Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік қолдау шаралары



Дата01.07.2016
өлшемі51.5 Kb.
#169693
Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттік қолдау шаралары
Жантелеуова Г.М.
Атырау Мұнай және Газ институты
Важными приоритетами развития предпринимательской деятельности можно сказать таковыми: формирование деятельности национальных и объедененных промышленных предприятий, обеспечение внутреннего и внешнего рынка продуктами, выгодное использование ресурсов, экономическое развитие деятельности действующих предприятий. Все это является предпосылкой постоянного роста экономики страны.

If you say that entrepreneurship plays a large breach in the development of our economy, we need to know how to improve it. Important priorities for the development of entrepreneurial activity can be said is this: the formation of national and merging the industry, providing internal and external market products, advantageous use of resources, economic development of existing enterprises. All of this is a prerequisite for continued growth of the economy.
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік проблемаларды шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау проблемасы қазіргі уақытта өте өзекті болып табылады.

Қалыптасқан жағдайда мемлекет пен бизнестің әріптестігі негізінде кәсіпкерлік қаржылай және қаржылай емес қолдаудың экономиканың экспортқа бағдарланған шикізат емес секторларын дамытуды ынталандыруға бағытталған саясатын қайта қарау талап етіледі.

Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан – еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді. Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:


  • қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;

  • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

         Мемлекет шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында  экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

         Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған. Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген. Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.

Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына:



Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады:

  • бизнестің қалыптасуы, әрекет етуі және дамуы кзеңінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау;

  • қаржылық қолдау;

  • ақпараттық - талдау жағынан қолдау;

  • кадрлардың біліктілігін арттыру және білім саласындағы қолдау;

  • материалды -техни калық жағынан қолдау.

Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Мемлекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер болып Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді. ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.

Қазақстан Республикасындағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы (салыстырмалы бағаларда) өткен жылмен салыстырғанда 2012 жылғы қаңтар-қазандағы жедел мәлімет бойынша 0,8% азайды және 6395,8 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 1301 млрд. теңге (20,4%) - шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар және 4035,0 млрд.теңге (63,1%) орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар, 648,4 млрд.теңге (10,1%) жеке кәсіпкерлер және 410,7 млрд.теңге (6,4%) - шаруа (фермер) қожалықтары.



өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен


Сурет 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің (ШОК) дамуын сипаттайтын

негізгі индикаторлардың ұлғаюы (төмендеуі) (облыстар бөлінісінде, жұмыспен қамтылғандар)


Қазақстан Республикасындағы ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) азаюы Ақмола облысында (4,4%), Батыс Қазақстан облысында (0,1%), Қарағанды облысы (0,2%), Қостанай облысында (13,3%), Павлодар облысында және Оңтүстік Қазақстан облысында (0,4%), Солтүстік Қазақстан облысында (13,2%) байқалды.

пайызбен


Сурет 2. 2012 жылғы 1 қарашадағы ШОБ қызметіндегі

құрылым көрсеткіштері

Көрсетілген кезеңде ШОК субъектілерінің өнім шығарылымының (салыстырмалы бағаларда) ұлғаюы барлық облыстарда байқалды: Ақтөбе облысында (0,2%), Алматы облысында (0,4%), Атырау облысында (1,0%), Қызылорда облысында (2,0%), Маңғыстау облысында (0,9%), Шығыс Қазақстан облысында (0,7%) және Астана қаласында (1,3%) және Алматы қаласында (0,6%).

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады.



Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында халықты жұмыспен қамту бағытында нақты әрі жоспарлы түрде жұмыс атқару үкіметтің басты назарында болып келеді. Яғни, алыс ауылдарда кәсіпкерлікті дамытуға, жұмыс көзі жоқ ауыл, елді-мекендердегі адамдарға өзге өңірден жұмыс ұсыну арқылы елдің тұрмыс-жағдайын көтеруге мүмкіндік берілмек.


  1. Кубаев К.Е. «Теория и практика менеджмента» Алматы: «Қазақ университеті», 2005 год.

  2. Ф.Файоль, Г.Эмерсон, Ф.Тейлор, Г.Форд. Управление – это наука и исскуство.-Москва, 1992 г.

  3. А.Кибанов А.Я. Основы управления персоналом: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2002., с. 24

  4. www.acsinfo.kz сайты.

  5. Борисова Е. Критерии оценки персонала. Рецепт для тех, кому некогда/Персонал-Микс № 3, 2003.

  6. Кубаев К.Е. Психология экономического торга.-Алматы, 2002 г.

  7. Баркер А. Как еще лучше управлять людьми/Пер.с англ.-М.:ФАИР-ПРЕСС, 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет