Жедел! Мектеп басшыларына! 24. 02. 2014 ж



Дата03.07.2016
өлшемі58.8 Kb.
#174253
Жедел!

Мектеп басшыларына!

24.02.2014 ж

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 16.03-04.04.14 жыл аралығындағы «Қазақстан жерінің алтын өрнегі» атты Республикалық фольклорлық-этнографиялық фестиваліне қатысу үшін Республикалық, облыстық шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін (жас этнографтар, этнографиялық ғылыми жобалардың жеңімпаздары, жас ақындар, халық әндерін орындаушылар) оқу озаттарын 2014 жылғы 5 наурызға дейін (қағаз және эл нұсқасын) ұсынуларыңыз сұралады.







Оқушының аты-жөні, тегі

Туған күні, айы, жылы

Куәлігінің номері

Мектебі класы, оқу тілі

Мекен-жайы, телефоны

Ата-анасының аты-жөні, жұмыс орны, тел

Оқушының жетістіктері, алған грамоталары
























Төмендегідей кестемен мектебіңіздегі тақырыпқа сәйкес жетістігі бар оқушылардың мәліметін жіберуілеріңізді сұраймын.





Мектеп

5 сынып

6 сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып




ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

ұл

қыз

Қазақ

1

1

1

1

2

2

-

1

1

1

Орыс

1

1

1

1

-

-

-

-

1

-


































Қалалық ғылыми-әдістемелік

Орталық директорының орынбасары М.С. Ержақыпов

Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша
БҰЙРЫҚ
Ақтөбе қаласы № « » наурыз 2014 жыл


Қалалық турнир өткізу туралы
Ақтөбе қаласы білім бөлімінің Үйлестіру жоспарына, «Ақ желкен» аула клубының 2013-2014 оқу жылына арналған жылдық жоспарына және қалалық «Ақ ладья» атты шахмат турнирын өткізу Ережесіне сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:


  1. 2014 жылдың 28 наурызында қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары арасында көктемгі демалыс кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша « Ақ ладья» атты шахмат турниры өткізілсін.




  1. Турнирды ұйымдастырып өткізу «Ақ желкен» аула клубының директоры Қ.Абдрахмановқа жүктелсін.

  2. Турнирды ұйымдастыру комитеті мен төрешілер алқасының құрамы бекітілсін. (1 қосымша)

  3. Білім беру мекемелері басшыларына: оқушылардың турнирге қатысуын қамтамасыз ету және оқушылардың жолда жүру өмір қауіпсіздігі жүктелсін.

  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ақтөбе қаласының білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Тастанбаеваға жүктелсін.



Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Л.Уразбаева

1 қосымша

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Төрайымы:


Утепбергенова М.Х. - ҚҒӘО әдіскері

Мүшелері: Бекешова А.К. - педагог-ұйымдастырушы;

Калжанов Е. - қосымша білім беру педагогы.


Бас төреші : Калжанов Е.- шахматтан спорт шеберлігіне кандидат

Көктемгі демалыс кезінде өткізілетін іс-шаралар жоспары бойынша қалалық «Ақ ладья» атты шахматтан турнирының
ЕРЕЖЕСІ
Турнирды ұйымдастырушы: «Ақ желкен» аула клубы
І. Мақсаты:

  • қосымша білім беру ұйымдары арасында шахмат ойынын насихаттау;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



ІІ. Байқауға қатысушылар:
1) қосымша білім беретін мекемелерінің оқушылары .

2) Бір мекемеден 3 оқушы.


ІІІ. Өткізу мерзімі:
Өтініш 2014 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады:

Турнир 28.03.2014 жылы сағат 10.00 де ағ.Жұбановтар к-сі 290/2 үй, «Ақ желкен» аула клубында өткізіледі .



IV. Жарыстың түрі: жарыс айналма жүйесімен өткізіледі

Ұтысқа – 1 ұпай, тең ойын – 0,5 ұпай, ұтылыс – 0 ұпай


V. Байқауды қорытындылау және марапаттау:
Қалалық турнир жеңімпаздары қалалық білім бөлімінің және «Ақ желкен» аула клубының 1, 2, 3 санатты дипломдарымен марапатталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет