Бұйымдар. Бұйымдардың түрлері. Конструкторлық құжаттар және бұйымдар жасауда қолданылатын бұйымдар реферат



Дата29.06.2016
өлшемі65.5 Kb.
#166678
Бұйымдар. Бұйымдардың түрлері. Конструкторлық құжаттар және бұйымдар жасауда қолданылатын бұйымдар - реферат


1.

         Заводтар мен фабрикаларда алуан түрлі машиналар, механизмдер және олардың бөлшектері, күнделікті өмірде пайдаланылып жүрген заттар, материалдар жасалып шығарылады. Осындай өндірісте жасалуға тиісті нәрселерді немесе тобын бұйымдар деп атайды.



         Бұйымдарды, олардың атқаратын міндеттеріне қарай, негізгі өндіріс бұйымдары және көмекші өндіріс бұйымдары деп екі топқа бөледі.

         Негізгі өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарында жасалатынжәне таратуға (сатуға) арналған нәрселер жатады. Мысалы, Павлодардағы трактор заводының негізгі өндіріс бұйымы – трактор болса, Алматыдагы Октябрьдың ХХ жылдығы атындағы станок жасау заводының негізгі өндіріс бұйымы – темір жонатын станоктар мен автоматтар.

         Көмекші өндіріс бұйымдарына өнеркәсіп орындарының өз қажетіне керекті және негізгі бұйымдарды жасауда қолданылатын нәрселер жатады. Мысалы, штамптар, шаблондар, өлшеуіш аспаптар және т.б. осы мекемеде жасалған заттар.

         Бұйымдарды негізінен төрт түрге бөледі. Олар: детальдар, құрастырылған бұйымдар, комплектілер және комплекстер.

         Деталь деп біртекті материалдан құрастыру операциясынсыз жасалған бұйымдарды айтады. Мысалы, иінді білік, ось, болт және т.б.

        Детальдың белгілібір мақсат үшін істелген бөліктерін оның элементтері дейді. Мысалы, фаска, қабырға, кертік, белдеме және т.б.

         Құрастырылған бұйымдар деп оның құрамына енетін бөліктері оларды жасайтын өндіріс орнында құрастыру операциясымен біріктірілген және белгілі бір қажетке жарайтын бұйымдарды айтады. Құрастырылған бұйымның мысалы ретінде өздеріңізге белгілі шеңбер сызу үшін қолданылатын циркульді келтіруге болады. Цркуль бірнеше детальдарды біріктіру нәтижесінде алынады және оның қарындаш өзекшесін қыстыратын сирағын жеке құрастырылған бұйым деп қарастыруға болады. Осы сирақта циркульдің негізгі бөлігімен винт пен гайка арқылы біріктіреді.

         Комлект деп көмекші ортақ міндеттерді атқаратын бұйымдардың жиынтығын айтады. Оның мысалына қорамсақты (готовальняны) немесе автомашинаны эксплутациялауда керекті құрал-саймандар комплестісін атауға болады. Комплект детальдардан, құрастырылған бұйымдардан және шағын комплектілерден тұрады. Комплектінің өзі күрделірек құрастырылған бұйым құрамына еніп кететін жағдайлар да кездеседі.

         Комплекс өз ара байланысы бар қызметтерді орындауға керекті әр түрлі бұйымдардың жиынтығы. Мысалға сызба (чертеж) салуға керекті бұйымдар комплексін алуға болады. Оның құрамына қағаз, сызба тақта, қорамсақ (готовальян), қарындаш, сызғыш, өшіргіш және басқада бұйымдар енеді. Сондай-ақ ас пісіретін бөлмедегі құралдар мен ұй жиһаздары комплексін қарастырыңдар. Демек комплекс кішірек комплекстен, комплектілерден, құрастырылған бұйымдардан және детальдардан тұратынын байқаймыз.

         Сызу курсында детальдар және құрастылыған бұйымдар (күрделі емес) қарастырылады. Детальдарды және құрастырылған бұйымдарды жасау, бақылау, қабылдап алу, пайдалану үшін керекті конструкторлық документтер туралы мағұлмат бете кетелік.

         Конструкторлық документтерді  олардың мазмұнына қарай графикалық және текстілік деп екі топқа бөледі. Әуелі графикалық документтерге тоқталайық.

         Конструкторлық документтерді дайындау кезеңдеріне байланысты жобалау және жұмыс документтері деп ажыратады. Жобалау документтеріне техникалық  ұсыныстар, эскиздер, техникалық проектілер, ал жұмыс документтеріне деталь сызбалары, құрастыру сызбалары және  т.б. жатады.

         Оригиналдар деп олардың түпнұсқаларын жасауға арналған документтерді айтады. Мысалы, тығыз қағаздарға салынған сызбалар.

         Түпнұсқаларға тиісті қолдары (конструктордың, тексерушінің, бекітушінің және басқалардың) қойылған және көшірмесін бірнеше рет қайталап түсіріп алуға жарайтын документтер жатады. Мысалы, калькаға (жылтыр қағазға) орындалған сызбалар.

         Көшірмелер – түпнұсқамен барабарлығын қаматасыз ететін әдіспен орындалған, өндірісте тікелей бұйымды жасау, пайдалану және өңдеу кезінде қолданылатын документтер. Мысалы, түпнұсқаның фотосы, сызбаның синькасы (сәуле сезгіш қағаздардың көмегімен түпнұскадан көшіріп алынған сызбалар).

         Бұйымдар жасауда көптеген материалдарды пайдаланады. Материалдарды таңдауда олардың негізгі қасиеттерін ескереді. Материалдардың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады:

-         беріктігі, қатаңдығы, ауа мен судың әсеріне төзімділігі;

-         ыстыққа, жануға төзімділігі, электр тогын өткізу немесе өткізбеу қабілеттілігі, салмағы;

-         бұйымдарды жасау және өңдеу технологиясы (пісіру, құю, станоктарда жону, штампылау және т.б.);

-         оның құны.

         Мысалы, автомобиль құнының 65 – 70% -і оған жұмсалған материалдардың құнымен анықталады.

         Машина жасау өндірісінде қолданылатын кейбір материалдарға тоқталайық. Бұл тақырыпты химия пәнімен байланыстыра отырып оқыған дұрыс.

         Шойын. Құрамында 2 проценттен астам көміртегі бар темір қорытпасы шойын деп аталады. Оның құрамында табиғи немесе әдейі қосылатын қоспа компоненттер: марганец, хром, никель, фосфор, кремний, күкірт және т.с.с. болуы мүмкін.

Шойынды құю арқылы детальдар жасайды. Шойынның екі түрі, сұр шойын және соғылғыш шойын көр тараған.

         Сұр шойынның ГОСТ 1412-85 бойынша шығарылатын марқалары мыналар: 10; 15; 18; 20; 25; 30; 35. Мұндағы сандардың мәндері артқан сайын шойынның созылу және иілу беріктігі де арта түседі. Сұр шойынды шартты түрде сызбада былай белгілейді: «Сч 20 ГОСТ 1412-85».

          Соғылғыш шойынның ГОСТ 1215-79 бойынша шығарылатын маркалары: Кч 30-6; Кч 33-8; Кч 35-10; Кч 37-12; Кч 45-6; Кч 50-4; Кч 60-3; Кч 63-2. Мұндағы Кч-«ковкий чугун» деген екі сөздің алғашқы әріптері, алғашқы екі мәнді сан созылу беріктігін көрсетеді, ал келесі сан салыстырмалы ұзаруын анықтайды. Соғылғыш шойын ферритті (Ф) және перлитті (П) деп аталатын екі класқа бөлінеді. Соғылғыш шойынды сызбада шартты түрде былай белгілейді:

         «Кч 30-6Ф ГОСТ 1215-79» немесе «Кч 60-3 П ГОСТ 1215-79».

         Сұр шойыннан қораптар,станиналар, тіреуіштер, қақпақтар, баяу айналатын тісті және червякті дөңгелектер, иінді біліктер, шкивтер, маховиктер жасалса, соғылғыш шойыннан гайкалар, рычагтар, жұдырықшалар, муфталар, фитингтер жасалады.

         Болат. Құрамында 2 проценттен аспайтын көміртегі бар темір қорытпасы болат деп аталады. Оның құрамында табиғи немесе әдейі қосылатын элементтер: ванадий, кремний, марганец, молибден, натрий, хром және т.с.с. болуы мүмкін. Шойыннан детальдар тек құю, жонй, соғу, созу, штампылау арқылы дайындауға болады.

         ГОСТ 380-71 бойынша  сапасы қарапайым көміртекті болаттардың мына маркалары тағайындалған:

СтО, Ст1, ... , Ст6,

       БСтО, БСт1, ... , БСт5,

                                                    ВСт1, ... , ВСт5.

Бірінші қатардағы болаттардың тек механикалық қасиеттері, ал екінші қатардағы болаттардың тек химиялық құрамдары шектеледі. Үшінші қатардағы болаттардың механикалық қасиеттері мен химиялық құрамына да шек қойылады. Цифрлар шартты түрде болаттың құрамындағы көміртегін анықтайды. Сызбада былай белгілейді, мысалы: «Ст 3 ГОСТ 380-71».

         ГОСТ 1050-74 бойынша шығарылатын конструкциялық көміртекті сапалы болаттардың маркалары: 08, 10, 15, 20, 25, ... , 85 және 65Г, 70Г. Болаттардың маркаларындағы сандарды жүзге бөлсек, ол сан болат құрамындағы көміртегінің проценттік мөлшерін көрсетеді, ал Г әрпі марганец екендігінің белгісі.

         Машина жасау өндірісінде кең қолданылатын, ГОСТ 4543-71 бойынша шығарылатын, құрамында оның сапасын арттыру үшін қосылған элементтер бар легирленген болаттың маркалары: 15Х, 20Х, ... , 38ХА, ... , 12ХНЗА, ... , 12ХМФ, ... . Болат маркаларындағы әріптер оның құрамындағы негізгі қоспаларды көрсетеді: В – вольфрам; Г – марганец; М – молибден; Н – никель; Р – бор; С – кремний; Т – титан; Ф – ванадий; Х – хром; Ю – алюминий. Белгілеудегі екі орынды сан көміртегінің мөлшерін, ал әріптерден кейінгі сандар оған сәйкес қоспаның мөлшерін көрсетеді. Егер қоспаның мөлшері 1,5 проценттен аспасы, онда цифр жазылмайды, ал ең соңғы А әрпі болаттың сапасы  жоғары екендігінің белгісі. Осындай маркалы болаттың құрамындағы залалды қоспалар (күкірт, фосфор) азайтылып, механикалық қасиеттері жоғарлатылған. Сызбада былай белгілейді, мысалы «Болат 30 ХН3А ГОСТ 4543-71». Бұл жазудыңоқылуы: жоғары сапалы хромникельді болаттың құрамында 0,30% көміртек, 1% хром және 3% никель бар.

         Болаттың шойыннан артықшылығы:

-         айнымалы күштерге төзімділігі және басқа да механикалық қасиеттерінің жоғарылығы;

-         болатты әр түрлі әдістермен өңдеуде болады, ал шойын морт сынғыш келетіндіктен қысым арқылы өңдеуге келмейді;

-         қыздыру немесе химиялық әдістермен болаттың механикалық қасиеттерін қалауымызша өзгертуге болады.

Болаттың шойынмен салыстырғандағы кемшілігі:

-         құю технологиясы күрделі;

-         шойынға қарағанда қымбат.

         Алайда, болат машина жасау өнеркәсібінде ең көп тараған материал.

         Жез. деп мыс пен мырыш қорытпасын айтады. Олардың құрамында мырыштың мөлшері 50 процентке дейін болуы мүмкін. ГОСТ 1020-77, ГОСТ

15527-70, ГОСТ 17711-72 және басқа да стандарттарға сай жездің мынадай маркалары шығарылады: ЛС, ЛСд, ЛС1, ... , Л90, ... , Л70, Л68, ... , ЛА77-2, ЛАЖ60-1-1, ... , ЛҚ80-3Л, ЛҚ80-3-3, ... . Белгілеулердегі әріптердің мағыналары: Л – жез; А – алюминий; Ж – темір; К – кремний; Мц – марганец; Н – никель; О – қалайы; С – қорғасын; Ф – фосфор. Цифрлардың мағыналары: бірінші сан процентпен алынған мыстың мөлшері; сызықшадан кейінгі Л әрпінен кейін тұрған элементтің процентпен алынған мөлшері. Мысалы: Л68 – жез, құрамында 68% мыс бар, ал қалғаны мырыш; ЛМцНЖ 52-2-2-1 – жез, құрамында 52% мыс, 2% марганец, 2% никель және 1% темір бар, ал қалғаны мырыш.

         Қола. Мыстың жезден басқа қорытпаларын қола деп атайды. Қоланы құрамында қалайы бар және қалайы жоқ деп екі топқа бөледі. Құрамында қалайы бар қолалар (ГОСТ 5017-74): БР. 0Ф 6,5-0,15; Бр. 0Ф 4-,25; Бр. 0ЦС 4-4-2,5. Құрамында қалайы жоқ колалар (ГОСТ 18175-78): Бр. АМц 10-2; Бр. АЖН 10-4-4; Бр. Кмц 3-1. Сызбада былай белгілейді, мысалы: «Бр. АЖН 10-4-4 ГОСТ 18175-78», мұндағы Бр. Қоланың белгісі; оның құрамында 10% алюминий , 4% темір, 4% никель және 82% мыс бар.

         Алюминий қорытпалары силумин дюралюмин болып бөлінеді. Силуминдер – алюминий мен кремнийдің қорытпасы түрлі тетіктерді құйып жасауға пайдаланылады. Сызбада силумин былайша белгіленеді: «АЛ 4 ГОСТ 2685-75», мұндағы А – алюминий, Л – құйма (литье), 4 – қорытпаның шартты нөмірі.

         Алюминийдің қаттылығы артық қорытпаларын дюралюмин деп атайды. Д 1, Д 16. Дюралюмин жеңіл болғандықтан, авиацияда кеңінен қолданылады. Мысалы, «Д 16 ГОСТ 4784-74».

         Пластмасса деп толықтырғыш және бояғыш заттар қосу арқылы табиғи немесе синтетикалық полимерлерден алынған, қыздыру мен қысу кезінде түрлі конфигурациялы пішінін орнықты сақтайтын бұйымдар алуға болатын материалдарды айтады. Детальдарды пластмассадан құю, престеу және механикалық өңдеу арқылы жасауға болады. Көп қолданылатын пластмассалар; гетинакс (I, II, III, V; VI, VII, VIII, ГОСТ 2718-74), винипласт (ВН; ВНЭ, ВП; ВД; ГОСТ 9639-71); аминопласт (А; Б; В; Г; Д; Е; ГОСТ 9359-73), фенопласт (0; Сп; Э; Вх; У; Ж;  ГОСТ 5689-73), шыныпласт (ВФТ – С; КАСТ – В; КАСТ – Р; ГОСТ 10292-74), фторпласт – 3(А; Б; В; ГОСТ 2910-74), текстолит (ПТК, ПТ; ПТМ – 1; ПТМ – 2; ГОСТ 5 - 72) және т.б.  

 Көріністі түрлері[өңдеу]

Басты көрініс (Главный вид) - бұйымның фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні. Бұйымды кеңістікте фронталь проекциялар жазықтығындағы проекциясы осы бұйым туралы ең көп ақпарат, ең көп мағлұмат беретіндей етіп орналастырады. Басты көрініс негізгі көріністер қатарына жатады, атап айтқанда, ол бұйымның алдынан қарағандағы көрінісі.

Жергілікті көрініс (Местный вид) — тұтас бүйымның емес, оның бір бөлігінің кескіні. Жергілікті көрініс негізгі көрініспен байланыста болуы тиіс. Негізгі көрініске проекциялау (қарау) бағытын көрсететін нұсқама қойылып үлкен өріппен белгіленеді, сол өріп Жергілікті көрініс тің үстіңгі жағына нұсқамадан кейін жазылады. Жергілікті көрініс негізгі көріністе, косымша көріністе болуы мүмкін.

Косымша көрініс (Дополнительный вид) — бұйымның негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне де параллель болмайтын жазықтықтағы кескіні. Косымша көрініс фронталь, немесе горизонталь, немесе профиль болмайтын жазықтыққа тік бүрыштап проекциялаудың нәтижесінде алынады.Косымша көрініс негізгі көрініспен байланыста болуы тиіс. Негізгі көрініске проекциялау бағытын көрсететін нүсқама қойылып үлкен өріппен белгіленеді, ал сол өріп Косымша көріністің үстіңгі жағына нұсқамадан кейін жазылады.



Негізгі көрініс (Основной вид) — бұйымның қараушыға көрінетін бетінің фронталь, немесе горизонталь, немесе профиль жазықтықтағы кескіні. Сызбада кескіндерді текшенің (куб) жақтарына тік бұрыштап проекциялаудың нөтижесінде алады. Бұйым қараушы мен проекциялар жазықтығының (текшенің сәйкес жағының) аралығында орналасқан деп қарастырылады (3,а- сурет). Негізгі көрініс алтау. Текшенің артқы жағындағы кескін, бұйымның алдынан қарағандағы қысқаша алдыңғы көрінісі деп аталады. Алдыңғы көрініс бұйым туралы мүмкіндігінше көп мөлімет беруі қажет. Сондықтан оны басты көрініс деп те атайды. Текшенің төменгі жағындағы кескінді — үстіңгі көрініс, оң жағындағы кескінді — сол жақ көрініс, сол жағындағы кескінді оң жақ көрініс, үстіңгі жағындағы кескінді — астыңғы көрініс жөне алдыңғы жағындағы кескінді — артқы көрініс деп атайды.[1]

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет