Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімовке Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!



Дата25.02.2016
өлшемі42 Kb.
#20520

2014 жылғы 17 қыркүйекте жарияланды


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К.Мәсімовке

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласы қызметкерлерімен болған кездесу кезінде өнер мен мәдениет саласында қалыптасқан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Соның ішінде 80 жылдық тарихы бар Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрына «Академиялық» мәртебесін беру жөнінде мәселе алға тартылды. Соған байланысты Сізге депутаттық сауал жолдап отырмыз.

Бүгінгі таңда Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының шоқтығы биік, ол – елімізге танымал іргелі өнер ордасының бірі. 1934 жылы осы қазақ драма театры ашылған кезден бері қарай мұнда небір өнер саңлақтары қызмет жасағаны белгілі. Солардың қатарында театр өнерінің жарық жұлдыздары, қазақ өнерінің мақтанышына айналған Ә.Өмірзақованы, Х.Бөкееваны, Ж.Серікбаеваны, Х.Шәженовты, Р.Байкеновті, Қ.Дүйсековті, Ғ.Хайруллинаны, А. Абдуллина мен А. Қалмырзаевтарды айтар едік. Қазіргі уақытта театрда елімізге белгілі Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері О.Рахимов, С.Өтемісұлы, Қ.Рахымбердиева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері М.Ілиясқаров және 9 ҚР Мәдениет қайраткері қызмет етеді.

Театрдың жұмыс көрсеткіші мен нәтижесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 қаңтардағы №33 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру қағидасы мен шарттарының талаптарына толық сай келеді.

Сонымен қатар, биыл қараша айында Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы 80 жылдық мерейтойын атап өткелі отыр. Мәдениет саласына қолдау көрсету, ұлттық өнерімізді дамыту – еліміздегі әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Театрға «Академиялық» атақ берілген жағдайда, өнер ұжымының мәртебесі көтеріліп, әртістердің жұмыс істеуіне және шығармашылығына қолайлы әлеуметтік жағдайлар қалыптасатыны сөзсіз.

Бұл мәселенің шешімін табуы Мемлекет басшысының Шымкент қаласын еліміздегі үшінші ірі орта­лық­ қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес келеді. Осыған орай, театрдың ұзақ жылғы жемісті еңбегін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрына «Академиялық» мәртебесін беруге ықпал етуіңізді сұраймыз.

Құрметпен,

Депутаттар В.Қ. Бишимбаев, А.З.Смайыл, М.А.Ахмадиев, Б.Смағул, К.Н.Бұрханов, М.Бегентаев, О.А.Асанғазы, Қ.Ә.Қаракен, И.П.Аронова, А.Қ.Нұркина

Оглашен 17 сентября 2014 года


Премьер-Министру

Республики Казахстан

К. Масимову

Депутатский запрос
Уважаемый Карим Кажимканович!
На встречах с работниками культуры Южно-Казахстанской области был затронут ряд актуальных проблем, сложившихся в сфере культуры и искусства. Для Южно-Казахстанской области с населением в два с половиной миллиона человек вопросы поднятия уровня культуры, воспитания молодежи в лучших мировых и национальных культурных традициях, социальной поддержки работников культуры являются одними из насущных вопросов. В частности, на протяжении последних нескольких лет неоднократно поднимался вопрос о присвоении статуса «Академический» одному из старейших театров нашей страны - областному казахскому драматическому театру им.Ж.Шанина, имеющему 80-летнюю историю. В связи с этим направляем Вам настоящий депутатский запрос.

На сегодняшний день областной казахский драматический театр имени Ж.Шанина является одним из крупнейших в нашей стране центров театрального искусства. С момента открытия театра в 1934 году коллектив - среди них были такие яркие звезды театрального и в целом казахского искусства как А.Омирзакова, Х.Бокеева, Ж.Серикбаева, Х.Шаженов, Р.Байкенов, К.Дуйсеков, Г.Хайруллина - вносит свой непрерывный вклад в дело духовного и нравственного воспитания населения и удовлетворения его эстетических запросов в сфере сценического искусства.

Производственные и творческие показатели театра полностью соответствуют положению и условиям присвоения статуса «Академический», предъявляемым государственным организациям культуры, отдельным профессиональным и творческим коллективам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан 26 января 2011 года.

Вместе с тем в ноябре 2014 года коллектив областного драматического театра им. Ж.Шанина готовится отметить свое 80-летие. Поддержка культуры имеет очень важное социальное значение для всего Казахстана, для поднятия уровня национального самосознания, а присвоение статуса «Академический» театру даст новый импульс не только для дальнейшего развития театра, но и позволит создать благоприятные условия для улучшения социальных условий, творческой работы коллектива.



Решение данного вопроса находится в свете поручения Главы государства о преобразовании города Шымкента в третий мегаполис страны. В связи с вышеизложенным и с учетом многолетней плодотворной деятельности просим Вас оказать содействие в присвоении статуса «Академический» Южно-Казахстанскому областному казахскому драматическому театру им. Ж.Шанина.

С уважением,

Депутаты В.К.Бишимбаев

А.З.Смайыл М.А.Ахмадиев

Б.Смағул К.Н.Бурханов

М.М.Бегентаев О.А.Асанғазы

К.А.Каракен

И.П.Аронова

А.К.Нуркина




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет