Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



Дата03.07.2016
өлшемі146.64 Kb.
#174930
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2011 12:32:36
Қазақстан Республикасының Президентінің

Жарлығы

 

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.



2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;



2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті 

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 17-і.

 

925

 

Қазақстан Республикасы



Президентінің

2010 жылғы 17 ақпандағы

925 Жарлығымен



БЕКІТІЛГЕН

 

 

Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық

іс-шаралар жоспары

 

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөніндегі шаралар

Экономиканы әртараптандыру - табыс кілті

1.

Елдің 2020 жылға дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын қабылдау

Үкімет қаулысы

ИСМ, БҒМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ЭБЖМ, ДСМ, Қоршағанортамині, Еңбекмині, ҚжТКШІА, АБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2010 жылғы қыркүйек

2.

Республикалық және өңірлік деңгейлерде Индустрияландыру картасының шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі басқару орталықтарын (штабтарды) құру

Премьер-Министрдің өкімі

ИСМ, ЭБЖМ, мүдделі мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы ақпан

3.

Жаңа «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

БҒМ, АШМ

2010 жылғы ақпан

Инвестициялар тарту

4.

Концессиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ, ИСМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, Еңбекмині, ТСМ, ДСМ, Қаржымині, БҚА, ТМРА, ҚНРА, ҰБ (келісім бойынша), Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы мамыр

Кәсіпкерлік - жаңа экономиканың қозғаушы күші

5

Өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Бизнестің жол картасы - 2020» бюджеттік бағдарламасын әзірлеу

Үкімет қаулысы

ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ЭМРМ, Еңбекмині, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы сәуір

6

Барлық өңірлерде ӘКК құруды ескере отырып, оларды қайта ұйымдастыруды жүргізу және ӘКК-ларды жергілікті атқарушы органдарға беру туралы шешім қабылдау

Үкімет қаулысы

ИСМ, Қаржымині, ЭМРМ, ЭБЖМ, ӘКК, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы І тоқсан

7

ӘКК-ларды жергілікті атқарушы органдарға беруді аяқтау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Қаржымині, ИСМ, ЭМРМ, ЭБЖМ, ӘКК, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы II тоқсан

8

«Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ИСМ, Қаржымині, ЭБЖМ, Әділетмині, ЭМРМ, ККМ, ТСМ, СІМ, Еңбекмині, БҒМ, АБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы казан

Өңірлердің дамуы - елдің дамуы

9

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭБЖМ, ТЖМ, АШМ, БҚА, ҚжТКШІА, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы шілде

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асырудың базалық шарттары

10

«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», оның ішінде 2010 жылғы 1 сәуірден бастап бюджет саласы қызметкерлеріне жалақыны 25%-ға ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ

2010 жылғы ақпан

11

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оның қаражатын пайдалану тұжырымдамасының жобасын әзірлеу

Президент Жарлығының жобасы

ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, ҚНРА

2010 жылғы наурыз

12

Тәуекелдерді азайту бөлігінде банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ҚНРА, ҰБ, Қаржымині, ЭБЖМ

2010 жылғы 1 шілдеге дейін

13

Елдің қор нарығын капиталдандыруды және оның өтімділігін одан әрі өсіру жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АӨҚОҚРА, Қаржымині, ҰБ, ҚНРА, ЭБЖМ, ИСМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

жартыжылдық қорытындылары бойынша

2. Адам - елдің басты байлығы

Білім беру

14

Балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен қамтамасыз ету деңгейін арттыруға бағытталған «Балапан» салалық бағдарламасын әзірлеу

Үкімет қаулысы

БҒМ

2010 жылғы 1 мамырға дейін

15

«Назарбаев Университеті, Назарбаев Қоры, Назарбаев интеллектуалдық мектептері мәртебесі туралы», оның ішінде «Өмір туралы ғылым орталығы», «Халықаралық аспаптық орталық» және «Баламалы энергетика орталығы» атты үш ғылыми орталық құруды реттейтін Қазақстан Республикасы Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

БҒМ, ИСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы наурыз

Денсаулық сақтау

16

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ЭБЖМ, БҒМ, ДСМ, Қаржымині, Әділетмині

2010 жылғы наурыз

17

Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту жөнінде шаралар кешенін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне, Премьер-Министрдің Кеңсесіне ұсыныстар

ТСМ, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы 1 сәуірге дейін

Тұрғын үй-коммуналдық сектор және сумен қамтамасыз ету саласындағы саясат

18

Ауылдық елді мекендерді және шағын қалаларды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды көздейтін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі салалық бағдарламасын қабылдау

Үкімет қаулысы

ҚжТКШІА, АШМ, ЭМРМ, Қоршағанортамині, ТМРА, БҚА, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері

2010 жылғы қараша

3. Ішкі саяси тұрақтылық - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы

19

Құқық қорғау органдарында әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ПӘ, БП және өзге де құқық қорғау органдары

2010 жылғы сәуір

20

Құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

БП және өзге де құқық қорғау органдары

2010 жылғы қазан

21

Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының және Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөнінде ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы 25 шілде, 25 желтоқсан

4. Сыртқы саясат

22

Алматы қаласында бейресми ЕҚЫҰ СІМК өткізу (2010 жылғы шілде)

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, Әділетмині, ҰҚК, Қорғанысмині, ІІМ, БП, ТЖМ, ККМ, ДСМ, МАМ, БҒМ, АБА, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы желтоқсан

23

ЕҚЫҰ-ның жауапкершілігі аймағындағы қауіпсіздіктің өзекті проблемалары, Ауғанстандағы ахуал және төзімділік мәселелері бойынша Астана қаласында ЕҚЫҰ саммитін өткізу (2010 жылғы қараша - желтоқсан)

Президент Әкімшілігіне ақпарат

СІМ, Әділетмині, ҰҚК, Қорғанысмині, ІІМ, БП, ТЖМ, ККМ, ДСМ, МАМ, БҒМ, АБА, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2010 жылғы желтоқсан

 

Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі

АӨҚОҚРА - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі

АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлер корпорациялар

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

ҚжТКІША - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

ҚОҚМ - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Қорғанысмині - Қазақстан Республикасын Қорғаныс министрлігі

МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

СІМК - Сыртқы істер министрлерінің кеңесі

ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет