Кәсіпкерлік қызмет – өзіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған, қызметтің ерекше түрі.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлік қызметтің бәсекеқабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белсенділігін ынталандыруға және олардың шаруашылық қызметінде көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай шараларға жеңілдіктерді, несиелерді ұсынуды, мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етуді және т.б. жатқызады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу – тәуекелді төмендетуге және кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығын өсіруге бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі.
Кәсіпкерлік қызметті талдау - оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісі.
Кәсіпкерлік құпия – бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы.
Кәсіпкерлік мәдениет – белгілі бір уақыт арасында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез – құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы.
Кәсіпкерлік тәуекел – кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерінен шыға отырып күтілген табыс меншігін ала алмау немесе потенциалды мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.
Кәсіпкерлік ұйымдарды қаржыландыру – бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамсыздандыру шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Кәсіпкерліктің инфрақұрылымы - оны қалыптастыратын жиынтық элементтерімен біріге отырып, нарықта бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында шаруашылық жүргізу субъектілерінің қызметі мен сыртқы ортаның әсер етуінің алуан түрлілігін ескере отырып, бизнестің өсіп бара жатқан транзакциялық шығындарын азайтудың пәрменді механизмі.
Достарыңызбен бөлісу: |