Регламенті Жалпы ережелер «Ағаш кесу және орман билетін беру»



Дата07.07.2016
өлшемі73.69 Kb.
#183473
түріРегламент
Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің 2014 жылғы

«___» ________________

№ __________ қаулысымен

бекітілді

«Ағаш кесу және орман билетін беру»

мемлекеттік қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) беруші орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - қызмет беруші, тізбе 1 қосымша) болып табылады, аталған орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелері өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді өздігінен жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ағаш кесу немесе орман билеттерін беру не болмаса Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тапсыру нысаны – қағаз түрінде.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін негіз орман пайдалану түрі мен көлемі және қажетті құжаттарды тапсыру көрсетілген қызметті алушы өтінішінің болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (әрекеттердің) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1 әрекет – Кеңсе маманы өтінішті және қажетті құжаттарды қабылдайды, көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырады, журналға тіркейді. Орындау ұзақтығы - 30 минутқа дейін;


2 әрекет - Орман пайдалану жөніндегі инженер ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресімделуінің дұрыстығын тексереді, қолданыстағы орман заңнамасына сәйкес орман ресурстарын беру мүмкіндігін анықтайды, қажетті құжаттарды дайындайды, ағаш кесу немесе орман билетін жазып береді не дәлелді бас тартуды дайындайды. Орындау ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес;
3 әрекет – Басшы ұсынылған құжаттармен танысады, ағаш кесу немесе орман билетіне не дәлелді бас тартуға қол қояды. Орындау ұзақтығы - 30 минутқа дейін;
4 әрекет – Бухгалтерия маманы ағаш кесу немесе орман билетін мекеме мөрімен куәландырады. Орындау ұзақтығы - 30 минутқа дейін;
5 әрекет – Кеңсе маманы дәлелді бас тартуды журналға белгілейді не тіркейді және тұтынушыға ағаш кесу немесе орман билетін не болмаса дәлелді бас тартуды береді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын бағалау үшін «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы» бланкісін тұтынушыға ұсынады. Орындау ұзақтығы - 30 минутқа дейін.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мыналар болып табылады:
1 әрекет бойынша – осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 әрекетті орындауды бастау үшін негіз қызметін атқаратын кеңсе маманы тұтынушыға беретін тіркелген күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон және құжаттар пакеті. 1 әрекеттің нәтижесі (құжаттар пакеті) осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2 әрекетті орындау үшін «орман техникалық бөлімі» құрылымдық бөлімшесіне орман шаруашылығы инженеріне тапсырылады;
2 әрекет бойынша – осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 әрекетті орындауды бастау үшін негіз қызметін атқаратын ағаш кесу немесе орман билетінің толтырылған бланкілері және қолданыстағы орман заңнамасында қарастырылған қажетті құжаттар не дәлелді бас тарту. 2 әрекеттің нәтижесі (ағаш кесу немесе орман билетінің толтырылған бланкілері және қажетті құжаттар пакеті немесе дәлелді бас тарту) осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3 әрекетті орындау үшін басшыға тапсырылады;
3 әрекет бойынша – осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 әрекетті орындауды бастау үшін негіз қызметін атқаратын қажетті құжаттары бар басшының қолы қойылған ағаш кесу немесе орман билетінің бланкісі не дәлелді бас тарту. 3 әрекеттің нәтижесі (қол қойылған ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілері және қажетті құжаттар пакеті немесе дәлелді бас тарту) осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 4 әрекетті орындау үшін бухгалтерия маманына тапсырылады;
4 әрекет бойынша – осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 әрекетті орындауды бастау үшін негіз қызметін атқаратын қажетті құжаттары бар мөрмен куәландырылған ағаш кесу немесе орман билетінің бланкісі не дәлелді бас тарту. 4 әрекеттің нәтижесі (мөрмен куәландырылған ағаш кесу немесе орман билетінің бланкілері және қажетті құжаттар пакеті немесе дәлелді бас тарту) осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 5 әрекетті орындау үшін кеңсе маманына тапсырылады;
5 әрекет бойынша – тұтынушыға ұсынылатын қажетті құжаттары бар ағаш кесу немесе орман билетінің бланкісі не дәлелді бас тарту және тұтынушы толтырған мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі

қызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің

(қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатынқызмет беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) Кеңсе (мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кіріс құжаттарды тіркеу үшін жауапты кеңсе маманы);

2) Орман техникалық бөлім (құжаттар дайындау және ағаш кесу және орман билетін жазып беру үшін жауапты орман пайдалану жөніндегі инженер);

3) Басшылық (мекеме басшысы);

4) Бухгалтерия (мекеме мөрін сақтау үшін жауапты бухгалтерия маманы).
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (әрекеттердің) сипаттамасы:

1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті, қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу. Орындау ұзақтығы – 30 минутқа дейін;

2) ұсынылған құжаттардың толықтығын және ресімделуінің дұрыстығын тексеру, қолданыстағы орман заңнамасына сәйкес орман ресурстарын беру мүкіндігін анықтау, қажетті құжаттарды дайындау, ағаш кесу немесе орман билетін жазып беру не дәлелді бас тартуды дайындау. Орындау ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес;

3) құжаттарды тексеру және ағаш кесу немесе орман билетіне не дәлелді бас тартуға басшының қол қоюы. Орындау ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күнінен артық емес;

4) құжаттарды тексеру және ағаш кесу немесе орман билетін мекеме мөрімен куәландыру. Орындау ұзақтығы – 30 минутқа дейін;

5) дәлелді бас тартуды тіркеу және тұтынушыға ағаш кесу немесе орман билетін не дәлелді бас тартуды беру, көрсетілетін мемлекеттік қызметті бағалау үшін тұтынушыға «Мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы» бланкісін беру. Орындау ұзақтығы – 30 минутқа дейін.


Рәсімдер (әрекеттер) кезеңділігінің сипаттамасы осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес әрбір әрекеттің (рәсімнің) өтуінің блок-сұлбасында көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі халыққа қызмет

көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен

өзара әрекеттестік тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық

жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі халыққа қызмет көрсету орталықтары мен өзге де қызмет берушілер арқылы көрсетілмейді.

«Ағаш кесу және орман билетін беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша



Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы

мемлекеттік мекемелерінің тізбесі


Ұйымның атауы

Заңды мекенжайы

Байланыс телефондары

«Асу-Бұлақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071601, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асу-Бұлақ ауылы, Жаңа орман шаруашылығы

8-72338-7-83-52


«Үлкен-Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070900, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Үлкен-Нарын ауылы, Шулятиков көшесі

8-72341-2-13-42

«Верх-Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071802, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Верх-Уба ауылы, Киров көшесі, 42

8-72332-6-11-65

«Зайсан орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070700, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Құнияров көшесі, 21

8-72340-2-16-82

«Зырян орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070814, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Малеевск кенті, Бұқтырма көшесі, 39

8-72335-2-47-40

«Күршім орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071200, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Тоқаев көшесі, 3

8-72339-3-18-81

«Риддер орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071302, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, 1 аудан, «Орман шаруашылығы» кенті

8-72336-5-64-04

«Марқақөл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071217, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ұранхай ауылы

8-72330-4-43-33

«Малая Уба орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070506, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Быструха ауылы, Новостройка көшесі, 39

8-72331-2-73-98

«Пихта орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071302, Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, 2-аудан, Кедровская көшесі, 11

8-72336-3-04-41

«Самар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

071010, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Қайыңды ауылы

8-72333-2-79-44

«Черемшанка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070522, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Черемшанка ауылы, Вокзальная көшесі, 13

8-72331-3-91-37

«Өскемен орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тоқтаров көшесі, 40

8-72322-6-89-42


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет