Қазақстан республикасының президенті, оның ҚҮҚЫҚТЫҚ МӘртебесі, Өкілеттіктері



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі18.53 Kb.
#469253
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ОНЫҢ ҚҮҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ, ӨКІЛЕТТІКТЕРІ.

Президент институты Қазақстанда алғаш рет 1990 жылы 24 сэуірде қабылданған "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға сэйкес құрылды. Сол күні ҚазССР-ң тұңғыш Президенті ҚазССР Жоғарғы Советімен алты жыл мерзімге сайланды. Бүл заңда Қазақстанда Президент қызметін тағайындаудың негізгі себептері ретінде келесілер көрсетілді: елімізде жүзеге асырылып жатқан терең саяси жэне экономикалық өзгерістердің одар әрі дамытылуын қамтамасыз ету; конституциялық қүрылысты нығайту; азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігін нығайту; ҚазССР-ң мемлекеттік өкімет мен басқаруының жоғары органдарының өзара іс-қимылын жақсарту.


1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті. Президент Республика халқымен бес жыл мерзімге сайланды. 1990 жылғы заңда Президенттің мемлекет басшысы болып табылатындығы бекітілді. "Қазақ ССР-ң мемлекеттік егемендігі туралы" декларацияда Президенттің Республиканың басшысы болып табылатындығымен қатар онда ең жоғары өкімшілік-атқару билік болатындығы реттелді. 1993 жылғы Конституция ҚР Президентінің мемлекет басшысы болып табылатындығын жэне республиканың атқарушы өкімет билігінің біртүтас жүйесін басқаратындығын жария етті. 1995 жылғы Конституцияға сэйкес Президент атқарушы биліктің басшысы емес, ол енді Үкіметті басқармайды, оған тікелей басшылықты жүзеге асырмайды. 1995 жылғы Конституция бойынша ҚР Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатының негізгі багыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам жэне азамат кұқықтары мен бостандықтарының нышаны эрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін жэне өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Республика Конституциясына енгізілген 07.10.1998 жылғы өзгертуге сэйкес Республика Президенті жеті жыл мерзімге сайланды. 2007 жылы 21 мамырда қабылданған "ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң бойынша ҚР Президентін конституциялық заңға сэйкес жалпыға бірдей, тең жэне төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кэмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды жэне 5 жылдық өкілеттік мерзімі 2005 жылғы 4 желтоқсандағы сайлауда сайланған Республика Президентінің жеті жылдық өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілетін президенттік сайлау қорытындысы бойынша Республика Президенті болып сайланған адамға қолданылатын болады. Республика Президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.
Республика заңнамасында Президентті сайлаудың тек кезекті түрі ғана өткізілетіндігі реттелген. Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі жэне ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс. ҚР Президентін кезектен тыс сайлау өткізілмейді. Себебі, ҚР Президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайларда Республика Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге келесі тұлғалардың біріне көшеді: Парламент Сенатының Төрағасы, Парламент Мэжілісінің Төрағасы, Премьер-Министр.
Президент халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі. Оның өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен сэттен бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Ант беру қаңтардың екінші сэрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерінің, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың барлық бұрынғы Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күннен бастап бір айдың ішінде ант береді.
Конституцияға сэйкес бір тұлға қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Конституцияға енгізілген соңғы өзгертулерге сэйкес бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Конституцияда жэне Президент туралы конституциялық заңда Президенттің өкілеттіктері айқындалған. Президенттің өкілеттіктері жеткілікті шамада кең жэне күшті болып табылады. Олар экономикалық, элеуметтік жэне саяси салалардағы терең реформаларды ары қарай жүргізудің, қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың міндеті ретінде болады. Президенттің өкілеттіктерін келесідей түрлерге бөлуге болады:
- сыртқы саясаттағы өкілеттігі;
- мемлекеттің қорғаныс қабілетін жэне қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы өкілеттігі;
- Парламентке және оның Палатасына қатысты өкілеттігі;
- Үкіметке қатысты өкілеттігі;
- Конституциялық Кеңеске қатысты өкілеттігі;
- соттарға жэне судьяларға қатысты өкілеттіктері;
- прокуратура органдарына қатысты өкілеттігі;
- Орталық сайлау комиссиясына қатысты өкілеттігі;
- Үлттық Банкке қатысты өкілеттігі;
- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне қатысты өкілеттігі;
- экімдерге қатысты өкілеттігі;
- өзіне тікелей бағынатын жэне есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты өкілеттігі;
- республикалық референдумға қатысты өкілеттігі;
- Республика Президентінің өзге де өкілеттігі.
1995 жылғы Конституцияға сэйкес Президентке бірінші рет заң актілерін шығару қүқығы берілді. Президент Республикасының бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарумен қоса Конституцияда белгіленген жағдайларда заңдар және заң күші бар жарлықтар да шығарады. Парламент Президентке заң шығару өкілеттігін берген жағдайда Президент уақытша заңдар шығару кұқығын иеленеді. Ал, Президенттің заң күші бар жарлықтар шығаруының себебі болып Президенттің белгілі бір заң жобасын жедел (1 айда) қабылдануы тиістілігін білдіретін талабын Парламенттің орындамауы табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет