Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Білім беру ұйымының басшысы кіреберісте сабақ басталар алдында



Pdf көрінісі
бет26/262
Дата01.08.2022
өлшемі4.55 Mb.
#459865
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   262
Әдістемелік-Нұсқау-хат-2021-2022-оқу-жылы

Білім беру ұйымының басшысы кіреберісте сабақ басталар алдында 
тәрбиеленушілер мен білім алушыларды қарсы алады.
Прагматизмді, үнемділікті және әртүрлі ресурстарды ұтымды 
пайдалануды ескере отырып, мектептерде бұқаралық мәдени іс-шараларды 
ұйымдастыру ұсынылады. Бұл тұрғыда «Алғашқы қоңырау», «Соңғы қоңырау», 
«Бітірушілер кеші», «Жаңа жыл», «Наурыз», «Тұңғыш Президент күні» сияқты 
мектептік бұқаралық мәдени іс-шараларды білім алушылар мен педагогтердің 
белсенді (қаржылық емес) қатысуымен қарапайым, бірақ салтанатты түрде 
ұйымдастыру ұсынылады.
Мектеп әкімшілігі, Қамқоршылық кеңес кабинеттерге мектептің дамуына 
үлес қосқан қоғам қайраткерінің, меценаттың есімін беру туралы шешім 
қабылдай алады. Мысалы, меценат мектеп кабинетін жабдықтап, компьютер, 
жиһаз сатып алып, жөндеу жұмыстарына қаржы бөліп, мектепті оқу-әдістемелік 
ресурстармен қамтамасыз етті дейік. Мұндай жағдайларда педагогикалық 
кеңестің шешімімен меценаттың есімі жазылған тақта кабинетке орнатылуы 
мүмкін. 
Зияткерлік конкурстар мен олимпиадалар, білім алушылардың 
шығармашылық конкурстары мен спорттық жарыстары, педагогтердің кәсіби 
конкурстары ҚР БҒМ 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен 
бекітілген тізбеге сәйкес (2021 жылғы 25 мамырдағы № 232 өзгерістермен) 
және жергілікті атқарушы органдардың қаулылары мен білім беру 
басқармаларының бұйрықтары негізінде тегін өткізіледі.
Білім беру 
ұйымдарының, педагогтердің, білім алушылардың оқу, кәсіби жетістіктерін 
бағалау кезінде осы ресми конкурстардың, жарыстардың нәтижелерін ескеру 
ұсынылады. 
Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында балалардың 
қатысуымен өткізілетін мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық іс-
шаралар тоқтатылады. 
 


38 
Орта білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру және өткізу 
бойынша барлық әдістемелік материалдар мына сайттарда орналастырылған: 
https://www.nao.kz («Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Әдістемелік 
құралдар»), https://iite.unesco.org/ru/ («Жарияланымдар» бөлімі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет