Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданы әкімінің және аудан бойынша қала, кент, селолық (ауылдық)



Дата16.06.2016
өлшемі41.35 Kb.
#138366


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданы әкімінің және аудан бойынша қала, кент, селолық (ауылдық) округ әкімдерінің 2014 жылдың І тоқсанында елді мекендерде өткізген есепті кездесулерінің негізінде жасалған іс-шаралардың орындалысы
01.06.2014 жылға



Мазмұны

Аты-жөні мекен-жайы

Шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

Орындалысы туралы



Қарқаралы қаласының Мәди көшесіндегі жол бойына жылдамдықты шектейтін жол белгілерін орнату

Қала тұрғындары

Жол белгілерін орнату

сәуір

Н.Батырбеков

Ж.Искаков к/бойынша



Мәди көшесіндегі жол бойына автокөліктердің жылдамдығын шектейтін жол белгілері орнатылды.



Қарқаралы қаласында бос жүрген қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жалғастыру

Қала тұрғындары

Тиісті жұмыстарды ұйымдастыру

сәуір

Н.Батырбеков

А.Қасымов



«Аудандық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» және «Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы» КМК тарапынан тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, қала басында және кент, селолық округтерде иессіз бос жүрген иттерді аулау жұмыстары жүргізіліп, барлығы 429 бас ит ауланды. Оның ішінде қала басынан 75 бас ит ауланды.



Ынталы селолық округіне қарасты теміржол разъездіне қатынайтын жолды қысқы маусымда уақытылы қардан аршып отыруды ұйымдастыру

Теміржол разъездінің тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

сәуір

А.Сәдуақасов

С.Шажаров



Ынталы селолық округ әкімі аппараты тарапынан селолық округтегі шаруа қожалықтарымен келісім жасалып, қысқы маусымда жолды қардан аршу жұмыстары жүргізіліп, жол қатынасы қамтамасыз етіліп отырылды.



Бесоба – Қарағанды бағытында жолаушылар тасымалдаушы әлеуметтік қоғамдық автокөліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету

Бесоба ауылының тұрғындары

Облыстық тиісті қызмет көрестуші мекемеге хат жолдау, бақылауға алу

сәуір

Р.Нұрмаған

С.Шажаров



Бесоба – Қарағанды бағытында жолаушылар тасымалдаушы әлеуметтік қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында облыстық тиісті мекемелерге қатынас хат жолданды. Жоғарыда аталған бағытта жолаушыларды тасымалдау қамтамасыз етіліп, қоғамдық көлік тұрақты қатынап тұр.



Аудан бойынша шағын ауылдар бағытындағы жолдардың қысқы маусымда уақытылы қардан аршылып отырылуын бақылауда ұстау

Аудан бойынша шағын ауылдардың тұрғындары

Бақылауда ұстау

сәуір

С.Шажаров

Тиісті с/округ әкімдері



Барлығы 642 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар автокөлік жолдарында қысқы маусымда қардан тазалау жұмыстары «Тазалық – Қарқаралы» ЖШС-гі мекемесі арқылы мерзімінде жүргізіліп отырылды.



Аудан бойынша елді мекендерде пошта байланысы бөлімшелерінің жұмысын бақылауға алу

Ақтасты ауылының тұрғындары

Тиісті жұмыстар ұйымдастыру

сәуір

Ш.Аймағанбетова

к/бойынша



«Қазпошта» АҚ ҚОФ бұйрығына сәйкес аудан бойынша 5 ауылдық пошта байланысы бөлімшелері халық санының азайуына байланысты жылжымалы пошта байланысы пункттеріне ауыстырылып, лауазымдары байланыс операторы болып өзгертілді.

Лауазымдары өзгертілгенмен пошта байланысы бөлімшелерінің халыққа қызмет көрсету көлемі сол қалпында қалды. Пошта байланысы бөлімшелерінің жұмысы тиісті селолық округ әкімдерінің және аудандық пошта байланысы торабының бақылауында.





Аудан бойынша шағын ауылдарда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауыз су құбырларын тарту жөнінде тиісті облыстық басқармалармен жұмыс жасау

Айнабұлақ ауылының тұрғындары

Облыстық басқармалармен жұмыс жасау

сәуір

С.Шажаров

Р.Смағұлов



Аудан бойынша шағын ауылдар оның ішінде Айнабұлақ елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» бағадарламасы аясында биылғы жылы жер асты су мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тиісті жобалау – сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен қаражат қарастырылады.

Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Сатыбалдин

Орын: Д.Әзімханов





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет