Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі»



бет1/6
Дата22.12.2023
өлшемі31.85 Kb.
#487611
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі


Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Көрнекілік әдісі және оның бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны


Орындаған: Жақыпбек Н, Бегасыл А


Мамид М, Ермаханова А
Тексерген: Сейлова З.
Қызылорда, 2023ж
Мазмұны

Кіріспе


  1. Көрнекілік әдісін пайдаланудың теориялық ерекшеліктері

    1. Көрнекілік әдісінің педагогикалық- психологиялық негіздері

    2. Математика сабағындағы көрнекілік әдісінің маңызы туралы мәселелер



  1. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда алатын орны

    1. Бастауыш сыныптарды оқытудағы көрнекіліктердің түрлері мен рөлі

    2. Бастауыш сатыда математикада көрнекіліктерді пайдалану - сапалы білім кепілі

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі». Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Білім беру жүйесін дамытуда ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту мемлекеттік жекеменшілік білім беруге кредиттер бөлу жүйесін жетілдіру қажет –делінген.


Ал, оның негізі бастауыш сыныпта қаланбақ. Осы орайда оқушыларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектепте есептер шығаруда көрнекілікті пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейтесті мәселе. Жаңа ұғымды немесе әрекет тәсілін оқытып-үйрету үшін, ең алдымен, түсіндірілетін қажетті материал іріктеліп алынады, сонан кейін түсіндіру кезінде қолданылатын көрнекіліктің түрлері және оқытудың әдістері сұрыпталады, ең соңында, оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыратын-дай жұмыс түрлері анықталады. Осы үш бағытта мұғалімнің жан жақты дайындалуы жаңа материалдың табысты игерілуінің негізін қалайды. Сондықтан, бастауыш мектептің оқу үдерісінде көрнекі құралдарды қолдану – негізгі әдістердің бірі болып табылады. Математика сияқты абстрактілі және формальді ғылымды оқытқанда бейнелерді, көрнекіліктерді пайдалануға ерекше көңіл бөлу маңызды. Көзбен көріп, қолмен ұстаған, өзі істеп тәжірибе жасаған баланың түсінігі басқаша болатыны аян.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет