Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы



бет98/138
Дата30.06.2023
өлшемі0.6 Mb.
#475458
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   138
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Шығыршықты коньки. Жалпы сипаттама. Бұл конькиді көктемде және жазда қолданады. Олар балалардың қыста игерген дағдыларын нығайтуға көмектеседі. Yйрету әдістемесі. Балаларды шығыршықты конькимен жүруге, бұрылуға, тежеуге, тоқтауға, сондай-ақ ботинканы кие білуге және оларды күтіп ұстауға үйретеді. Үйрету кезінде түсіндіру әдісі, сондай-ақ тәрбиешінің, жолдастардың көмегі пайдаланылады. Тапсырма бірте-бірте күрделілене түседі. 3-4 жастан бастап демалыс күндері, балабақшадан тыс уақытта арнайы бағдарламасыз ересектер бақылауымен шығыршықты конькиді үйретуге болады. Оның екі, төрт (қатар орналасқан екі жұп) дөңгелекті түрлері бар. Балалардың ептілігіне, икеміне қарай екі түрін де пайдалануға болады. Қай уақытта да қауіпсіздік ережелерін, сақтық шараларын естен шығармау керек.
Шана. Шанамен сырғанау, әртүрлі қимылдарды (жүру, жүгіру т. б.) өзіне қамти отырып, бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерін дамытуға, зат алмасуды күшейтуге, шынығуға көмектеседі. Оның үстіне балалардың дене, ерік-жігер қасиеті, сондай-ақ жағымды эмоциялары дамиды. Yйрету әдістемесі. Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп сырғанауға, шананың жанында әртүрлі жаттығуларды орындауға, шананы жотаға алып шығуға, әртүрлі қалыпта (отырып, етпеттеп жатып, түрегеп тұрып) және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен төмен қарай сырғанауға үйретіледі. Бұған қоса балаларды төбешіктерді жасауға тартып, төбешіктерді (баспалдақтарды кардан тазартып) және шаналарын (сырғанап болғаннан кейін қардан та­зартып, орнына қоюға) жөндеп, күтуге үйретеді. Сәби жастағы балаларды шанамен ересектер сырғанатады. Балалар 3 жасында шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып, жіппен сүйреп жүреді. Неғұрлым ересек жа­сында балалар тура жолмен, шеңбермен айналдырып, бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Жотадан төмен карай сырғанау кезінде балалар (жарақаттанып қалмау үшін) белгіленген ережені орындауы керек (алда кеткен бала сырғанақты шетіне жеткенше асықпай күтуі, сырғанақка шалқасынан жатпауы, т. б.). Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында (Астана, 2009) дене шынықтыру мазмұны бойынша спорттық жаттығулар бөлімінде 3-4 жастағылар үшін шанамен сырғанауда биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанату; 4-5 жастағыларға төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу; 5-6 жас үшін төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау, шанамен төбешікке көтерілу, төмен түсіп келе жатып тежеу, бірін-бірі сырғанату сияқты үлгі тапсырмалары ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет