“Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт
басқармасы” мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, туризм, спорт және дене тәрбиесі мәселелері бойынша өкілетті әкімдікпен жергілікті мемлекеттік басқарманың жекелен функцияларын жүзеге асыратын атқарушы орган болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, басқа да нормативтік құқықтық актілер, Астана қаласының әкімі мен әкімдігінің актілері, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма заңды тұлға болып табылады және өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға енеді.
5. Астана қаласының әкімдігі Басқарманың құрылтайшысы болып табылады.
6. Басқарманың мемлекеттік тілде толық атауы:
«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
7. Басқарманың мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 11.
2. Басқарма қызметінің мақсаты, қызмет түрлері және құқығы
8. Басқарма қызметінің негізгі мақсаттары:
1) туризм, спорт және дене тәрбиесі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен бірлесіп қалада туризм, дене тәрбиесін және спортты дамытуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болып табылады.
9. Басқарманың негізгі қызметінің түрлері:
1) спорттың әр түрлері бойынша қалалық жарыстар өткізу;
2) спорттың әр түрлері бойынша қалалық құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарда қатысуы бойынша дайындықты қамтамасыз ету;
3) бұқаралық спорт пен спорттың ұлттық түрлерін, оның ішінде әйелдер спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсету;
4) Қалалық бұқаралық спорт жарыстарының күнтізбелік жоспарын дайындау, бекіту және іске асыру;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тізімге сәйкес, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерге лицензия беру;
6) дене тәрбиесі және спорт жөніндегі уәкілетті органға қала бойынша дене тәрбиесі мен спорттың дамуы бойынша гендерлік ерекшеліктерді ескерумен мәліметтер, оның ішінде статистикалық есептерді ұсыну;
7) қала аумағында спорт ғимараттары құрылысын үйлестіруді жүзеге асыру;
8) спорт деңгейлері мен санаттарын беру;
9) спорт ұйымдарына әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
10) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласында мүдделі басқармалармен, комитеттермен, мекемелермен және бөлімдермен бірге ғылыми зерттеу ұйымдастыру және өткізу;
11) дене тәрбиесі мен спорт жаттығулары үшін материалды-техникалық база құру және нығайту;
12) туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара қарым- қатынасты ұйымдастыру және ынтымақтасу;
13) спорт саласында кадрлық саясатты жүргізу, қаладағы спорт ұйымдары үшін мамандар дайындау, гендерлік теңгерімді сақтай отырып олардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
14) туризм, дене тәрбиесі және спортының өңірлік бағдарламасын және спорттың даму стратегиясын жетілдіру;
15) туризм, дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөнінде конференциялар, семинарларды ұйымдастыру, жұмыс тәжірибелерімен алмасу;
16) белгіленген тәртіпте азаматтардың хаттарын, өтініштерін, үндеулері мен шағымдарын қарау;
17) заңнама талаптарына сәйкес туризм нұсқаушы қызметтерін жүзеге асыруға лицензия беру;
18) туристік бағдармалар мен бағыттарды әзірлеу және бекіту;
19) қала мүдделерін халықаралық, өңіраралық туристік бағдарламалар мен бағдарларда ұсыну;
20) Қаланың инвестициялық мүмкіндіктері мен жетістіктерін үгіт-насихаттау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Қазақстан мен шетелдерде саммиттер, форумдар, семинарлар, тұсаукесерлер, конференциялар мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
21) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына және Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі міндетін атқарушысының спорт ғимараттарын пайдалану ережелеріне сәйкес, спорт ғимараттарына бірінші, екінші және үшінші санаттарды беруді;
22) Емдік дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
10. Жүктелген функцияларды орындау мақсатында Басқарма өз құзыреті шеңберінде:
1) Басқармаға қатысты нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстарды дайындауға;
2) Туризм, дене тәрбиесі және спорт саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес заңнамамен белгіленген тәртіпте кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтері бойынша мониторингті жүзеге асыруға;
4) жаңа спорт, туризм объектілерін салуды ұйымдастыру, жобалау бойынша ұсыныстарды енгізуге құқылы.
3. Басқарма қызметін ұйымдастыру
11. Басқарманы Астана қаласының әкімі тағайындаған басшы басқарады. Басқарма басшысының Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және одан босатылатын орынбасарлары бар.
12. Басқарма басшысы Басқарма жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етуді жүзеге асырады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына, сонымен қатар Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілік алады.
13. Осы мақсаттарда басшы:
1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген рәсіміне сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
7) Басқарма жұмысының регламентін бекітеді;
8) Басқармаға берілген мүліктің тиімді пайдалануын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
10) Оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
14. Басшының құзіретіне жататын мәселелер жөнінде және белгіленген тәртіппен қабылданған Басқарманың шешімдері барлық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін орындауға міндетті болып табылады.
15. Басқарма қабылдайтын шешімдер басшы қолын қоятын бұйрықтармен ресімделеді.
16. Басшы болмаған жағдайда оның міндеттерін, Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасар атқарады.
4. Басқарма мүлкін құру және қаржыландыру тәртібі
17. Басқарма мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және жедел басқару құқығында тиесілі.
18. Басқарманың қаржыландырылу Астана қаласының бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
19. Қызметкерлердің саны және Басқарманы күтіп ұстауға арналған шығыс лимиттері Қазақстан Республикасының занамасымен белгіленген процедураға сәйкес бекітіледі. Басқарманың ұйымдық құрылымы Басқарма бастығымен бекітіледі.
20. Басқарма бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және есептілікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынады.
5. Басқарма жауапкершілігі
21. Басқарма өз міндеттемелері бойынша оның иелігіндегі ақшамен жауап береді.
22. Басқарманың жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
6. Басқарманы қайта құру және тарату
23. Басқарманы қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша несесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Басқарманың қайта құру немесе тарату жағдайында мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |