Жақынды , досты аяла,
Қанатын сонда талмайды.
Барынды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды.
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатыгез болсаң – сол қайғы.
Қайрымды бол халқыңа
Жақсылық жерде қалмайды.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар бүгінгі «Адамшылықтың шуағы сөнбесін!» атты қамқоршылармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Бүгінгі бас қосудың мақсаты: Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, мәртебесін арттыру, оларға демеу көрсету болып табылады. «Жетім көрсең ,жебей жүр» деген екен дана халқымыз. Осы қағиданы ұстану бүгінгі қоғамда әркімнің қолынан келе бермесі анық. Дегенмен де, бесіктен белі шықпай, бекімей жатып жетім атанғандарды қамқорлығына алып, отбасының жылулығын сезіндіріп, қоғамға жылы көзқарас қалыптастыратын, алтын жүректі батыр адамдар жоқ емес. Оларды қамқоршылар немесе қорғаншылар деп атаймыз. Олар біздің ортамызда да кездеседі.
Қамқоршылық мақсаты — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу болып табылады. Өркениетті қоғам мен мемлекет ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және көмекке мұқтаж балаларды дер кезінде табуды өзінің алдына басты мақсат етіп кояды. Осы міндеттерді орындау жүктелген арнаулы мемлекеттік органдар — қорғаншылық және қамқорлылық органдары жұмыс істейді. Бұл органдар мұндай балаларды іздеп тауып қана қоймай, оларды орналастыру және олардың тұрмыс жағдайларын бақылау міндеттерін жүзеге асыруы тиіс.
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар , бүгін бізде қонақта қамқоршы қолында тәрбиеленіп жатырған мектебіміздің оқушылары Қайратова Айгерім мен Қайратқызы Арайлымның қамқоршысы –Алмағанбетов Ерболаттың келіні, Айгерім мен Арайлымның тәрбиесі мен күтіміне үлкен еңбек сіңіріп жүрген жеңгесі Айман келіп отыр; 2-сынып оқушысы Утесинов Бекзаттың қамқоршысы-, апасы Утесинова Гүлжахан келіп отыр.
Енді осы қамқоршыларды ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер. Қош келдіңіздер!
Сонымен қатар ортамызға қамқорлықтағы оқушыларымыздың сынып жетекшілері Айна Мақсотқызын, Орынша Сәлішқызын,Ақерке Жұмабекқызын , мектебіміздің психолог маманы Ләйлә Айтмұханқызын, және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Зәуреш Ықсанқызын дөңгелек үстел басына шақырамыз.
7-сынып оқушысы Әбдірахман Нұрасылдың орындауында – Ата-анаға арнау әнін қабыл алыңыздар.
Енді дөңгелек үстел басындағы қамқоршыларымыз бен мұғалімдерімізді бүгінгі тақырып төңірегінде ой бөлісуге шақырамыз.
1-сұрақ: Айман апай, сізге - Айгерім мен Арайлымның мінездері қандай және мінездерінен сізге қиындық тудыратын кездері бола ма?
2-сұрақ: Гүлжахан апайға- Гүлжахан апай бізге Бекзаттың сүйікті тамағы,сүйікті істері туралы айтып бересіз бе?
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және отбасына тәрбиелеуге берілуі тиіс балалар міндетті мемлекеттік есепке алынуы керек. Ол үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың есебін алуды ұйымдастыру ережесі бекітілген.
Республикамызда балаларға қамқорлық көрсету, оларды мемлекеттік қолдау балалар үйлері мен интернат мекемелері жүйесі арқылы жүзеге асырылады. (жетімдер үйі суреті слайдта)
Еліміздегі балалар үйлері мен интернат мекемелері жібермей қамқорлығына алып отқан қамқоршыларымызға алғысымызды айта отырып, ортамызға «Жетім қыз» монолыгымен 7 «ә» сынып оқушысы Салауатқызы Шараны шақырамыз.
«Еліміздің күші – патшада, сәбидің күші – жылауында» демекші біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде, жан жылуымызда екені сөзсіз.Осы монолог жөнінде сынып жетекшілер мен ата-аналарды ой бөлісуге шақырамын.
1) Зәуреш апай, оқылған монолог бойынша не айтар едіңіз? Сәби бақыты дегенімізді сіз қалай түсіндірер едіңіз?
Мұқағали Мақатаевтың «Ей ,өмір» өлеңін – 7 «ә» сынып оқушысы Әбдірахман Нұрбектің орындауында тыңдауға шақырамын
6 «а» сынып оқушысы Салауатұлы Ернұрдың орындауында Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңін тыңдайық
1)Айна апай, Оқушыңыз Бекзат кандай пәндерді жақсы көреді, өмірге деген қызығушылығы қандай,бойында қандай жақсы қасиеттері байқалады?
2)Орынша апай,Сіз үшін ата-ана бақыты мен ұстаз бақыты дегеніміз не? Өз оқушыңыз Арайлым туралы айта кетсеңіз..
3)Ақерке апай, Сіз Айгерімнің сынып жетекшісісіз. Адам өмірінде әр түрлі жағдайлар кездеседі ғой. Айгерімнің жабыққан, ренжіген сәттері бола ма, сол кезде сіз оны қалай жігерлендірер едіңіз?
Мектеп психологы Ләйла Айтмұханқызын “Көңіл-күйімізді жаттықтыру”треннингімен ортаға шақырамыз.
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақ отының маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.
Бүгінгі кеш қонақтары, балалардың қамқоршыларына сөз кезегін берейік, бүгінгі шарадан алған әсерлеріңіз жөнінде айтсаңыз.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі тату болуы үшін, сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек дей келе,келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Шолпан Ботайқызына береміз.
Бүгінгі кеш қонақтарының құрметіне Мерубай Нұрболдың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |