2014 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелер
жұмыстары туралы есебі
Сәтбаев қаласының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру – жемқорлыққа қарсы әрекеттің маңызды аспектісі және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін жақсарту.
Мемлекеттік қызметтер төмендегі негізгі ұстанымдар негізінде көрсетіледі:
- шығу тегі, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге қатынасы, сенімі, тұратын жері немесе басқада жағдайлар бойынша қызмет алушыларға кемсітушіліксіз тең қызмет көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезінде төрешілдікке және істі көпке созуға жол бермеу;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есеп берушілік және айқындық;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен оған қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызмет көрсету процесін әрдайым жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.
Сәтбаев қаласында мемлекеттік тізілімге кірген мемлекеттік қызметтерді келесі мемлекеттік органдар көрсетеді: «Сәтбаев қалаcының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Сәтбаев қалаcының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі » ММ, «Сәтбаев қалаcының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ, «Сәтбаев қалаcының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Сәтбаев қалаcының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ , «Сәтбаев қалаcының жер қатынастары бөлімі» ММ, «Сәтбаев қалаcының сәулет және қалақұрылысы бөлімі » ММ, «Сәтбаев қалаcының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V ҚРЗ «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңын және бекітілген стандарттармен регламенттерді басшылыққа алады.
Қаланың барлық мемлекеттік мекемелерімен 69 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, оның ішінде 13 мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, қалған 56 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде және автоматтандырылған ақпараттық жүйелері ХҚКО ЫАЖ және ЭҮАШ немесе электрондық қызмет веб-порталы арқылы көрсетіледі.
46 мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетіледі, 19 мемлекеттік қызмет – қағаз немесе электронды түрде және 4 мемлекеттік қызмет функцияларды автоматтандыру арқылы электрондық форматқа ауыстырылды.
Бес мемлекеттік қызмет, оның ішінде «Ветеринарлық анықтама беру», «Малдарға ветеринарлық дәрігерлік паспортын беру», «Монтаждалған арнайы жабдығы бар өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерді қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді, сонымен қатар жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру», «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» және «Балаларға қосымша білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде ақылы түрде көрсетіледі. Қалған 62 мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
2014 жылы қалада 69 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 30299 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚКО арқылы – 2539, және мемлекеттік орган арқылы – 26588.
Өткізілген талдау, 2014 жылғы білім, дене шынықтыру және спорт саласында аса талап етілген келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетті: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұсыну» - 2102, «Мектепке дейінгі білім беруді ұсыну» - 1173, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұсыну» - 1535, «Балаларға қосымша білім беру» - 1707, «Тұрмысы төмен отбасындағы балаларға қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуын ұсыну» - 2432, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 1071 жолданым. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында: «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» - 4210, «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» - 3537, «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» - 1397 жолданым. Ауыл шаруашылық және ветеринария саласында: «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірегейлендіруді жүргізу» - 6474, «Ветеринарлық анықтама беру» - 1753. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары саласында: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» - 475 жолданым. Жер қатынастары саласында: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 296, «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» - 107 жолданым. Сәулет және қала құрылысы саласында: «Сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру»- 57, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 45 жолданым.
Қалада мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Сәтбаев қаласы әкімдігінің интернет – желісіндегі «Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен регламенттері бекітілген жағдайда қала әкімінің сайтындағы осы бөлім жаңартылып отырады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпарат қала әкімі аппаратының және мемлекеттік органдардың жалпы кіру орындарында және ақпараттық стендтарында орналастырылған, жергілікті «Шарайна» газетінде шығарылады және «СТА» телеарнасының жүру тармағында беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын қаланың мемлекеттік мекемелері Республикалық және облыстық мемлекеттік органдарымен өткізілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарының жобаларын көпшіліктік талқылауға белсенді қатысады.
Ағымдағы жылы функцияларды автоматтандыру нәтижесінде «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметі электрондық форматқа ауыстырылды және мұндай өзгеріс тұтынушылардың берілген қызмет түріне кіруін жеңілдетті.
Талдау кезеңі ішінде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерінің бұзушылығын алдын алу мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп 134 семинар, дөңгелек үстелдер, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін оқу бойынша жеке-дара оқытулар, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бойынша оқытулар өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыру мақсатында есептік кезеңде қалалық «Шарайна» газетінде 12 мақала және жергілікті СТА телеарнасында 1 көрсетілім жарияланды. Бір маман «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырудан өтті. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мемлекеттік мекеменің бір маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбы бойынша өтті.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді ұсынатын қаланың жергілікті мемлекеттік органдарында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау бойынша Сәтбаев қаласы әкімі аппаратымен ай сайын ішкі бақылау жүргізіледі. Бақылау қорытындысы бойынша айқындалған сәйкессіздіктер туралы анықтама құрылады және осы кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріледі.
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бір бұзушылығы «Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» арқылы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі бойынша болды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қоғамдық мониторингілеу мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері бойынша қызмет алушылармен мемлекеттік қызметтерді көрсету карточкаларын толтыру жолымен жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасымен қызмет алушыларды қанағаттандыруды жақсартудың және алдағы тиімділіктің келешегі.
2014 жылы қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттандыруды жақсарту мақсатында мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуге бағытталған тиісті ұйымдастыру шаралары қолданылатын болады. Қолданушыларды ақпараттандыру үшін электрондық қызметтерді жалпылай көтеру бойынша жұмыстар қарастырылды. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлерін көбейту және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолданушылардың санын көбейту бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |