1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ
ІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2023
2
МАЗМҰНЫ
1.
Жалпы ережелер
3
2. Глоссарий
5
3.
Бағдарлама тақырыбы
7
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтижесі
7
5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
8
6.
Оқу процесін ұйымдастыру
15
7. Бағдарламаны оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
19
8. Бағдарлама нәтижесін бағалау
19
9.
Курстан кейінгі қолдау
21
10. Негізгі және қосымша әдебиеттер
21
3
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘРБИЕ
ІСІН БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ» ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Жалпы ережелер
«Біртұтас тәрбие: құндылықтарға негізделген
тәрбие ісін басқару және
жүзеге асыру» педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) білім беру ұйымдарының педагогтеріне,
директордың тәрбие
ісі жөніндегі орынбасарларына, сынып жетекшілеріне,
тәрбие саласының мамандарына арналған.
Оқыту курсы қазақ және орыс
тілдерінде жүргізіледі.
Бағдарлама біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде құндылықтарға
негізделген тәрбие ісін басқару және оны педагогикалық қызметте тиімді жүзеге
асыру
жолдарына бағыт-бағдар беру, қолдауды әдістемелік қамтамасыз ету
бойынша білім беру ұйымдары мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге
бағытталған.