Бала тілін дамытуда тірек-сызбаның алатын орны



Дата05.07.2016
өлшемі84 Kb.
#179073
Бала тілін дамытуда тірек-сызбаның алатын орны
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда маңызды мәселенің бірі-ол бала тілін , тілдік қатынастарын дамыту. Балабақшада әрбір бала грамматикалық құрылымы дұрыс, мағынасы және желісі түзу құрылған сөйлемдер мен сөйлей білуге үйрену керек.

Бала тілінің шорқақ болуының себептері:



  • бала үлкендермен қарым-қатынасқа аз түседі.

  • әке-шешелерінің аузынан ертегі аз естиді.

Бұл мәселені жою үшін-тірек-сызбаның, белгілердің, пиктограммалардың алар орны маңыз.Тірек-сызба , белгілер, пиктограммалар бала тілін дамытып қана қоймай, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырады.

Л.Рубинштейн, Л.Элькониннің ойларынша бала тілін дамытудағы тиімді әдістің бірі ол-көрнекілік. Суретті (затты) қарауда бала заттың атын атауын, оның сипатын, өтетін әрекеттері туралы білетін болады. Мектепке дейінгі жастағы балаларды көрнекіліктер арқылы білім тез меңгеріледі. Венгер,Дьяченко тірек-сызбаны 3 кезеңге бөлінген:

- дайын сурет пен сызбаны пайдалану. Бұл кезеңде үлкендер дайын сурет пен белгілерді көрсетеді;

- педагог пен бала бірлесіп тірек-сызба құрастырады

-бала өзі жеке дара тірек-сызба құрастырады.
Суреттер, сызбалар бала тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оларды пайдалану:


  • сөздік қорларын дамыту үшін

  • әңгіме құрастыруда

  • әдеби шығарманы мазмұндауда

  • жұмбақтарды құрастыру мен шешуде

  • тақпақтарды жаттауда

Тірек-сызбамен әдеби шығарманы таныстыру 2 кезеңнен өтеді:

1-кезең көрнекі сызбалар пайдаланады.Оның мақсаты-әңгіме желісімен қарым-қатынасысымен танысу.

2-кезең шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін.Мақсаты-балаға ертегі әрекет желісін , кейіпкерлерді өзгерту үшін пайдаланылады.

Тірек-сызбаның ең қарапайым түрі-сериациондық қатар сызбасы. Ол жолақшалардың түрлі ұзындықтарға ұзарғандығын көрсетеді.Мысалы : «Шалқан» ертегісін үйреткенде ортаға сары дөңгелек қойылады, балаға ертегі мазмұны бойынша 6 жолақтарды қатарлау тапсырмасы беріледі.Әр жолақтың кейіпкерге ұқсастығы талданады. Бала осылай ертегі мазмұнын игергеннен соң тапсырманы өзгертіп, әр кейіпкерді қатармен қатарлау тапсырмасымен күрделенеді.

Сериациондық қатардан кейін, қозғалмалы тірек-сызбаны пайдалануға болады. Бұл тірек ертегіні мазмұндауда пайдаланылады. Бала бұл арқылы барлық әрекеттерді біледі.(кетті, келді т.б) Мұнда бірдей көлемдегі тек түстері әр түрлі дөңгелектер пайдаланылады. Мысалы «Қоян мен түлкі» ертегісіне ақ (қоян), тоқсары (түлкі), сұр (ит), қоңыр (аю), қызыл (әтеш) пайдаланылады.

Кейбір ертегілерді мазмұндау немесе үйретуде екі тірек-сызба да пайдаланылады. Сериациондық қатар және қозғалмалы тірек. Мысалы : «Қызыл телпек» ертегісінде кішкентай дөңгелек және түрлі ұзындықтағы жолақтар пайдаланылады.Ең қысқа жолақ – тышқан, ең ұзын жасыл жолақ (бақа).

Бала бұл сызбаларға үйренгенде жеке дара жолақтар беруге болады. Немесе жолақтар беріп бұл қай ертегі кейіпкері деп сұрақ қоюға болады.Кейбір кездерде балалар белгілер мен жолақтарды пайдаланып басқа ертегі немесе әңгіме құрайтын болады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу де тиімді тәсілдің бірі. Жұмақ құрастыру немесе шешуде заттың қасиетін, ұқсастығын, қасиеттерін алуға болады. Жұмбақ құрап шешуде кесте арқылы ұйымдастыруға болады. Балаға «қандай?», «ұқсастығы неде?» деген сұрақтар қою арқылы жұмбақ құрастыруды үйретеміз. Мысалы:



Бұл не?

Қандай?

Ұзын

Мұз сияқты

Тоқсары

Апельсин сияқты

қытырлақ

Қатырма нан сияқты

Ұзын-мұз сияқты

Тоқсары-апельсин сияқты

Қытырлақ-қатырма нан сияқты

Бұл не?

(Сәбіз)



Неге ұқсайды?

Айырмашылығы неде?

Мақтаға

Ериді

Көрпеге

Үтікпен үтіктей алмайсың

Қатырма нанға

Жеуге болмайды

Мақта сияқты, бірақ ериді,

Көрпе сияқты-бірақ үтіктей алмайсын

Қатырма нан сияқты, бірақ жеуге болмайды

Бұл не?


(Қар)

Осындай тірек-сызбаларды жииі пайдаланатын болсақ, бала тілі тез дамиды.Ал, егер бала тілі дамыған болса ол өз ойын жеткізе білетін-тжеке дара тұлға болып қалыптасады.


Семинар

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын тірек-сызба, бес жолды өлең арқылы дамыту арқылы дамыту»
Күн тәртібінде:
1.«Көршімнің ерекшеліктері» ойынын ұйымдастыру.

Баяндама :« Бала тілін дамытуда тірек-сызбаның алатын орны»
А.Нуралина

2.Баяндама:«Бала тілін мнемотехника әдісі арқылы дамыту»
В.Шапаева

3.Тәжірибемен бөлісу: «Бала тілін дамытудағы әдістер»
С.Оспантаева

Шығармашылық кезең: «Ойнайық та, ойлайық » берілген әңгіме, ертегі, жұмбақ, өлеңдердің тіпек-сызбаларын құрастыру.

4.Қорытынды: « Қорап» ойынын ұйымдастыру.

Шешім:
1. Бала тілін дамытатын тірек-сызбаларды дайындау
Мерзім 10.12.2015 ж
2. Бала тілін дамытуда тірек-сызбаларды пайдалану

ҮНЕМІ


2013 жылғы 19- ақпанында біліктілігін арттыру институтының тыңдаушыларына арналған семинарының тіркеу қағазы



Р/с


Педагогтың аты-жөні


Қала / аудан (ауыл)


Жұмыс орны


Қызметі


Еңбек өтілі


Қолы

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8



















9



















10



















11



















12



















13



















14



















15



















16



















17



















18



















19



















20



















21



















22



















23



















24



















25



















26



















27



















28



















29



















30



















31



















32



















33



















34



















35



















36



















37



















38



















39



















40




















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет