Қазақстан Республикасының



Дата23.02.2016
өлшемі162.52 Kb.
#4850

Жоба


Қазақстан Республикасының

Заңы



Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

718-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының және кредиттік серіктестіктердің қарыз алушыларының құқықтарын қорғау қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты қарыз беруші алатын сыйақыны, комиссиялық және өзге де төлемдердің барлық түрлерін қамтитын және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпте есептелетін жылдық тиімді сыйақы ставкасының шекті мөлшерін белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.».

2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4,
25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат;
№ 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11,
55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23,141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16,
18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7,
27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16,
62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат, № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар;
№ 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115,
117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9,
44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112,
114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146,
149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар;
№ 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 168-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«168-1-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының талаптарын бұзу

1. Микроқаржы ұйымдарының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не микроқаржы ұйымдары туралы заңнамада тікелей көзделмеген операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, –

лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – мәмiле сомасының оннан бiр пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микроқаржы ұйымының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күнi шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, –

шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес талап етілетін ақпаратты ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (кейінгі он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан көп) уақтылы ұсынбауы немесе микроқаржы ұйымдарының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға микроқаржы ұйымдары туралы заңнамаға сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат беруі, не анық емес мәліметтер (ақпарат) беруі, –

лауазымды тұлғаға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаға – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шектеулі ықпал ету шараларымен көзделген міндеттерді орындамауы, –

лауазымды тұлғаға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаға – екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді бірнеше рет бұзуы, –

заңды тұлғаға – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 – 84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде),
85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 95 – 110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130,
136 – 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147,
147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151,
151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158,  158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1, 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде),
176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185,
188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші – алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222 – 229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші және сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342 – 344, 346 – 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 – 376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi бөлiгінде), 394-1, 396 (екінші бөлiгінде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 – 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi – үшiншi бөлiктерiнде), 461
(3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 – 512-5, 513 – 518,
520 – 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;

3) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) тармақшасында:

отыз бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның (158, 167-1 (екінші және үшінші бөліктері), 168-1, 168-3 (бірінші – төртінші бөліктері), 184, 184-1 (үшінші бөлігі), 190, 192, 194, 200, 202-баптар);»;



отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«салық қызметi органдарының (154, 155, 156, 157, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктері), 163-4 (үшінші және төртінші бөліктері), 213 (төртінші – алтыншы бөліктері), 214, 218-1 (жетінші бөлігі), 357-1, 357-2, 357-5, 359, 361, 374 (бесiншi, алтыншы, жетінші, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 532 – 535-баптар);».

3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I,
22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16,
74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат;
№ 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат, 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 106-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Микроқаржы ұйымдарының салық кезеңінің ішінде берілген микрокредиттер сомасының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді қоспағанда, күмәнді және үмітсіз микрокредиттерге, берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы резервтерді құру жөніндегі шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.

Берілген микрокредиттер бойынша активтерді және шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатына жатқызу тәртібін, сондай-ақ резервтер құру тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.»;

2) 143-баптың 2-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«10) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;»;

3) 262-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын микроқаржы ұйымдарының кепілдегі мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.».

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының
Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат;
№ 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат;
1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат;
1999 ж., № 20, 727
-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж.,
№ 8, 52
-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат;
№ 23, 104
-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2,
18
-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14,
63
-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат):

1) 8-бап мынадай мазмұндағы у-18) тармақшамен толықтырылсын:



«у-18) микроқаржы ұйымдарының қызметін, оның ішінде микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу, пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді белгілеу; есептілікті ұсынудың тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және тәртібін белгілеу жолымен реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; микроқаржы ұйымы орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады, бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыруға қойылатын талаптарды белгілейді, өз құзыреті шегінде микроқаржы ұйымдарына микроқаржы ұйымдары туралы заңнаманы бұзғаны үшін шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді қолданады;»;

2) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының қызметiн реттеуге, бақылауға және қадағалауға қатысады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын және санкцияларды қолданады.»;

3) 62-2-баптың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«қаржы ұйымдарына, микроқаржы ұйымдарына, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларға олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан;»;

4) 62-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Қазақстан Ұлттық Банкi қаржы ұйымдарының (олардың филиалдарының), микроқаржы ұйымдарының, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, кәсiпкерлiк және (немесе) лицензиялау мәселелерiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес дербес не басқа мемлекеттiк органдардың және (немесе) ұйымдардың мамандарын тарта отырып жүргiзедi.».

5. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»


1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат;
№ 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж.,
№ 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8,
52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат;
№ 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж.,
№ 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3,
22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат;
2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,
28
-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6,
50-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат):

1) 30-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдары ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі;»;

2) 40-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Банк омбудсменінің қаржы ұйымдарында және микроқаржы ұйымдарында кез келген қызметті атқаруға, банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аффилиирленген тұлғасы болуға құқығы жоқ.».



6. «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж.,
№ 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):

24-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) жеке тұлға микроқаржы ұйымымен (кредиттік серіктестікпен) жасасқан микрокредит (кредит) беру туралы шарт бойынша қамтамасыз ету болып табылатын тұрғын үй және (немесе) тұрғын үй орналасқан жер учаскесі ипотеканың мәні болып табылған жағдайларда жол берiлмейдi.».



7. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8,
19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж.,
№ 2, 14,18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15,
106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18,
84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж.,
№ 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

5-1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) микроқаржы ұйымдарын және кредиттік серіктестіктерді конкурстық негізде кредиттеу тәртібін бекітеді;».

8. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат;
2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат;
2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):

1) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, микроқаржы ұйымына анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар жiберуге құқылы.»;

2) 18-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;

3) 20-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары;»;

4) 24-баптың 1-тармағында:

бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кредиттiк бюроларға банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары беретiн ақпаратта:»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың мақсаттары үшiн кредит деп банктік қарыз, лизинг, факторинг, форфейтинг операциялары, вексельдердi есепке алу, сондай-ақ микрокредиттер беру түсiніледi.».

9. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2,
18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74,
77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23,
97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат;
№ 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат;
2011 ж., № 2, 26-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат):

18-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен микроқаржы ұйымдары желісін дамыту;».

10. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы


28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат,
№ 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5,
23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., қаңтар, № 1 (2578), 2-құжат; № 14,
117-құжат):

1) 19-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жария мүдделi ұйымдар (қаржы ұйымдарынан және акционерлік қоғам нысанындағы микроқаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге, нысандарға сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.

Қаржы ұйымдары және акционерлік қоғам нысанындағы микроқаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының 


заңдарында белгiленген тәртiпте жариялайды.»;

2) 20-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.»;

6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қаржы ұйымдары және микроқаржы ұйымдары үшiн:».



2-бап.

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



2. Микрокредиттік ұйымдар өз қызметін осы Заңның талаптарына ол қолданысқа енгізілген күннен бастап отыз алты ай ішінде сәйкес келтірсін.

Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет