Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі Жамбыл облысының Статистика департаменті



Дата29.06.2016
өлшемі212 Kb.
#166009




Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Жамбыл облысының Статистика департаменті


Талдамалы баяндама

2014 жылғы 30 шілде

2014 жылдың қаңтар-маусымындағы облыстың тұтыну рыногындағы бағалар мен инфляция деңгейі жайында

2014 жылдың маусым айында инфляция (маусым айын 2013 жылдың желтоқсанына) 5,4%-ды құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайыздық пунктке жоғары. Азық -түлік тауарларының бағалары 5,4%-ға, азық түлікке жатпайтын тауарлар 4,7%-ға, ақылы қызметтер бағасы 6%-ға қымбаттады.




2010-2014 жылдардың маусым айындағы тұтыну тауарлары
мен қызметтер бағаларының өзгеруі

өткен жылдың желтоқсанына пайызбен,өсу+,төмендеу-




2010

2011

2012

2013

2014

Барлық тауарлар мен қызметтер

4,7

4,9

2,8

2,9

5,4

азық–түлік тауарлары

6,1

7,4

2,5

2,1

5,4

азық–түлік емес тауарлар

3,0

2,8

2,0

1,4

4,7

ақылы қызметтер

4,3

3,9

3,8

5,3

6,0

Азық-түлік тауарлары ішінде көкөніс пен жеміс өнімдері бағаларының өсімі 14,5%-ды құрады. Көкөніс пен жеміс өнімдері бағаларының жоғарылауы қыс айларында атаулы тауарлардың ұсынысының шектеулі болуына байланысты бағалардың маусымдық тербелісімен түсіндіріледі. Едәуір қырыққабат 51,1%-ға, пияз 48,3%-ға, картоп 44,8%-ға, сәбіз 33,3%-ға, ас қызылшасы 17,6%-ға қымбаттаған.

Нан мен жарма өнімдері бағалары 3,9%-ға өскен, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 2,5%-ға төмендеген. Бұл топтағы өнімдердің бағаларының өсуіне ұнға баға орта есеппен 8,7%-ға, макарон өнімдері 2,6%-ға қымбаттауы әсерін тигізген.

Жармалар бағасы орта есеппен 5,4%-ға арзандады.

Тұтыну рыногындағы ет бағаларының өсімі 2%-ды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өсім 0,5%-ды құраған. Cиыр еті 2,4%-ға, жылқы еті 1.3%-ға, қой еті 0,1%-ға қымбаттаған. Тауық еті бағалары 4,2%-ға, шұжықтар мен еттен жасалған өнімдер 2,3%-ға қымбаттаған.

Сүт өнімдерінің бағаларының динамикасы оларды өндірудің маусымдық сипатына байланысты. Биылғы жылдың жарты жылында оларға бағаның өсуі орта есеппен 12,7%-ды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінде баға 2,2%-ға өскен. Соның ішінде айран 15%-ға, қаймақ 10,7%-ға, сүзбе 44,8%-ға, мәйекті ірімшік 9,8%-ға өскен. Жұмыртқа бағасы жыл басынан 11%-ға арзандаған.

Балық пен теңіз өнімдері бағалары 2,4%-ға қымбаттаған, өткен жылдың сәйкес кезеңінде өсім 3%-ды құраған. Балық өнімдеріне бағаның өсімі жаңа ауланған балыққа 3%-ға, мұздатылған балыққа 8,6%-ға, өңделген және консервіленген балыққа 2,8%-ға қымбаттауы есебінен болды.

Май мен тоң май бағалары 2%-ға қымбаттаған, соның ішінде сары май бағасы 7,9%-ға, маргарин 3,2%-ға қымбаттаған, өсімдік майы керісінше 1,5%-ға арзандаған.

Сонымен қатар кант бағасы 13,2%-ға, кондитерлік өнімдер бағалары 2,5%-ға, шай 4,4%-ға өскен.

2014 жылдың бірінші жарты жылында азық-түлік емес тауарларға бағаның өсімі 4,7%-ды құрады,өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайыздық пунктке жоғары болып қалыптасты.

Бұл топтағы тауарлар ішінде жанар-жағармайға баға орта есеппен 0,9%–ға жоғарылаған. Дизельдік отын бағасы 11,7%-ға қымбаттаса, бензинге баға өзгермеген.

Киім мен аяқ киім бағаларының өсімі 2,1%-ды құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңінде өсім 1,3пайызды құрады, оның ішінде киімдер 2,1%-ға, аяқ киім 1,9%-ға қымбаттаған.

Жихаздар мен, үй қолданысына қажетті заттар бағалары 5,9%-ға, тұрмыстық приборлар 6,8%-ға, жуатын және тазалайтын құралдар 7%-ға, дәрі-дәрмектер 4,7%-ға, ыдыстар 4,8%-ға, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары 1,7%-ға қымбаттаған.

Ақылы қызметтер сферасындағы бағалар мен тарифтердің өсімі инфляция құраушыларының ішінде ең жоғары болып 6%-ды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,7 проценттік пунктке жоғары болып қалыптасты.

Осы топтың анықтаушысы болатын коммуналдық тұрғын-үй қызметтері бағалары 8%-ға өсті. Оның ішінде газ 11%-ға, мұздай су 10%-ға, орталықтан жылу беру 8%-ға, электр энергиясы 5,7%-ға, ыстық су 3,5%-ға өскен.

Медициналық қызметтер бағасы 21,2%-ға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының бағасы 14%-ға, демалыс,көңіл көтеру және мәдениет саласындағы қызмет көрсету 12,8%-ға, көлік қызметтері 4,8%-ға, мейрамхана мен қонақ-үй қызметтері 2,5%-ға өскен.

Ең төменгі күнкөріс мөлшері орта есеппен жан басына шаққанда ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыс бойынша 2014 жылдың маусым айында 17 923 теңге болып қалыптасты. 2014 жылдың маусым айында ең төменгі күнкөріс мөлшерінің жоғарғы деңгейі облыстың Мойынқұм ауданында (20 087теңге), төменгі Қордай ауданында (17 238теңге) тіркелді.

Сонымен, қорытындай келе 2014 жылдың жартыжылында облыс бойынша инфляция алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,5 пайыздық пунктке жоғары болып қалыптасты. Инфляцияның негізін ақылы қызмет бағаларының өсуі құрады. Ақылы қызметке бағалардың едәуір өсуі тұрғын-үй коммуналдық қызметтер бағаларының қымбаттауымен түсіндіріледі. Республика облыстарындағы ең жоғарғы және төменгі инфляцияның айырмашылығы 2,4 пайыздық пунктті құрады. Инфляцияның ең жоғарғы деңгейі Астана қаласында 6,3% тіркеліп, Республика бойынша орташа көрсеткіштен 1,5 пайыздық пунктке жоғары, ал ең төменгі инфляция Батыс Қазақстан облысында тіркеліп (3,9%), 0,9 пунктке орташа көрсеткіштен төмен.




Басшының міндетін атқарушы Е.Тоққұлиев

Орындаған: Г. Сайлыбекова

Тел:45-72-25

Қосымша

Қазақстан Республикасының облыстары бойынша 2010-2014 жылдардың


маусым айындағы тұтыну бағаларының индексі

өткен жылдың желтоқсанына,пайызбен




2010

2011

2012

2013

2014

Қазақстан Республикасы

104,4

105,1

102,7

102,7

104,8

Ақмола облысы

106,0

104,1

102,7

102,6

104,6

Ақтөбе облысы

104,2

104,5

102,4

102,9

104,2

Алматы облысы

104,4

104,9

102,2

102,3

104,2

Атырау облысы

103,9

105,6

104,0

102,6

104,5

Батыс Қазақстан облысы

103,9

104,6

101,9

105,0

103,9

Жамбыл облысы

104,7

104,9

102,8

102,9

105,4

Қарағанды облысы

104,2

105,8

103,7

104,0

105,1

Қостанай облысы

104,2

104,5

102,2

103,0

104,1

Қызылорда облысы

104,2

105,5

103,1

102,1

105,0

Маңғыстау облысы

103,8

104,9

102,6

102,0

105,1

Оңтүстік Қазақстан облысы

104,4

104,8

102,4

102,1

104,6

Павлодар облысы

104,6

105,0

103,2

103,1

105,6

Солтүстік Қазақстан облысы

104,7

105,2

102,4

102,0

104,7

Шығыс Қазақстан облысы

104,9

105,6

103,0

102,0

104,6

Астана қаласы

104,4

105,4

102,9

102,1

106,3

Алматы қаласы

104,2

105,1

102,3

101,7

104,7
2010-2014 жылдардың маусым айындағы тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы және тарифтерінің индексі

өткен жылдың желтоқсанына,пайызбен




2010

2011

2012

2013

2014

Барлық тауарлар мен қызметтер

104,7

104,9

102,8

102,9

105,4

Азық-түлік тауарлары

106,1

107,4

102,5

102,1

105,4

Нан және жарма өнімдері

96,2

106,3

95,8

100,9

103,9

Ет

104,1

109,7

109,3

100,5

102,0

Балық және теңіз өнімдері

103,9

102,4

102,7

103,0

102,4

Сүт өнімдері

103,0

103,8

99,8

102,2

112,7

Жұмыртқа

103,8

100,5

101,9

105,4

89,0

Май және тоң май

102,6

112,2

94,3

100,5

102,0

Жеміс-жидектер

121,8

108,7

100,9

108,4

114,5

Қант

112,0

113,8

107,0

98,9

113,2

Шай

111,0

103,2

101,0

101,6

104,4

Кондитер өнімдері

102,0

105,7

104,0

106,5

102,5

Минералды су және алкогольсыз сусындар

102,4

102,6

101,4

103,6

105,1

Алкоголді ішімдіктер

106,2

105,1

100,8

102,0

105,4

Темекі өнімдері

154,4

110,6

110,5

103,8

112,6

Киім және аяқ киім

102,8

101,7

101,8

101,3

102,1

Киім

102,8

101,5

101,7

101,2

102,1

Маталар

103,3

102,8

101,0

103,3

102,8

Аяқ киім

102,8

102,2

102,3

101,5

101,9

Тұрғын-үй қызметтері, су, электроэнергиясы, газ және отынның басқа түрлері

103,5

103,2

102,9

106,0

108,3


Жалғасы







2010

2011

2012

2013

2014

Суық су

102,9

100,4

100,9

172,3

110,0

Электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері

104,1

102,8

103,8

102,8

106,5

Электр энергиясы

109,7

107,0

110,2

108,6

105,7

Газ

100,0

100,0

100,0

100,9

107,0

Орталықтан жылу беру

100,0

101,8

102,0

100,0

108,0

Қатты отын

103,3

100,0

102,2

102,8

102,5

Үй тұрмысына қажетті заттар

102,1

101,5

102,5

101,8

105,9

Жихаздар мен кілемдер

101,7

101,4

102,1

101,4

104,7

Тұрмыстық тоқыма бұйымдар

101,5

100,4

101,9

101,5

101,7

Тұрмыстық приборлар

102,2

102,6

102,7

101,7

109,7

Шыны бұйымдары, асханалық приборлар және үйге қажетті аспаптар

103,3

101,1

101,9

103,3

104,8

Жуатын және тазалайтын құралдар

102,5

101,4

101,5

100,8

107,0

Денсаулық сақтау

107,4

105,4

102,2

106,6

106,6

Фармацевтикалық өнімдер

106,9

103,5

101,0

100,9

104,7

Медициналық қызмет көрсету

110,1

115,8

102,4

110,9

121,2

Көлік

101,4

105,6

102,8

101,7

106,2

Автокөлік құралдарын сатып алу

101,1

100,9

100,8

101,3

125,5

Бензин

100,8

114,3

105,4

99,2

100,0

Көліктердің қызмет көрсетуі

100,9

102,3

102,1

102,8

104,8

Темір жол көлігі

102,5

107,7

107,6

109,0

111,8

Автомобиль көлігі

100,1

101,0

100,2

101,1

102,9

Әуе көлігі

102,6

100,0

109,7

105,1

103,1

Байланыс

108,4

109,6

111,0

104,5

99,7

Пошта қызметтері

100,8

100,2

114,0

100,0

100,0

Телефондық және көшірмелік қызметтер

111,4

111,6

100,3

105,0

107,2

Демалыс,көңіл көтеру және мәдениет

104,4

100,8

101,4

101,4

106,9

Газеттер,кітаптар және кеңсе тауарлары

104,3

101,4

100,9

100,3

101,7

Білім беру

102,1

100,0

104,8

100,3

100,0

Мейрамханалар мен қонақ үйлер

106,7

104,4

100,9

101,3

102,5

Әр турлі тауарлар мен қызмет көрсету

106,3

104,1

103,0

104,4

107,1

Шаштараздардың қызметі және жеке қызмет көрсету орындары

108,7

102,0

105,1

112,9

114,0

Азық-тулік емес тауарлар

103,0

102,8

102,0

101,4

104,7

Ақылы қызмет

104,3

103,9

103,8

105,3

106,0

















ҚР–ның жекелеген қалаларындағы 2014 жылдың 15 маусым айындағы
маңызды тамақ өнімдеріне орташа бағалар

бір килограмм, литр теңгемен




Тараз

Қызылорда

Шымкент

Алматы

Бірінші сортты бидай ұны

82

80

85

109

Бірінші сортты бидай наны

67

78

70

96

Вермишель

180

168

205

200

Рожкилер

188

163

184

203

Кеспе

294

201

281

262

Қарақұмық жармасы

179

194

150

188

Ұнтақ жармасы

150

180

143

182

Сұлы жармасы

195

177

205

452

Арпа жармасы

103

169

104

146

Сөк

147

194

138

206

Күріш

211

168

220

251

Сиыр еті

1 168

1 223

1 166

1 313

Қой еті

1 060

1 130

1 043

1 306

Тауық еті

536

540

504

594

Мәйекті ірімшік

1 330

1 546

1 527

1 975

Жұмыртқа,10дана

204

178

178

254

Тұздалмаған сары май

1 280

1 311

1 265

1 367

Күнбағыс майы

286

291

285

291

Картоп

100

156

130

160

Сәбіз

90

112

105

114

Басты пияз

90

110

100

117

Қырыққабат

90

115

79

119

Қызылша

105

129

105

145

Қант

160

179

175

178

Тұз

37

33

37

42

Қара байха шайы

1 632

1 670

1 647

2 137


ҚР–ның жекелеген қалаларындағы 2014 жылдың 20 маусымында
халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің кейбір түрлеріне орташа бағалар мен тарифтер

теңгемен




Тараз

Қызылорда

Шымкент

Алматы

Бір адамға көйлектің тігілуі

6 803

5 411

5 649

13 935

Ер адамдар аяқ киімін жөндеу

546

607

502

753

Әйелдер аяқ киімін жөндеу

402

532

357

670

Моншаға бір рет бару

553

554

578

1 140

Әйелдер салонында модельді прическа

1 030

1 823

1 128

3 359

Ер адамдар шашын алу

674

659

731

1 723

Теледидар жөндеу

2 122

2 942

4 133

4 719

Ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру

45

50

50

80

Қонақ үйлерге орналасу (тәулік)

8 944

5 929

8 234

16 114

Мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі қызметтер

(1 рет бару)



367

694

783

1 417

Орталықтан жылу беру (1 Гкал)

3 013,70

2 736,00

4 424,00

4 759,42

Ыстық сумен жабдықтау(1текше метр)

175,72

-

173,45

350,30

Электр энергиясына төлем (орташа босатылған немесе базалық тариф, сағатына 100квт)

1 471

1 502

1 322

1 621




Тараз

Қызылорда

Шымкент

Алматы

Тұтыну көлеміне байланысты суық су (1 текше метр)
белгіленген мөлшерге дейін

белгіленген мөлшерден жоғары

жеке есептеу құралдары жоқтар үшін


25,00

38,07
116,10



30,24

36,07
41,63



40,13

53,48
-



55,56

-
-


Желілік газ (1 текше метр)

17,11

8,05

24,97

22,14




2014 жылдың маусым айындағы ҚР бойынша ең төменгі күнкөріс мөлшері



Орта есеппен жан басына бір айға, теңгемен


Ең төменгі күн көріс мөлшері орта республикалық деңгейге қатынасы,

пайызбен

Қазақстан Республикасы

20 176

100,0

Ақмола облысы

18 618

92,3

Ақтөбе облысы

18 175

90,1

Алматы облысы

21 149

104,8

Атырау облысы

21 415

106,1

Батыс Қазақстан облысы

18 170

106,1

Жамбыл облысы

17 923

88,8

Қарағанды облысы

18 790

93,1

Қостанай облысы

18 966

94,0

Қызылорда облысы

19 014

94,2

Маңғыстау облысы

24 492

121,4

Оңтүстік Қазақстан облысы

18 640

92,4

Павлодар облысы

18 604

92,2

Солтүстік Қазақстан облысы

18 356

91,0

Шығыс Қазақстан облысы

20 205

100,1

Астана қаласы

23 147

114,7

Алматы қаласы

22 480

111,4


2013-2014 жылдардың маусым айындағы облыс аудандары бойынша
ең төменгі күнкөріс мөлшері

Аудандар


2013 жылдың маусымы


2014 жылдың маусымы


2014 ж. маусымы 2013ж. маусымына,

пайызбен


Тараз қаласы

15 823

17 520

110,7

Байзақ

16 513

17 715

107,3

Жамбыл

16 997

18 673

109,9

Жуалы

16 637

17 948

107,9

Қордай

16 657

17 238

103,5

Т Рысқұлов

17 213

18 245

106,0

Мерке

17 122

17 738

103,6

Мойынқұм

17 928

20 087

112,0

Сарысу

18 037

19 215

106,5

Талас

17 345

18 777

108,2

Шу

16 655

18 052

108,4







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет