Конкурс жарияланды Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына бiлiктiлiк талаптары



Дата25.02.2016
өлшемі128.88 Kb.
#22598
2012 жылғы 7 ақпанда «Егемен Қазақстан» газетінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жарияланды
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына бiлiктiлiк талаптары

С-6 санаты үшiн:

білімі - жоғары кәсіптік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(7272) 330-24-66, 704-544, факс 8(7272) 704-615, мынадай бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаменті стратегия және талдау басқармасының сарапшысы (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: талдау материалдарын дайындау, зерттеулер жүргізу, Қазақстан қаржы нарығын одан әрі дамыту және перспективалары, әлемдік қор және тауар нарықтары, елдің экономикалық қауіпсіздігі жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Эконометриялық үлгілерді әзірлеу және қаржы секторының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын құру. «Қазақстан Ұлттық Банкінің экономикалық шолуы» мерзімдік басылымын қалыптастыру және жариялау үшін дайындау, қаржы жүйесін дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Материалдар дайындау және Ұлттық Банктің Жылдық есебін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларына сәйкес Ұлттық Банктің орындауы үшін белгіленген бағдарламалық құжаттар және іс-шаралар жоспарлары бойынша есептерді қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың хаттарына жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу. Әлемдік нарықтардың дамуы, ақша-кредит саясатының негізгі көрсеткіштерін зерттеу және әзірлеу саласындағы экономикалық талдау мәселелерін білу. Экономика, қаржы саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеу және статистика департаменті кәсіпорындар мониторингі басқармасының сарапшысы (С-6 санаты, уақытша, бала күтімі демалысындағы қызметкер болмайтын кезеңге);

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің басшылығы мен кәсіпорындарға ұсыну үшін кәсіпорындар пікіртерімдерінің деректері және Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуы жөніндегі талдама материалдар бойынша кәсіпорындар мен салалар жұмыстарының нәтижесін қаржылық-экономикалық талдауға негізделген талдама материалдарды дайындау. Кәсіпорындар мониторингінің және ресми статистиканың деректері бойынша деректер базасын жасау және жүргізу. Кәсіпорындар пікіртерімдерінің нәтижесі бойынша талдама материалдарды өңдеуді және қалыптастыруды автоматтандыру мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау және жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу. Кәсіпорындар мониторингі бойынша жұмыстарды орындау барысында Ұлттық Банк филиалдарының қызметкерлеріне қатысты оқуға қатысу және консультациялық және бақылау функцияларын жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық білім. Ғылыми дәрежесінің немесе негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және ақша-кредит саясатының негіздерін белгілейтін және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін басқа заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді білу. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын білу. Макроэкономикалық менеджментті, статистиканың жалпы теориясын және оның әдістерін, эконометрика және бухгалтерлік есеп негіздерін білу. Кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау рәсімдерін білуі құптарлық. Экономика және қаржы саласында мемлекеттік органдарында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті есеп айырысу қатынастарын және монетарлық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыру, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру, банк шоттарын жүргізу, вексель айналысы, бюджет жүйесі, бухгалтерлік есеп, «овернайт/овердрафт» заемдарын беру мәселелерін қарастыру, Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдарымен жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру; заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу (дербес немесе Ұлттық Банктің басқа бөлімшелерімен бірлесіп); Басқарма құзыреті шегінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Ұлттық Банктің Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерін қолдану жөнінде түсіндірмелер беру; банк шотын ашуға, «овернайт/овердрафт» заемдарын беруге, активтерді басқаруға арналған шарттардың (келісімшарттардың, келісімдердің) жобаларын және қарастырылуы Басқарма құзыретіне кіретін өзге шарттардың (келісімшарттардың, келісімдердің) жобаларын қарау; жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен басқа өтініштерін қарау; Басқарманың функциялары мен міндеттеріне сәйкес Ұлттық Банктің орталық аппаратының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне консультация беру; Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қызметінің мәселелерін қарау; есеп айырысу қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы материалдарға құқықтық сараптама жүргізуді жүзеге асыру; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссияларына қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасын, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiн, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті шарт-құқық басқармасының сарапшысы (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік орган бөлімшелерінің мәртебесін және өкілеттіктерін белгілеу мәселелерін, еңбек мәселелерін және мемлекеттік қызметке байланысты мәселелерді, мүлікті басқару тәртібі, мемлекеттік органның бөлімшелерін, акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, бюджетті (шығыстар сметасын) пайдалану мәселелерін қарау, шарттардың (келісімшарттардың, келісімдердің) жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтары мен комиссияларға қатысу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының азаматтық, банктік заңнамасын, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін білу. «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі құптарлық. Талап-арыздар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Даму және тәуекелдерді басқару департаменті тұрақты даму басқармасының сарапшысы (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің тұрақты даму стратегиясын әзірлеуге, Ұлттық Банктің бизнес- процестерінің талдамасын жасауға, Ұлттық Банктің бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша ұсынымдарды әзірлеуге, Ұлттық Банктің ресурстарын дамыту және тиімді пайдалану моделін әзірлеуге; Ұлттық Банк қызметінің үздіксіздігі мәселелері бойынша әдіснаманы әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық, немесе гуманитарлық немесе техникалық немесе халықаралық қатынастар бойынша білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы не мамандандырылған оқу бағдарламалары бойынша оқу туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Ағылшын тілін білу құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Үйлестіру департаменті (Астана қ.) құқықтық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы (С-6 санаты, уақытша, бала күтімі демалысындағы қызметкер болмайтын кезеңге);

Функционалдық міндеттері: Ұлттық Банктің құқық қорғау және сот органдарымен құқықтық мәселелер бойынша қызметінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізу. Басшылықтың тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау, оларға жауаптар дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, ақша төлемдері мен аударымдары, валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы, сондай-ақ қаржы ұйымдарының қызметін және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Ақша-кредит саясатының және қаржы секторының негізгі даму бағыттарын білуі құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау методологиясы департаменті қаржы нарығын реттеу басқармасының сарапшысы (С-6 санаты, 3 адам, оның 2-і уақытша, бала күтімі демалысындағы қызметкерлер болмайтын кезеңге);

Функционалдық міндеттері: қаржы ұйымдарының жұмыс істеуі үшін бірдей жағдай жасау бойынша, қаржы ұйымдарының қабылдаған міндеттерін уақтылы және толығымен орындауын қамтамасыз ету бойынша, қаржы ұйымдарын лицензиялау стандарттарын жетілдіру, корпоративтік басқаруды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту үшін қаржылық қызметтерді және қаржы нарығындағы қатынастарды реттеу, сондай-ақ қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғау, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделеріне міндетті кепілдік беру (сақтандыру) стандарттарын әлемдегі ең озық практикаға жақындату жөніндегі талаптарға сараптама жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық, немесе заңгерлік білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнаманы білу. Банк және сақтандыру ісін қадағалау, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін қадағалау әдіснамасының халықаралық стандарттарын білу құптарлық. Экономикалық бірліктердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, макроэкономикалық шоттарды талдау, деректерді өңдеу бағдарламаларының қолданбалы пакеттерімен жұмыс істеу дағдыларының болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бақылау және қадағалау методологиясы департаменті бақылау және пруденциалдық қадағалау методологиясы басқармасының сарапшысы (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: Басқарманың міндеттерін орындау үшін қаржы ұйымдарына арналған пруденциалдық нормативтерге және сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерге, оның ішінде үмітсіз және күмәнді активтерді қамтамасыз ету үшін провизияларды қалыптастыру тәртібін және шарттарын айқындау бойынша, қаржы ұйымдарының жарғылық және меншікті капиталының мөлшері бойынша, активтерді бағалау және қаржы ұйымдарының қызмет көрсетулері үшін тарифтерінің баға белгілеуі бойынша, қаржы ұйымдарының аудитін жүргізу ерекшеліктері бойынша, уақытша ұйымдар мен тарату комиссиялар қызметінің тәртібі бойынша, олардың құрамына, есептілігіне, шығыстар сметасына талаптарды белгілеу бойынша, таратылатын қаржы ұйымдарының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметі бойынша сараптама жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе математикалық, немесе заңгерлік білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнаманы білу. Банктік және сақтандыру ісін қадағалау, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін қадағалау әдіснамасының халықаралық стандарттарын білу құптарлық. Экономикалық бірліктердің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, макроэкономикалық шоттарды талдау, деректерді өңдеу бағдарламаларының қолданбалы пакеттерімен жұмыс істеу дағдыларының болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті Өңірлік өкілдер басқармасының сарапшысы (Ақтау қ.) (С-6 санаты);

Функционалдық міндеттері: қаржы ұйымдарының филиалдарына қадағалауды ұйымдастыру және жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыру. Ағымдағы міндеттерді дербес орындау, қаржы ұйымдарын тексеру бойынша аралық есептерді жасау, дербес өңірлік қаржы ұйымдарын, сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын тексеру нәтижесі бойынша жиынтық және аралық есептерді жасау. Іскерлік хат-хабармен жұмыс істеу, мұрағаттық іс, Комитеттің бекітілген істер номенклатурасына сәйкес іс жүргізу, қаржы ұйымдары филиалдарының қызметіне талдау жүргізу, банктердің, сақтандыру ұйымдарының және басқа қаржы ұйымдарының уақытша әкімшілігінің функцияларын орындау, уақытша әкімшілердің, тарату комиссияларының жасалған жұмыстары туралы есептерін, келіп түскен өзге құжаттарды қарау, уақытша әкімшіліктерге, тарату комиссияларына консультациялық және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін өзге функцияларды жүзеге асыру. ИСО 9001:2008 ХС сапа менеджменті талаптарын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономикалық немесе заңгерлік білім. Негізгі мамандықтың саласы бойынша курстарда мерзімді қайта даярлау туралы сертификаттардың болуы құптарлық Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының еңбек, азаматтық кодекстерін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексін, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Инвестициялық қорлар туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы», «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы», «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білу. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережені және қаржы ұйымдарының қызметі салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерін білу. Психология негіздері мен кадр менеджментін білу құптарлық. Мемлекеттік немесе қаржы мекемелеріндегі жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық. Дербес компьютерде жұмыс істей білу.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесі бойынша жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш, уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған анкета, кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекен-жайы мен телефондары, соның ішінде байланыс телефондары көрсетілуі тиіс); білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері; еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі; денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама; 3х4 үлгідегі фотосурет; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі) конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мекен-жайлар бойынша тапсырылуы тиіс.



Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдаудың көрсетілген мерзімінде азаматтар қолма-қол тәртіппен өткізген немесе почта бойынша жіберілген құжаттар (қоса берілген құжаттар тізбесін көрсете отырып істер тігілетін папкаға орналастырылған құжаттар) қабылданады. Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына негіздеме болып табылады.

Сынаққа қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана, Алматы, Талдықорған, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Көкшетау, Павлодар, Тараз, Өскемен, Орал, Петропавл, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы аймақтық сынақ орталықтарында белгіленген тәртіппен сынақтан өтеді.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тиісінше жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша осы конкурс бойынша сынақ жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.

Осы қызметтерге тағайындалған тұлғалар үшін көтерме ақы шығыстары төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет