МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Магистратура
мАМАНДЫғЫ 6М110200 – ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ 6М110200 – ОБЩЕСТВЕННОЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЕ
SPECIALITY 6М110200 – «PUBLIC HEALTH»
ҚР МЖМБС - 7.09.109-2009.
Ресми басылым
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Астана
Алғы сөз
1. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығының медициналық және фармацевтикалық білім беру жөніндегі оқу әдістемелік секциясы ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ енгізген.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН.
3. АЛҒАШ рет енгізілген
4. Осы стандартта Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу, бекіту және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының және ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелердің» нормалары іске асырылған.
5. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен 10 қыркүйектегі № 26-01-4/3-8286 КЕЛІСІЛГЕН.
Осы стандартты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара көбейтуге және таратуға болмайды.
Мазмұны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
|
Қолдану саласы …………………..…………………………………..………
Нормативтік сілтемелер ……………………………………..………………
Терминдер мен анықтамалар …………………………………………..........
Магистрантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы …..………
Магистратураға түсуші тұлғаларға қойылатын талаптар ..……………….
6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша
магистрлік бағдарламаның негізгі міндеттері.....................……..……..…
6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасының мазмұны ……………………….
Магистрлік білім беру бағдарламасының әзірленуіне және шарттарына қойылатын талаптар ......…………………………………………………….
Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар ........…………………………...
А қосымшасы (міндетті) ......................……………………………………..
Б қосымшасы (міндетті) .........……………………………………………...
В қосымшасы (міндетті) ........……………………………………………..
Г қосымшасы (міндетті) .................………………………………………...
|
1
1
1
2
4
4
6
22
26
27
29
31
33
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА
МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Магистратура
МАМАНДЫҒЫ 6М110200 – ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Енгізу күні 2009.09.01.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт магистратураның білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарттың ережелерін ведомстовалық бағыныштылық және құқықтық-ұйымдық формасы ерекшелігіне қарамастан, магистранттарды дайындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының білім және ғылым ұйымдары қолдануы және оны сақтауы міндетті болып табылады.
Стандартты мемлекеттік басқару, аккредиттік органдары, білім және ғылым ұйымдарын аттестаттау мен лицензия беру комиссиялары, мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциялары (кеңестер), тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер де пайдалана алады. Сонымен бірге магистрлерді дайындау сапасын сараптау үшін негізгі құжат болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура. Негізгі ережелер»;
ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 «Жоғары білім беру. Негізгі ережелер»;
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексі.
3 Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚР МЖМБС 5.04.019, ҚР МЖМБС 5.04.033 сәйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар қолданылған. Сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей қысқартулар пайдаланылған:
Ресми басылым
НП – негізгі пәндер;
БП – бейіндік пәндер;
МҒЗЖ – магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;
МЭЗЖ –магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы;
МӨЖ – магистранттың өзіндік жұмысы
МОБӨЖ – магистранттың оқытушының басшылығымен орындайтын өзіндік жұмысы
ІӘМ – іскерлік әкімшілік магистрі
4 Магистрантты дайындау бағыттарының жалпы сипаттамасы
4.1 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламаларын, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан, осы мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиялары бар білім беру және ғылым ұйымдары жүзеге асырады.
4.2 Магистрлерді дайындау:
- осы стандартқа;
- Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторына;
- оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттарға;
- магистранттардың жеке жұмыс жоспарына;
- белгіленген тәртіп бойынша бекітілетін басқа да құжаттарға
сай іске асырылады.
4.3 Магистратурада 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша мамандар дайындау екі бағытта жүргізіледі:
- бейіндік;
- ғылыми-педагогикалық.
Бейіндік магистратура қоғамдық денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарын және денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджерлерін дайындауды қамтамасыз етуге және басқару машығын қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламаларын, оның ішінде ІӘМ (іскерлік әкімшілік магистрі) білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Бағдарламалар қолданбалы сипатқа ие.
Ғылыми және педагогикалық магистратура жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторлары үшін тереңдетілген ғылыми педагогикалық дайындығы бар кадрларды ЖОО-дан кейінгі дайындаудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
4.4 Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.
Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «денсаулық сақтау магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.
ІӘМ-нің білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаға 6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша «іскерлік әкімшілік магистрі» деген академиялық дәреже беріледі.
4.5 Осы стандарт ережелерінің мақсаттары:
- магистранттар дайындауды жүзеге асыратын білім беру және ғылым ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;
- магистранттардың өз бетімен оқуын, ғылыми зерттеу жүргізуін және педагогикалық қызмет атқаруын ынталандыру;
- «денсаулық сақтау магистрі», «іскерлік әкімшілік магистрі» және «медицина ғылымдарының магистрі» деген академиялық дәрежелерді беру туралы Қазақстан Республикасы құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында мойындалуын қамтамасыз ету.
4.6 Кәсіптік қызмет объектілері.
Магистратураны бітірушілердің кәсіптік қызмет объектілері.
бейіндік дайындық бойынша:
- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.
ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
- ғылыми ұйымдар.
- денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.
4.7 Кәсіптік қызмет түрлері.
6М110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады
бейіндік дайындық бойынша:
- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);
- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);
- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).
- салауатты өмір салтын қалыптастыру (аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту жөніндегі мамандар).
ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша:
- педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);
- ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдардың қызметкерлері).
- әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);
- талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);
- сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік
қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).
- салауатты өмір салтын қалыптастыру (аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту жөніндегі мамандар).
4.8 Оқу мерзімі
Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:
- профильдік дайындықта - 1-1,5 жыл;
- ғылыми және педагогикалық дайындықта - 2 жыл.
4.9 Магистратурада білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийлері:
- бейіндік дайындықта магистрант - оқу мерзімі 1 жыл болса, кем дегенде 30 кредитті меңгеруі тиіс, оқу мерзімі 1,5 жыл болса, кем дегенде 40 кредитті меңгеруі тиіс, (ІӘМ білім беру бағдарламасы бойынша) оқу мерзімі 1,5 жыл болса, кем дегенде 45 кредитті меңгеруі тиіс;
- ғылыми және педагогикалық дайындықта магистрант кем дегенде 55 кредитті меңгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |