа:
- шіркеулерде, мешіттерде, храмдарда, синагогаларда немесе басқа да орындарда діндарларға тікелей қызметтерін ұсынатын діни ұйымдардың немесе жекелеген адамдардың қызметі
- ерлер мен әйелдер монастырларының, діни бауырластар және әпкелер қызметі
- діни тақуалық ұйымдар қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- діни жерлеу қызметтерін ұсыну бойынша қызмет кіреді
Бұл ішкі класқа:
- аталған ұйымдар ұсынатын білім, (85-білімді қараңыз)
- аталған ұйымдар жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы қызмет, (86- білімді қараңыз)
- осы ұйымдар жүзеге асыратын әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну кірмейді, (87, 88-білімдерді қараңыз)
94.92 Саяси ұйымдар қызметі
94.92.0 Саяси ұйымдар қызметі
Бұл ішкі класқа:
- саяси партиялар жанындағы жастар ұйымдары сияқты саяси ұйымдар және олардың қосалқы ұйымдарының қызметі кіреді. Аталған ұйымдар негізінен партия мүшелерін мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына ықпал етумен айналысады. Олардың қызметі ақпарат тарату бұқарамен байланыс, қаражат жинау және т.б. кіреді
94.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметі
94.99.0 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де қоғамдық ұйымдардың қызметі
Бұл ішкі класқа:
- білім беру, саяси ықпал жасау, қаражат жинау және т.б. арқылы қоғамдық міндеттер мен проблемаларды шешуге себепші болатын саяси партиялармен тікелей байланысты емес ұйымдардың: азаматтық бастамалар немесе наразылық қозғалыстары; қоршаған орта мен экологияны қорғау саласындағы қозғалыстар; басқа топтамаларға енгізілмеген қоғам дамуы мен білім беруді қолдауға шығатын ұйымдар; халықтың ерекше топтары, мысалы, этникалық топтар мен азшылықты қорғау және жағдайын жақсарту бойынша ұйымдар; соғыс ардагерлері бірлестіктерін қоса патриоттық мақсаттары бар ұйымдардың қызметі
-тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
- автомобилистер бірлестіктері
- іскер адамдар клубы, масон ложалары және т.б. сияқты әлеуметтік байланыс орнату мақсатында құрылатын бірлестіктер
- жастар мен балалар бірлестіктері, студенттік бірлестіктер, клубтар мен бауырластар және т.б.
- мәдени және ойын-сауық іс шараларын өткізу немесе бос уақытты ұйымдастыру мақсатында құрылатын бірлестіктер (спорт клубтары мен спорттық ойындар клубтарынан басқа), мысалы, поэзиялық, әдеби клубтар, кітап, тарих, бау-бақша, әуесқойлары клубтары, кино және фото әуесқойлары клубтары, музыка және көркем сурет әуесқойлары, қолөнер әуесқойлары мен коллекционерлер клубтары, әлеуметтік клубтар, карнавал клубтары және т.б. кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- қоғамдық ұйымдар мен өзге де ұйымдардың гранттар ұсынуы бойынша қызмет кіреді
Бұл ішкі класқа:
- көмек көрсету үшін қаражат жинау сияқты қайырымдылық қызметі, (88.99.0 қараңыз)
- кәсіби көркем труппалар немесе ұйымдар қызметі, (90.0 қараңыз)
- спорт клубтарының қызметі, (93.12.0 қараңыз)
- кәсіптік бірлестіктер қызметі кірмейді, (94.12.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |