«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша салыстырмалы кесте



Дата07.07.2016
өлшемі37 Kb.
#183711


«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы бойынша

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ





п/п

Құрылымдық элементі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция


Негіздеме



1

2

3

4


5

1

1-баптың 2) тармақшасы

 1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:



1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен келісіледі.



 1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:

1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;

2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдын да, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын басқару жөніндегі кеңесті басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.

Мемлекеттің ішкі жене сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен келісіледі.



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің құрылуын көздейтін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 Жарлығын қабылдаумен байланысты.





Министр Қ. Келімбетов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет