Қазақстан Республикасының Орман кодексі


-тарау. Орман орналастыру



бет6/9
Дата03.07.2016
өлшемі0.81 Mb.
#173432
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8-тарау. Орман орналастыру

 

55-бап. Орман орналастыру

1. Орман орналастыру орман шаруашылығын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға, орман шаруашылығында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыруға, орман қорының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар жүйесiн қамтиды.

Орман орналастыру кезiнде:



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік орман қорының шекарасын және мемлекеттік орман иелiктерiнiң шаруашылықiшiлік ұйымдастырылуын айқындау, оның ішінде орманшылықтарға, орман шеберiнiң учаскелерiне және орман қарау аймағына бөлу;

2) топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау мен мемлекеттік орман қорын арнайы картаға түсiру;

3) ормандардың тұқымдық және жас құрамын, олардың жай-күйін анықтай отырып, орман қорын түгендеу, сондай-ақ орман ресурстарының сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау;



2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерін, орманның аса сирек кездесетiн өсiмдiктерiн және ерекше қорғаныштық учаскелердi анықтау;

5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу, аралық пайдалану мақсатында ағаш кесу, өзгедей мақсатта ағаш кесу, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, суландыру, күзету мен қорғау жөніндегі iс-шараларды және басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу үшiн мемлекеттік орман қоры учаскелерiн анықтау, сондай-ақ оларды жүргiзудiң тәртібі мен тәсiлдерiн анықтау;

6) мемлекеттік орман қорын санаттарға жатқызуды негiздеу, мемлекеттік орман қорын бір санаттан екiншi санатқа ауыстыру, ағаш өспеген алқаптарды орманды алқаптарға айналдыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры учаскелерiн алқаптар түрiне жатқызу және оларды негiздеу;

7) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде есептi кеспеағаштарды, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мөлшерiн, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу жасын анықтау;

8) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман тұқым шаруашылығы, ормандарды күзету мен қорғау жөніндегі iс-шаралардың, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларының көлемiн анықтау;



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) артықшылығы бар, қалыпты және кемiстiгi бар екпелерді қоса алғанда, орман екпелерін селекциялық тұрғыдан бағалау;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

9) жанама орман пайдалану мен қосалқы сүрек ресурстарын дайындау, мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн пайдалану, оның ішінде сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттық мақсаттар үшiн ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру мөлшерiн айқындау;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) орман шаруашылығын жүргiзуге кешендi баға беру кезінде өткен тексеру кезеңi iшiнде орман қоры аумағында өрттен және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды айқындау;

10) орманды биологиялық зерттеулер;

11) орман орналастыру жобаларын жүзеге асыруды авторлық қадағалау;

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

12) орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу және облыстар бойынша орман орналастырудың жиынтық жобаларын жасау жүзеге асырылады.

13) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Орман ресурстарын есепке алуға, орман қорының аумақтық құрылымына, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеуге, ормандардың мемлекеттік мониторингіне, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлауға және орман пайдалануға байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

3. Орман орналастыру материалдары мемлекеттік орман қоры жерiнiң шекарасын белгiлейтiн және нақтылайтын кезде, жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылады.

 

56-бап. Орман орналастыруды жүргізу жүйесі



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Орман орналастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргізу қағидаларына және уәкiлеттi орган бекіткен нұсқаулыққа сәйкес бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Мемлекеттік орман қоры аумағына орман орналастыруды уәкiлеттi органның құзырындағы мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары аэрофототүсірілімі мен ғарыш түсірілімінің материалдарын қолдана отырып жүргiзедi.

3. Орман орналастыруды жүргiзбей және осы Кодексте белгiленген тәртiппен бекітілген орман орналастыру құжаттамасынсыз мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануға тыйым салынады.

 

57-бап. Мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мемлекеттік орман қорында орман орналастыру кезiнде орман орналастыру жобалары жасалады, оларда өткен тексеру кезеңi iшiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен мемлекеттік орман қорын пайдалануға кешендi баға берiледi, орман шаруашылығы іс-шаралары жоспарланады және орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң келесi тексеру кезеңiне арналған негiзгi ережелерi әзiрленедi.

2. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары мен орман орналастырудың басқа да құжаттарын уәкiлеттi орган бекiтедi және олар орман шаруашылығын жүргiзу, оның ағымдағы және болашақтағы дамуын жоспарлау үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер болып табылады.

3. Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

58-бап. Орман қоры туралы ақпарат



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттік есебi, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және уәкiлеттi орган және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.

2. Орман қоры туралы ақпарат мемлекеттік меншiк болып табылады, оны жеке және заңды тұлғалардың пайдалану тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес анықтайды.

 

9-тарау. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі



 

59-бап. Орман қорының мемлекеттік есебi

2006.07.07. № 176-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Орман қорының мемлекеттік есебi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiрудi, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерістерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.

Мемлекеттік орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлiнедi және есепке алынады.

Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, мемлекеттік өңірлік табиғи саябақтар мен мемлекеттік табиғи резерваттар шекарасындағы мемлекеттік табиғи ескерткiштер солардың құрамында есепке алынады.

Орман қорының мемлекеттік есебiнiң деректерi мемлекеттік орман кадастрын жүргiзген кезде пайдаланылады.

2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Орман қорын мемлекеттік есепке алудың нысанын уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып бекітеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды



3. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

 

 



60-бап. Мемлекеттік орман кадастры

1. Мемлекеттік орман кадастры орман қорының құқықтық режимi, оны орман иеленушiлер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйi, мемлекеттік орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәлiметтер жүйесiн және орман қорының орман шаруашылығын жүргiзу мен шаруашылық қызметтiң нәтижелерiн бағалау үшiн қажеттi басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралы деректердi қамтиды.



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 

1-1. Мемлекеттік орман кадастрын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Мемлекеттік орман кадастрының деректерi орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргiзудi ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттік орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсаттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және (немесе) мемлекеттік орман қоры жерiн алып қою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерiн белгiлеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушiлердiң шаруашылық қызметiн бағалау кезiнде пайдаланылады.

3. Мемлекеттік орман кадастры көрсеткiштерiнiң тiзбесi мен ормандарды экономикалық бағалау әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 61-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



61-бап. Мемлекеттік орман мониторингi

Мемлекеттік орман мониторингi орман қорын күзету, қорғау мен пайдалану және ормандарды молықтыру ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйi мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесiн бiлдiредi.



Ормандардың мемлекеттік мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

 

 



6-бөлім. Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру, орман тұқым шаруашылығы

 

10-тарау. Орман қорын күзету мен қорғау

 

62-бап. Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау мiндеттерi

Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

1) ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқап, жою жөніндегі іс-шараларды жүргiзу;

2) мемлекеттік орман қоры аумағындағы барлық жұмыс iстейтiн әрi сонда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда болатын жеке тұлғалардың ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерi мен санитарлық ережелердi сақтауын қамтамасыз ету;

3) орманды заңсыз ағаш кесуден, зақымдаудан, ұрлаудан және Қазақстан Республикасының орман заңдарын басқадай бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн күзету;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) орман пайдаланушылардың сүрiктi түбірiмен босату, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу ережелерiн және орман пайдаланудың басқа да түрлерi ережелерiн орындауын қамтамасыз ету;

5) орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтау, олардың өсiп-көбеюiн болжау және оларға қарсы күресу;

6) биотехникалық iс-шараларды жүргiзу;

7) мемлекеттік орман қоры аумағында аң аулау мен балық аулау ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  8) тармақша өзгертілді    

8) мемлекеттік орман қорының күзетiлуiн, қорғалуын, ормандардың молықтырылуын, ұтымды пайдаланылуын және орман өсiрудi қамтамасыз ететiн басқа да iс-әрекеттер ;



2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен  9) тармақшамен  толықтырылды    

9) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

63-бап. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру



2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлімшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, орман иеленушiлер, орман пайдаланушылар орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Ормандарды өрттен қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларымен регламенттеледі.

3. Ормандағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiне сәйкес өрт қаупi жағдайын бәсеңдету мақсатында орман иелерi өткiзетiн орман қоры аумағындағы және оған iргелес аумақтарда басқарылатын өртеуден басқа, жердiң барлық санаттарында шөптесiн өсiмдiктердi өртеуге тыйым салынады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары өрт қаупi жоғары кезеңде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуына және оған көлiк құралдарымен кіруіне, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бір түрлерiн жүргiзуге шектеу қояды.

5. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.

64-бап. Орман шаруашылығы объектiлеріндегі мемлекеттік өрт қадағалау



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Орман шаруашылығы объектiлерiнде мемлекеттiк өрт қадағалау өрт қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi облыстың уәкілетті органымен және (немесе) жергілікті атқарушы органымен жасалған келiсiмімен регламенттеледi.

2. Мемлекеттік орман қорының аумағында жұмыс iстейтiн және болатын орман пайдаланушылар, өзге де жеке және заңды тұлғалар ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

65-бап. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар

1. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

2. Ормандарды өрттерден күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орындау үшін орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар мемлекеттік метеорологиялық қызметтің қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді ауа райы болжамдарымен қамтамасыз етіледі.

 

66-бап. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерiнiң орман қорын күзетуге қатысуы



2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Орман қорын өрттен күзетуге, олардың алдын алу мен сөндiруге қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерi қатысуға құқылы.

2. Қоғамдық өрт қауiпсiздiгi бірлестiктерiн құру мен олардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

67-бап. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау

1. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау мемлекеттік орман қорының жай-күйiн жүйелi түрде қадағалап отырумен, ошақтардың пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау мен жою шаралары арқылы орман зиянкестерi мен ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтаумен қамтамасыз етiледi.

2. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау:

1) ағымдағы, экспедициялық, аэровизуальдi және басқа да орман-патологиялық зерттеулер;

2) орман зиянкестерi мен ауруларының өсiп-көбеюiн жалпы, алдын ала және егжей-тегжейлi қадағалау;

3) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі жер бетіндегі және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру;

4) орман зиянкестерi мен ауруларының алдын алу мен оның ошақтарын жою iс-шараларын қамтиды.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Карантиндік түрлерді қоспағанда, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының тізбесін және олармен күресу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестерi мен ауруларынан қорғау жөніндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн, ормандардағы санитарлық ережелермен регламенттеледi.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен  68-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



68-бап. Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысуы

Жеке тұлғалар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді қамтамасыз етуге қатысады.

Халық орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы қатысады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар орман қорын күзетуге, қорғауға, пайдалануға, ормандарды молықтыруға және орман өсіруге байланысты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетеді.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер ормандардың биологиялық әр алуандығын, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, мәдени және табиғи мұраны сақтау, орман ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мектеп орманшылықтарын дамыту, қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерін құру жөніндегі өздерінің қызметін және орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы басқа да қызметті орман мекемесімен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

 

11-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті



 

69-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзетi (бұдан әрi мемлекеттік орман күзетi) орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.

2. Мемлекеттік орман күзетiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:

1) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың мемлекеттік орман қорын пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беретiн құжаттарын тексеру;

2) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiнде хаттамалар жасау;

3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау және оларды құқық қорғау органдарына жеткізу;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды тексерiп қарау, ал қажет болған кезде ұсталған адамдарды жеке қарап тексеру;

5) жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың заңсыз қолға түсiрген орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын, оларды қолға түсiру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бұлардың кейiннен кiмге тиесiлi болатыны туралы мәселенi шешу құқықтары;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар берiледi.

3. Мемлекеттік орман күзеті мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде:

1) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмауға және оның жолын кесуге;

2) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзу фактілері жөніндегі ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiберуге;

3) өз құзыретi шегiнде жеке және заңды тұлғаларға анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде жазбаша нұсқаулар беруге;

4) мемлекеттік орман қоры жерлерiнде, сондай-ақ орман өртi тiкелей қауiп тудырған жағдайда оған iргелес аумақтарда ормандағы өрттердiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау мен сөндiру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге;

5) шаруашылық қызмет пен өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге мiндеттi.

6) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қызметтiк қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға рұқсат eтiледi.

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), қызметтiк қарумен және арнаулы қорғаныс құралдарымен, қызметтiк жер телiмiмен қамтамасыз етiледi.

6. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарының қол күшiн, арнаулы қорғаныс құралдарын және қызметтiк қаруды қолдануға құқығы бар.

7. Мемлекеттік орман күзетiнiң қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен Мемлекеттік орман күзетi туралы ережемен анықталады.

70-бап. Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық және әлеуметтiк қорғау

Мемлекеттік орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.

12-тарау. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет