ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар
ҚР СТ 989 - 2008
Алғысөз
■ 1 «Қазақстан стандарттау жэне сертификаттау институты» РМК, «Геральдика 2004» ЖШС ӘЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ
-
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 151-од бүйрығымен БЕКІТІЛІП ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
-
Осы стандартта өндірушіге арналған МІНДЕТТІ ҚОСЫМША -
Көлемді Мемлекеттік Елтаңбаны дайындау процесін регламенттейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына арналған жобалық -құрастырылымдық құжаттамасы және Мемлекеттік Елтаңба бейнесінің нұсқалары (екі түсті, бір түсті, түсті және қарапайым орындау үшін) салынған СО-диск.
4.БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 2013 жыл
ТЕКСЕРУДІҢ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл
5 ҚР СТ 989-96 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.
Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар
Енгізілген күні 2008.04.01 Қолданылу саласы
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан әрі - Мемлекеттік Елтаңба) нысанына, өлшемдері мен дайындауға және пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.
Мемлекеттік Елтаңбаны қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес жүзеге асырылады, Ж қосымшасы [2].
2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар
2.1. Сипаттамалар
2.1.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мифтік тұлпарлардың қанаттары көмкерген, жан-жағына күн сәулесі түрінде «уықтар» (тіреулер) таратылған, көгілдір түс аясындағы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар, Ж қосымшасы [1].
2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы осы
стандарттың талаптарына сәйкес, техникалық құжаттама және белгіленген тәртіппен бекітілген эталон-үлгі бойынша дайындалуға тиіс.
2.3. Мемлекеттік Елтаңба көлемді және графикалық бейнеде орындала алады. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында 2 түс – алтын және көгілдір түс қатысуы керек. Графикалық суреті бір түсті, екі түсті және түрлі түсті бола алады.
2.3.1. Мемлекеттік Елтаңбаны көлемді орындау, оның өлшемдері мен оны алудың технологиялық тәсіліне қарамастан, бұйымның ұзақ сақталуын және беріктік қасиеттерін қамтамасыз ететін құрама элементтердің пішіні, өлшемдері және пропорционал байланысы бойынша (В қосымшасы) Мемлекеттік Елтаңбаның эталон-үлгісіне (Ж қосымшасы [3]) және техникалық қүжаттамаға (Д қосымшасы) сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік Елтаңбаны көлемдік орындаған жағдайда: сәулелердің арасы мен «шаңырақтың» ішіндегі дөңес бөлігінде және «кереге» арасы көгілдір түспен, ал Елтаңбаның қалған бөліктері алтын түспен жабылады.
Көгілдір түс 3125С нөміріне (Ж қосымшасы, [5]), алтын түс 873
нөміріне (Ж қосымшасы, [6]) сәйкес келуге тиіс.
2.3.2. Мемлекеттік Елтаңбаның графикалық кескіні кез келген: типографиялық, басып шығару, құю, нақыштау, жұқалтырмен бедерлеу сияқты технологиялық тәсілмен, компьютерлік графиканың көмегімен немесе оның өлшеміне қарамастан қызмет ету мерзімі ішінде Мемлекеттік Елтаңбаның анық және айқын бейнесін қамтамасыз ететін тәсілмен орындала алады.
Бір түстегі контурлық сызықпен жасалған Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі бір түсті болып табылады. Контурлық сызықтардың түсі қара немесе алтын түстес болуы мүмкін. Осы сызықтармен шектелген кеңістік түспен толтырылуға тиіс және қағаздың түсін немесе Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі орналасқан басқа да тасымалдағыштың түсін сақтап қалуға тиіс. Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді (бедерлі, биік бедерлі, қима) бейнесін, сондай-ақ металдағы бейнесін (шеку, қырнау және басқа әдіспен) жасаған кезде жасалған материалдың түсіне сэйкес келетін бейне бір түсті болып саналады.
Стандартпен белгіленген түс - көгілдір түс және алтын түске сәйкес орындалған кескін екі түсті болып табылады. Көгілдір түс Рапtопе халықаралық атластың түстік анықтамалығының 3125С (СМҮК: С-89 М-0 Ү-20 К-0, RGВ: R-0 G-176 В-199), «алтын» түс 109 (СМҮК: С-0 М-10 Ү-100 К-0, RGВ: R-225 G-196 В-24) нөміріне сәйкес келуі керек, (Ж қосымшасы [5]).
Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті кескіні оның фотосуреті болып табылады. Фотосуретті Мемлекеттік Елтаңбаның үлгі-эталонынан ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
2.4. Стандартта белгіленген өлшемдерден +1% шегінде ауытқу рұқсат етіледі.
3. Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар
3.1. Мемлекеттік Елтаңбаның көлемді орындалуы.
3.1.1. Басшылардың кабинеттерінде диаметрі 500 мм Мемлекеттік
Елтаңба (Ж қосымшасы Ж [2]) орнатылады.
3.1.2. Мемлекеттік Елтаңбаны орнату қарастырылған мәжіліс залдары мен холдарда президиум артындағы қабырға - оның ортасы немесе төрағалық етушінің артындағы орын орналастырудың қолайлы орны болып табылады. Бұл жағдайда үй-жайдың өлшемдеріне байланысты диаметрі 1000 мм-ден бастап 3000 мм-ге дейінгі Мемлекеттік Елтаңба пайдаланылады.
3.1.3. Ресми мәжіліс залдарының трибуналарында оған арнайы
бөлінген орынның жоғарғы бөлігінде диаметрі 250 мм Мемлекеттік Елтаңба орнатылады.
Ғимараттарда орналастыруға арналған Мемлекеттік Елтаңбаны пайдалану ережесі мен өлшемдерінің типтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен белгіленген (Ж қосымшасы [6]).
-
Мемлекеттік мекеменің атауы бар үй-жайлардың кіреберісінде Мемлекеттік Елтаңба маңдайшадағы жазуға, оның жоғарғы бөлігінің ортасында жазудың өлшемдеріне байланысты 120 мм-ден бастап 200 мм-ге дейін диаметрде орнатылады.
3.2. Мемлекеттік Елтаңбаның графикалық бейнесі.
-
Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті бейнесін насихаттау мақсатында плакаттық-баспагерлік өнімдерге пайдаланылады (Г қосымшасы).
-
Мемлекеттік Елтаңбаның екі түсті және бір түсті бейнесі баспагерлік және жәдігерлік өнімдер үшін пайдаланылады (Г қосымшасы). Мемлекеттік Елтаңба бейнесінің өлшемдері қазіргі жағдайда белгіленбеген жэне Мемлекеттік Елтаңбаның эрбір нақты бейнесін дайындау мақсатына байланысты түрлендірілуі мүмкін. Диаметрі 100 мм және шағын диаметрдегі Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін пайдалану жағдайларында Мемлекеттік Елтаңбаның қарапайым нұсқасы пайдаланыла алады (Г қосымшасы).
3.2.3. Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін мемлекеттік емес ұйымдар мен олардың лауазымды түлғаларының бланкілерінде, мөрлері мен басқа да деректемелерінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
4 Бүйымдарды таңбалау
4.1. Мемлекеттік Елтаңбаны таңбалау қазақ және орыс тілдерінде
жүргізілуге тиіс.
4.1.1. Мемлекеттік Елтаңбаның сыртқы жағына:
-
дайындаушы-кәсіпорын атауы және (немесе) оның тауарлық белгісі;
-
өнім атауы;
-
бұйым өлшемі;
-
осы стандарттың белгісі;
-
шығарылған күні көрсетілген тауарлық жапсырма салынады.
4.1.2. Мұқият пайдалануды талап ететін материалдардан жасалған
Мемлекеттік Елтаңбаларға жаднама қосымша салынуы керек.
4.1.3. Елтаңбаға арналған әрбір орамаға 4.1.2-тармаққа сәйкес
деректемелер, сондай-ақ орамадағы Елтаңбалар саны көрсетілген орау
жапсырмасын бекітеді.
Жапсырма баспаханалық тәсілмен толтырылады. Жекелеген деректемелерді мөртабандармен салуға рұқсат етіледі.
4.2. Орау
4.2.1 Елтаңбаларды пакеттерге немесе қораптарға орауға болады. Бастапқы орау тапсырыс берушімен (тұтынушымен), ал олар
болмаған жағдайда дайындаушының шешімімен келісіледі. Орау өнім сапасының сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Өнімді тасымалдау және сақтау кезінде, тапсырыс берушімен келісім бойынша өнім сапасының сақталуын қамтамасыз ететін орауыштың басқа түрлерін де қолдануға рұқсат етіледі.
5 Дайындаушы кепілдігі
5.1. Тасымалдау, сақтау және шығарылатын өнім сапасын бақылау шарттары сақталған жағдайда дайындаушы Мемлекеттік Елтаңба сапасының осы стандарт талаптарына сәйкестігіне кепілдік береді.
Б қосымшасы
(міндетті)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының
эталондық үлгісінің
СИПАТТАМАСЫ
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді.
-
«Шаңырақ» табаны «шаңырақтың» орта бөлігінен күн сәулесі түрінде бір-бірінің арасында 5 бұрышты 72 данада тарайтын «уықтармен» (тіреулермен) түзілген қима конуспен ілескен, диаметрі 500 мм цилиндр нысанына ие. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде, қиылған конустың бүйір бетіне көлемді бес бұрышты жұлдыз орналасқан.
-
«Кереге» (киіз үй түлғасы) - айқасқан сәулелі элемент. «Кереге» «шаңырақ» табанына симметриялы орналасқан.
-
«Шаңырақтың» орта бөлігі - жарты шарды көмкеретін сыртқы және ішкі сақинадан тұрады.
а) Ішкі сақинадан төмен кертпеш орналасқан. Кертпеште «уық»
элементін жалғастыратын 72 сәуле орналасқан.
б) Жарты шарда осьтен 45 бұрышы астында өзара айқасқан алты
«күлдіреуіш» - әрбірінде үш жетекші элементтен екі жинақты білдіретін
керме-бекітпе енсіз жұқа тақтайша орналасқан. «Күлдіреуіштің» ортаңғы
бөлігі текше түрінде шығыңқы 9 элементтен түрады.
5. «Босаға» - бүл киіз үйдің алдыңғы шығыңқы бөлігі, елтаңбада
кертпеш элементтермен бірге төменгі бөлікте орналасқан.
«Босағаның» ортаңғы бөлігінде көлемді мәтін - «Қазақстан» деген сөз орналасқан, қарпі - кесек, мәтін астындағы фон - фактуралық.
6. «Босағаны» симметриялық орналасқан көлемді-құрылымдық,
«қошқардың» бас бөлігінің стильденген элементтері көмкереді, олар
Мемлекеттік Елтаңба шеңберінен тыс шығарылып орындалған және
«желбау» таспалары «шаңырақтың» сыртқы сақинасынан төмен түсірілген.
«Босағаның» орталық бөлігінен жоғары «белдеу» элементі орналасқан.
7. «Тұлпарлар» - «шаңырақтың» екі жағынан симметриялы орналасқан мифтік қанатты тұлпарлар. Елтаңбаның бұл құрамдас элементі тұлпар тұлғасынан, мүйізі, қанаты мен «тұлпар жалынан» тұрады.
В қосымшасы
(міндетті)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының негізгі элементтерінің пропорционалды байланысы бар жалпы түрдегі
сызбасы
Ж қосымшасы
(ан ы кт амал ы к)
Библиография
[1] 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы.
[2] «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 04 маусымдағы № 258-ІП Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы.
[3] Мемлекеттік Елтаңбаның эталон-үлгісі.
[4] Мемлекеттік Елтаңбаны көлемдік дайындау процесін регламенттейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасына арналған жобалық-қүрастырылымдық құжаттама салынған СБ-диск және СБ-дискте электрондық нұсқада Мемлекеттік Елтаңба суретінің нұсқалары (екі түсті, бір түсті, түрлі түсті және қарапайым орындалған түрі үшін).
[5] РАNTONE Стандарты, РАNТОNЕ Ғогmula Оиісіе полиграфиялық өнімі үшін түрлі түсті анықтамалық.
[6] 2007 жылғы 2 қазандағы №873 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Әнұранын орналастыру ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
Түйінді сөздер: Мемлекеттік Елтаңба, рәміз, техникалық талаптар, техникалық шарттар, шаңырақ, жұлдыз, тұлпар, өлшемдер, Қазақстан,
босаға, желбау.
Достарыңызбен бөлісу: |