Құрметті Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары, Ауылдастар-жерлестер! Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес «әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»



Дата16.06.2016
өлшемі92.94 Kb.
#139046
Құрметті Жамбыл ауылдық округінің тұрғындары,

Ауылдастар-жерлестер!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығына сәйкес «әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы», ауылдық округ әкімдері тоқсанына бір рет тоқсанның бірінші айы ішінде халыққа есеп береді, сондай-ақ өңірдің ары қарай даму жолдарын айқындайды.

| Осыған сәйкес, міне бүгін сіздердің алдарыңызда есептік кездесуге жиналып отырмыз. Ауылдық округ бойынша Елбасымыздың тапсырмаларына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнес, туризмді дамыту бағдарламалары бойынша жұмыстар істелінді. Тоқтала кететін болсақ, былтырғы жылы әкімнің есеп беру жиналысында ауыл тұрғындарынан төмендегідей сұрақтар қойылды.

1. Берел аулының Қарашоқы көшесін жарықтандару мәселесі.

Елдімекендердің көшелерін жарықтандыру бойынша, Берел ауылының Қарашоқы көшесіне 19 жарықшам орнату үшін республикалық бюджеттен - 1 901 мың теңге бөлініп игерілді.
2.Жамбыл-Берел бағытындағы Барынду учаскесіндегі ағаш көпірді қайта салу мәселесі.

Жамбыл-Берел бағытындағы Барунду жер теліміндегі ағаш көпір салынды.


3. Жамбыл ауылындағы Бұқтырма өзеніндегі аспалы көпірді ағымдағы жөндеуден өткізу мәселесі.

Жамбыл ауылының тұрғыны Абраимов Жомарт ағымдағы жөндеуден өткізіп, 500 мың теңге қаражатты игерді.


4.Берел ауылындағы телефон мәселесі.

Берел ауылында ғарыштық терминал телефоны іске қосылды. Оған үлес қосқан облыстық мәслихат депутаты Тумашинов Лұқпек Шабданұлы мен өзіміздің аудандық мәслихаттың хатшысы Бралинов Дүйсен Запыранұлы ат салысумен іске қосылды. Рахметімізді айтамыз. Сонымен бірге интернет желісі және ұлттық телеарна каналдары қосылмақшы.


5. Жамбыл ауылының Қайнар көшесіндегі су мұнарасының жанындағы ескі КТП-ны ауыстыру туралы мәселе.

Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2 млн 300 мың теңгеге су мұнарасы жанындағы Қайнар көшесінде КТП Барнаулдан әкелініп ауыстырылды. Халық атынан аудан әкіміне көп рахметімізді айтамыз.


6. Жаңаүлгі -Берел бағытындағы жолды жөндеу мен автобус мәселесі.

Жол жөндеу және автобус қатынасы мәселесі бақылауда тұр.

Сонымен бірге жоспардан тыс төтенше жағдайға байланысты су ағызып кеткен ағаш көпірді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл азаматтардың күшімен Жамбыл жағындағы ағаш көпірге әр отбасынан 2000 теңгеден қаражат жиналып, 30 куб кәделік ағашқа билет алынып әкелінді. Ауыл тұрғындарынан құрылысшылар жұмысқа тартылып ағаш көпір салынып жатыр. Қазіргі уақытта қайығы салынып , 35 машина тас төгілінді. Үстіне салынатын ағаштар, темір ленталар т.б материалдары дайындалу үстінде.


Берел, Жамбыл ауылдарында 25 бос жүрген иттерді ұстап, атылды. Жамбыл, Берел ауылдарында ауыз-су алатын құдықтар жұмыс істеп тұр. Көшелердегі жарықтандыру бақылауға алынып қазіргі уақытта жанып тұр. Ауыл тұрғындарына ескертпелер беріліп иттерін байлауға, малдарын қораларына қамауға, көшелерін тазалауға әкімшілік тарапынан бақылауға алынып қадағалануда.

Ақпарат-насихат жұмыстары:

2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050:Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» жолдауына байланысты Жамбыл ауылдық округінде 2 топ құрылған. Жыл бойы ай сайын кездесулер өткізілді.

2015 жылы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»жолдауына байланысты 2 топ құрылған. Жолдауға байланысты іс-шаралар жоспары бекітілген. Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын қалың көпшілік арасында кеңінен насихаттап түсіндіру жұмыстары Шұбарағаш, Маралды ауылдарында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл ауылдық округ әкімінің аппараты ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру өзінің басты бағыты және кезек күттірмес міндеті деп біледі. Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауын аудандық мәслихат хатшысы Бралинов Д.З. бірге ауылдық әкімшілік Жамбыл және Берел ауылында халыққа таныстырылып, талқыланды. Жамбыл ауылдық округі бойынша «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалу іс-шараларының жоспары құрылды.


Мемлекеттік Рәміздер:

Мемлекеттік Рәміздер-мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады.Мұндай бейнелер үйлесімнен мемлекеттің,елдің арман-мұраты,өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп,оларға биік мәртебе беріледі,сондықтан да мемлекеттік адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуі парыз етеді.Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституция немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді.

Округте мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және ескірген рәміздерді жою туралы арнайы комиссия құрылған. Мемлекеттік рәміздер барлық мемлекеттік мекемелерде стандартқа сай орнатылған.
Жастар саясаты:

Жамбыл ауылдық округінде жастармен бір талай жұмыстар атқарылуда. Мерекелік шаралар,спорттық сайыстар,диспуттар,кездесулер жастардың белсенді қатысуымен өткізіледі.

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту (Бұқтырма өзенінің үстіне салынатын көпірдің ПЗД сын жасау және көпірді салу жоспарланды.)
2. Туризм саласын дамыту бойынша Маралды ауылының тұрғыны Дюленбаев Нұрлан 2 млн теңге шағын несие алып он орындық қонақ үйін салып жатыр. Шұбарағаш ауылы «Димаш» ШҚ ның директоры Етекпаев Сержан өз қаражаты есебінен он орындық пантымен емдеу орны істелуде. Абраимов Ринат қымызхана және ұлттық тағамдар он бес орындық асханасын салмақшы. Балықты бұлақ учаскесінде жеке кәсіпкер Раисов Нұрлан қымызхана салмақшы.
3. Ауылдық округ аумағында жеке кәсіппен айналысатын тұрғындардың саны да жылдан –жылға артып келеді, соның ішінде бұл жұмыспен ауыл жастарының айналысуы қуантады. Ауылдық округте халыққа қызмет етіп отырған дүкендер саны 8. Жеке кәсіпкерлер Раисов Нұрлан, Нурахметова Гульбаршын, Касымканова Корлығайын, Байгереева Айсара, Назарбекова Гулнар, Абраимов Ринат сынды азаматтар өз кәсіптерін кеңейтумен қатар ауыл тұрғындарына да көп көмектерін тигізеді.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту ауылдық округ әкімшілігінің алдына қойған негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Жамбыл ауылдық округі бойынша 3 ауылда 8 ағаш өңдейтін станоктар орнатылып іске қосылған, сонымен қатар барлық елді мекендерде ұстаханалар ауыл тұрғындарының тапсырмаларын орындайды.

2015 жылғы шағын бизнесті дамыту мақсатында жеке кәсіпкер Байгереева Айсара наубайхананы кеңейтіп жұмысын жандандырмақшы. Өткен жылы кіші және орта бизнесті дамыту бойынша округтан несие алған адам жоқ.
4. Ауыл шаруашылық саласын дамыту бойынша 9 адам 1млн- 3 млн теңге аралығында шағын несие алып, мал басын көбейту бойынша жұмыстар істелінеп жатыр.

1. Мукажанов Жолтай 1млн теңге- 6 бас ірі қара

2. Раисов Нурдан 2 млн теңге -11 бас ірі қара

3. Раисова Бакыт 3 млн теңге - 20 бас ірі қара

4. Кашанаев Медет 1,5 млн теңге- 6 бас жылқы.

5. Нурасылов Айдын 2 млн теңге -8 бас жылқы

6. Тюменбаев Мұрат 1 млн теңге -5 бас ірі қара

7. Дюлюмбаев Валерий 2 млн теңге-8 бас жылқы

8. Абышев Куат 2 млн теңге- 8 бас жылқы

9. Байдуанов Еркін 2 млн теңге -8 бас жылқы


Мал басын асылдандыру бағытында Берел ауылынан «Еркебұлан» ШҚның басшысы Амренов Ерік, «Ельдар» ШҚның басшысы Трумов Даулен әрқайсысы 2 бастан қазақтың ақбас тұқымды бұқасын әкеліп мал басын асылдандыруда.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша «Ринат» ШҚның басшысы Абраимов Ринат 100 бас қой алып көбейтуде.

2015 жылы осы бағытта асыл тұқымды ірі қара басын көбейтуге Жамбыл ауылының тұрғыны Абраимов Жомартқан өз қаражаты есебінен 2 бас бұқа алмақшы.

«Жайлау» бағдарламасы бойынша қой басын көбейтуге Берел ауылынан Раисов Нұрлан, Жамбыл ауылынан Кашанаев Медет, Қасымханов Айтмұханбет өтініштерін білдіруде.


5. Лизинг бойынша МТЗ-82 тракторын және ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға Берел ауылынан Трумов Даулен өз өтінішін білдірді.
Округтік әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижесі төмендегідей болды:

2014 жылғы санақтың нәтижесі бойынша Жамбыл ауылдық округінде 1118 адам мекен етеді, оның 685 адамы еңбекке жарамды. Соның ішінде 375 өздерін –өздері жұмыспен қамтып отырған тұрғындар, былайша айтқанда жеке қосалқы шаруашықтарда жеке малмен айналысып, оны күн көріс көзіне айналдырып отырған азаматтар.

Адамдардың әлеуетін көтеруде маңызды бағыттардың бірі-медициналық қызмет сапалылығы және салауатты өмір салтының жүргізілуі. Округте 2ФАП пен 2 медициналық пунктте 4 медицина маманы жұмыс істейді. 2014 жыл ауылдық округ бойынша 12 бала дүниеге келді, 7 адам қайтыс болды. Зейнеткерлер саны-136, мүгедектер-46, көп балалы аналар саны-49 адам. Соның ішінде «Алтын алқа» иелері-20, «Күміс алқа» иегерлері-15 адам, 18 жасқа дейін бала тәрбиелеп отырған, 4 және одан да көп балалары бар жас аналар саны-9 адам.

Жұмыссыздардың санын кеміту, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша ауылдық округте 2014 жыл көлемінде жаңадан 64 жұмыс орнын ашу көзделсе, тұрақты жұмыс орны 7, ауыл шаруашылығы саласында уақытша жаз айларында 60 орын ашылған, яғни 104.7 % ға орындалды. Жаз мезгілінде жайлауда жылқы табыны, қой отарларын және ауылда сиыр табынын бағу, қымыз өндіру бойынша жұмыстар.


Мал шарушылығы саласы бойынша:

Ауылдық округ бойынша мекен етіп отырған халықтың негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Соңғы санақ бойынша округте 2015 жылдың 1 қаңтарына барлығы 2696 бас ірі қара, 4852 бас қой-ешкі, 1371 бас жылқы, 743 бас марал тіркелді. Округ бойынша марал шаруашылығымен 2 шаруа қожалықтары айналысады. 2013 жылмен салыстырғанда қой 375 басқа, марал 22 басқа өскен. 2 жеке шаруашылық серіктестік, 58 ұсақ шаруа қожалықтары құрылып, мал өсірумен айналысады. Мал өнімдері, соның ішінде ет 2013 ж ет 5819цн болса, 2014 ж 5986 цн, яғни 168 цн-ге артты. Сүт 2013 жылы 23317 цн болса, 2014 ж 24250 цн , яғни 933 цн –ге артты. Жұмыртқа 322 мың дана алынды. Қырқылған жүн 2013ж 85цн болса, 2014ж 88 цн, яғни 3 цн-ге артты.


Білім беру саласында:

Жамбыл ауылдық округі бойынша 2 мектеп, бір мектеп жанындағы интернат жұмыс істейді. Барлық мұғалімдер саны 46 адам , 148 оқушы білім алады. Жамбыл және Берел ауылдарындағы мектептер, интернат және шағын орталықтар электр қуатымен жылыту жүйесіне қосылған. 2 мектепте де оқушылар арасында тегін ыстық тамақпен және облыс әкімінің тапсырмасы бойынша оқушыларға 20 граммнан бал беріледі.

2014 жылы Берел орта мектебінде 6 оқушы бітірсе, ҰБТ-ны 2 оқушы тапсырып, ортақ көрсеткіш 86,5 % болды. Жамбыл орта мектебі бойынша 9 оқушы бітіріп, 8 оқушы ҰБТ дан өтіп, ортақ көрсеткіш 71,8 % болды.
Салық төлемдері бойынша

Жергілікті салық төлемдерінің орындалуы 2014 жыл көлемінде көлік салығы жоспар бойынша 838,7 теңге болса, нақты 924,1 теңгеге яғни 110,2% орындалды.Жер салығы жоспар бойынша 120,8 теңге болса, 122теңгеге , яғни 100,9% орындалды. Мүлік салығы 35,2 жоспар бойынша, орындалғаны 358,4 теңгеге яғни 100,9 % орындалды.


Мәдениет саласы:

Ауылдық округ бойынша 1мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана, 1 мұражай жұмыс істейді. Ауылдық округ бойынша барлық даталы мерекелік күндерде салтанатты жиындар, іс-шаралар өткізіліп тұрады. «1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне байланысты» аудан әкімі бекіткен кестеге сәйкес Жамбыл және Өрел ауылдық округтері Үлкен-Нарын ауылында мерекелік концерт беріліп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ат шаналар, орындық, үстелдер, 5 куб отын, қар күрейтін күректер, балта саптары, ат тағалары, сібірткілер қазақ ұлттық қолөнер бұйымдары, қымыз, сүт, құрт-ірімшік т.б. ұлттық тағамдар сатылды.

«Тәуелсіздік- Мәңгілік Ел тұғыры» аудандық мәдени акциясында Жамбыл ауылдық округінен «Тұмар» би тобымен бір топ жастар өз өнерлерін көрсетті. Көше күндері орай студенттер мен ауыл жастары Жамбыл мәдениет үйінде өнерлерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді. Оралхан Бөкейдің туған күні қарсаңында Шыңғыстай ауылында болған мерекеге ауыл жастары өз өнерлерін көрсетті. Осындай жастар қатарында Хамитов Арман, Дюсенбинов Олжас, Сейітдаулет Елмұрат, Қойшатов Бердібекті атап айтуға болады.

Округтегі халықтан 12 өтініш түсті. Өтініштердің барлығына тиісінше жауаптар беріліп, қанағаттандырылды.




  1. ғы міндеттер

Ауылдық округ әкімінің алдында қыруар жұмыстар тұр.

Олар:

1) Жамбыл-Берел бағытындағы жол жөндеу, Қарашоқы қасындағы көпірді ағымда жөндеу, ауылдардың көшелерін жарықтандыру, Ақбұлқақ өзеніндегі көпіріндегі су жырған жағалауын қалпына келтіру, қоқыс төгетін орындарды тәртіпке келтіру, ауыл тұрғындарының аулаларын жаңалау және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, Бұқтырма өзенінен өтетін ағаш көпірін қалпына келтіру, Жамбыл, Берел ауылындағы су құбырларына автоматтық шиттер орнату және құдықтарды жөндеу, Жамбыл мектебінің жарықтандыру электр шамдарын ағымдағы жөндеуден өткізу, терезелерін ауыстыру, су өткен жерлерді қалпына келтіру, Берел және Жамбыл мектептерінің ішіндегі су құбырларын өзгерту, округ бойынша қасқырларды жою. Жаңаүлгі- Берел бағытындағы автобус көлігін жүргізу.



2) 2015 жылы тамыз айында Берел қорығы музейінің жанында Алтай түркі әлемінің алтын бесігі, Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты облыстық іс-шаралар өткізілмекші, сондықтан Жамбыл-Берел тас жолы міндетті түрде жөнделеді.

3) ҰБТ-дан 2014-2015 оқу жылдарында алдынғы 3 орынға міндет алып отырмыз.

4) Берел, Жамбыл ауылдарының барлық мекемелерінде ,дүкендердің маңында гүлзарлар жасалып әртүрлі гүлдерді екті. Орталық көшелерде ағаштарды әктеу жұмыстары,санитарлық тазалық орнату жұмыстары жүргізілді. Арықтарды тазарту,шетін түзету өткізілді.

Бірлігімізден айырмай, ынтымағымыз жарасып барлық мәселелерді шешіп, жұмыстарды бірге атқарамыз деп сенемін.



Тыңдағандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет